Азіргі қазақ әңгімелерінің тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әңгімелерінің көркемдік деңгейін көтеруге Ш. Мұртаза, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов, Б. Нұржекеұлы, Т. Нұрмағамбетов, Қ. Түменбай, Ә. Тарази сынды қаламгерлер үлес қосты.Ш. Мұртазаның шағын жанрды ұмыт қалдырмай, оған өзіндік үлес қосып жүргендігін «Алапар мен Динго», «Бұршақ», «Тәуекел той» сықылды әңгімелері растайды. «Тәуекел той» әңгімесінің атының өзі айтып тұрғанындай, шығармаға қазіргі замандағы бәсеке тойы арқау болған. Бақталастық пен күндестіктің шегінен асқынғандығы сонша той десе жанын салатын қазақ бүгінде дәстүрлі тойларды жоғалтып, тойдың өзін бәсекеге айналдыра бастады. Даңқ пен дақпыртқа мастанған жандардың өзгеден асып түсу мақсатында тойдан кейін қарызға белшесінен батып жатуы бүгінгі күннің шындығы. Жазушы М. Мағауиннің «Қаңғыбастар мен шағалалар», «Тортай шалдың есегі», «Бабаның оралуы» сынды әңгімелерінде үлкен ой қозғаған. «Қаңғыбастар мен шағалалар» атты әңгімесіне қайыршылық жолға түскен жандар өмірі, екінші әңгімеге кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ халқының ауыр тұрмысы негіз болса, соңғы әңгіменің айтары тіптен бөлек. Мұндағы зиратты қорлап, баба жілігін сындырған Алақайдың өмірі қазіргі жаңа қазақтарға ой салады. Ол «Құмырсқа қырғын», «Коммунистік реализм», «Қасқыр – Бөрі», «Қос ағаш» сынды әңгімелерінде құмырсқа, қасқыр, ағаш арқылы қазақтың кешегісінен хабар беріп, болашағын меңзейді. Қазақ халқының тағдырын көркем бейнелеген «Қос ағаш» әңгімесінен ұлттығымыздың жойылып бара жатқанын аңғару оңай. Бір ауылдың айбыны тәрізді көрінетін Қос ағаштың күйреп, тозып, ақыр соңында отынға айналуы бір жағынан уақыт дөңгелегінің толассыз домалауымен өмірдің озатындығынан хабар берсе, екіншіден, сол уақытпен бірге ұлттық қасиеттерімізден айырылып бара жатқандығымыз жөнінде ой салады. Оның «Ұлт аралық жанжал» қазақ халқы тәуелсіздік алса да құлдық психологиядан құтыла алмай отырғандығын шынайылықпен бейнелеген әңгіме. Отарлау саясатымен қазақ жеріне басқа ұлт өкілдерінің көптеп қоныстанғандығын бүгіндері ғана айтып жүрміз. Әңгімеде ең жақсы қонақжайлық қасиеті өзіне сор болып жабысқан қазақтың өз елінде жүріп келімсектерге жалтақтап, солардан асып кете алмай, жетім баланың күйін кешіп жатуы ащы болса да ХХІ ғасыр шындығы. Қоғамдағы өзекті мәселелерді көтере білген жазушының аталған әңгімелерінің негізгі өзегі – тәуелсіз қазақ халқының жері мен еліне өзі ғана ие болуы. Қ. Жұмаділовтің «Жалдамалы күйеу», «Жемдеген қырғауылдар», «Құдайдың үйі», «Бір ғана ғұмыр», «Дөңгеленген дүние-ай», «Тіленші» (2000), «Бұқарбайдың бұқасы» (2000), «Ит базары» (2001) секілді әңгімелерінің негізгі өзегі де бүгінгі күннің оқиғалары, кейіпкерлері жаңа заманның адамдары. «Жалдамалы күйеудегі» (инженер) Баймырзаның өз бала-шағасын тастап, басқа бір бай әйелге (Айсұлу) кетіп қалуы өмірден алынған шындық. Сол секілді «Жемдеген қырғауылдардағы» аудан әкімі Нұрсаған Бектұрғановтың, «Құдайдың үйіндегі» Әкпар молданың, «Бұқарбайдың бұқасындағы» кәсіпкер Бұқарбайдың іс-әрекеттерін суреттеу арқылы жаңарған қоғамның сыпатын, кескін-келбетін, тынысын ашып көрсеткен. «Тіленші» әңгімесіне ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы Кеңес Одағы ыдыраған тұстағы қазақ халқының тығырыққа тіреліп, экономикалық құлдырауға душар болған кезіндегі күйі әнші жігіттің тағдырымен бейнеленген. «Бұқарбайдың бұқасы» атты әңгімесінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы жаңа қоғамды тосырқай қабылдаған жандардың қоғамның ыңғайына қарай бейімделе бастағандығы көркем бейнеленсе, «Ақынның ақырғы күндері» (2000) атты әңгімесінде С. Сейфуллиннің трагедиялы өмірі суреттелген.

