Аристотель бойынша Ғылымдар классификациясы

Ғылым Ғылым пәні
Философияға Кіріспе Логика Ойлаудың заңдары мен формалары
  Теоретикалық Философия Бірінші философия – метафизика Мәңгілік жоғарғы сезімді формалар – бүкіл тіршіліктің бейматериалды бастамалары мен себептерін қарастыру
Екінші филосфия - физика Табиғи яғни материалды, өгеретін мәндерді қарастыру
  Практикалық философия     Этика Адам тәртібі мен нормалары
Политика Саяси-әлеуметтік әрекеттер
Экономика Экономикалық әрекеттер
Шығармашылық философия Эстетика Өнер
Риторика Шешендік өнер

Тақырып 3. Орта ғасырлық Шығыс және Батыс философиясы

ОРТА ҒАСЫРЛАРДЫҒЫ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ

Араб философиясының қалыптасуының негізгі бағыттары:
ü Мутакаллимдер мектебі – Исламның діни қағидаларын негіздеу;
ü Мутазилиттер мектебі – әлемнің, адамның жаратылуы туралы, тағдыр туралы Ислам қағидаларынан бас тарты, Құдай туралы антроморфты бейнелерден бас тартып, адам ақылы мен күшіне сенді;
ü суфизм – қоршаған дүниеге қайырымды қарым-қатынас адамның жоғарғы міндеті, аскетизм, өзімен-өзі болу.
ü Шығыс перипатетизмі – Аристотель ілімін Шығыста таратушылар мен жалғастырушылар.

ШЫҒЫС ПЕРИПАТЕТИЗМІ

Шығыс перипатетика өкілі Шығармалары Философиялық тұжырымы
Абу Юсуф Якуб ибн Исхак әл-Кинди (800-879) - - Құдай, ақыл мәселелеріне тоқталып, философия мәнін, ғылымды классификациялауға тырысты. - Адам ақыл иесі, ол Өзіндік ғана емес, қоршаған дүниені, заттар мен құбылыстар себебін, мәнін түсіне алады. ақылды төрт түрін көрсетті: 1-ші – белсенді; 2-ші – енжар; 3-ші - жүре пайда болған; 4-ші – көрер көзге ғана арналған ақыл. - Танымның 3 түрлі деңгейін: 1-ші – логикалық-математикалық; 2-ші – табиғи-ғылыми, 3-ші – метафизикалық (философиялық) деп бөлді.
Әбу Насыр Мұхамет ибн Мұхамет ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби (870-950) «Бақытқа бастайтын жол» «Азаматтық саясат», «Мемлекет қайраткерінің көзқарастары», «Қайырымды қала тұрғындары» және т.б. - философия мен дін болмыстың шекті негіздері мен адам тіршілігінің түпкі мәні мен мақсаттарын танып, білуге ұмтылады. Философия танымының ғылыми әдістерімен және ақыл-парасат қуатымен байланысты болса, ал дін дүниені «қиял мен сенім көмегімен ой жүгіртуге үйретеді деп есептеді. «мақсатты әсемдікті тану болатын өнер – бұл философия (даналық)» деп аталады. - Философия діннің білімге негізделген формасы, ізгі билеушінің, ізгі қала мен оның тұрғындарының негізі ретінде көрінеді. Әл-Фараби ізгі дінді дүниенің шығуы мен қаланың барлық тұрғындары үшін «түпкі бақыт ұғымын», өмір салтын философиялық тұрғыдан түсіндіру мақсатына сәйкестендіреді. - ізгілік, қайырымдылық, жомарттық, игілік көздерін іздеп, адамзаттың бақыты мен игілігінің адам өмірінде негізі екендігін атап көрсетеді. Әл-Фараби адамзат үшін игілік пен мейірімділік мұраттарын насихаттаушы қайырымды қала тұрғындарының ар ілімі және рухани әлемін қалыптастыру мен тәрбиелеуде елеулі орын алады.
Ибн-Сина (Авиценна) (980-1037)   -ғылымдарды классификациялаған. Философиялық білімді 2-ге бөлді: практикалық және теориялық. Теориялық – ақиқатқа жетуге бағытталған ғылымдар, олар: физика, математика, метафизика. Практикалық – саясат, экономика, этика. Бәрі логиканы пайдаланады, логика – ғылымның құралы, бәріне таным әдістерін ұсынады.
Абу Уалид Ибн-Рушд (лат. Аверроэс) (1126-1198) «Терістеуді терістеу» - материалды дүние мәңгілік, бірақ кеңістікте шекті, Құдай мәңгілік, табиғат та мәңгілік. - толық ақиқат біреу ғана ол – философиялық ақиқат. Діндегі ақиқат қарапайым адамдарға арналған, ал философтар түсіндірмесіндегі діни түсініктер парасатты адамдарға арналған. - жанның мәңгілігін теріске шығарды. Индивидтің жаны тәнімен бірге өледі, яғни тән өлгенде оның сезімі, есі тарап жоғалады. Адам әрекеті келесі өмірде шартты түрде, адам өзі жақсылықтар жасауы керек. - «Қос ақиқат» теориясы теологиялық және философиялық ақиқаттарды және олардың арасында қайшылықтардың бар екендігі айтылады.

ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ БАТЫС ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ

ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ (ІІ-ХІҮ ҒҒ.)

ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ БАТЫС ХРИСТИАН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
ПАТРИСТИКА (ІІ-ҮІІ ҒҒ.) – (лат. рater –әке) – христиандық дүниетанымды қалыптастыру, қорғау, христиандық ілімді негіздеу және жүйелеу.

· Христиандық гностицизм (Карпократ, Василид, Валентин)

· Христиандық апологетика (Марциан, Юстин, Тертуллиан)

· Александрлық мектеп (Пантен, Климент, Ориген)

· Каппадоктік догматика (Григорий Нисский, Григорий Назианзин)

· Догматтық патристика (Ұлы Василий, Аврелий авкустин, Диондық Ареопагит, Иоанн Дамастық)

· Манихейлік (Мани және оның ізбасарлары)

СХОЛОСТИКА(ҮІІ-ХҮ ҒҒ.) – (лат. schola – мектеп) шіркеу догмалары мен діни ілімдерді философия көмегімен түсіндіру. (Философия дін қызметшісіне айналды)

· Номинализм (Абеляр, Росцелин, Оккам)

· Реализм (Августин, Гильом, Ансельм Кентерберийский, Ұлы Альберт, Фома Аквинский)

· Протореформаторлік (Уклиф, Гус)

· Мистикалық христиандық (Экхарт, Таулер, Сузо)

· Христиандық алхимиялық философия (Альбер, раймонд луллий; Рожер Бэкон, Никола Фламмель, Тревизо)

Наши рекомендации