Оған: ''анализ'', ''синтез'', ''индукция'', ''дедукция'' жатады. 1 страница

1. Анализ дегеніміз — объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде объектінің белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін. Объектінің өзін ұстау заңдарын айқындау үшін алдын ала оның маңызды және екінші қатардағы белгілерін ажыратып алу керек. Олардың жалпы объект құрылымы мен ұстанымында алатын орнын айқындау керек. Объектіні тұтастық ретінде тану оның құрамдас бөліктерін зерттеумен шектелуге болмайды. Таным үдерісінде олардың арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу, оларды жинақтап, бірлікте қарастыру қажет. Таным үдерісіндегі осы екінші кезенді жүзеге асыру — объектінің жеке құрамдас бөліктерін зерттеуден оның біртұтас байланысқан жағдайын зерттеуге көшуге, анализ әдісін өзге әдіспен, яғни синтезбен алмастыруға байланысты.

2. Анализ аяқталған жерде синтез басталады. Синтездеу кезінде объектінің анализ жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бүл жерде синтездеу деп элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек. Шындығында, ол тұтас жүйедегі өр элементтің орны мен рөлін анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді. Демек, біздің көз алдымызда зерттелетін объектінің нағыз диалектикалық бірлігін көрсетіп береді.

3. Анализ бен синтез бір-бірінен бөлек операциялар емес, мәніне қарай олар танымның аналитикалық, синтетикалық әдісінің екі жағы болып табылады. Индукцияойдың жалпыдан жалпыға қарай бағытталуын, дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды. Біздің ой қорытуымызда индукция жиі көрініс береді. "Барлық адам өледі. Юлий Цезарь — адам. Демек, Юлий Цезарьдің де өлетіні белгілі". Жалпы жағдайды біле тұра, таным субъектісі оны сол сипаттағы құбылыстардың бәріне ауыстырады. Бұған дейін мұндай объектілер ұзақ индуктивті тану жолынан өткендіктен, сол білімдердің нәтижесінде жеке зерттеу логикалық қорытуға ұласады.

4. Данышпан ғалым-химик Д.И.Менделеев сол кездегі белгілі химиялық өлшемдердің бәрін дерліктей зерттей отырып, элементтердің периодтық заңына алдымен индуктивтік жолмен келді. Элементтердің қасиеттері олардың атомдық салмағына тәуелділігі анықталғанда, ол таза дедуктивтік әдіспен сол кезде әлі ашылмаған, белгісіз элементтердің қасиеттері туралы жорамал айтты. Содан кейінгі ашылған элементтер ол тұжырымдаған заңдылықтардың толығымен дұрыстығын көрсетті.

Индуктивтік әдіспен алынған ақиқат үнемі толық бола бермейді, сондықтан ол дедуктивтік әдіспен дәйектелуі керек. Екінші жағынан, дедукция үнемі индуктивтік жолмен алынған нәтижелерді пайдалануы керек.

'''Аналогия''' деп түрлі объектілер арасындағы, олардың белгілерінің, қасиеттерінің, қатынастарының арасындағы ұқсастықты атаймыз. Объектілер арасындағы ұқсастың пен айырмашылық оларды салыстыру кезінде айқындалады. Демек, аналогия әдісінің негізі салыстырудан тұрады деген сөз. Аналогия әдісі ғылымның көптеген салаларында — математикада, физикада, химияда, кибернетикада, қоғамдық пәндерде қолданылады.

Осылай XVI ғасырда Галилей маятник тербелісінің заңдылықтарын зерттеу шіркеудегі шамдалдың (люстра) тербелуі мен маятниктің ауытқуы арасындағы аналогиядан басталды. И.Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына да ағаштан алманың түсуі мен аспан денелерінің жерге құлауы арасында аналогия түрткі болғаны белгілі. Дыбыс пен жарықтың берілу, бейнеленуі, сыну құбылыстарының арасындағы аналогия XVII ғасырдағы голланд физигі Гюйгенсті жарықтың толқын сияқты табиғатын айқындауға бастап әкелді.

Аналогия бойынша қорытынды шығарудың өр түрлі тұрпаттары бар. Бәріне ортақ нәрсе — тура зерттеуге алынатын объект басқа болып, ал қорытынды екінші объект туралы жасалады. Сондықтан аналогия бойынша қорытындыны жалпылама мағынада ақпаратты бір объектіден екіншісіне аудару деп қарауға болады.

