Леуметтiк, мораль мәселелерi 2 страница
17.Ф.Энгельстің еңбектеріндегі таным диалектикасының мәнін ашыңыз
Диалектикалық процесстің жалпыға бірдейлігін, материя мен сананың, табиғат пен қоғамның диалектикалық бірлігін қоғамдық – тарихи , жаратылыстану - ғылыми материалдардың арқасында алғаш рет түбегейлі негіздеген Маркс пен Энгельс болды. Дамудың диалектикалық сипаты тек ақыл-ойға тән емес, ол табиғат пен қоғамға да тән, ол аз болса, табиғаттағы, сыртқы дүниедегі объективтік диалектика адамдардың санасында бейнеленіп, субъективтік диалектика пайда болады: "объективтік диалектика деп аталатын диалектика, — дейді Ф. Энгельс, - бүкіл табиғатта үстем болып түр, ал субъективтік диалектика деп аталатын диалектика, диалектикалық ойлау қарама-қарсылықтар арқылы бүкіл табиғатта үстемдік ететін қозғалыстың бейнеленуі ғана болып табылады". Маркс пен Энгельс диалектиканың аталмыш түрлері мазмұны жағынан бірдей де, формалары жағынан әр түрлі деп тұжырымдайды. Ал, материализм мен диалектиканың бірлігі материализмнің диалектикалық, диалектиканың материалистік екендігінен көрінеді. Олар біртүтас философиялық ілім жөне олардың пәні де ортақ. Ол - табиғаттың, қоғамның және ойлаудың ең жалпы даму заңдылықтарын зерттеу ісі.
Энгельс философияның пәнін сарапқа салып талдай келе, оның үлесіне тек диалектика мен логиканың тиетінін айтқан кезде, ол диалектиканың біртұтас диалектикалық - материалистік көзқарас екендігін, оның табиғатты, қоғамды, таным теориясын және логиканы, ойлау заңдылықтары туралы ілімді де қамтитынын атап көрсеткен және де ол логиканың шеңберін формалдық логикамен ғана шектеп қойған жоқ, керісінше, объективтік диалектиканы бейнелейтін диалектикалық ойлау тәсілі - диалектикалық логиканы алдынғы қатарға қойды.
Материалистік диалектика дүниенің бірлігін, оның материалдығының негізінде ашып көрсетеді және ол бірліктің нақтылы формаларын, яғни материяның өмір сүру тәсілі мен формаларын — қозғалысты, кеңістік пен уақытты түбегейлі зерттейді. Материяның қозғалысы — оның өзгеруі мен дамуы және осының нәтижесі - сананың пайда болып, дамуы. Әрі қарай, дүниенің бірлігі табиғат пен қоғамның, ойлаудың ортақ жалпы даму заңдылықтарының бар екендігінен де көрінеді. Диалектиканың негізгі заңдарын жөне категорияларын зерттеу ісі таным теориясы мен диалектикалық логиканың ғылыми негізі болып табылады.
Диалектикалық материализмнің бастау тұғыры - философияның негізгі мәселесін дәйектілікпен шешу. Маркске дейінгі материалисттердің тарихи жетістігі материяның алғашқылығы және сананың соңғылығы туралы ілім еді. Алайда, өз замандарындағы жаратылыстану ғылымының кенже қалғандығына байланысты олар материалдық дүниенің сапалық алуандылығын теориялық жағынан негіздеп бере алмады. Көл - кесір жаратылыстану ғылымдарының жинақталып қалған материалдарын сараптай отырып, Маркс пен Энгельс сананың материя дамуының нәтижесі екендігін, идеалистік және дуалистік ағымдардың сананы материяға қарсы қоятын қағидаларының ешқандай да негізсіз екендігін дәлелдеп берді. "...Біздің санамыз бен ойлауымыз, - дейді Ф. Энгельс, - олар қаншама сезімнен жоғары сияқтанып көрінетін болса да, заттық денелік органның, мидың жемісі...".
Алайда, сананы диалектикалық - материалистік тұрғыдан қарастыру, оның мидың жемісі екендігін немесе материяға қарағанда туынды сипатта болғандығын жариялаумен ғана шектелмейді. Диалектикалық материализм материя мен сананың бірлігін дәлелдей отырып, олардың бір-бірінен өзгеше екендігін де мойындайды, өйткені сана материалдық құбылыс емес, рухани құбылыс. Демек, таным теориясының шеңберінде материя мен сана қарама-қарсы құбылыстар ретінде қарастырылса, кұба-құп. Егер Маркске дейінгі материалисттердің қасіреті олардың диалектиканы таным теориясына пайдалана алмағандығында болса, диалектикалық материализм бұл істі дәйекті түрде жүзеге асырып, материалистік диалектикалық бейнелеу теориясының негізін қалады.
