Аристотель философиясы: “материя” және “форма” түсінігі, мән жайлы ілімі Аристотельдің таным теориясы.

Нді философиялық ойларының негізгі қағидалары. Олардың негізгі мектептері Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 кастаға бөлінді: Брахмандар- абыздар,ой еңбегі;Кшатрийлер-әскербасылар, әскери қызмет;Вайшьилер-ауқатты шаруалар, алуышаруашылық,қол өнер,ауыл шаруашылығы; шудралар-шаруалар,қара жұмыс қызметін атқарды. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай философиялық көзқарастар да қалыптасты.Олар негізі үнді мәдениетінің ескерткіші Ведаларда жинақталған. Ведалар 4бөлімнен тұрады:1.Самхит-құдайларға арналған гимндер жинағы;2.Брахман-самхитті түсіндіретін мифологиялық әнгімелер;3.Араньякта-брахманға тән ритуалдың орнына құдайларды іштей сыйлап құрметтеу;4.Упанишадта-дәстүрлі варналарды бір-біріне қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея.Оның басты тезисі Брахмандар туралы. Ал одан барлық заттар дамып өскен. Брахман екі түрлі болады:1.қозғалмайды, бірақ жойылып кетуі мүмкін;2. өлмейді,қозғалыста болады,ақиқат.Кейде брахманнын орнына Атман ұғымы қарастырылады.Ведалар негізінде қалыптасқан ф-қ ілімдер сол Ведалардың беделін мойындау-мойындамауына байланысты әртүрлі бағыттарға бөлінеді:жайнизм,буддизм, даршандар,чарвактар-локаяттар,санкхьчя т.б.Жайнизм-(жина-жеңімпаз).Сиддханта деген кітапта негізгі ф-қ көзқарастары жазылған.Жаинизм сансарға,кармаға,мокшаға сенеді. Басты мақсаты-қасірет деп түсінген өмірден азат болу. Жайналардың пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан тұрады. Төменгі екі қабатта-жер, келесі қабатта-Құдайлар,ал ең жоғарғы қабатта-Құдайларға ұқсаған джиндар орналасқан. Шынында,жайналардың пікірінше Құдай жоқ, оның бар екендігі туралы келтіріліп жүрген дәлелдің бәрі қате,сондықтанда Құдайға емес,24әулиелер мен джиндарға сену керек.Жайнизм кейінірек келе дигамбар және шветамбар деген екі сектаға бөлінді.Буддизм-бұл ф-қ ағымның шығу тарихы принц Сиддхарта Гаутаманың есімімен тығыз байланысты. Буддизм ілімі бойынша, өмір-қасірет.Адам қандай сатыда тұрса да өлімнен,кәріліктен,аурудан құтыла алмайды. Оған Құдайға щалған құрбандықта көмектесе алмайды. Қасіреттен құтылу үшін сансардан,әғни жаннын бір денеден екінші денеге өтуінен азат болу.Ол үшін адам 4түрлі ақиқатты білу керек:1.Өмір-қасірет;2-қасіреттің пайда болуы туралы ақиқат;3.қасіреттің пайда болу себебі;4.Құштарлықтан құтылу жолдарын білу.Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІғ буддизм Индияның ресми идеологиясы болды.Кейінірек келе,ол дінге айналып кетті.Локаята-(лока-аймақ,ел,өмір) Локаяттар Веда ілімдерін жоққа шығарады. Осы тұрғыдан Веда дінін,оның беделін,ілімдерін сынға алады.Олардың ойынша,Веданың дінбасылары халықты алдап, соның арқасында байып жүр.Локаяттардың пікірнше дене өлгеннен кейін жан да өмір сүрмейді.Әлемдегі барлық денелер махабхут деп аталатын 4түпнегізден тұрады:ауа,от,су,жер.Локаяттар өмірдің мәні бақытта. Үнді философиясының дәстүрінде бәрі мойындайтын және пайдаланатын іргелі ұғымдар бар. Ең алдымен, бұл карма ұғымы. Карма – жазмыш заңдылығы, тағдыр адамға істеген әрекетінің табиғатына қарай несібе сыйлайды. Егер адам өзінің эгоистік пиғылдағы әрекетінен тазарып, тек жоғары құндылықтарға ұмтылып отырса, онда ол карманың кәріне ұшырамайды. Карма ұғымы сансара туралы іліммен тікелей байланысты.Үнді философиялық ойларының негізгі қағидалары

Сансара дегеніміз – жанның жай таппай жиһан кезуі, бір денеден екінші денеге ұдайы ауысып отыруы туралы ілім.

Қайтадан туу қатары үзіліп, сансарадан азат болуды мокша деп атайды.