Мұндайда алғашқы зерттелген объект — модель ақпарат аударылған объект — түпнұсқа (оригинал) делінеді. Осылайша, модель әрқашан аналогия ретінде көрінеді, өйткені модель мен түпнұсқа бір-біріне ұқсас. Модельдеу әдісінің мәні таным субъектісі таным объектісінің түпнұсқасы туралы оның түпнұсқадан үнемі айырмашылығы бар моделін зерттей отырып, қосымша ақпарат алатындығынан көрінеді. Сондықтан модельдеу аналогия әдісінің бір түрі болып есептеледі. Мұндайда ақпарат кешіру модель мен түпнұсқа ұқсастығының деңгейіне байланысты. Болашақ салынатын ірі құрылыстар мен жасалатын техникалық бұйымдардың қасиеттері мен сипаттамасы алдын ала олардың модельдерінде зерттеледі. Қаржы-экономикалық тұрғыдан бұлар толық ақталады.

Модельдеу әдісін ғалымдар бірнеше ғасырлар бойы пайдаланып келеді. Кезінде XV ғасырда өмір сүрген Леонардо да Винчи модельдеудің маңызын жақсы түсінген. "Құстың ұшуын барлық бөлшектері бойынша зерттеу өте қиын, — деді ол, бірақ оны жасап шығаруға болады. Судың астында жүзу туралы жазып көр — кұстың ауада ұшқанын аласың". Модельдеу әдісін Галилей, Ньютон және басқа ғалымдар да пайдаланған. Ол кезде: "Модельдеуді зерттеудің ең бастапқы кезінде ғана пайдалануға болады, ол ыждағатты ғылыми зерттеулер жүргізуге жарамайды" деген пікір таралған еді. Мысалы, 1870 жылы Англияда аса ірі бронкеме "Кептен" жасалды. Бұл кемені моделі бойынша сынақтан еткізген инженер Рид бронкемесінің маңызды кемшіліктерін анықтады. Алайда ағылшын билеушілері "ойыншықпен" жасалған тәжірибені назарға алғысы келмеді. Ақыры сол үшін олар жазасын алды, "Кептен" ашық теңізге шыға берісімен суға батып кетті, 500 адамның өмірі үзілді. Қазіргі кезде де модельдеу әдісін жеткілікті бағаламауға немесе оны көзге ілмеуге болмайды.

"Модель" дегенде, әдетте, біздің ойымызға адам арнайы жасамақшы болған белгілі бір шынайы нәрсенің немесе жүйенің, құрылғының, шығарманың, сипаттаманың кішірейтілген үлгісі келеді. Модель арқылы, қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын зерттеу объектісі туралы қалыпты жағдайда киын немесе мүмкін болмайтын білім алуға болады. Ғылымның түрлі салаларында таным үдерісінде әр түрлі модельдер қолданылады. Оларды екі топқа бөліп қарастыру керек: біріншісі— заттай немесе материалдық модельдер, екіншісі — логикалық немесе идеалдық модельдер.

Заттай модельдер көрнекі формада зерттеу объектісінің материалдық қалпын көрсетеді. Олар күрделі техникалық жүйелерді, қымбат тұратын агрегаттарды сынақтан өткізгенде қолданылады. Модельмен эксперимент жасау арзанға түседі әрі ыңғайлы.

· абстракциялау – зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;

· жалпылау– объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;

29. Ғылыми танымдағы обьективті,салыстырмалы және абсолюттік ақиқаттың мәнін ашыңыз.

Білім сан түрлі болғандықтан, олардың қайсысы бізге ақиқатты бере алады деген заңды сауал туындайды. Демек, осыдан ақиқат дегеніміздің өзін анықтап алу қажет. Алетиология – (алетика-ақиқат деген мағынада) ақиқат туралы философиялық ғылым болғандықтан, осындай мәселелердің аясын қамтиды. Ақиқат – өмір шындығының ойдағы нанымды, дұрыс бейнесі, әлеуметтік процесс, практика, сайып келгенде оның өлшемі деген түсінік бар. Ақиқат сипаттамасы заттарға емес, олардың тілмен тұжырымдау тәсілдерінде емес, нақты ойға қатысты алғанда, бейнелеудің объектімен дәл келуі. Демек, білім ақиқаттылығы оның өмір шындығына сәйкес келуі тиіс. Ақиқат – танитын субъектіге шындықтағы құбылыстардың, заттардың дәл сәйкес бейнеленуі.