Диалектикалық материализм кеңістік пен уақытты материяның өмір сүру формалары ретінде қарастырады. Кеңістіктен, уақыттан тыс ертеңін де болуы мүмкін емес. Бұл туралы объективтік идеализмнің қағидасы - ғылыми негізі жоқ тұжырым. Сондай-ақ, Юмның және Канттың субъективтік пайымдаулары тіпті сорақы. Егер Юм кеңістік пен уақытты адамның түйсіну әдеті деп түсіндірсе , Кант елестетудің, пайымдаудың тәжірибеге, яғни адамға дейін өмір сүретін (априори) формалары деген-ді. Бұл көзқарастардың бәріне сыни көзбен қарап, жоққа шығарған Маркс пен Энгельс материяның, қозғалыстың, кеңістік пен уақыттың айнымас бірлігін дәлелдеп, диалектикалық тұрғыдан негіздеп берді. Олар қозғалыстың сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да еш жойылмайтындығын, бір сапалық күйден екінші сапалық күйге мәңгі ауысып отыратындығын да айқындаған еді. Бұл орайда, олар өз заманында ашылған жаңалықтарға, әсіресе химия, физика ғылымдарының қол жеткен табыстарына, энергияның сақталу және айналу заңына сүйенген-ді. Маркс пен Энгельс қозғалыс туралы ойларын дамыта отырып, қозғалыс дегеніміз жалпы алғанда, өзгеріс деген тұжырымға келеді. Материяның жалпы күйінде өмірде кездеспейтіні сияқты қозғалыс та нақтылы түрлері арқылы көрінеді.
Дүниенің бірлігі туралы диалектикалық - материалистік көзқарастың одан әрі нақтылануы диалектиканың заңдары мен категориялары туралы ілімнен көрінеді. Дүниенің бірлігі жалпыға бірдей болса, онда ол қарама-қарсылықтардың да бірлігі деген сөз. Қозғалысқа, өзгеріске, дамуға ішкі қайшылықтар тән. Бұл тұрғыдан Маркс пен Энгельс қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңын ғана емес, сонымен қатар, сан және сапа өзгерістерінің бір-біріне айналу, терістеуді терістеу заңдарын да қарастырады. Олардың барлығы да материалдық және рухани құбылыстардың бірлігі мен қайшылықты дамуының заңдары. Ішкі қайшылықтар, қарама - қарсылықтардың бірлігі бұл заңдардың қай-қайсысының болса да, мазмұнын құрайды. Қайшылықтар, — деген-ді Маркс пен Энгельс, — қандай да болмасын дамудың ішкі қайнар көзі. Материалистік диалектиканың үш заңы дамудың неге, қалай және қай бағытта жүзеге асыратынын ашып көрсетеді.
Маркс пен Энгельстің дамудың жалпы заңдары туралы ілімі тек осы үш заңмен шектелмейді. Олар басқа да көптеген заңдылықтардың негізі ғана, мысалы, форманың мазмұнға қатынасы, себептің салдарға, мәннің құбылысқа, қажеттіліктің кездейсоқтыққа, мүмкіндіктің шындыққа қатынастары жалпы заңдылықтардың көріністері болып табылады, әрі осы аттас жұп категорияларда бейнеленеді.