Ведалар – бұл магиялық дұғалар мен салтанатты әуендердің, қасиетті әндер мен құрбан шалу формаларының жиынтығы.

Олардың ең маңыздысы және ең алғашқысы – Ригведа. Ригведаның гимндерінде атақты құдайларды мадақтап, көтеріңкі әдемі түрде олардың іс - әрекетін жариялау, туысқандық байланыстары мен ұлы потенциясын, негізгі функциясын айқындау бар.

Екінші веда, Самаведа, негізінен Ригведаның гимндерін қайталайтын самхит.

Үшінші – Яджурведа, әртүрлі мектептерге лайық самхиттердің бірнеше варианттарын ұсынады.

Атхарваведа – төртінші және соңғы самхит.

Ведалық әдебиет ұзақ уақытта және алғашқы мемлекеттің қалыптасуының қиыншылықтары жағдайында пісіп – жетілген. Көшпенді, мал бағатын арийлердің алғашқы тайпалары бірте – бірте өзгеріске ұшырап, жіктелген таптарға айналып, дамыған жер өңдеуші, сауда, қолөнері бар қоғам қалыптасты. Мұнда негізгі сословие пайда болды.

Брахмандар – дінбасылары мен монахтар.

Кшатрийлер - әскерлер мен бұрынғы тайпа көсемдері, вайшилер жер өңдеушілер, қолөнершілер және саудагерлер.

Шудралар – тікелей өндірушілер.

Ведалық текстер көзқарастар мен идеялардың бірыңғай жүйесі емес.

Ведалық дін – бұл күрделі, бірте – бірте дамитын діни – мифологиялық көзқарастар мен оған сәйкес рәсімдер мен культтік ырымдардың жиынтығы. «Ригведада» арийлердің жауларын жоятын найзағай құдайы Митра маңызды орын алады. От құдайы – Агни, Күн құдайы – Сурья.

Кейбір ведалық гимндерде қоршаған ортаның жекеленген процестері мен заттарын біріктіретін жалпы принциптерді іздестіруді көреміз. Бұл – бәрін біріктіретін бәрінен жоғары тұратын әмбебап ғарыштық тәртіп принципі.

Ведалық культтің негізі - өз міндеттерін бұлжытпай орындап отыруын сұрап, құдайға жалбарынып, құрбан шалып отыру.

Брахманизм діни философиялық көзқарастар мен рәсімдік – культтік практика ретінде ведалық әдебиеттің тікелей мұрагері болып табылады. Онда әлемнің пайда болуы мен дамуы туралы пікірлер бар. Кейбір жерлерінде әлемнің түпкі субстанциясы су деген пікір де кездеседі.

Брахмандар дегеніміз - ең алдымен, ведалық рәсімдерді орындауға бағытталған практикалық нұсқаулар.

Брахман – абыздар төрт негізгі принципті есепке алуға міндетті: шыққан тегі бархмандық болуы және соған лайықты өмір сүруі, білім алуы және білімділігімен көзге түсуі бірден – бір қажеттілік. Олар адамдарға көмектесіп, солар үшін құрбан шалуы тиіс.

Мұның өзі брахмандардың қоғамдағы орнын ерекше дәрежеге көтерді, оларға тиісе алмады, мүлкіне қол сұқпады. Абыз – брахмандар өзінің осы беделін әрдайым нығайтуға тырысты.

Упанишадтар ведалық әдебиетті аяқтайды.

«Упа-ни шад» термині ұстаздың жанында отыру дегенді білдіреді, ұстазға өте жақын отырып, оның аузынан шыққан әрбір сөзге құлақ түріп, оның мағынасын түсінуге тырысты.

Алғашқы упанишадтар өмірден баз кешіп, ойға шомылған аскеттердің көмегімен жасалған. Брахман өзінің дамуында төрт кезеңнен өтеді: бала кезінде ол ұстазының үйінде ведаларды оқып үйренеді, отбасының қожайыны ретінде түсініктемелерді басшылыққа алады; толыққан шағында араньяктармен танысады, өмірінің соңында өмір қызықтарынан бас тартып кезбеге айналған упанишада даналығына назар аударады.

Аскеттер болмыс пен адамның іргелі сұрақтарына жауап іздестіреді. Ең алдымен, өмір мен өлім, әлемнің құрылымы мен космология, адам мен ғарыш, адам мен құдай қарым – қатынасы туралы мәселелерге жауап іздестіреді. Өмірдің иесі кім? Су ма, тамақпа, от па, жылу ма?

Упанишадтарда ұйқы мәселесіне қатты көңіл бөлінген.Өмірдің мәңгі айналымы туралы идея бар. Адам өлгенде оның рухани және материалдық бастаулары бір – бірінен бөлінеді. Рухани бастау аса маңызды. Ол қайтадан туындауы мүмкін. Сөйтіп, Индияда қайтадан туындаудың шексіз қатары туралы концепция қалыптасты.

