Тақырып 5. Жаңа еуропалық ғылым – ғылым дамуының классикалық кезеңі
Дәріс мақсаты:ғылым дамуының классикалық кезеңіне талдау жасау және классикалық ғылым элементерін көрсету.
Жоспар:
1. Жаңа заман ғылымының туындауы.
2. Исаак Ньютондағы әлемнің механикалық бейнесі.
3. Неміс классикалық философиясы және классикалық ғылым.
Негізгі түсініктер:ғылым әдістемесі, рационализм, эмпиризм, әлемнің механикалық бейнесі, классикалық білім.
Жаңа заман ғылымының қалыптасуы.Жаңа заман философиясының дамуы ғылыми танымның жаңа тәсілін жасау қажеттігі сұрағын қоюдан басталады. Дәлірек айтсақ, барлық ғалымдарға бірдей және әлем туралы нақты, дәлелді білім бере алатын тәсіл болуы қажет еді. Философияның Жаңа заман ғылымына әсері ең алдымен, екі маңызды философиялық-әдістемелік концепциялардың - рационализм мен эмпиризмнің дүниеге келуімен анықталды.
Рационализм - Жаңа заман философиясындағы ақиқатты тәжірибеден тыс ойлау принципі негізінде тануға болады деп тұжырымдады. Классикалық рационализмнің негізін салушы Рене Декарт. Декарт әдістемесіндегі басты орын интеллектуалды интуиция - классикалық рационализм шоғырлану принципі алды. Ақиқаттың басты критерийі - зерде; тек зерде арқылы анық және нақты ойланатынның барлығы ақиқат және бұл нағыз болмыс болып табылады. «Cogito ergo sum» - «Ойлаймын, демек өмір сүремін» - Декартың атақты анықтамасы.
Эмпиризм - Жаңа заман философиясындағы таным негізі ретінде тәжірибені алатын бағыт. Эмпиризм бағытының негізін салушы - Френсис Бэкон. Бэкон эксперименталды индукция тәсілін дамытты, ол адамзаттың құдіреттілігін көрсететін ғылыми-техникалық жетістіктердің барлығын қамтитын бағдарлама өзегі болды. Бэкон - нағыз "көріпкел", қазіргі ғылыми-техникалық өркениет көшбасшысы. Оның атақты афоризмы - "Білім күш".
Исаак Ньютондағы әлемнің механикалық бейнесі.Өзінің "Жаратылыс философиясының математикалық бастаулары" атты іргелі еңбегінде механика заңдар жүйесін, әлемдік тартылыс заңын көрсетті, "принциптер тәсілі" негізінде әр түрлі құбылыстарды зерттеудің жалпы бағдарын берді. Ньютон үшін оның ізашарларының мұрасы өте маңызды еді: "Егер мен басқаларынан ары көрсем, ол менің алыптардың иығында тұруымның салдарынан". Осы алыптардың арасынан ең алдымен Галилей мен Кеплерді атап өту қажет.
Әлемнің механикалық бейнесі келесі төрт принципке негізделген.
1. Әлем бір іргетаста – Ньютон механикасы заңы негізінде құрылды. Табиғаттағы бақылап жүрген өзгерістер, сонымен қатар, микроқұбылыс деңгейіндегі жылу құбылыстары атомдар мен молекулалар механикасына, ауысуларына, қақтығыстарына, бөлінуіне, қосылуына тірелді. ХІХғ. ортасындағы энергияны сақтау және өзгеріс заңы әлемнің механикалық бірлігін дәлелдеді.
2. Әлемнің механикалық бейнесінде барлық себепті-салдарлы байланыстар бір мәнді, бұл жерде лапластық детерменизм билік етеді. Әлемде болашақты болжау мүмкіндігінің нақтылығы бар.
3. Әлемнің механикалық бейнесінде даму жоқ - әлем бұрын қалай болса қазір де сондай. Әлемнің механикалық бейнесі барлығын таза сандық өзгерістерге тіреп, сапалық өзгерістерді теріске шығарды.
4. Әлемнің механикалық бейнесі бойынша микроәлем макроәлемге ұқсас. Микроәлем механикасы атомдар мен молекулалардың әрекеттесу заңдылығын түсіндірді.
Өз мәнінде әлемнің бұл механикалық бейнесі метафизикалық болды, әлемнің барлық көптүрлілігі механикаға келіп тірелді, әлемде болып жатқан сапалық даму қатаң түрде анықталған және біркелкі болып көрінді.
Ғылым тарихында классикалық механика жаратылыстың теоретикалық тұрғыда дамыған жаңа аумағы болды, ол әлемнің механикалық бейнесінің негізі болды. Әлемнің механикалық бейнесі жаһандық эволюционализм идеясы немесе синергетиканың жетістігіне негізделген әлемнің басқа бейнелерінің тірегіне айналды.
Неміс классикалық философиясы және классикалық ғылым. Неміс классикалық философиясының негізін салушы - Иммануил Кант өзінің "Таза зердеге сын", "Практикалық зердеге сын", "Ойлау қабілетіне сын" атты атақты еңбектерінде трансценденталды философия жүйесін және идеясын мазмұндайды. Кант трансценденталды зерттеулер деп тәжірибеге дейін немесе кейін де заттарды тану мүмкіндігінің шарттарын орнату деп атайды (a priori). Осы сұрақты шешу барысында Кант философияда коперникандық төңкеріс деп аталған жаңалық ашады: жалпы априорлы сана және оның ішінде метафизика таным заттармен сәйкестенбейді, заттардың өзі біздің танымдық мүмкіндіктерімізбен сәйкестенуі арқылы мүмкін бола алады.
