Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім.
Бу Насыр әл-Фарабидің өмірбаяны.
Бу Насыр әл-Фарабидің ғылымға қосқан үлесі.
Бу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.
Негізгі бөлім
1. Тарихымыздағы ұлы тұлғалардын бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.
Ұлы жерлесіміз әл-Фарабидің түркі тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты-жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс езенінің Сырға барып құятын жеріндегі Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Үзлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни әкесі Үзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері — қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба — Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу-Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны — қазіргі Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында. Сол тұста өмір сүрген зерттеушілердің қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Отырарға орта ғасыр ғалымдарының көп назар аударғанын біз тарихтан жақсы білеміз. Ғалымдардың айтуынша, Отырар қала-сы орналаскан аса құнарлы алқапта қазақ халқының арғы ата-бабалары, кырдағы көшпелілер мен қала тұрғындары жиі қарым-қатынас, тығыз байланыс жасап отырған.
Кеңінен мәлім екі дерек бар: 1218 жылы монғолдар қаланы киратты, бұл "Отырар апаты" деп аталды; онан соң 1405 жылғы ақпанда мұнда Әмір-Темір қайтыс болды. Отырар жайында біздің қолымызда ибн Хаукальдің, Абул Фиданың, қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Отырар жөнінде Птоломейде де айтылған. Отырардағы кітапхана, ел аузындағы аңызға қара-ғанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан соң екінші орында болған.
Бірақ Отырар Қазақстандағы бірден-бір мәдени орталық емес-ті. Зерттеушілердің қажырлы еңбегі арқасында республиканың археологиялық картасы басқа да мәдени орталықтармен (Тараз, Сауран, Сығанақ, Түркістан, Мерке, Исфиджаб және басқа қалалар) толықтырылды. Демек, осы аумақты мекендеген тайпалардың сонау арғы заманда қалыптаскан ескелең өнері, ғылымы, түркі тілдес жазуы болған. Міне, сондықтан да қазақ топырағынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр әл-Фараби, Исхак әл-Отрари, Исмаил әл-Шаухари, Жемал әл-Түрюстан, әл-Сығ-наки, әл-Қыпшаки, Қадырғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мәдени негізде дүниеге келуі әбден табиғи нәрсе. Осынау саңлақтардың ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға — әл-Фарабидің орны ерекше.
Әл-Фарабидің Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да философтарының шығармаларымен түп нұскасынан танысқаны жөнінде деректер бар. Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) "болған. Өз өмірінің көп жылдарын ол араб халифатының саяси және мәдени орталығы болған Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады. Көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және аскан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абы-рой-беделге ие болады. Бірақ өресі тайыз кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған, әсіресе, олар әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден емес, бұ дүниеден іздеп табуға мегзейтін еді. Ақыр сонында әл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің "Фу-сул ал-мадани" (Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері) деген соңғы шығармасында ол: адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс дейді. Әл-Фараби өмірін александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Дамаскіде өткізеді. Мұнда ол солтүстік Сирияның жетекші саяси қайраткері Сейд ад-Дуаль Хамданиге аса қадірлі болды. Әл-Фараби 950 жылы 80 жасында қайтыс болады. Біздің заманға әл-Фарабидің тек негізгі шығар-малары ғана келіп жетті. Ол шығармалар ежелден бері жұртшылыққа танымал болып, философиялық және ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген әсері орасан зор.
2. Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы”[2] атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география,математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдадқа кетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады.
Ғарыш ауқымы, Ғылым салалары және Ғылымиерархиясы.(ағл.)
Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әбу Насыр Әл-Фараби бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған —иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрім мен Хадис Шариф — парыз-сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен. Кеңес өкіметі тұсында атеистік идеологиканың ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым ретінде көрсетілді. Әйтсе де оның ислам бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы мынадай дерек сақталған. Тегі түркі болып табылатын баһадүр қолбасшы Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт Әмір ислам жолын бұзған “қармат” елін талқандаған соң, Әбу Насыр Әл-Фарабимен кездеседі. Меккеге барар жолды кесіп “қажылық” жасауға мұрша бермеген қарматтардың жеңілгеніне қуанған Әбу Насыр Әл-Фараби іштей “қажылық” етуге ниет етіп, араб халифының саид-задаларымен әңгімелеседі. Осы әңгімеде ғалым ислам бірлігін сақтау үшін мазһабтар арасын жақындастыру керек деген ой айтып, өзінің араб, парсы және түркі нәсілдері арасындағы алауыздықтарды жоюға күш салып жүргендігін мәлімдейді. “Бабалардан қалған өсиетте түркі халқы әділетшіл делінген еді. Сол сөздің ақиқаттығы мен әділеттілігіне енді көз жеткізіп отырмыз” деп Саид-задалар Әбу Наср Әл-Фарабидің қолын құрметпен қысады.
Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдадқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдад халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдад шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдадта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология,физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты.
Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы мақсат — тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игіліккөздерін іздестіру, соған қол жеткізу.
3. Әл Фараби Бағдад және оның рухани қалыптасу жолындағы ролі туралы ерекше атап өтеді. Бұл қала, қарқынды дамыған мәдениет орталығы еді, сондықтан әртүрлі мәдени дәстүрлер мен ілімдердің тоғысқан жеріне айналды. Әл-Фараби ұжымдық қала туралы: «Бұл қала тоғышар қалалардың бірі болып табылады, сыртқы пішіне қарап, түрлі-түсті бояуға енгендей әсер қалдырады, кез келген адам бұл қалада өзінің тілегені мен қалағанын қанағаттандыра алады. Сондықтан халық қалаға қарай ағылады, орнығып қалады. Қала күннен-күнге ұлғаюда. Осында рулары әртүрлі адамдар дүниеге келуде, шығу тегі мен тәрбиелері мүлдем бөлек балалалар өмір есігін ашуда. Бұл қала әртүрлі бірлестіктерден тұратын, бір-бірінен ерекшеленетін бөліктерден тұрады, сырттан келген адам жергілікті халықтан ешқандай айырмасы жоқ, олардың барлық тілектері мен әрекеттері тоғысады. Сондықтан уақыт ағымына сай қалада атақты адамдар, яғни ғалымдар, шешендер, дана адамдар, ақындар шығуы мүмкін». Бағдад сол кезеңдегі ақыл-ойдың Меккесі еді. Олар өз күштерін, білімін сарп етіп, мектептер ашты, табыстарға қол жеткізді. Осында аудармашылардың тамаша мектебі жұмыс істеді, онда несториандардың қосқан үлесі зор. Олар Платон, Аристотель, Гален, Эвклидтің шығармаларын аударды. Үндістанның мәдени жетістіктерін игеру процесі параллель жүрді. Мұндай жұмыс дербес шығармашылық белсенділікке әсер етті. Бағдадта Әл-Фарабидің тәлімгерлері Юханн ибн Хайлан және белгілі аудармашы Абу Бишр Матта болды. Әл Фараби Юханн ибн Хайлан туралы Аристотель мұрасын шәкірттеріне таратқан адам ретінде баяндайды. Абу Бишр Матта логикадан сабақ жүргізген. Бірақ, орта ғасырдағы деректерге қарағанда шәкірті ұстазынан асып түсуі тиіс. Әл Фарабидің Бағдаттағы жылдарынан бір жағдайда атап өту керек: ол Аристотельдің «екінші Аналитикасымен» танысу мүмкіндігіне ие болды. Әл Фараби Харран қаласына келеді, онда Александрия қаласынан қудаланған несториан ғалымдар тұрған. Ол өмірінің соңғы жылдарын Халеб пен Дамаск қалаларында өткізеді, Солтүстік Сириядағы — Хамданид Сайф ад-Даул жоғары құрметіне ие болады. Әл Фараби 950 ж. желтоқсанда жасы 80-ге келіп, қайтыс болды. Әл Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық- гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты. Әл-Фарабидің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа 17 тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, әл Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері”, «Азаматтық саясат», «Бақытқа жол сілтеу» және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қоғамдық өмір проблемаларына арналған барлық еңбектерінен «Китаб ас сийаса ал-маданийа» («Азаматтық саясат» немесе «Саясат») мұсылман әлеміне барынша танымал болды. Адамдар бірлестіктерінің ерекшелік белгілері болып табылатын теориялық және практикалық қайырымдылықтарға тек философияның көмегімен жетуге болады деп тұжырымдайды ұлы ғұлама. Демек, әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Шығыстың ұлы ойшылының мол мұрасына бүкіл дүние жүзі қызығушылық тудыруда. 1975 жылы оның 1100-жылдығын атап өту шарасында үш халықаралық ғылыми конференция болды: Мәскеуде - «Әл-Фараби және әлемдік өркениет», Алматыда - «Әл-Фараби және Шығыс елдерінің ғылымы мен мәдениетін дамыту», Бағдадта - «Әл-Фараби және адамзат өркениеті». Осы халықаралық конференцияда өткен ғасырда пайда болған барлық рухани, прогресшіл және демократиялық идеяларын игеру жөнінде жер бетіндегі әртүрлі халықтардың ғылыми және мәдени ынтымақтастығын кеңейту үрдісі айқын аңғарылды. Ұлы ғұламаның 1100-жылдығына байланысты Қазақстанда тақырыптық жинақтар түрінде әл Фараби шығармалары орыс тілінде жарық көрді. Қазіргі кезде әл Фарабидің бес томдық трактаты баспадан шығарылды: «Философиялық трактаттар», «Әлеуметтік-этикалық трактаттар», «Логикалық трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Птоломейдің "Алмагесіне" түсініктеме»; алғашқы екі томы қазақ тілінде жарық көрді. Әл Фарабидің шығармаларының орыс және қазақ тілінде жарық көруі ұлы ойшылдың толық шығармашылық бейнесін жаңғыртуда маңызды теориялық негізді құрайды. Әл Фарабидің 1100 жылдығы біздің еліміздің мәдени өмірінде маңызды орын алды, әлем мәдениетінің тарихына деген қызығушылық тудырды. 