Бұл концепцияның мәнісі - өлім, бұл жайбырақаттанудың немесе тынышталудың ақыры емес. Ол шексіздіктің жай ғана үзілісі, содан кейін жаңа өмір басталады, яғни бір кезде тәннен ажыраған жаны жаңа түрге енеді.

Қарма идеясы жақсылық пен жамандық мәселесін жеткілікті түсіндіріп, шешіп отырды. Бәрі өзіңе байланысты, өзінің әрекеттеріннің, істеріннің табиғатына байланысты. Жаман әрекеттерің үшін міндетті түрде жауап бересің.

Упанишад идеалы – Брахманды тану, онымен бірігу, рахаттану. Брахман – бұл жоғары абсолютті реалдылық, жоғарғы күш.

Брахман – жоғары рухани бірлік, яғни әлемнің рухани түп негізі абсолют.

Әркімнің жеке жаны – Атман. Атман – индивидуалды рухани мәнді бейнелейтін ұғым. 2.1.

Ежелгі қытай философиясының әдеуметік өнегелік, тұрмыстық практикалық оның негізгі мектептері мен бағыттары Б.д.д. үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізі алты философиялық бағытқа – мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және Атаулар мектебі.
Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы, осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары Мэн-цзы және Сюнь-цзының есімдерімен байланысты.
Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш – аспан. Ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы ол – әділеттілік. Олай болса, аспан (көк) осы теңсіздікті қорғайды. Ең басты мәселелер – адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие.
Мэн-цзы – Кун-фу-цзының ілімін әрі қарай жалғастыра отырып, аспан-объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспанның еркі – адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді деген пікір айтады.
Конфуцийлық б.д.д. І ғ. Мемлекттік ілімге, ал ІХ ғасырдан бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды.Конфуцийшылдық.Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фуц-зы, оның ізбасарлары Мэн-цзы жөне Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты. Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш — Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы — ол әділеттілік. Олай болса, Аспан (Көк) осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білеміз», — деуінің өзі осыған айғақ.

Керісінше, оның қарастыратын негізгі мәселесі — адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелері. Осыған орай, ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл беледі: «тең орта», «адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік». Осы үш үғым бірігіп, «дао» (дүрыс жол) құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.

«Тең орта» — адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті. Өмірде мүндай «ортаны» ұстап, іс-әрекет жасау оңай емес, себебі адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді.Лао-цзы (Ли Дань)- даосизм ілімін қалыптастырушы, біздің дәуірімізге дейінгі \/І-\/ ғасырларда өмір сүрген, кейінірек мифологиялық тұлғаға айналған. Қытай философиясы тарихында алатын орны ерекше. Оның ілімін зерттеушілер Лао-цзы Конфуцийдің замандасы болды, ал оның көзқарастары "Дао дэ цзин" шығармасында жинақталған, бұл шығарманы Лао-цзының шәкірттері жазған болуы да мүмкін деген болжам пікірлер айтады. Лао-цзы даоны болмыстың алғашқы себебі, мәңгілік, езгермейтін бастауы деп түсіндірді. Адам ойлауда да, іс-әрекетінде де осы лзо жолын ұстануы, яғни "у -вэймен" айналысуы қажет. "У-вэй" "ты-кыш келісу" дегенді білдіреді, кейінірек "әрекетсіздік, ештеңеге араласпау" деген қазіргі мағынасында түсініле бастады.Легистер (заңгерлер)Негізгі өкілдері Шан Ян (б.д.д IV ғ.), Хань-Фэй-цзы (шамамен б.д.д IIIғ.). Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік» — қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына қорқынышты дәріптейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін:

1. Мақтаудан жазалау көп болу керек. 2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет. 3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады. 4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, өлімге де барады.

Антикалық философияның өзіндік ерекшеліктері және пайда болуы. космоцентризм Антикалық философия – бүкіл дүние жүзілік философияның дамуындағы керемет құбылыс. Ол Көне Грекияда біздің дәуірімізден бұрынғы VII ғасырдың соңында қалыптасып, біздің дәуіріміздің VI ғасырына дейін өмір сүрді.

Көне Грекияда мың жылдан артық уақытта әртүрлі сарындағы философиялық ілімдер пісіп, жетіліп кейінгі философиялық ойлаудың дамуына негіз, бастау болды.

Антикалық философияның өзіндік келбеті, ерекшелігі бар, оның ең бастапқысы табиғат туралы ілімдермен тікелей байланыстығы. Алғашқы грек философтарын «физиктер» деп сипаттау кездейсоқтық болмаса керек.

