Көшпенді мәдениет пен қазақ музыкасының ерекшеліктері
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ
ШЕГЕБАЕВ П., ЕЛЕМАНОВА С.
АЗАҚ МУЗЫКА ӘДЕБИЕТІ
Астана, 2011
УДК 521.512.122.0: 78(075.8)
ББК 83.3(5Каз): 85.31я73
Ш40
Қазақ ұлттық өнер университетініңоқу-әдістемелік кеңесі ұсынған
№ 1 Хаттама, 25.10. 2011 ж.
Ш40Шегебаев П., Елеманова С.А.Қазақ музыка әдебиеті (дәстүрлі кезең): Музыкалық колледждерге арналған оқулық. - Астана, 2011. –104 б.
П.Шегебаев – Кіріспе,I бөлім:1-12 тақырыптар,
II бөлім: 13-16 тақырыптар.
С.Елеманова – II бөлім:17-21 тақырыптар.
Орыс тілінен аударған – П.Шегебаев
ISBN 9965-881-54-5
Оқулық музыкалық колледждердің барлық мамандықтарына арналған. Жалпыдан жалқыға принципі бойынша құрылған оқулықта алдымен музыка өнерінің түрлері мен жанрлары туралы мағлұматтар беріледі, содан соң халық кәсіби өнер тұлғаларының жеке шығармашылығы қарастырылады.
ISBN 9965-881-54-5
Пікір жазушылар:
Егінбаева Т.Ж. – өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор.
Бекишева Х.И.– ҚазҰӨУ техникалық және кәсіби білім беру оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы.
УДК 521.512.122.0: 78(075.8)
ББК 83.3(5Каз): 85.31я73
© Шегебаев П., 2011
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.
Көшпенді мәдениет пен қазақ музыкасының ерекшеліктері.................. 4
І бөлім. Дәстүрлі музыканың түрлері мен жанрлары
1 тақырып. Фольклор жанрлары мен
халық кәсіби өнер түрлері......................................................... 7
2 тақырып. Үйлену той әндері................................................... 10
3 тақырып. Аза тұту әндері........................................................ 12
4 тақырып. Бала тәрбиелеуге арналған әндер.
Басқа да әдет-ғұрыптар........................................... 14
5 тақырып. Тұрмыс-салт әндері................................................. 16
6 тақырып. Лирикалық әндер (қара өлең). Аңыз күйлер.
Тарихи әндер менкүйлер........................................ 18
7 тақырып. Бақсылық өнер........................................................ 21
8 тақырып. Жырау-жыршылық өнер........................................ 23
9 тақырып. Ақындық өнер......................................................... 25
10 тақырып. Халық кәсіби әншілік (сал-серілік) өнер................ 28
11 тақырып. Күйшілік өнер......................................................... 31
12 тақырып. Қазақ халық аспаптары.......................................... 34
12.1 Ішекті аспаптар (ысқышты)......................................... 37
12.2 Ішекті аспаптар (шертпелі).......................................... 39
12.3 Үрлемелі аспаптар....................................................... 41
12.4 Ұрмалы аспаптар......................................................... 43
ІІ бөлім. Халық кәсіби композиторлардың шығармашылығы
13 тақырып. Құрманғазы............................................................. 45
14 тақырып. Дәулеткерей............................................................. 54
15 тақырып. Дина......................................................................... 62
16 тақырып. Тәттімбет................................................................. 68
17 тақырып. Біржан-сал............................................................... 75
18 тақырып. Ақан-сері................................................................. 83
19 тақырып. Жаяу-Мұса.............................................................. 88
20 тақырып. Абай Құнанбаев...................................................... 92
21 тақырып. Мұхит...................................................................... 95
Әдебиеттер........................................................................................... 102
Глоссарий ...................................................................................................103
Тест сұрақтары .........................................................................................105
Кіріспе
Көшпенді мәдениет пен қазақ музыкасының ерекшеліктері
Өткен ғасырларда дүние жүзі халықтары өздерініңәлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты екі топқа бөлінген: 1) мал шаруашылығымен айналысатын көшпенділержәне 2) егіншілікпен айналысатын отырықшы халықтар. Осыған байланысты олардың мәдениеті де бір бірінен өзгеше болған.