Ақиқаттың нақтылығы – ақиқат белгілі бір құбылыстың жүзеге асуының айғақты қолайлы жағдайларының жалпы есебі негізделген қасиеті. Ол объективті және субъективті, абсолютті және салыстырмалы ақиқат түрлерге ажырайды. Объективті ақиқат – жеке адам еркі мен тілегіне қатыссыз, адам білімінің мәні, мазмұны адамнан және адамзаттан тәуелсіз болатын ілім. Ақиқат бейнеленетін объектінің объективтілігін көрсететін мазмұнымен анықталады. Объективті дүние құбылыстары мен заңдылықтары өзінен-өзі объективті ақиқат, объективті шындық болып табылады. Объективті идеализмде ақиқат мәңгі, уақыттан тыс, өзгермейтін объектілердің қасиеті (күш, рух). Субъективті идеализмде ақиқат әрқашан субъективті, яғни, адам санасына байланысты болып келеді.

Абсолютті ақиқат ұғымындағы «абсолютті» сөзі – барлық жағдайлар мен қатынастардан еркін, тәуелсіз, жетілген деген мағынадағы түсініктен туындаған. Абсолюттілік әлемде жоқ, тек логикалық шартты мағынада ғана қолданылады. Мысалы; екі шама да үшіншісімен тең болса, онда екеуі өзара тең. Демек, абсолютті ақиқат – ақиқаттың субъектіден тәуелсіз заңды, объективті, мәңгілігіне, салыстырмалы болса да біршама тұрақтылығына, өзгермеуіне байланысты алынған дүниенің сапасы мен сипаты, практика мен ғылымның алдағы даму бағытында терістелмейтін білім.

Ол танылған мен танылатын арасындағы қатынасты, теріске шығарылмайтын сипатты ашады. Сондықтан өмір шындығы туралы нақты білім ретінде, болашақта теріске шығарылуы мүмкін емес білім түрінде абсолютті ақиқат салыстырмалы ақиқаттардың жиынтығынан тұрады. Бірақ ақиқат үнемі процесс болғандықтан абсолюттілікті ұстап тұра алмайды. Сондықтан, салыстырмалы ақиқатқа айналады, абсолютті абсолютті ақиқат, яғни, таза абсолютті ақиқат болмайды, «абсолютті» деп анықталған сапаның өзі салыстырмалы болып келеді.

Салыстырмалы (салыстырмалы) ақиқат – адам танымы тереңдеп, олардың түсініктері, идеялары өзгере түседі де, абсолютті деп белгіленген ақиқат бір кездерде немесе белгілі бір шарттарда өзгереді, өзінің тұрақтылығынан айрыла бастайды, сондықтан салыстырмалық сипат алады, яғни, басқа нәрселермен, жағдайлармен салыстырғанда абсолютті болмай шығады. Кез-келген абсолютті ақиқат үнемі толықтырылып, жетілдіру арқылы бастапқы сапасынан біртіндеп айрыла бастайды да, абсолюттіліктен қалады және абсолютті болу үшін үнемі өзін жетілдіріп, барлық талаптарға жауап беруге тырысады. Яғни, салыстырмалы ақиқат – белгілі бір шектерде, қатынастарда шарттарда шындықты дұрыс, бірақ толық емес бейнелеуден ғылым дамуында толықтырылып, тереңдетіліп, нақтыланып отыратын білім.

Ақиқаттың өзі осындай салыстырмалы ақиқаттар арқылы абсолютті ақиқатқа жақындай түседі. Бірақ, шындығында, абсолютті ақиқат пен салыстырмалы ақиқат арасында қатаң шекара жоқ. «Бүгін мүмкін емес нәрсе ертең шындыққа айналады» деген ғылыми танымдағы нақыл сөз осыдан қалған. Ақиқаттың мүлде абсолютті бола алмайтындығын, тек салыстырмалы ақиқаттар ғана болатындығын және әлемдегінің, адам білімдерінің барлығы да салыстырмалы болып келетіндігін қуаттайтын бағыт «релятивизм» деп аталады.