18 1951 жылдарға дейін әл Фарабидің «Софистика» және «Риторика» трактаттары сақталып келді: ең біріншісі - еврей тілінде, екіншісі – латын тілінде. Бірақ Ахмед Атеш 1951 ж. Стамбул кітапханасынан логикалық трактаттардың қолжазбасын тапты, ол қолжазбалардың арасында «Софистика» және «Риторика» трактаттары болды. 1960 ж. осы трактаттар қамтылған Братислава қолжазбасы табылды. Әл-Фараби трактаттары қазіргі кезде ғылыми айналысқа түсті деп санауға болады — бұл «Китаб ал-Хуруф», қазақша «Әріптер кітабы». «Әріптер кітабы» — бұл Аристотельдің «Метафизика» еңбегіндегі араб тіліндегі философтардың атауларының бірі, онда тараулар грек әріптерімен берілген. «Китаб ал-Хуруф» —әл Фарабидің бірегей туындысы, оның негізінде Аристотельдің «Метафизика» еңбегіндегі идеяларды талдау мен саралау жатыр. Логикалық пайымдауларға көп көңіл бөлінеді Кітап 1970 жылы Бейрут қаласында шыққан. Аристотельдің ізімен «Метафизикасында» барлық ғылымдардың негізінің алғышарты болып табылатын философия категориясы ретінде «бірінші философия» ұғымын жан-жақты саралап, оларды логикалық ғылымның негізі ретінде қарастырады. «Әріптер кітабы» айрықша жағдайдағы категориядағы логикалық рольді талдайды. Әл Фараби логикалық және ғылыми - философиялық терминологияның, негізін қалап араб және басқа тілдерде ғылыми-философиялық терминдердің салыстырмалы мәндеріне жан-жақты түсініктемелер беруімен, оларды грек және сирийлік тілдерінен араб тіліне аудару тәжірибесі, халықтардың тілі және ғылым тілі, грамматика мен логика терминдері сараланды. Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мәдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүниежүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала біліп, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Әл-Фараби атамыздың еңбектері тәуелсіз Қазақстанда ерекше бағаланып , оның
Атына Қазақ Ұлттық Университетінің аты берілді.Көптеген баспалар шығып қазіргі заман ұрпақтары бағалап, кеңінен таралып жатыр.
Орытынды
Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінде алған. Өмірін араб елдерінде өткізген. Ол Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктеме берген. Әл-Фараби логика, саз, астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазды. «Кемеңгерлік меруеті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Бақытқа жету» сияқты көптеген еңбектер қалдырған. Фараби өзінің «Қайрымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы» трактатында қала адамдарының жеке2топтарына сипаттама берді. Ғұлама қайырымды, қайырымсыз қала тұрғындарына талдау жасап, тұрмыс салтын, өмір сүру ерекшеліктерін, оларға тиісті құндылықтарды көрсетпекші болды. Адамдар2 бақытты болуы үшін бір-біріне көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала болды; — дейді Фараби ізгілік бақыт туралы надан қала тұрғындарының білетіні байлыққа рахаттану, құмарлыққа ерік беру, мансап, сый-құрметке еліру болып табылады дейді. Ал «Азаматтық саясатта» ұжым туралы қайырымды қаламен қатар бұзылған қайырымсыз қала болатындығын ескертеді. Мұндай болмас үшін бірлесіп әрекет ету қажет дейді. Педагогикалық тұрғыдан адамдар арасындағы достық, қастық туралы ой-пікірлерінің маңызы ерекше.Қазақ даласы талай ойшылдар мен ғалымдардың ордасы. Орта ғасырда жүріп келешек ұрпаққа орасан зор ғылым қалдырып қоймай, пәлсапалық еңбектерде қалдырып кетті. Исхак әл-Отрари, Исмаил әл-Шаухари, Жемал әл-Түрюстан, әл-Сығ-наки, әл-Қыпшаки, Қадырғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мәдени негізде дүниеге келуі әбден табиғи нәрсе.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық-ІІ том. Асылбеков М.Х., Алдажұманов Қ.С., Байпақов Қ.М., Қозыбаев М.Қ., т.б. ред. Алматы, 1998. 636 б.
2.Сәйден Жолдасбайұлы. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан. А,1995
3.Нуртазина Н.Д., Хасанаева Л.М. Түркілердің исламдануының тарихи алғышарттары. А.2011
4.Қазақстан тарихы ғылыми порталы.
5.Қазақстан Google Wikipedia сайыты.
6.Орта ғасырдағы мәдениеті және ғылымның даму алғышарттары