Билет

Көркем образдағы рационалдылық(ақыл-ой) пен эмоционалдылықтың өзара байланысы және көркемдіктің эмоционалдылық тұрғыдан бағалануы.

Образ-адам ақыл ойы мен санасы арқылы ақиқатты танудың жолы.

Көркем образдағы рационалдылық (ақыл ой) эмоционалдылықпен әрдайым үздіксіз байланыста болады және сол эмоционалды тұрғыдан бағаланады.Демек,өнер туындысын бағалауда ақыл ойдан гөрі сезімнің қызметі жоғары екендігі баяғыда дәлелденген нәрсе. Кез келген көркем шығармада тартысқа түсуші екі тарап кейіпкерлердің сол шығармадағы өмір құбылыстары мен тіршілік болмысқа қатысты ойлары, негізінен, сол қаһармандарға өз қатынасын көрсететін автордың пікірі екендігін теріс дей алмаймыз. Мұндай ойлар тілден көрінеді, ал тіл – суреткер үшін ақиқат шындықтың өзі. Бірақ ғылым тіліне қарағанда әдеби тілдегі ойдың әрдайым эмоционалды бояуы қалың болып келеді. Эмоционалды бояу әдеби тілде құбылту мен айшықтауды және фонетикалық, интонациялық көркемдеу құралдарын молынан пайдаланудың әсерінен пайда болады. Соның нәтижесінде тіл ойды да, сезімді де еркін жеткізе алатын көркем тілге айналады. Тілдің осындай қасиетін терең түсінген Н. Чернышевский: «Өнер жай әңгімеге, соның ішінде ғылыми әңгімеге қарағанда өз мақсатын әлдеқайда анық та сенімді жеткізеді. Бояуы қанық айшықты суреттер біздің санамызды қасаң нұсқаулар мен құрғақ баяндауларға қарағанда әлдеқайда тез баурап алады, айналадағы заттар мен құбылыстардың сырын барынша анық етіп танытады, ойға қонымды етіп түсіндіреді», – деп жазған болатын.

Өнерде ой тек қана сөз арқылы көрінеді десек қателесеміз. Ойды сөз қолданбай да бояу, дыбыс, қимыл, т.б. арқылы жеткізуге болады. Өнердің көптеген түрлері аталған мүмкіндіктерді пайдалана отырып өздері танытқысы келген ақиқат шындықты өздеріне ыңғайлы тілде жеткізе алады. Мысалы, бояу тілі, дыбыс тілі, қимыл тілі деп жатамыз, егер осылардың тылсым табиғатына тереңірек үңілсек, олардың да образды тіл екендігіне көзіміз жетеді. Айналадағы заттар мен құбылыстарды рационалды ой мен эмоционалды сезім бірлігінен пайда болатын көркем образ ретінде қабылдау тек қана адамзат баласына тән қасиет. Басқа бірде бір жаратылыс иесі дүниені образды түрде қабылдай алмайды. Өнердегі идея әрқашан да эмоционалды сипатта болады. Эмоционалды және рационалды бірліктің қосындысы образдың эстетикалық табиғатын айқындайды.

2.Жаңа өнер түрлерінің пайда болуы.