Релятивизм – «релятивус» деген сөзден шыққан, салыстырмалы деген мағынада қолданылады. Алғаш рет бұндай көзқарасты софист Горгий ұсынған. Демек, бұл – адам танымының шарттылығы, қатынастылығы туралы ілім. Ақиқат белгілі бір жағдайға кеңістік бойынша орынға, шарттарға және уақыт бойынша белгілі бір кезеңдерге, сәттерге, қатынастарға тәуелді. Осыған орай, релятивизм ағымы «әлемде абсолютті ештеңе жоқ, бәрі шартты, салыстырмалы» деп есептейді. Мәселен, этикада да зұлымдық пен ізгілік салыстырмалы деп есептейді.

Осыдан ақиқатты тереңірек анықтау үшін, ақиқат деп ұсынылған білімдерді тексеру үшін, мойындау үшін оны зерделеу, жалпы шарттарын анықтау қажеттілігі туындап, ол ақиқаттың өлшемі деген атауға ие болған.

Ақиқаттың өлшемі – белгілі бір болжамның, пайымдаудың ақиқат, не жалған екендігін тексеру құралы. Бұнда әр түрлі өлшемдер ұсынылып, ақиқат немесе жалған екендігі анықталуда сан алуан көзқарастар тайталасады. Абсолютті ақиқат мүлде жоқ, тек салыстырмалы ғана өмір сүретіндігін қолдайтын ағым релятивизмде ақиқаттың өлшемі де жоқ, ақиқат дегеніміз – адасу, ал адасу – ақиқат болып шығуы мүмкін деп тұжырымдайды. Ф. Г. Гегель айтқандай: «шындықтың бәрі ақылға сыйымды, ақылға сыйымдының бәрі шындық, ақылға сыйымсыздар келе-келе ақылға сыйымды болып шығады, себебі, ақылға сыйымдылық оның бойында әуел - бастан бар, ал ақылға сыйымды кейіннен ақылға сыйымсыз болып шығады, себебі, ақылға сыйымсыздық оның бойында бұрыннан бар». Демек, Гегель бойынша ақылға сиымдылық ақиқаттың шартты өлшемі болып шығады. «Ақылға сиымдылық» - философияда кейде, жалпы алғанда, логикалық (ойлау заңдарына сәйкес, формальді дұрыс) деген мағынада да қолданылады.

Бұдан шындығында да, ақиқаттың өлшемі неде деген сауал өзекті бола бастайды. Сезім философиясында ақиқат сезім арқылы ашылады, мысалы, эмотивизмде этикалық қағидалардың дұрыс, не теріс екендігі логикалық дәлелденбейді, сондықтан ол сезім күші бойынша ғана анықталады. Сезім дегеніміз – Мен қалпын ауыстыратын психологиядағы толқулар (қуаныш, қайғы), адамның айналадағы шындыққа және өзіне қатынасындағы қиналыс, толғанысы бола отырып, шындықты бейнелеудің ерекше формасыне өтеді. Сезім: адамның эстетикалық (сұлулық, қайғы, қуаныш) және интеллектуальдік (таным мүделерін қанағаттандыруға, оймен шешілетін міндеттерді атқаруға байланысты) болып бөлінеді. Осыған орай, сезімдік ақиқаттар көркемөнерде көркемдік таным ақиқаты ретінде де адамзаттың рухани кеңістік аясында жоғары беделге ие.

30. Ғылыми білімнің өсуі туралы К.Поппердің ілімін сипаттаңыз.

Ақиқаттың өлшемі ретінде Д. Дьюй мен У. Джемс – пайдалылық пен тиімділікті; Мах пен Авенариус – «ойды үнемдеу» қағидаларын дәйектеген болса, непозитивизм өкілі К. Поппер верификация, демек, білімдерді тексеру қағидасын ұсынған. Верификация – (верис - ақиқат, фацио - істеймін деген мағынада) бекітілуі, жобалануы (гипотеза) верификациялы болуы мүмкін, оның ақиқаттылығы тәжірибе көмегімен байланысты логикалық дәлелдеумен дәлелденуі ықтиымалдылықтан туындаған тәсіл. К. Поппер верификацияланбағандарды метафизикалық проблемалар деп табады да, фалсификация қағидасын, яғни, жоққа шығаруды ұсынады. Сондай-ақ ақиқатқа «ақиқат тәрізділік», «жалған шынайылық» тәрізді түсініктер де жақын. Шындық тәрізділік (правдоподобность) – К. Поппер ұсынған түсінік. Оның логикалық-әдіснамалық ұстанымы ғылым философиясындағы таным проблемасындағы ақиқатқа жету және оның өлшемі тәрізді түсінікте ұсынылған.