Ø Маркс пен Энгельс скептицизм (күмәнданушылық) мен агностизмді (танымдық мүмкіндікті жоққа шығару) де, догматизмді де (қатып-семіп қалған қағидаларды жақтау) өлтіре сынап, олардың таптық және танымдық тамырларын ашып көсеткен. Физиологиялық сезім мүшелерінің шектеулі болатындығы танымның ауқымын тарылуы мүмкін болса да, бұл кемшілік танымның қоғамдық - тарихи даму барысында жойылып отырады. Әр кезеңдегі танымдық нәтиже салыстырмалы түрде ақиқатқа жатады, сонымен қатар, ол - объективтік ақиқаттың көрінісі. Нақтылы кезеңдегі танымның шекарасы шексіз таным процесінің барысында үздіксіз кеңейтіліп, жаңғырттырып отырады, өйткені таным объектісі — табиғаттың өзі шексіз даму үстінде болады. Ескі материализмнің сенсуалистік қағидаларын негізге ала отырып және рационализмнің кейбір дұрыс жақтарын қабылдай отырып, марксизм сезімдік таным мен ақыл-ойдың ара-қатынасын басқа жаңа тұрғыдан қарастырады. Ақыл-ой (рационалдық) сезімдік танымнан жоғары тұратын, бірақ соған негізделетін танымның сатысы. Теориялық таным сезімдік танымға қарағанда әрі терең, әрі жан-жақты сипатта болатындықтан, ол өзінің алғышарты - сезімдік түйсіктерге қарағанда, әрі терең, әрі жан-жақты бейнелеу түрлерінен құрылады. Ол дүниені ұғымдар жүйесінде бейнелейді, сондықтан да түйсіктер ойлаудың өлшемі бола алмайды. Ақиқаттың өлшемін санадан іздеудің қажеті жоқ: сондықтан да теориялық ойлау да ақиқаттың өлшемі бола алмайды. Ал Декарт болса, кезінде ойдың айқындығын ақиқаттың өлшемі деп қарастырған еді. Маркс ақиқаттың өлшемін қоғамдық - тарихи практикадан тапты. Ол - адамдардың түйсіктерінің, пайымдарының, ойларының шындыққа қаншалықты жанасатындығын айқындап беретін өлшем. Сөйтіп, диалектикалық материализм сезімдік таным мен ақыл-ой арасындағы қатынас мәселесін шешудің сенсуализмнің (сезімдік танымды дәріптейтін ілім) де, рационализмнің де (ақыл-ойды дәріптейтін ілім) сыңаржақты тұжырымдарын сыни көзбен көре білді, жаңа көзқарастың талқысына салып жаңғырта алды.
Маркс пен Энгельстің еңбектерінде диалектикалық логиканың түбегейлі мәселелері, атап айтқанда, оның мәні, ескі логикадан ерекшелігі, зерттеу тәсілдері күн тәртібіне қойылды. Диалектикалық логика - даму үстіндегі шындықты бейнелеуге қабілетті ілім. Оның зерттеу тәсілдеріне "Дерексізденуден нақтылыққа қарай өрлеу", "Тарихилық жөне логикалық", "Индукция және дедукция", "Анализ және синтез" т.б. жатады.
Диалектикалық логика сайып келгенде, маркстік диалектиканы зерттеу тәсілі ретінде жүйелі түрде дамыту болып табылады, Әрине, ол формальды логиканы теріске шығармайды, себебі оның да өзіндік керек болатын сәттері бар (мысалы, ол танымның қарапайым түрлерін дамудан тыс зерттейді) бірақ та ескі, қасаң материалисттердің оны әсірелеп жібергендігінде қарсы шығады. Бұл туралы Ф.Энгельс былай деген-ді: "Әрбір заманның теориялық ойлауы, ал олай болса, біздің заманымыздың да теориялық ойлауы — әр қилы уақыттарда өте әр түрлі формалар алатын және сонымен қатар өте әртүрлі мазмұн алатын тарихи нәтиже. Демек ойлау туралы ғылым дегеніміз басқа ғылымдардың барлығы сияқты тарихи ғылым, адам ойының тарихи дамуы туралы ғылым болып табылады. Ал мұның империялық, салаларға ойлауды іс жүзінде қолдану үшін де зор маңызы бар. Өйткені, біріншіден, ойлау заңдарының теориясы, мұның филистерлік ойдың "логика" деген созбен байланыстырылып жүргеніндей, әсте де біржолата анықталған бір "мәңгілік ақиқат емес". Формальдік логиканың өзі Аристотельден бастап біздің уақытымызға дейін шиеленіскен талас майданы болып келеді. Ал диалектикаға келетін болсақ, оны азды-көпті нақты түрде екі-ақ ойшыл - Аристотель мен Гегель ғана зерттеді. Бірақ дәл осы диалектика осы заманғы жаратылыстану үшін ойлаудың неғұрлым маңызды формасы болып табады және осынысы арқылы табиғатта болып жататын даму процестерін, табиғаттың жалпыға бірдей байланыстарын зерттеудің бір саласынан екінші бір саласына өтуді түсіндірудің методы болып табылады". Егер біз ескі философияның терминологиясын қолдансақ, онда Энгельстің пікірі мынаған келіп саяды: диалектика дегеніміз тек қана онтология (болмыс туралы ілім) емес, сонымен қатар гносеология (таным туралы ілім) және логика (ойлау туралы ілім). Диалектикалық материализмде осы үшеуі бір-біріне кірігіп, астасып жатады.