Өнердің түрі дегеніміз – өмірдің белгілі бір қырын ғана басым суреттейтін, белгілі бір образдылық сипатымен дараланатын адамның эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыратын, көркем образ жасау материалы мен оны сомдау заңдылығы бойынша ерекшеленетін өнердің белгілі бір саласы. Өмірдің әр алуан жақтарының арақатынасын ашып көрсетуге деген қажеттілік көптеген өнер түрлерінің бір-бірімен тығыз байланыста болуына, бірінің осал тұсын екіншісінің толықтыруына мүмкіндік жасады (мысалы, сәулет өнерінде оны мүсін өнері мен сурет өнері толықтырып тұрады, бірақ әрқайсысы өзінің көркемдік мәнін сақтап қалады). Дей тұрғанмен де сәулет өнерінің әсем де айшықты мазмұнға ие болуында олардың синтезі маңызды рөл атқарады. Қоғам дамуына байланысты кейін туған өнердің бір түрі – балет. Бірақ аталған өнер түрін бисіз, музыкасыз, көркем декорациясыз көз алдымызға елестете алмаймыз. Мұндағы өнер түрлерінің бірігуі жай ғана бірігу емес, жоғары деңгейде бірігу болып табылады.

Жаңа өнер түрлерінің пайда болуы да, олардың дамуы да қоғамдық рухани қажеттілікке тікелей байланысты болып келеді. Қоғам дамуына байланысты адамдар енді тани бастаған ақиқат шындықтың жаңа қырлары қоғамдық тәжірибеге тартылады, ал ол тәжірибе өнерге адам тәжірибесіне байланысты жаңа талаптар қоя бастады. Оның ақыры жаңа бір өнер түрінің пайда болуымен аяқталады.

Мысалы, кинематография солай пайда болған. Ең бірінші «қозғалатын суреттерді» 1895 жылы Парижде ағайынды Люмьерлер өмірге әкелді. Бірақ олар өнердің жаңа бір түрін ойлап таптық деген жоқ, тек техниканың жаңа мүмкіндіктерін жарнамалаумен ғана шектелді. Ал одан кейін он-он бес жыл өткенде кино өнердің ең әйгілі түрінің біріне айналып шыға келді. Себебі неде?

Әрине, киноның пайда болуы, оныңаса жылдам қарқынмен дамуы ең бірінші сол тұстағы ғылым мен техниканың дамуына тікелей байланысты. Бірақ ғылыми-техникалық прогресс кинематографияның дамуына тек жол ашып, мүмкіндік жасағанын естен шығармауымыз керек. Ал сол мүмкіндіктің ақиқат шындыққа айналуы, жаңа өнер түрінің жедел дамуы – қоғамдық өмірдің сұранысынан туындаған қажеттілік.

Әрине, кино жеке өнер түрі, қоғамның барлық топтарына түсінікті өнер. Бір жағынан, ол да әдебиет секілді идеологиялық құрал ретінде қызмет етеді. Әр түрлі өнер түрлерінің бірігуінен (синтезінен) синтетикалық өнер пайда болды. Оларға қазіргі уақытта театр, кино, телевидение секілді өнер түрлерін жатқызып жүрміз. Олардың құрамынан бейнелеу өнері мен бейнеленбейтін өнер түрлерін, кеңістіктік және уақыттық өнер түрлерінің белгілерін айқын ажыратып, аңғаруға болады. Оларды кейде уақыттық-кеңістіктік өнер деп қосарлап атау да дәстүрге айналып барады.

3.Алғашқы қазақ драмалары.

Драма– (010501101%22гр."гр. драмо — әрекет) —әдебиеттің эпос, лирика сынды үш тегінің бірі. Драмада оқиға тартыс, не тартыстар желісіне жинақталып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды. Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады. Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, айтыс, пантомимомен аралас болып, синтетикалық өнер саласы ретінде дамыған. Кейін драма сөз өнерінің жеке тегі ретінде дараланды, оның трагедия, драма, комедия, мистерия, миракль, моралите, мелодрама, фарс, водевиль, трагикомедия, т.б. жанрлары қалыптасты. Классикалық драманың алғашқы үлгілері ежелгі 010500818Грекияда пайда болып, 011080Эсхил, "../DAD%D%%0Софокл, "../DDBDDBD%BDB4Еврипид трагедиялары мен Аристофанның комедияларында жоғары көркемдік биікке көтерілді. Драмалық шығармалардың бір жанры (қ. Драматургия). Трагедия бас кейіпкер әрекетінің азаппен аяқталуын көрсетуге, комедия адам қылығы мен әлеум. өмірдегі келеңсіз көріністерді әжуалауға құрылса, драма адамдар мүдделері арасындағы қақтығыс, шиеленіскен тартысқа құрылады. Осы қақтығыстың сипатына, әлеум. мән-маңызына байланысты зерттеушілер қазіргі қазақ драмаларын қаҝармандық драма (мысалы, Әуезовтің "Қара Қыпшақ Қобыландысы", 1945; С.Сейфуллиннің "Қызыл сұңқарлары" 1922, т.б.), саяси-әлеуметтік драма (мысалы, Әуезовтің "Еңлік-Кебегі", 1917, т.б.), тарихи-ғұмырнамалық драма (мысалы, Әуезовтің “Абайы”, 1950; Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері-Ақтоқтысы", 1972, т.б.) деп бөліп жүр.