Жалғаншынайлық (квазиреальность) бұл да К. Поппер ұсынған танымдағы психологизммен күрестегі эволюциялық эпистемологиядағы ұғым. Жалғаншынайлық – таза шынайылық білімдегі салыстырмалы шындықтарға ұқсас түсінік. Шындық – әлем түріндегі шынайлық, субъективті иллюзиялық түрде де, субъективтілік пайымдау түрінде де әлем объективті емес деген субъективті идеализмге саяды.

Карл Раймунд Поппердің логикалық-методологиялықконцепциясы.

Карл Поппер 20 ғ. батыс филоофиясының əйгілі өкілі. Оның шығармалары философия, ғылым логикасы, ғылым методологиясы мен əлеуметтану салаларында жазылған / «Ғылыми білімнің логикасы мен дамуы», «Ашық қоғам жəне оның жаулары», «Историцизімнің жоқшылығы» т.б./

К. Поппердің атын «фаллибилизм» (ағл. fallible – қатеге бейімделген, күнəға батылған) атты ағыммен байланыстырады. Оның негізінде Поппермен ұсынылған жүйелердің«фальсифицияландыру принципі» жатыр. Универсалды пікірлердіфальсифицияландыру дегеніміз оларды«бар еместік» /жоқ/ түрінде бекіту. Демаркацияның мөлшері ретінде верификацияландыруды емес фальсифицияландыруды ұсыну қажет. Яғни, біз бір ғылыми жүйені тек сол жағымды түрде қабылдауды қажетті міндет етпеуміз керек, ал, оны эмпириялық тексеру арқылы жағымсыз мағынада шығару логикалық түріне лайықтықты қажет етуіміз дұрыс: эмпириялық жүйе тəжірибе арқылы өзін жоққа шығаруын рұқсат етеді.

Поппердің пікірінше ғылыми білімнің дамуы – ол бір жағымсыз теорияны жағымды теориямен ауыстыратың шексіз жəне тоқталмайтын процесс. Осындай теорияның құрылымын келесі түрде көрсетуге болады: 1. гипотезаны ұсыну; 2. гипотезаның фальсифицияландыру деңгейін өлшеу; 3. мүмкін фальсификаторлар саны көп жағымды гипотезаны таңдау қажет /яғни, күдікті гипотезалар лайыкты/; 4. эмпириялық тексеруі үстемді салдарды шығару жəне эксперимент өткізу; 5. принципиалды түрде өзгеше салдарды іріктеу; 6. фальсификация жағдайында гипотезаның өзін жоққа шыгару, ал теория фальсифицияландырылмаса оны уақытша сақтау қажет; 7. конвенционалды /келісім/ түрде тексеруді тоқтатып, нақты фактілер мен теорияны шартты түрде қабылдауды бекіту. Басқаша айытқанда, Поппердің пікірінше, ғылым батыл түрде ұсынылған пікірлер жəне келесіде оны қатал сыңнан - қарсы мысалдарды табу - өткізумен дамиды.

Осы философтың концепциясы жарты ғасырдың аралығындабір-нешемодификациялық өзгеріске қарамай, өзінің тіректі негізін сақтап қалды. Яғни, тұрақты идея ретінде – ғылымның белгісі жəне ғылыми рационалдылықтың мəні – сынның қажеттілігі мен мүмкіндігімен қатарəр-қашандаөз ережелерін қайтадан қарастыру. Əр теория сыңнан осалды /əлсіздік/ болса, оны ғылыми деп санамайды. Теория фактілерге қарсы шықса, онда оны жоққа шығару міндет. Реалдық ғылымда жоққа шығарылған теория мен гипотеза жедел түрде жойылады ма деген сұрақ қайшы, бірақ Поппер үшін, егер ғалым алдына оның теориясының əлсіздігі мен құлдырау фактісі айқын қойылса, бірақ ол теориясын қолдап қалса, яғни, ол рационалсыз жəне «ғылым ойының» ережесін бұзады. Сөйтіп, ғылыми теорияның ауысуы жəй емес, мəнді түрде қажетті. Поппердің айытуынша, ғылыми танымның тарихы батыл ұсыныстары мен оларды жоққа келтіруден, жəне «перманентті революциялар» тарихы ретінде көрсетілген. Сол себепте, Поппер үшін, ғылыми революция деген ұғым үстемді айналыс түрінде көрсетіледі, бір-бірінжоққа келтіретін теориялардың арасындағы қайшылықтар мен сол жағдайдың өзгеше ұштастығың білдіретін, мысалы, фундаменталды теорияларға қатысты болса.