Көне заманнан бері кең байтақ Еуразия жерін мекендеген қазақ халқы 20 ғасырға дейін көшпенділікпен айналысып келді.Еуразия сахарасынада көшіп-қонып жүріп мал бағу – сол кездегі шаруашылықтың ең қолайлы түрі болды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұндай экономикалық құрылым біздің дәуірімізге дейінгі 1-ші мыңжылдықта қалыптасқан. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында көшпенділік өмір жер шаруашылығымен қатар дамып келді. Бұл жерлерде, әсіресе Ұлы Жібек Жолы бойында көптеген қалалар бой көтерген, соған сәйкес осы аймақтарда қала мәдениеті де орын алған.
Қазақтар мал түрлерінен қой, жылқы, ешкі, түйе, ал кей жерлерде сиырлармен де айналысқан. Малдың саны өте көп болған, ол бір ауылдың өзінде он, тіпті жүз мыңдап саналған. Ауыл тұрғындары, керісінше, аз болған, 5-10 үйден тұратын ауылды ең жақын, туыс адамдар құрған. Олар қалың малын кең және құнарлы жайылыммен қамтамасыз ету үшін үнемі малдың соңынан көшіп-қонып жүруге мәжбүр болған.Мал санының көптігіне байланысты ауылдар бір бірінен алыс орналасқан. Әр ауылдың, әр рудың өздеріне бөлінген жайылымдары болған, олардың шекараларын хан немесе билер кеңесі белгілеп отырған.
Көшіп-қонудың бағыты жылдан жылға қайталанып отырған. Ауылдар қыс мезгілін жылы және су қоймаларына бай оңтүстік өңірлерінде өткізген, кей жерлерде суық желден қорғайтын тау бөктерін паналаған. Көктем бастала ауылдар солтүстікке қарай жылжи бастаған. Жаз айларын құнарлы шөпке молкең байтақ орталық және солтүстік Қазақстандағыжайлауларында өткізіп,күз түсе бастаған кезде қайтадан оңтүстіктегі қыстауларына оралған.
Осындай ғасырлар бойы қалыптасқан көшпенді өмір халықтың рухани мәдениетіне тікелей әсер етті. Ол, бір жағынан, кейбір өнер түрлерінің өсіп дамуына ықпал етсе, екінші жағынан, басқа өнер түрлеріне кері әсерін тигізді. Атап айтқанда, көшіп-қонушылықтың салдарынан көпдауысты хор өнері, аспаптық ансамбль мен би өнері дамымай қала берді.
Көшпенділік өмірге музыка өнерінің бір ғана түрі сәйкес болды, ол – жеке орындаушылық өнер. Дәстүрлі музыка жанрларының барлығы дерлік тек қана жеке орындаушылық түрде дамыған. Жалпы қазақ музыка мәдениетінің жетістіктері ең алдымен осы жеке орындаушылық өнерменбайланысты.
Көшпенділіктің салдарынан музыкалық аспаптардың да саны аз болды. Көшін-қонып жүрген халық күнделікті өмірінде өзімен бірге ең қажетті заттарды ғана алып жүрген, жәнесол аз ғана заттармен қанағат тұтқан. Сол себепті,бұрынғы кезде қазақ халқы қандай да болмасын заттарға құмар болмаған.
Көшпенділердің, соның ішінде қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ерекшеліктері басқа, көшпенді емес халықтармен салыстырғанда айқынырақ көрінеді. Мысалы, қазақтарды өзбектермен(немесе ұйғырлармен) салыстыратын болсақ, бұл көрші болып тұратын халықтар тіл жағынан бір біріне өте жақын(яғни, түркітілдес) болып келеді, ал музыка саласында олардың айырмашылықтары айтарлықтай көп. Байырғы заманнан бері егіншілікпен айналысыпкелген өзбектер мен ұйғырларда музыкалық аспаптардың көптеген түрлері бар. Сол аспаптардан құрылған ансамбльдердің де түрлері көп. Отыршыл өмірдің арқасында бұл халықтарда би өнері де жоғары дәрежеде дамыған. Ал, ең бастысы, өзбектер мен ұйғырларда басқа ешбір көшпенді халықтарда кездеспейтін мұқам (мугам, маком) өнері бар.
Ал, керісінше, Еуразия елдерінің нағыз көшпенділері – қазақтар мен моңғолдарды алатын болсақ,олар тіл жағынан бір біріне мүлдем ұқсамайды, бірақ соған қарамастан олардың аспаптары мен музыкалық жанрлары бір біріне өте жақын. Моңғолдарда, қазақтар сияқты, жеке орындаушылық өнер қатты дамыған.
Сонымен, осындай салыстыру арқылы мынадай тұжырымға келуге болады: халықтардыңөзара мәдени-типологиялық жақындығы немесе бір бірінен айырмашылығы олардың тілінде емес, олар осы халықтардың дәстүрлі өмір тіршілігінен (яғни, көшпенділіктен немесе отырықшылдан)туындайды.