Көне грек философиясының тағы да бір маңызды ерекшелігі – оның онтологиялық сипаты. Грек ойшылдары табиғаттың, бүкіл әлемнің мәнін білуге тырысты. Алғашқы бастаулар, түпнегіздер сияқты қарапайым ізденістерден бастап, жалпы болмыс мәселесіне көтеріледі.

Антикалық философияға әлемді біртұтастық тұрғысынан пайымдау тән.

Антикалық философ – ол дана, оның таным процесіндегі жалғыз қаруы өзінің ақылы, ал құралы – байқау. Осыдан келіп оның пайымдау және жалпылау сияқты сипаттары туындайды.

Антикалық философияның дамуында бірнеше кезеңді бөлуге болады. Бұл мәселеде әртүрлі көзқарастар бар. Біз ұсынған дәуірлер екі маңызды факторға сүйенеді: біріншіден, көне грек қоғамның өзіндік дамуы, екіншіден философиялық мәселелердің өзгеріп отыруы.

1. натурфилософиялық кезең.

2. гуманистік кезең.

3. классикалық кезең.

4. эллиндік кезең.

5. римдік кезең.

Космоцентризм деп қоршаган ортаны, табиғат қүбылыстарын, тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш - Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады. Бұл көзқарас Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай басқа да Шығыс елдері жәнеЕжелгі Грекия елдерінде дамыған.

Ежелгі гректің сократқа дейінгі бағыттары,мектептері Антикалық философия – бүкіл дүние жүзілік философияның дамуындағы керемет құбылыс. Ол Көне Грекияда біздің дәуірімізден бұрынғы VII ғасырдың соңында қалыптасып, біздің дәуіріміздің VI ғасырына дейін өмір сүрді.

Көне Грекияда мың жылдан артық уақытта әртүрлі сарындағы философиялық ілімдер пісіп, жетіліп кейінгі философиялық ойлаудың дамуына негіз, бастау болды.

Антикалық философияның өзіндік келбеті, ерекшелігі бар, оның ең бастапқысы табиғат туралы ілімдермен тікелей байланыстығы. Алғашқы грек философтарын «физиктер» деп сипаттау кездейсоқтық болмаса керек.

Көне грек философиясының тағы да бір маңызды ерекшелігі – оның онтологиялық сипаты. Грек ойшылдары табиғаттың, бүкіл әлемнің мәнін білуге тырысты. Алғашқы бастаулар, түпнегіздер сияқты қарапайым ізденістерден бастап, жалпы болмыс мәселесіне көтеріледі.

Антикалық философияға әлемді біртұтастық тұрғысынан пайымдау тән.

Антикалық философ – ол дана, оның таным процесіндегі жалғыз қаруы өзінің ақылы, ал құралы – байқау. Осыдан келіп оның пайымдау және жалпылау сияқты сипаттары туындайды.

Антикалық философияның дамуында бірнеше кезеңді бөлуге болады. Бұл мәселеде әртүрлі көзқарастар бар. Біз ұсынған дәуірлер екі маңызды факторға сүйенеді: біріншіден, көне грек қоғамның өзіндік дамуы, екіншіден философиялық мәселелердің өзгеріп отыруы.

6. натурфилософиялық кезең.

7. гуманистік кезең.

8. классикалық кезең.

9. эллиндік кезең.

10. римдік кезең.

Антикалық философияның натурфилософиялық дәуірі шамамен біздің дәуірімізден бұрынғы VII ғасыр мен IV ғасырлар аралығын қамтиды. Натурфилософияға милет мектебінің өкілдерінің, Гераклиттің, элеаттардың, атомистердің, пифагоршылдардың ілімдерін жатқызуға болады.

Ежелгігрек философиясының классикалық кезеңі Сократ аристотель платон Натурфилософия- табиғат философиясы,философияның алғашқы түрінің ойлау тақырыбы космос болды.Түсініктің мазмұны философия түрінің тарихи даму барсынан өзгеріп отырды.

Пифагоршылдар.Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы Пифагор. Пифагордың философиялық теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды. Демек, Пифагоршылдар жүйесіндегі сандар болмыстың жалпылама негізіне байланыстырылған кеңістіктің таңбалануы. Соған орай «бәрі-сан» деген тұжырым қалыптасты. Олардың музыкалық интервал туралы ілімінде акустика мен аспан механикасының математикалық негіздері баяндалған.

