Останай қаласы №115 орта мектебі

Математика Әлемі

Мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділіктерін арттыру.

Дамытушылық:Математикалық сұрақтарға мәдени түрде жауап беру, қарым – қатынасты дамыту.

Тәрбиелік:Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылықтарын ояту.

Сабақ типі:Ойын сабақ

Сабақ көрнекілігі:Слайд,плакаттар,ұлы математиктер туралы мәліметтер.

Сабақ барысы:1 . Ұйымдастыру.

2.“Бәйге”

3. “Ойлан, тап!”

4. “Сәйкестендіру”

5. “Зейінді геометр”

6. Сергіту сәті

7. “Капитандар сайысы”

8. “Шарықтау”

9. Марапаттау, Қорытынды

1.Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасып, топ таныстыру, топ капитандарын сайлаймыз,әр топқа флажок беріледі.

- Саламатсыздарма,оқушылар және ұстаздар.

Қымбатты математика жанкүйерлері сіздерге осы ойынға қатысушылар атынан қатал да, қатесіз математикалық сәлем!
- Математика – бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын – деп бүгінгі «Математика әлемі» атты кешімізді бастаймыз.

- Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділ – қазылармен таныс болайық!бүгінгі кешіміздің әділ қазылары мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Меделбаева Н., математика пәнінің мұғалімі Итбаева М.,студент-практикант Амангелді А.
(Әділ – қазы алқасымен таныстыру)

1-топ «Пифагор» Б.э.д. 569 – 475ж
Грек ғалымы Пифагор матиматикаға негізделетін құпия ілімнің негізін қалады. Ол сандардың барлық нәрсе екенін және математиканың көмегімен кез келген құбылысты түсіндіруге болатынын дәлелдеген. Мысалы, ол музыкалық аспаптың табиғи көлемінің жартысына тең музыкалық ішек кесіндісінің бір октаваға жоғары дыбыс шығаруға мүмкіндік туғызатынын ашқан. Пифагор жердің шар тәріздес екенін бірінші ұққан және дұрыс ұшбұрыштардың әйгілі теоремасын дәлелдеген. Ол сондай-ақ нысанын өзгеруге сенген және тамаққа бұршақтарды салуға тыйым салған. Пифагор сандары – натурал сандар үштігі, бұл сандар ұшбұрыш қабырғаларының ұзындығына пропорционал (немесе тең) болса, онда ұшбұрыш тіктөртбұрышты болып табылады. Бұл үшін Пифагордың кері теоремасы бойынша ол сандардың x² + y² = z² түріндегі диофант теңдеуін қанағаттандыруы жеткілікті (мыс., x = 3, y = 4, z = 5) өзара жай Пифагор сандарының кез келген үштігі мына формулалар арқылы анықталады: x² = m² - n², y = 2mn, z = m² + n², мұндағы m және n – бүтін сандар (m > n > 0).

2-топ Архимед Б.д.д. 287 – 212 жж
Гидростатика принципін ашқан Архимед шомылып жатқан жерінен тыр жалаңаш атып шығып, сол күйінде: «Эврика»-деп айқайлап, көне аралап жүгірмемен белгілі. Аса көрнекті грек математигі болған ол П санының 3 ондық бегісін, сфера бетінің көлемі мен ауданын есептеп шығарып, қару ойлап тапқан, тұтқалар мен блоктардың принципін түсіндірген. Ол: «Маған ұзын тұтқа мен тіреу нүктесін беріңдерші, сонда мен Жерді орнынан жылжытамын»,-деген.


- Бүгінгі сайыстың шарттары мен таныстыра өтсек сайысымыз 7 турдан тұрады, олай болса бірінші турымыз «Бәйге» деп аталады.

2. “Бәйге”сайысыда әр топқа 8 сұрақтан беріледі,әрбір дұрыс жауап 5 баллмен бағаланады. Ия немесе жоқ деп жауап береміз.