Қазақ комедиясының басында Ж.Аймауытов (Сылаң қыз), Б.Майлин (Майдан), М.Әуезов (Түнгі сарын, Айман – Шолпан), Ғ.Мүсіреповтер тұрды. Олар қазақ қоғамының арғы бергі тарихындағы оқиғаларды, өздері өмір сүрген тұстағы келеңсіздіктерді күлкіге айналдыра отырып, қоғамдық қатынастардың ақиқат шындығын ашып берді.

Мысалы, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері, Ақтоқты» драмасындағы Ақтоқтының әкесі Қоңқайдың монологынан оның қызының бақытын емес, дүние мен жалған қолпашқа елігіп, шолақ ойлайтын тоғышарлығын көреміз.

«Қоңқай. Солай болдың Қоңқайым! Төре тұқымына құда болдың, Қоңқай атың құранға да түсті...

Тәңірі деген, далаға шығып, желпініп бір алмасам, тіпті үйге сыя алар емеспін. Күні кеше екі кісі бас қосса, әркімнің аузына бір қарап, түгіне түсінбей, қайтып келіп қатынынан сұрайтын Қоңқай! Міне кім болдың бүгін! Кім болдым дейім саған! Байқашы өзіңді өзің: кімнің қолы батар екен қабырғаңа? Уа, қайда жүр әлгі Сердәлі? Көкшетау дуанының көзі сүрінетін той жасағалы отырғанымда, жаман неме, қатын-қалаштың арасынан шыға алмайын деп жүр ме өзі?! (Қаранып.) Түу-түу!.. Мына бетті қараңдар, қаптап келеді қара құрттай! Қап, сорлы «Басен-тиінде» келеді екен, аяқ асты болып қалып жүре ме байғұстар... Осының бәрі де Қонқайдың тойына барамыз деп аттанды-ау, ә? Мына думанда қызып кетіп, біреуіне тілім тиіп кетіп жүрмесе жарар еді... Тоба де Қонқай, тоба де!.. Бәрі де хазіреттің арқасы! Кісі деп жарықтық хазіретті айтсаңшы. Аузында алласы отырса, көңілінде мен сияқты бір жазған тағы тұрады. Шыңғыс тұқымының сауырынан басып-басып байқады да, бір марқасқасын «Мә, Қоңқай!» деп ұстата салды! Ертең Ақтоқтыны ұзатып апарғанда атымды байлап жатқан біреуіне – «Уай, сен төре тұқымы болғанда қайсысының баласы едің?» деп сұрасам, содан арғының керегі де жоқ маған... «Үлкен құданың өзін тарт, өзін тарт!» деп, шаңыраққа аса жөнелгенде өліп кетсем де мейлі!»

Әлі қолы жетпеген жалған байлық пен алдамшы құрметке мас бейшара адамның шалағай ойының күлкі шақыратыны рас. Бірақ бұл тек қана Қоңқайдың басындағы күй емес, жазушы тек қана бір Қоңқайды күлкі етіп отырған жоқ, ол сол қоғамдағы өз баласының бағын саудаға салған талай Қоңқайлардың тоғышар ойлары мен арсыз әрекеттерін келемеждеп отыр. Ескінің қалдығы ретінде көрінетін Қоңқай әрекеті, оның шолақ арман-қиялы комедиялық құбылыс. Ал ондағы күлкі өмірі өткен шарасыз әрекетке негізделген, оның бәрібір жеңіске жете алмайтынына сенімнен туған күлкі.

Билет

Билет

Наши рекомендации