Элейліктер.Элейден шыққан ойшылдардың жаңашылдығы былайша сипатталады: космологияны онтологияға (болмыс теориясына) өзгерту, өзіндік философиялық категорияларды ойлап табу («болмыс», «болымсыздық», «ойлау»), диалектикалық тәсілді енгізу мен пайдалану арқылы (Зенонның атақты апорийлары) философияда дәлелдеудің қажетгілігі мен оның тәсілдерін қолдануды (абсурдқа әкелу принципі) мойындау.

Элей мектебінің негізін қалаған Парменид деген ойшыл.Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған.Зенон, элейлік – ежелгі грек философы.Ол дүниенің біртұтастығы туралы Парменид ілімін дамытып, сезімдік болмысты түсініп болмайды деп дәлелдейді.Аристотель Зеноны диалектиканың негізін салушы деп атаған,себебі ол қайшылықтарды ашумен көп шұғылданды. Ол ғылым тарихында өзінің әйгілі парадокстерімен (апорилері) белгілі. Зенонның апорияларының негізгі мәні мынада: үздіктілік, алуан түрлілік, қозғалыс сезім мүшелері қабылдайтын әлемнің көрінісі ғана, бұл көрініс айқын ақиқат емес, дүниенің шын мәнін тек ойлау арқылы түсініп білу. Атомистер ілімі.
Ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі рим өкілі Лукреций Карр, т.б. жатады. Бұл ойшылдардың шығармаларында кейін матералистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар фиософиялық ілімге айналды. Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікте алақұйын қозғалыста болады да, бір-бірімен байланысқа түсіп, денелерді құрайды. Космостың өзі шексіз көп әлемдерден тұрады, олар бір-біріне ауыспайды, бірақ әр қайсысы жеке алғанда пайда болып, даму шыңына жетіп , жоғалып жатады.

Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы)..Софистер (гр. сопһістс-өнерпаз, дана)-«даналықтың,» «шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтарын осылай атаған. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік релятивизм-олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистер екі топқа бөлінді: «Аға софистер»-табиғатты материалистік тұрғыда түсіндірді. Бұл топтың өкілдері-Протагор, Гиппий, Продик, Антифондар-алғашқы ағартушылар. Екінші тобы- «Кіші софистер» (ақсүйектер тобы)-Гипподам, Критий-философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер дау–дау кезіндегі кейіпке байланысты пайда болған «Софистика» деген әдісті қолданды. Софистика – дауласу немесе дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни сырттай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Сондықтанда Аристотель оларды «жалған даналық» ұстаздары деп атады.Антикалық философияның екінші-классикалық кезеңі-ерте грек философиясының кемелденген, гүлденген кезі болды. Себебі, Платон мен Аристотель өздеріне дейінгі философияны біртұтас ғылымға айналдырып, жүйелендіре түсті.

Сократ.Сократ ежелгі грек философы, оның ілімі материалистік натурализмнен идеализмге ауысу кезеңін бейнелейді. Афиныда ғұмыр кешіп. одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана білеміз. сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып – біл» формуласы түрінде өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде. Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды.Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек.

10. Платон философиясы: “идея” теориясы, мемлекет жайлы ілімі.

Нағыз және нақты болмысқа заттардың мәнін, олардың парадигмасын білдіретін идеялар ғана ие болады.Платонның идеялар әлемі — бұл сатылы түрде ұйымдастырылған жүйе. Оның ең жоғарғы шыңында Игіліктің абсолюттік идеясы орналасқан. Физикалық әлем немесе сезіммен қабылданатын ғарыш әлемі мынадай кесте негізінде пайда болады: үлгі (идеалды әлем), көшірме (физикалық әлем) және Жаратушы (демиург) — үлгіге сәйкес көшірменің авторы. Платон (Platon) Афиналық (б.з.б. 427 — 347) — ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы.

Платонның пікірінше, шын болмыс — ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Оның болмысы Парменидтікіндей біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Қоғамның теқтік бөлінуін Платон азаматтардың бірлескен тұрғылықты жерлері ретінде мемлекет беріқтігінің шарты деп жариялады. Төменгі теқтен жоғарғысына өз бетінше өтуге жол берілмейді және ол үлкен қылмыс болып саналады, өйткені әрбір адам өзіне табиғатынан белтіленіп қойылған іспен айналысуы қажет. "Өз ісімен айналысу және бөтендерге килікпеу — әділдік деген осы". Әділдіктің платондық анықтамасы қоғамдық теңсіздікті, адамдардың туғаннан жоғары және төменгі болып бөлінуін ақтауға құрылған.

Платонның түсінігінше игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеум. топтарды үш топқа бөлуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарыған — философтар, бұлар мемлекетті басқарулары керек, данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарығандар — әскербасылар, т.б., ал игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар — қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы әлеум. топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш әлеум. топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды. Өзінің жетілген мемлекет идеясын жүзеге асыруға талпынысы сәтсіз аяқталған соң Платон өз шығармаларында "барлық нәрсенің өлшемі — Құдай" деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекет пошымын табуға ұмтылады. Платонның ойынша, адамдар өз қажеттіліктерін жеке дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіріп, үй салулары, т.б. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен, т.с.с айналысады.

Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттілігін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет еркін адамдардың бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократ. мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді. Оның қағидалары адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіңдер мен дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платонның философиясы ежелгі грек дәуіріндегі Пифагордан басталған діни-мистикалық идеяны дамытумен ғана шектелген жоқ. Платон өзіне дейінгі философтардан қажетті, бағалы деген ой-пікірлерді қабылдай білді. Ежелгі грек философиясының көрнекті өкілі ретінде адам туралы мәселеге кеңінен тоқталып, соған байланысты көптеген мәселелер көтерді. Оның философиясындағы үлкен бір жаңалық — адамды биол. табиғи, сезімдік заттар дүниесінің немесе атомдардың қосылысы деген дөрекі, тұрпайы анықтамадан бас тартуы. Ол, ең алдымен, адамды қоғамдық өмірдің сан түрлі белестеріне көз жүгірте отырып, тануға ұмтылды. Сондықтан Платонның ойынша, адам — әрі қоғамдық, әрі парасатты, әрі мемлекеттік азамат. Платон өзінің көптеген шығармаларында, әсіресе, саяси-әлеуметтік мәселелерді қарастырған сұхбаттарында адамның ішкі дүниесін ашумен қатар оның қоғамдық іс-әрекетіне де талдау жасады. Платонның көптеген ой-пікірлері кейінгі философтарға үлкен ықпалын тигізіп, осы күнге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді.

Аристотель философиясы: “материя” және “форма” түсінігі, мән жайлы ілімі Аристотельдің таным теориясы.

Сөзіміз жалпылама, абстрактылы болмас үшін, мынандай мәселенің қойылуы және шешілуін алайық. Жоғарыда біз Аристотель Платонға қарсы шыға отырып, мазмұн мен форма, ягаи материя мен форма мөселесін көтерді, олардың өзара байланысын ашпақшы болды дедік қой. Ал енді осы екі категорияның ("материя" мен "форманың") диалектикалық қатынасын талдай отырып, Аристотельдің философиялық жүйесіне көз жүгіртелік.

Аристотельдің анықтамасындағы "материя" Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше. "Материя", Аристотельдің ойынша, "субстрат" (латын тілінде "негіз", "астар" деген мағына береді). Ол өзінің анықтаушысынан, формасынан айырылған процесс. Сайып келгенде, бұл материя, субстрат тек қана мүмкіндік күйінде қалады. Бірақ ол мүмкіндіктен шындыққа айналуға тиіс. Сонда бұл процесс қалайша бір— біріне өтеді?

Ең алдымен материя белгілі бір формаға ие болады. Бұл процесс мүмкіндіктің жүзеге асуы, оның шындыққа айналуы. Ендеше, форма жоқтан бар болмайды, болмыс еместен тумайды. Өйткені болмыс еместен ештеңе де шықпайды ғой. Ал, екіншіден, форма болмыстан да тумайды екен. Егер ол болмыстан пайда болса, онда жаңадан болған нәрсенің бұрыннан да бар екендігі даусыз болар еді.

Сонда Аристотельдің формаға берген анықтамасы, жалпы Платонның идеясын, яғни идеалдықты елестететін болды ғой. Бәрін былай қойғанда, жаңа замандағы К.Маркстің тауарды, құнды, қосымша құнды, тағы басқаларын әрі реалды, әрі идеалды деп анықтағанына ұқсас болып шықты ғой деген ойға келуіміз де мүмкін.

Ол да рас. Шынында да, болмыстың болмауы және шын мәніндегі болмыс осы Аристотель айтып отырған форманы көз алдымызға елестетеді. Яғни Аристотельдің тілімен айтқанда, форма әуелгі кезде болмыс "мүмкіндігі". Ал оның мүмкіндікген шывдыққа айналуы форма болып шығады.

Антикалық философияның эллиндік-римдік дәуірі антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. VII—V ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. IV ғ.); эллиндік-римдік философия (б.з.д. III ғ. - б.з. V ғ)

Эллиндік дәуірде стоицизммен салыстырғанда азырақ таралған тағы бір философиялық бағыт - скептицизмнің негізін қалаушылар Пиррон және Тимон болды. Олардың ілімін Академия (Аркесилай, Карнеад) жалғастырды, кейінірек Энесидем мен Агриппа "жол-сүрлеу" (тропы)-скептикалық аргументация жүйесін ойлап табуы

нәтижесінде қайта өркендетті, ал оның тарихын Секст Эмпирик және т.б. эмпиризммен байланыстыра отырып аяқтады.