1 – топ:

1. 0-мен аяқталатын сан 10-ға бөлінеді

Ия

2. 990 ең үлкен үш таңбалы сан

Жоқ

3. 64 екінің алтыншы дәрежесі

Ия

4. Кез келген төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 3600

Ия

5. 7 – құрама сан

Жоқ

6. 0-ден кіші сандар оң сандар

Жоқ

7. Қиылыспайтын түзулер параллель түзулер

Ия

8. Квадраттық функцияның графигі парабола болады

Ия

2 – топ:

1. 5-пен аяқталатын сан 10-ға бөлінеді

Жоқ

2.99 ең кіші екі таңбалы сан

Жоқ

3. 81 саны үштің төртінші дәрежесі

Ия

4. Кез келген үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800 болады

Ия

5. 37 – жай сан

Ия

6. 0-ден кіші сандар теріс сандар

Ия

7. Тең бүйірлі үшбұрыштың барлық бұрыштары тең

Жоқ

8. Дәлелдеусіз қабылданатын тұжырымды теорема деп атайды

Жоқ


Математика ғылымы – ермек емес балалық.
Математика ғылымы көрегендік даналық,- дегендей келесі турымыз «Ойлан,тап» деп аталады.

3.“Ойлан, тап!” сайысы.Сөздердің әріптері орны ауыстырылып беріледі. Сөздерді дұрыс жазу керек, әрбір жауап 5 балл.

4. Сәйкестендіру тесті.(Х;О) ойын түрінде болады, (1-топ Х, 2-топ О). Әр топқа ретімен сұрақ қойылады,дқрыс жауап берсе өздерінің Х және О –дерін салуға мүмкіндік алады. 15 балл

5.“Зейінді геометр” сайысы.Әр топқа квадрат таратылады. 10 балл

1 – топқа тапсырма: Квадратты параллелограмм құрастыруға болатындай етіп, қалай үш бөлікке бөлуге болады?

2 – топқа тапсырма: Квадратты ромб құрастыруға болатындай етіп, қалай үш бөлікке бөлуге болады?

-Жас достарым мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.

Мықты болсаң – алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт,- деп келесі сайысымызды бастаймыз,әр топтың капитандары ортаға шақырылады.

2. “Капитандар сайысы”.Топ капитандарына логикалық сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауап 10 балл.

1.Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнайды, әрқайсысы неше сағат ойнайды?

2.4 жұмыртқа 4 минут қайнайды. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?

3.Бақтиярдың 3 ұлы бар және олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар?

4.1 кг темір ауыр ма, әлде 1 кг мақта ауыр ма?

5.Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірден алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Бұл қалай болғаны?

6.Бөлмеде 4 бұрыш бар, әрбір бұрышта мысықтар отыр. Әрбір мысық алдында 3 мысық. Бөлмеде неше мысық бар?

7.Жыл 12 айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал, 28 саны қай айда кездеседі?

8.Егер 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, онда 100 жұмыртқаның бағасы теңге болады?

9.Бөренені 6 бөлікке бөлу үшін бөренені неше рет кесу керек?

10.Екі таяқтың төрт ұшы бар. Үш жарым таяқтың неше ұшы бар?

3. “Шарықтау” сайысы.«Математикалық диктант» әр топ формуланың дұрыс – бұрыстығын табу керек, дұрыс жауап 10 баллмен бағаланады.

4. Марапаттау,қортындылау.Жеңіске жеткен топ марапатталады.

-Қанып сандар сырына,
Шықсақ білім шыңына.
Деп алаулап жүрегі
Қосқан әуен жырына,
Математиктер жасасын!- дей отырып кешіміздің қорытындысын хабарлау үшін сөз қазылар алқасының төрағасына беріледі.
-Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Әділ - қазы, көрермен сау тұрындар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
Осымен «Математика әлемі» атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау - саламат болыңыздар!

останай қаласы №115 орта мектебі

Тапқыр достар

Өткізген:Бекбау Д

Күні:17.02.2015

Қостанай 2015

Наши рекомендации