Таным теориясы мәселелері

"Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.

Таным - ол мәңгілікті даму жол. Білімсіздіктен білімге өту. Жаңа білім жаңа білімсіздікті туғызады. Таным болмыстың бейнесі. Содан соң әлем әрқашанда өзгерісте болған соң таным да сондай болу керек. Тек қана дамуда алынған дүниенің бейнелеуі объективті болуы мүмкін. Танымда екі саты бар:

1.Сезімдік.

2. Логикалық

Сезімдік танымның элементтері:

1. Түйсіктер-заттардың тек қана жеке қасиеттерін бейнелей алады.

2. Қабылдаулар- заттардың тұтас бейнесін бере алады.

3. Елестетулер- алдында алынған бейненің қайта көтерілуі.

Логикалық танымның элементтері:

1. Ұғымдар -заттардың жалпылы және мәнді қасиеттерін бейнелеуі.

2. Пікірлер- заттардың қасиеттері не мақұлданады не терістеледі.

3. Ой -тұжырым-екі пікірден үшінші жаңа пікір шығарылады.

Логикада ой-тұжырымдарды силлогизм деп атайды. Олар қарапайым, күрделі, прогрессивті, регрессивті аналитикалық, синтетикалық, индуктивті, дедуктивті, аналогиялық, салыстырмалы бола алады. Философияның тарихында кейбір ойшылдар сезімдік танымды абсолют деп атаған. Олар сенсуалистер, ал кейбіреулері логикалық танымды. Ол рационализм . Танымның негізгі мақсаты ақиқатқа жету. Философиядағы ең қиын мәселелердің бірі. Ақиқат бар ма, әлде жоқ па? Бар болса қандай білімді ақиқатты деуге болады? Ақиқаттың мөлшері қандай? Ақиқатты зерттеген ойшылдар өте көп. Оған арналған кең таралған түсініктер келесі:

Ақиқатты білім-ол пайдасы бар. Ал егер пайда әкелмесе онда ол жалған. Бұндай пікірде ақиқаттың өлшемі ретінде пайда алынып отыр. Егер ақиқат пайда болса онда ол субьективті. Бір адамға пайдасы бар ақиқат екінші адамға пайдасыз. Ақиқат- ол логикалық қателігі жоқ дәлелдеуі бар,дәлелдеуі толық білім.Бірақ кейбірде логикалық қателігі жоқ танымдар ақиқатсыз болып шығады. Ал толықты дәлелдеуді табу мүмкін емес. Ақиқатты білім -ол жақсылықты туғызады. Ал ақиқатсыз таным жаманшылықты туғызады. Моральді этикалық анықтама. Ақиқатты өнер деп түсінеді.

Симметриалық сұлу ойлау ақиқатқа апара алады деп санайды. Ал ақиқаттың мәнін щығару үшін біз оның қарама-қарсылығын алуымыз керек: Ол- адасу. Толық ақиқат жоқ, болуда мүмкін емес. Олар әрқашанда бір-бірін туғызады, бір- біріне өтеді, бір-бірінсіз дамымайды. Себебі білім мен білімсіздік бірге жүреді. Ақиқаттың екі түрі бар:

1. Абсолютті

2. Салыстырмалы.

Абсолютті ақиқат - онша толық емес, нақты емес, онша терең емес бейнелеу.Абсолютті ақақаттың өзі салыстырмалы, толық абсолютті ақиқаттар болуы мүмкін емес. Себебі осы ақиқаттар тек қана шектелген салаларда сәйкесті бейнелеуді береді.Ал басқа құблыстарды ол ақиқаттар жалғанға айналады,ал салыстырмалы ақиқатты абсолютті.Себебі әр ақиқатта дүниенің бейнелеуі бар.Салыстармалы ақиқат бірте-бірте абсолюттік таным туады. Ақиқатты жалғаннан айыруға болмайды, абсолютті ақиқатты салыстырмалы түрінен айыруға болмайды. Ақиқат ол өзгеріске жататын білім, кешегі жалған бүгін ақиқатқа айналуы мүмкін, ал бүгінгі жалған ертеңгі ақиқат. Бәріде өзгерісте.Танымда өзгеріске сай болу керек.Егер абсолютті білімдерді дайын түрінде қорытынды ретінде толық әділетті, толық бейнелеу ретінде қабылдасаңыздар, онда догматизм пайда болады.Ал танымға сенбесеңіздер ақиқаттың бәрі тек қана салыстырмалы ретінде алсаңыздар, онда релятивизм пайда болады.