Маркске дейінгі философияда табиғат туралы ілім, таным теориясы және логика бір-бірінен бөлек дербес философиялық пәндер ретінде қарастырылып, тіпті бір-біріне қарама-қарсы қойылып та келген жағдайы бар. Тек Гегель ғана ұлы көрегендікпен, оңда да идеалистік тұрғыдан, олардың негізінен астасып жататындығын болжай алған-ды. Бірақ та ол диалектиканы, таным теориясына және логиканы еш айырмашылықтары жоқ толық барабар пәндер ретінде қарастырған. Ал Маркс пен Энгельс болса, бірлігімен қоса олардың айырмашылықтарын да ескереді. Сонымен, сайып келгенде, Маркстік диалектика даму теориясы ретінде де, өзіндік табиғаты жағынан да терең тарихи сипатта болды. Табиғат пен қоғамды диалектикалық материалистік тұрғыдан түсіну олардың шынайы дамуын зерделеп, қорытындылаудың нәтижесі болды. Ал логикалық тәсіл - тарихи бейнелеудің жемісі. Сонымен қатар таным теориясы да таным тарихын зерделеп қорытындылаудың нәтижесі, диалектикалық логиканың міндеті де мұнымен ұштасып жатыр.
Қорыта айтқанда, диалектика, логика, таным теориясының астасу қағидасы диалектикалық материализмнің сыртқы дүниені шығармашылықпен танып-білуінің нәтижесі, бұл қағида теория мен практиканың бірлігі туралы тұжырыммен тікелей байланысты. Осы теория мен революцияльқ, практиканың арқасында марксизмнің төңкерісшіл рухы - диалектикалық материализм - дүниені өзгертудің, жұмысшы табын азат қылу жолдарын айқындап берген идеологияның философиялық негіздері және рухани қаруы ретінде қалыптасты.
18. Позитивизмнің бірінші тарихи формасының таным теориясын баяндаңыз
Ақыл парасат, сана сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып білуге деген ерекше үміт. Адам айнадағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үніледі, қасиеттерін анықталады, даму заңдарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым қатынас белгілері. Таным теориялары адамзаттық философия тарихын, мәдениет пен ғылым тарихын, техника мен практика жетістіктерін философия жағынан қорытуының нәтижесі. Сонымен бірге ол қазіргі ғылыми техникалық революция және жаңаша ойлау жетістігіне сәйкес одан әрі тез қарқынды дамуда. Ғылыми танымның әдісі өте көп, әрі сан салалы, себептерін танып білудің объектісі болып табылатын материалдар және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістердің шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2)жалпы ғылыми әдістер.Позитивизм- “дұрыс пікір”деп ат.ұғым болып дүн.келді, оның бастамасын салған Огюст Конг (1798- 1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл фил.ның арғы түбі Д. Юм мен И. Кантқа тіреледі. Олардың мақсаттары ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан, былайша айтқанда, философиядан азат ету. Олардың пікірлері , әрбір ғылым - өз алдына философия.
Танымның жалғыз әдісі – табиғатпен бірге қоғамды зерттеуде жұмыс атқаратын ғылыми әдіс болып табылады. Философия аксиологиялық (құндылық) үйлесімділіктен бас тартып, өз негізінде позитивті (ғылыми) білімге ден қоюы тиіс. Себебі философиялық білім дәл болуы шарт.
Огюст Конт бойынша, адамзат позитивті философияға өз ой-қабілетінің дамуы арқасында қол жеткізді. Ол адамзаттың интеллектуалдық эволюциясының 3 кезеңін бөліп көрсетеді: 1) Теологиялық. 2) Метафизикалық. 3) Позитивті.
Позитивизм- бұл принципке негізделген, яғни барлығы шынайы дейтін философиялық бағыт. Позитивтік білім жеке арнайы ғылымның және олардың синтетикалық бірігуінің жемісінен келіп тууы мүмкін, сонымен қатар философия ерекше ғылым ретінде ақиқатты өз бетімен іздеуді ұсынуға, ешқандай құқығы жоқ.