Осы модельдің онтологиялық негізі болып «үшінші əлем» атты концепция табылады. Өзінің «Үшінші əлем» аталған концепциясында, «Объективтік білім» атты шығармасында ол келесі үш əлемді ажырату қажет деп тезис ұсынады: «біріншіден, физикалық объектілер əлде физикалық жағдайлар əлемі; екіншіден, сана, ойлау /менталитет/ жағдайы жəне іске диспозиция мүмкіндігі; үшіншіден, ойлаудың объективтік мазмұны, əуелі, ғылыми идеялардың, поэтикалық ойлар мен өнер шығармалары». Үшінші əлем физикалық əлем мен сананың нəтижесі, адам іс-əрекетініңнəтижесі. Оның қажетті шарты тілдің шығуы. Тілде тұрақталып, білім «объективтік рухқа» айналып, объективтік қасиетке ие болады.

Поппер тоқталғандай, «үшінші əлем» үстемді түрде, оған əсер етседе, əлде біз оған əсер етсекте, ол автономды.

Үшінші əлемнің тұрғындарына теориялық жүйелер, мəселелер мен сынау пікірлер, журналдар, кітаптар мен кітапханалардың мазмұны кіреді. Ғылыми теориялардың даму процестерінің өздерінің даму логикасы бар. «Менің зерттеу логикам білімнің даму теориясының мүмкіндік пен қатесін, яғни, қатені жоюдан тұрады. Ал, ол болса – Ламарктің ереже нұсқаулары, үйрету арқылы емес, Дарвинның селекциясы, ріктеуі арқылы». Осы аналогияны Поппер өмірінің соңында теорияның динамикасының төрт фазасы атты схемасында

ұсынды:

1)Мəселе /бақылау емес/;

2)Шешу əрекет жасау - гипотезалар;

3)Қатені жою – гипотеза мен теорияның фальсификациясы;

4)Сыңшыл сұхбат нəтижесінде жаңа жəне мəселені нақты қою”.

Қорыта айытқанда, попперлік «ғылыми теориялар» ғалым дүниесіне қатыспай идея əлеміне толық қатысты. Ғалымдардың іс-əрекетірационалды болу қажет, яғни, теориялық құрылымды басқамен айуыстыру. Ғалымдардың «ашық қоғамында» интеллектуалды күрестен басқа ештеңе жоқ; сайысқа адамдар емес, идеялар шығады, ал, адамдар ғылымға адал қызмет жасау керек. Сол себепте, біз Поппердің көзқарасында жетілген «ғылыми революцияның құрылымын» таппаймыз.

31. Т.Кунның ғылыми революциясының құрылымы туралы сиаттаңыз.

Томас Сэмюэл Кун (ағылш. Thomas Samuel Kuhn; 18 маусым 1922, Цинциннати, Огайо — 17 тамыз 1996, Кембридж,Массачусетс) – американдық философ және ғылыми тарихшысы, постпозитивтік ғылым философиясының басты өкілдерінің бірі. Негізгі шығармасы «Коперникиандық рефолюция» (1957), «Ғылыми революциялардың құрылымы» (1962), «Қара дене теориясы және кванттық үзіктілік» (1978) және т.б.

Томас Кунның ғылыми революция теориясы.

Ғылыми білімнің дамуы мен оның психологиялық пен əлеуметтік реконструкциясы туралы Томас Кун өзінің «Ғылыми революцияның құрылымы» атты шығармасында жариялаған. Бұл шығармада жеке ғалымның

Наши рекомендации