Ақиқаттың екі негізгі қасиеті бар:

1.Ақиқат- ол нақтылы білім, яғни нақтылық.

2.Объективтілік.

3. Ақиқаттың өлшемі- практика. Практика- ол адамның нақтылы қызметі.Оның үш түрі бар:

1. Өндіріс

2. Эксперимент

3. Рухани

Практиканы теориямен бірге алуымыз керек.Практика теорияның негізі, ал теория практиканы бейнелеу керек.Бірақ теориямен практика жиі қайшылықта дамуда.Кейде алға теория кетіп қалады . Онда практикалық өзгерістер баяу өте бастайды. Себебі теория абсолютті болған соң тәжірибеге сәйкес болмайды. Ал кейбірде қарама-қарсы жағдай туады.Практика дамуында алға кетеді, ал теория артта қалуы мүмкін. Онда даму баяулай бастайды. Идеалды байланыс- ол теориямен практиканың сәйкестігі.

Танымның түрлері, тұрпаты көптілі.Айырылу формалары екіге бөлінеді:

1.Эмпириялық- даму сипаттаудан туады. НЕгізгі әдісі -бақылау және эксперимент.

2.Теориялық - таным логикалық бейнелеуден туады. Негізгі әдісі- индукция, дедукция, анализ, синтез, абстакция тағы басқа. Танымның тағы да бір формасы анықталды:

1. Күнделікті таным-сезімдік, стихиялық салт дәстүрден, тарихи көзқарастан туатын таным.

2. Теориялық таным-ғылыми бейнелеуге сүйенеді, системалық тұтасты болу керек . Танымды қарапайым және күрделі деп бөледі. Ал тұрпатын адамның қызметіне сай айырады. Қызметі қандай болса таным да сондай бола алады. Олардың арасында ерекше зерттеуге салынатын танымдық қызмет -ғылыми таным. Қазіргі заманда негізгі байлық - информация. Ғылым өндірістік күшке айналды, дамуға тікелей әсер бере алады, бірақ ғылыми танымды әртүрлі жолмен талқылайды. Екі пікір кең таралған: Сциентизм- ғылымды құндылық ретінде көтереді. Антисциентизм-қазіргі заманда ғылым жаманшылық туғызып отыр.

Ғылым адамның мүмкінділігін арықарай жеңілдетеді. Кейінгі уақытта мондиалистік теориялар кең тарай бастады. Ғылым жаңа технологияны туғызады. Олар глобализацияның арқасында тез тарайды, содан соң мемлекеттің экономикалық дамуы бірте-бірте бір сатыға келеді. Мемлекеттің дамуы болашақта теңестіретін ғылым деп түсіндіріледі. Ғылыми танымның мақсаты -ғылыми теория. Ғылыми теорияның дамуында негізгі сатысы, ерекшелігі және функциясы бар. Әр ғылыми теория зерттеліп отырған объектінің тұтасты системалық, дәлелдеуі толық бейнелеуін беруі керек. Әр ғылыми теория келесі функцияларды атқарады:

1. Сипаттау

2. Түсіндіру

3. Прогностикалық

Ғылыми теория туу үшін ең бірінші ғылыми идея боу керек. Ғылыми идея алғашқы дамуда проблемада анықталады. Проблеманың түбінде сұрақтар, олардың арасында ең негізгіні шығарып оған жауап беру керек екенін дәлелдеу керек. Егер ондай дәлелдеу бар болса, онда проблема шығарылған деп саналады. Проблемадан кейін гипотиза туады. Гипотиза дегеніміз ол мүмкіндікті білім. Гипотизалар жұмысшы және реалды деп бөлінеді. Реалды гипотиза дәлелденсе, онда теория пайда болады. Ғылыми теорияның дамуы процец. Оны басқаратын , ұйымдастыратын ғылыми принциптер. Ғылыми принцип дегеніміз ғылыми танымдық тәртіптер.

Ғылыми таным дамуда әртүрлі сатылар болған. Алғашқы дәуірде ғылыми таным негізгі мақсаты әлемді сипаттау болған. Жаңа уақытта негізгі мақсатты түсіндіруге тырысқан.

ХХғ. адамды түсінуге тырысқан. Алкейінгі дамудағы мақсаты- болжамдау. Себебі глобализация- ұлттардың, мемлекеттің арасындағы байланысты тереңдетті. Тарихи дамуы ритімі тездетіліп отыр. Ондай жағдайда тез өтеді, эканомикада да, саясат та ғылымда болсын. Адамдар жаңа дамуға қалыптаса алмайды, бүткіл дүниежүзділік конференцияда «Тұрақтылық қоғамдың дамыту көзделіп отыр. Ал ол үшін прогноз керек. Прогнозды шығаратын Рим клубы, Давос даналары және Америкалық эксперт тобы адамзаттың 2015 жылға дейін даму жолдарын зерттеген. Жалпы ғылыми танымда жаңалықтар тез тарайды. Ол информациялық революция арқасында дамиды. Содан соң тереңдетілген интограциялық байланыстар көбейген танымда жаңалықты жиі болжам арқылы шығаруға болады. Қазіргі танымда «ғылыми парадигмаларң деген ұғым кең тарап отыр. Осы ілімді дамытқан Т.Кун. Ғылыми парадигма - ол ғылыми танымдық жолдар. Қазіргі заманда ғылыми қызмет өзгеріп отыр. Бір адамның ғылыми жаңалыққа жетуі қиын себебі - информация көбейіп отыр. Содан соң бүткіл дүние жүзі ғылыми ізденісті біріктіріп жаңа табысқа ғылыми танымда адамзат жетіп отыр.

Білім деген не?

Білім — адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық. Материалды дүниені бейнелеудің нәтижесі, түйсіктің, білімнің, зауықтың, қобалжудың бірлігі болып табылатын және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі — таным білім алу үдерісі болып табылады және ол тәжірибемен жанасады. Таным — адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Таным — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: — қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); — қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). Таным — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Білім әрқашан тәжірибелік ақпараттық сипатта болады. Егер белгілі бір идеяға практикалық қажеттілік туа қалса, онда олар университет зертханалары мен кафедраларға қарағанда өндірісте, практикада тез жүзеге асырылады. "Білім" терминінің үш аспектіде қолданылатынын естен шығармау керек: — бірдеңені істеу, жүзеге асыру үшін хабардар болуға негізделген білім мен машық қабілеттері; — кез келген танымдық мән бар ақпарат; — практикамен өзара байланыста болатын ерекше танымдық бірлік. Соңғы екі аспекті ерекше философиялық пән — таным теориясының (гносеологияның) зерттеу объектісін құрайды. Таным теориясының философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен шекаралары, білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен объектісінің ара-қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның формалары мен деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса білімнің түрлі формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда таным ортақ мәселелердің бірі болып табылады.