Скептицизм эллинизм дәуірінің полемикалық ұстанымын білдіреді: ол бүкіл және жалпы "догмаларға" қарсы өз дәлелдерін келтіре отырып пікір таластарды, антикалық философтың өмірі мен күресін аша отырып, оның білімге деген ұмтылысын аша отырып, оның жалпы мүмкіндігіне терең күмән келтірді.

Скептицизмнің идеалы - теория туралы пікірден бас тарту, практикада мүмкін болатын парасаттылыққа ғана, әдет-ғұрыпқа ғана сүйену. Бұл бағыт ақырында нигилизмге алып келді.

Кейбір мектептердің өмірлік потенциалының түгесілуі, олардың проблематикаларының біржақты шектелуі, скептицизмнің әсерімен теориялық барьерлерінің бұзылуы эклектизмнің (грекше өк-іөдөіп "бұзу және қайта жинақтау" дегенді білдіреді) қалыптасуына ықпал етті. Эклектизм классикалық және эллиндік философияның әртүрлі жүйелерінің "ең жақсы" және келісілген түйіндерін таңдап алып, ал жалғандарын алып тастайтын философияның түрі болып табылады. Бұл тенденция

б.з.д. II ғасырда басталғанымен эклектизмді ресми түрде Филон Академияға б.з.д. 87 жылы енгізіп, оны Антиох қолдады. Эклектизм академиялық философияның негізінде дами отырып, табиғатпен қатар қоғамдық танымды да қамтитын энциклопедизмнің шекарасына ұласты.

Римде бұл бағыттың ең көрнекті өкілі атақты шешен және саясатшы Цицеронның шығармашылығы эклектизмнің принципсіз және қайшылықты емес екендігін дәлелдейді. Онда әсіресе, біртұтас синтетикалық дүниетанымға деген қажеттілік айқын көрінеді, ал бұл синтезге объективті түрде қол жеткізу бөтен әңгіме. Цицеронның мәдениет феномені ретіндегі баға жетпес маңызы грек мәдениетін рим өркениетімен, кейіннен жалпы батыспен байланыстыруында еді. Латын ғұламасының маңызы осы грек ақыл-ойының бүкіл әлемдегі триумфын жасауда, оның тірілтуші және қозғаушы күшінде.

Рим империясының алғашқы ғасырлары әртүрлі дүниетанымдық бағдарлардың бір- бірімен араласа дамуымен сипатталады. Эллиндік философияға монотеистік идеаларды ендірудегі шешуші қадамды Александриядан шыққан Филон жасады. Оның дүниетанымында грек философиясының иудейлік мифологиямен тұтастана бастауы

байқалады.

Эллинизм дәуіріндегі діни емес даналықтың соңғы бағытының бірі б.з. III-IV ғасырларында дамыған неоплатонизм болып табылады. Оның Александриялық-Римдік (Аммонии Саккас, Плотин, Порфирий), Сириялық (Ямвлих) және Афиналық (Прокл) мектептері болды.

Неоплатонизм өз дәуіріне тән философиялық бағыт болғандықтан сол заманның қоғамы мен адамының әлеуметтік тәжірибесін дәл ұғынып, оны абстракциялық философиялық формулаларда шебер көрсете білді. Бейнеленбейтін Тұтастық пен оның алуан түрлілікпен байланысын іздеу, Тұтастықты абсолюттендіру және Тұтастық пен материалдық ғарыш, Құдай мен адам арасындағы шексіз аралық сатыларды іздеу мифологиялық ойлауды философиялық тұрғыда реконструкциялауға әкелді. Тәнге қатысты барлық нәрселерге қарсы шығу, аскетизм мен экстаз туралы ілімге басымдылық беру тек ертехристиандық философияға ғана емес, бүкіл ортағасырлық теологиялық ойлауға өзінің едәуір ықпалын тигізді. Филон Александрийскийдің Көне Өсиетті грек философиясымен алғаш синтездеуге ұмтылысы өзінің жалғасын таппады. Христиан дінінің жеңіске жетуі ертедегі гректердің ойлау тәсілін игере отрып, теріске шығару арқылы жүзеге асты. Бұл ортағасырлық өркениетте бастапқыда антикалық-христиандықты, ал кейінірек европалық христиандықты даярлады.