Позитивизмнің бірінші тарихи формасы Х1Х ғасырдың 30-40 жылдарында етек алды. Оның негізін салушы француз философы О.Конт (1798-1857ж.) болды. Конт бойынша, ғылымның ісі затты түсіндіріп беруде емес, бейнелеп беруде. Ғылым “Неге?” деген сұраққа жауап беруге дәрменсіз, ол барлық фактіні “Қалай?” деген сұрақтың маңайында өрбітуі тиіс. Тек осы жағдайда ғана ғылым позитивті болалады. Бұл тек ғылымдарға ғана тиісті емес, философияғада қатысты. Философияның оңды міңдеті нақты-ғылыми білімдерді, ғылымдардың рационалды классификациялық негізінде жүйелендіру болып табылады.
19.Позитивизмнің екінші тарихи формасы өкілдерінің концепцияларын сипаттаңыз
П ІІ. Махизм немесе эмпириокритизм.
Позитивтік философияның екінші тарихи формасы ХІХ ғасырдың соңында пайда болды. Өкілдері: Әрнст Мах (1838-1916) және Рихард Авенариус (1843-1896). Махизм мен эмпириокритизмнің негізгі сипаттарры.
Махизм – ілім ретінде жаратылыстану ғылыми ойды, метафизикадан (философиядан) оның алданыш проблемаларымен қоса тазалауды талап етті.
Э.Махтың тұжырымдамасы “ойлауды үнемдеу және таза сипаттау ғылымы идеясы” деп аталатын екі методалогиялық принципке негізделген. Э.Мах ғылымның абстрактылы табиғаты жайлы ұғымды алға тартады.
Р.Авенариустың әмпириокритизмі философияның негізінде сыни тәжірибе жатуы қажет деген тұжырымнан келіп шығады.
озитивизмнің екінші тарихи формасы эмпириокритицизм шетелде Х1Х-ХХ ғасырда пайда болды. Оның алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі австрия физигі Э.Мах (1838-1916ж.) және швейцар философы Р.Авенариус (1843-1896ж.) “Бірінші позитивизмнен” “екінші позитивизмнің” ерекшелігі ғылымның басын таным теориясына тіреп таным процесінің теориялық моделін құрастыруға тырысты. Эмпириокритицизм “әдісті сынау” дегенді білдіріп және метафизикалық табиғатты иеленген әдісті барлық жағдайларынан “тазартуды” ұсынды. Мах бойынша, әдіс, “әлемнің элементі” болып саналатын түйсіктен тұрады деді.
*Қосымша!
Позитивизмнің үшінші тарихи формасы неопозитивизм ХХ ғасырдағы философия бағыты болып саналады. Философиялық-методологиялық актуальды мәселелерді шешуді және талдауды ұсынып, қазіргі ғылымдардың дамуымен қатар алға жылжыды: ғылыми ойланудың таңбалық құралын атқаруға, ғылымның теоретикалық аппараты мен эмпирикалық базисінің қатынастарын арттыруға, білімнің формалдануы мен математикалануының табиғаты мен функцияларында көріне бастады. Неопозитивизм ошақтары Х1Х ғасырдың 20-жылдарында бір сәтте Австрияда, Англияда, Польшада пайда болды. Олардың көрнекті өкілдері: М.Шлик, Р.Карнап, Г.Рейхенбах, Л.Витгенштейн. “Үшінші позитивизмнің” өкілдері философияның не қандайда бір ақиқат жөніндегі, не таным теориясы жөніндегі ғылым еместігін айтады. Философия табиғи және жасанды тілдерді логикалық талдаумен байланысты қызметтің ерекше түрі. Сондықтанда непозитивизмнің бірінші варианты логикалық позитивизм деген атқа ие болды.