Жасанды интеллектдеп адам бұрын шешіп қойған есептерді электрондық есептегіш машиналар арқылы қайталау үшін жасалынатын программаны дүниеге келтіруді айтады. Философия да осы аталған мәселелерді қарастырады, бірақ оны басқа ракурста, яғни таным процестерінің объективті болмысқа, ақиқатқа қарым-қатынасы тұрғысынан қарастырады. Гносеологияның ең негізгі категориясы ақиқат болып табылады. Түйсік, ұғым, интуиция психология үшін индивидтің өмірлік іс-әрекетінің немесе онық тәртібінің психикалық формасы ретінде анықталады, ол философиялық таным теориясында олар ақиқатқа апаратын құрал ретінде зерттеледі. Ақиқат дегеніміз-қоғам‚ табиғат құбылыстарының адам санасында объективті көрініс табуы.

Таным процесінде объект затсызданады (распредмечивается) және өмір сүрудің басқа түріне өтеді, яғни идеалды-идея немесе образ түріне өтеді. Игерілген объективтік мәндер, күштер мен олардың заңдылықтары объективтік заттық формада, сол қалпында сақтау үшін ғана емес, адамдар қатынастарында атқаратын әртүрлі функциялары үшін, соның ішінде келесі практикалық процесте қолдану үшін қажет болады, яғни олар үнемі жаңа практикалық процеске тартылып, іс-қимыл, процесс формасына ауысады. Бұрынғы игерілген “адамдық” сипатқа ауысқан табиғат күштері енді жаңа істе адамдардың белгілі бір құралы, адамдық күш, мән, адамдық қабілет ретінде қатысады.

Философияда практикадеп адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әлемді немесе оның жекелеген бөліктерін өзгертуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Біріншіден, практика танымның қозғаушы күші, негізі мен бастауы болып табылады. Практиканың нақты сұраныстары танымдық қажеттіліктерді және адамзаттық міндеттерін, тіпті танымның өзін іс-әрекеттің түрі ретінде тудырды.

Эпистемология немесе ғылыми таным - дүниенің, объективті шындықтың жалпы байланыстары мен қасиеттерін арнайы тәсіл арқылы зерттейді. Ғылыми таным-жүйелі таным. Ол адамнан арнайы дайындықты, іздестіруді, тынымсыз еңбекті қажет етеді.Ең алдымен, ғылыми таным өзі зерттейтін объект жөнінде жан-жақты дәлелді объективті білім жинақтауға тырысады. Ол абстрактілі-аналитикалық, сонымен қатар, конструктивті-синтетикалық білім болып табылады. Талдаудың көмегімен зат ойша бөлек-бөлек қасиеттерге, функцияларға, сапаларға жіктеледі. Біріктіру арқылы заттың жеке бөлшектері туралы білім оның біртұтас және көлемді бейнесінің қалыптасуына мүмкіндік туады. Ғылыми танымның екі деңгейін-эмпириялық таным мен теориялық танымды бөліп көрсетуге болады.

Эмпириялық таным-бұл эксперимент, бақылау, баяндау, салыстыру, өлшеу. Бұл деңгейде объект алғашқы ізденістен өтеді, онық сыртқы ерекшеліктері мен кейбір заңдылықтары анықталады. Теориялық деңгейде объект түсіндіріледі, оның түпкі, негізгі, ұдайы қайталанып отыратын заңдылықтары ашылады. Бұл екі деңгей бір-бірімен тығыз байланысты. Эмпириялық таным ғылыми заңдардың қалыптасуының бастауы, негізі болып табылады, теория эмпириялық материалды түсіндіреді.

Зерттеудің теориялық деңгейі жоғары деңгейдегі жинақтаумен, идеализациялаумен, объектінің заңдылықтары мен ішкі байланыстарды бейнелеумен ерекшеленеді. Ғылыми танымда арнайы методтар қолданылады. Метод дегеніміз-зерттелетін нәрсені ойша қайта жаңғыртудың, қойылған ғылыми мақсатқа жетудің тәсілі. Эмпириялық деңгейде бақылау, өлшеу, эксперимент, баяндау, ал теориялық деңгейде тарихилық пен логикалық, аксиоматикалық метод, формальдау, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу сияқты тәсілдер қолданылады. Кейбір тәсілдер (жіктеу мен біріктіру, индукция мен дедукция, модельдеу) эмпириялық және теориялық деңгейде де кеңінен қолданылады. Бақылау-сыртқы дүниені мақсатты да жүйелі түрде қабылдау. Ол танымның алғашқы дерек беретін көзі болып табылады.