Ежелден бері атадан балаға мирас болып жеткен дәстүрлі қазақ музыкасы үлкен екі топқабөлінеді.Олардың біріншісіфольклорлық жанрлар тобын құрайтынхалық әндері мен күйлері(олар:ғұрыптық әндер, тұрмыс-салт әндері, лирикалық халық әндері және тарихи әндер мен күйлер); екіншісі – халық кәсіби өнер түрлері,олар:бақсылық өнер,жырау-жыршылық өнер, ақындық өнер,сал-серілік (немесе халық кәсіби әншілік) өнер және күйшілік өнер.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы түбегейлі өзгерістерге ұшырады, соғанбайланысты халықтың өмір-тіршілігі де күрт өзгеріп көшпенділіктен отырықшылға ауыса бастады. Осы кезде дәстүрлі өнер түрлерінің кейбіреулері жаңа қоғамнан қолдау таппай ұмытылып, тіпті жоғалып кете жаздады. Атап айтқанда, жырау-жыршылық пен ақындық өнердің дәстүрлі мән-мағынасы коммунистік идеологияға қайшы келеді деген пікірлер айтылып, олардың дамуына шектеу қойылды.Ал бақсылық өнер, және онымен тығыз байланыста болған қобыз музыкасы тіптен қудалауға ұшырады. Көшпенділік өмірден отырықшылға ауысудың салдарынан сал-серілік өнер де өзінің әлеуметтік негізін жоғалтты. Сал-серілердің репертуары енді әуесқой әншілердің қолына ауысты. Осындай күрделі өзгерістер кезінде музыка өнері түрлерінен тек қана фольклор жанрлары мен домбыра музыкасы ғана өз қарқынымен дами берді.
Аспаптық өнер біздің заманымызға дейін домбыра, қыл қобызжәнесыбызғыарқылы жетті. Басқа аспаптартуралы тек қана жеке-дара мәліметтер сақталған. Бұндай мәліметтер көбінесе жыр, ертегі, аңыз сияқты халық ауыз әдебиеттерінде кездеседі. Соларға сүйенсек, көне аспаптардыңкөбісі аңшылықта, жорықтар мен соғыс кезінде арнайы белгі беру үшін қолданылған. Кейін келе, заманның өзгеруіне байланысты, бұндай аспаптар өз қажеттіліктерінен айырылып ұмытыла бастады.
Ортағасырлық заманда оңтүстік Қазақстан аймақтарында орналасқан қалаларда (Отырар, Түркістан, Сығанак, Сайрам, Тараз т.б.) аспаптардың түрлерікөп болған, және сол аспаптардан құрылған ансамбльдер де кездескен. Ансамбльдер әншілер мен бишілерді сүйемелдеп керуен-сарайларда, базарлар мен алаңдарда өнерлерін көрсеткен. Сол көне аспаптардыңкейбіреулерінбелгілі ғалым Б.Сарыбаев Отырар қаласында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде тапқан.
Халықтың ең сүйікті аспабы – домбыра. Оны күйшілер ғана емес, сал-серілер, ақындар, жыршылар мен әншілер де пайдаланған. Қалған аспаптар домбыра сияқты үлкен қолданыста болмаған. Қыл қобыз бақсылардың аспабы болғандықтан қасиетті боп саналған, сондықтан оны қарапайым халық қолына ұстаудың өзіне үрейленген. 14-15 ғасырларда жыраулық өнердің қарқынды дамып тұрған кезінде қыл қобызды жыраулар да қолданған. Ал сыбызғыға келер болсақ, оның орны ерекше деуге болады. Қамыстан жасалатын сыбызғыны ұзақ мерзімге сақтау қиын, ол ыстықта қурапүгітіледі, ал суық кезінде өзінің дыбыс сапасын жоғалтады. Сол себепті бұл аспап ел арасында кең тарамаған. Сыбызғыны көбінесе қамыстың пісіп жетілген кезі – күз айларында қолданған. (Айта кету керек, бұрынғы кезде сыбызғының ағаштан немесе темірден жасалған үлгілері болған, бірақ дыбыс сапасы төмен болғандықтан бұндай аспаптар өз қолданысын таппады).
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қазақтардың бұрынғы кездегі өмір-тіршілігі.
2. Жеке орындаушылықтың дамуының себебі.
3. ХХ ғасырдағы музыка мәдениетіндегі өзгерістер.
4. Музыкалық аспаптар және олардың жалпы сипаттамасы.
І бөлім