Огюст Конт (1798-1857 жж.) өзінің «Жағымды философия курсы» (1830-42 жж.) атты шығармасында қазіргі ғылым философиясын қалыптасуына ықпал ететің аса күрделі идеяларды ұсынған. Мысалы, үш кезең туралы заң. Оны Конт келесі түрде анықтайды: «Біздің əр идеямыз, білімнің əр салдарыбірізгілікті үш түрлі теориялық кезеңнен өтеді: теологиялық əлде фиктивті/өтірік/, метафизикалық əлде абстракциялық, ғылыми əлде жағымды». Осызаңмен негізделіп Конт келесі тұжырымды жариялайды: спекулятивтіметафизикалық философияның уақыты өтті, енді жағымды философия ғылыми философияға айналуы қажет, яғни ғылым философиясына. Оның роліекі мақсатқа жинақталады: біріншісі нақты ғылымдардың күрделінəтижелерін синтездеу; екіншісі ғылыми танымның əдістерін дамыту. Позитивизм сонша кең танылды, оның негізінде ғылым философиясыөзгеше философиялық пəн ретінде дамиды. Осыған үлес қосқан ағылшын философы-позитивист, «Логика жүйесі» атты əдіс мəселесіне арналған шығарманың авторы Дж. Стюарт Милль :
• табиғаттанудағы индуктивті əдістер;
• əлеуметтік моральдық ғылымдардағы əсіресе политэкономия гипотетикалық-дедуктивтік əдістер;
• позитивизімнің негізгі принциптері неопозитивизмде сақталған;
• методологиялық монизм, əлде ғылыми зерттеу аймақтарының айырмашылығына қарамай ғылыми əдістердің ортақтығы туралы идея;
• нақты табиғаттану ғылымдары, əсіресе физика, методологиялық стандарттың үлгісі сциентизм;
• ғылыми тұсініктемелер ол нақты индивидуалды фактілерді жалпы заңдарға келтіру.
19 ғ. аяғында позитивизімнің 2-ші түрі пайда болды, оны махизм əлде эмпириокритицизм деп атайды :Эрнст Мах, Рихард Авенариус, Пьер Дюгем, Анри Пуанкаре (конвенциализімнің қалаушысы). Оның негізгі себебі - физикадағы метологиялық дағдарыс. Дағдарысқа əкелген оқиғаларды келесі жаналықтар құрайды: электронның ашылуы, радиактивтік құбылыстардың ашылуы т.б., түбінде олар материя құрылысы туралы ескі көзқарасты бұзды, ейбір ғалымдар материализімнен бетбұрды.
Позитивистік филоофияның мақсаты ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан былайша айтқанда,философиядан азат ету.Олардың пікірінше әр ғылым өз алдына философия.Сол ғылымдарды зерттеу қажет.Былайша айтқанда әр ғылымда пайдалы да пайдасыз да ойлар болады.Мақсат дейді позитивистер солардың тек дұрысын,пайдалысын қабылдап,пайдасызынан арылу.Ондағы мақсат- француз рефалюциясының теориялық негізі болған XYIII ғасырдағы француз философиясынан бас тарту.
20.Тұжырымдамалардың ғылыми сарапталғандығының өлшемі ретінде верификация принципінің енгізілу себебін түсіндіріңіз
Верификация принципі – (лат. veins - "акиқаттық", лат. ficio - "жасаймын", "іздеймін") теориялық қағидалардың ақиқаттығын болмыс деректерімен салыстыру арқылы анықтау немесе әлеуметтік болжамды бағалау амалы. Осы арқылы әлеуметтік болжау нақты деректер, ақиқат жағдайлармен салыстырылып дәлелденеді немесе теріске шығарылады.
Социология тарихында ол ең үлкен мән берген позитивизм бағыты. Осы бағыттың көзқарасы бойынша, тек бақылау, экспериментке негізделетін білім нағыз ғылыми білім ғана болып есептеледі. Әлеуметтік ғылымдар арасында болжау, дәлелдеу методологиясының өз ерекшеліктері бар және ол қазіргі уақытта да қоғамдық процестерді зерттеудің ұтымды жолы болып келеді. Социологияда ол әртүрлі статистика, және т.б. әдістер мен өлшемдер арқылы іске асырылады.
Позитивизмнің үшінші түрі - неопозитивизм. Қазіргі батыс философиясының негізгі ағымы, ХХ ғасырдың 30-60-шы жылдары пайда болды. Оның өкілдері: «Вена үйірмесінің» философтары: М. Шлик – негізін қалаушы, оның ізбасарлары Р. Карнап, О. Нейрат, Б. Рассел (1872-70 жж.); Львов – Варшава мектебінің өкілі Тарский Альфред (1902-84 жж.). Олар философияның күрделі әрі маңызды әдістемелік мәселелерін шешуде, өздерінің нақты үлестерін қосты. Неопозитивизмнің басты идеясы: философия ғылым тілі - логиканы талдап, жетілдірумен шұғылдануы керек. Тіл қоршаған ортаны қабылдаудағы адамның позитивтік (шынайы) басты құралы. Тілді логикалық талдау - бұл мәтіндерді, ұғымдар мен таңбаларды зерттеп, солардың жүйесінің ішкі байланысын, семантиканы мәнін) қарастыру. Осылайша неопозитивизм «Герменвтикаға» жақындасады.