Дәріс

Философиялық антропология.

13.1 Философия адамның мәні туралы. Философиялық антропологиядағы адамның «синтетикалық» концепциясы: М.Шелер, А.Гелен, Г.Плеснер.

13.2 Адамның қалыптасуы туралы концепциялар.

Гректің антропос – «адам» және логос «ілім» сөзінен құралған, антропология дегеніміз – адам туралы ғылым.Антропология адамның табиғи құрылысын, оның бейімдері мен дағдысын, тілін, өнерін, діні мен өркениетін зерттейді.

Антропологияның үш маңызды бағыты бар. Біріншісі, адамның табиғаттағы орнын қарастырып, басқа тіршілік иелерінен айырмашылығын анықтайды. Осы мақсатта адамның табиғи қасиеттері мен дамуының, өркениетінің өзара байланысына назар аударады.Екіншісі, адамның нәсілдерін анықтап, жүйелеумен тығыз байланысты. Ол этнология деп аталады. Алғашқы адамдардың қаңқасы мен бассүйектерін қазіргі адамдармен салыстыра отырып, әртүрлі халықтар мен нәсілдердің дәстүрлері мен дінін зертейді. Сөйтіп, әр халықтың өзіндік тарихи, мәдени ерекшеліктерін анықтайды.Үшінші бағыт антропометрия деп аталады. Бұл ғылым адамның табиғи өлшемдерін бойын, салмағын, әртүрлі нәсілдің өкілдерінің сүйектерінің көлемін зерттейді.

Адам- философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы – «Адам дегеніміз не» мәселесі. Адам туралы толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында көптеген ғылымдардың көмегімен жинақтауға болады. Сондықтан да соңғы жылдары адамтану ғылыми танымның ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке қарастырылады. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтап, барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани – практикалық іс - әрекетінің жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді. Адамның табиғаты мен мәні туралы сұрақ философия тарихындағы барлық ілімдерде бар. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияны қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық философия, социобиологияда адам тақырыбы көрнекті орын алып отыр. Мұның өзі тек жай ғана кездейсоқтық немесе ұқсастық емес. Қазіргі уақытта Адам төңірегіндегі мәселелердің алдыңғы қатарға шығып, әлемнің барлық түпкірінде өзекті мәселеге айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір сүруінен кездесіп отырған жағдайдан туындап отыр. Ядролық қару – жарақтың күннен – күнге көбейе түсуі, табиғи ортаның бұзылуы адамдарды өте бір қиын сын сағатына әкеліп, апырау, осы адамзаттың ертеңгі күні не болмақ деген үрейлі сұрақтарды жиі – жиі туғыза түсуде.Генетикалық инженерияның даму бағыты, әртүрлі органдарды трансплантация жасау мүмкіндіктері адамның биологиялық табиғаты туралы үйреншікті көзқарастарды өзгерте түсуде. Сонымен қатар, адам биологиясының біз білмейтін қаншама терең сырлары бар екендігінде де күмән жоқ. Адамның өзін - өзі басқаруы, яғни психологиялық мәселелер де бой көрсетуде.

Философиялық антропологияның басқа ғылымдардан айырмашылығы, ол адамды жалпы дүниетанымдық тұрғыдан зерттейді.Жалпы, біртұтас, іргелі антропологиялық мәселелерді қарастыра отырып, адамның мәнін, өзіндік ерекшелігін түсіндіреді.

Наши рекомендации