Орта ғасыр философиясындағы теоцентризм. Патристика және схоластика Орта ғасыр философиясының патристика және схоластика деп аталатын маңызды кезеңдері бар. Теоцентризм– әлемнің түптамыры, жаратылыстың себебі құдай деп түсіндіретін ілім. Патристика – қасиетті жазбаларда белгіленгендей, жүйелі догмаларды жасау кезеңі болды. (антика философиясына, әсіресе Платон философиясына сүйенді)

Схоластика – бұл кезеңнің негізгі міндеті діни догмаларды негіздеп, дәйектеп, қорғау болды. Схолостикалық философияның әдісі – ақыл көмегімен, яғни философия арқылы ақиқатты анықтау болды. Схоластикалық ойлау мәні жағынан 2 мәселеге шоғырланды: 1) әмбебаптылық мәселесі бойынша номинализм мен реализмнің таласы; 2) Құдайдың бар екендігін дәлелдеу.

Патристика дәуірі I-VI ғасырларды қамтиды. Ұлы Василий, әулие Августин, Григорий Нисский, Тертуллиан, Ориген және тағы басқалары христиан дінінің негізгі догматтарын жасаған. Патристиканың негізгі мәселелері: Құдайдың мәні және ақылдың, грек даналығы мен христиан әулиелігінің өзара қарым – қатынасы, тарихты белгілі бір мақсатқа ұмтылушылық деп түсіну және осыақырғы мақсатты анықтау, адамның ерік бостандығы және оның жанын құтқару, әлемдегі зұлымдықтың шығу себептері, оны құдайдың қабылдауының себептері. Шіркеу әкелерінің философиялық ілімдерінің қалыптасуына Платон философиясы ықпал етті. V-VIII ғасырдан кейін схоластика дәуірі басталады. Бұл уақытта Иоан Дамаский, Петр Ивер сияқты ойшылдар өмір сүрді. IX-XV ғасырларда кейінгі схоластика дамиды. «Схоластика» сөзі «мектеп», яғни «оқу» философиясын білдіреді. Патристика дәуіріндегі негізгі мәселелер одан әрі зертеледі, толықтырылады, жүйеленеді.

Схоластиканың өкілдері – Эриугена, ұлы Альберт, Фома Аквинский, Росцелин, Абеляр, Ансельм Кентербийский. Схоластикалық философия христиан ілімін тек сенім арқылы ғана емес, ақылдың көмегімен де игеру қажеттігін мойындайды. Философия ғылыми дәрежеге көтеріледі. Антикалық философияға көңіл бөлінеді, оның көптеген ұғымдары мен категориялары христиан философиясын дамытуда кеңінен қолданылады. Әулие Августин (354-430) - патристика дәуіріндегі ең көрнекті философ. Августинің пікірі бойынша, Құдай – табиғаттан жоғары, барлық дүниені жаратқан тұлға. Құдайдың әлемді жаратуын түсіндіре келіп, Августин мәңгілік және уақыт мәселесіне тоқталды. Уақыт барлық жаратылған заттардың қозғалысы мен өзгерісінің өлшемі, сол себепті заттардан бұрын болмаған. Ол құдайдың шығармашылығымен бірге қалыптасқан. Құдай өзгеріп отыратын заттарды жарата отырып, оның өзгерісінің өлшемін де дүниеге әкелген. Августин сенімінің ақылдан жоғарылығын көрсететін теологиялық формуланы ұсынды. Ойшыл – теолог қасиетті жазуда көрсетілген құдайдың беделіне, қасиетіне деген сенім адам ілімдерінің бастапқы және негізгі қайнар көзі деп есептеді. «Түсіну үшін сен» деп, сенім түсінуге жол ашатындығын айқындады. Августин жалпы тарихтың христиандық тұғырнамасын дамытты, яғни тарих құдайдың алдын ала болжауымен дамып отырады деген фаталистік нанымды жақтады. Бүкіл адамзаттың тарихы құдай әлемі мен жер әлемінің арасындағы тартыспен анықталады. Құдай әлемі – шынайы өмір әлемі, ал жер әлемі – күнәкәр өмір әлемі. Жер әлемінің негізі – бауырын құрдымға кетірген қанішер Каин, оған Рим тарихында Ромул сәйкес. Августин үшін Рим жер әлемінің символы болды. Мәңгілік өмір немесе нағыз болмысты сыйлайтын Құдай әлеміне ұмтылғандар Римді ысырып тастауы керек. Римнің өшуі христиан дінінің басқа бұратана халықтар арасында тарауына жағдай жасайды. Августиннің тарих туралы ойлары эсхатология деп аталады, өйткені ол ақыр заманға бағытталған. IX-XIV ғасырлар арасында схоластика дамыды. Бұл тарихи дәуірде антикалық философияның өкілдері Платон мен Аристотельдің идеяларына ерекше көңіл бөлінді. Орта ғасырдағы схоластиканың негізгі мәселесі – универсаийлер, яғни жалпы ұғымдар туралы пікір талас.

Наши рекомендации