Канттан кейінгі атақты неміс ойшылдары оның дуализмін (құбылыс және "өзіндік зат") және сонымен байланысты агностицизмді ("өзіндік заттың" тануға мүмкін еместігі) аттап өтуге тырысты. Субъекттің өзі өзіндік белсенді-кездейсоқ қызметтің жемісі болуы керек, оның ішкі жағынан және сол арқылы әлемнің материалды және рухани көпбейнелілігі "ережесі" болуы тиіс - Канттан кейінгі Фихте айтқан және жан-жақты Гегель құрастырған диалектикалық идеализмның негізгі идеясы.
Классикалық ғылым нақты критерийлер жиынтығымен анықталады:
- ғылымилық объективті болып табылады, яғни тәжірибе арқылы жетуге болатын нақты объект;
- ғылым білімнің тәжірибелі сипатына ие. Алынған білімдерді алу үшін және бекіту үшін қолданылатын негізгі тәсілдер бақылау, өлшеу, эксперимент болып табылады. Сондықтан, ғылыми экспериментке әрдайым қайталау мен қайта өңделудің жоғарғы талабы қойылады;
- классикалық ғылым нақты болу керек және ғылыми танымның жалпы мағынасы мен әмбебаптылығына ие болуы шарт, яғни интерсубъективті болуы керек. Демек, ғылыми тұжырым нақтырақ болған сайын оның ішіндегі субъективті жақтары соғұрлым аз.
Неміс классикалық философиясы классикалық ғылымның негізгі түйіндерін құрастырды, ол субъектілі-объективті қатынастардың гносеологиялық принциптеріне, ғылымилықтың онто-гносеологиялық аспектілеріне, диалектикалық логика әідстемелері принциптеріне және эпистемологияның басқа да жақтарына негізделді, бұл өз жалғасын неокантиандық мектепте тапты.
Тақырып 6. Ғылым тарихы мен философиясының классикалық емес және постклассикалық емес даму кезеңдерінің негізгі концепциялары мен бағыттары.
Дәріс мақсаты:ғылым дамуының классикалық емес постклассикалық емес негізгі концепцияларын сыни талдау.
Жоспар:
1. Неокантшылдық эпистемологиясы: баден және марбург мектептері.
2. Ғылым философиясындағы позитивисттік дәстүр.
3. Постмодернизм және ғылым.
Негізгі түсініктер:неокантшылдық эпистемологиясы, әлеуметтік гуманитарлы білім, позитивизм, постмодернизм.
Неокантшылдық эпистемологиясы: баден және марбург мектептері.Неокантшылдық – XIX ғ. еінші жартысы XX ғасырдың басындағы неміс философиясындағы бағыт. Неокантшылдықтардың орталық ұраны («Кантқа қарай!») Отто Либманның «Кант және эпигондар» (1865) еңбегінде философия сыны және материализмға үлгісінде құрастырылды.
Неокантшылдықта гуманитарлы циклдағы ғылымдар әдістемесі және құндылықтар мәселелеріне көңіл аударған Баден мектебі (Фрайбург, Оңтүстік-батыс) және жаратылыс ғылымдарының логико-әдістемелік мәселелерімен айналысқан Марбург мектебіне бөледі.
Неокантшылдықтың Бадендік мектебі Вильгельм Виндельбанд (1948–1915 жж.) пен Генрих Риккерт (1863–1939 жж.) аттарымен байланысты. Негізінен гуманитарлы ғылымдар әдістемесіне қатысты сұрақтарды құрастырды.
Г.Риккерт пен В.Виндельбанд идеялары М.Вебердің түсіндіруші әлеуметтануына, қазіргі американдық әлеуметтік ойларға, тарихи ғылымдардың әдістемесінің жалпы эволюциясына үлкен ықпал жасады.
Толықтай он жылдықтарға әр түрлі мемлекеттер философтарының тартылыс орнына арналған марбургтық неокантшылдық мектептің негізін салған Марбург университетінің профессоры Гермен Коген болды. Марбург мектебінің өзекті тезисы бойынша ғылымда жасалған соңғы жылдардағы жаңалықтар және қазіргі ғылыми-зерттеу қызметтер сипаты адам зердесінің өмірдің барлық аумақтарындағы конструктивті ролін айқындады деген тезис.
Адамдағы зерде әлемді бейнелеймейді, керісінше, оны тудырады. Байланыссыз және хаостық болмысқа ол байланыс пен тұрақтылық кіргізеді. Оның көрнекі реттеуші әрекетінсіз әлем түкке тұрғысыз, қараңғы және үнсіз болмыс емеске айналады. Зерде адамның имманентті жарығы, ол қоршаған ортадағы заттар мен үрдістерге логика мен мән беріп отырады. «Тек ойлаудың өзі болмыс ретінде белгіленгенді тудыра алады» деген марбург мектебінің негізін салушы Герман Коген.
Неокантшылдықтың тарихи және белсенді-эвристикалық мағынасы оның қазіргі эпистемологияға, ғылым философиясына, әлеуметтік гуманитарлық білімдердің әдістемесіне, әлем философиясына, мәдениет философиясына елеулі үлесін қосты.
Ғылым философиясындағы позитивисттік дәстүр. Позитивизм - (лат. positivus – оң, жағымды) ХІХ-ХХғғ. рухани қызметтің басқа түрлерімен салыстырғандағы оң ғылыми білімнің құндылығын және тұрақтылығын ерекше атап көрсететін бағыт. Ол танымның эмпирикалық тәсілдерінің артықшылықтарын айқындап, барлық теоретикалық құрылыстарының кемшіліктерін көрсетеді. Өз дамуында позитивизм төрт кезеңді басынан кешіреді, дегенмен, философиялық ойдың бірегей бағыты жайлы айтуға мүмкіндік беретін негізгі ерекшеліктерін сақтап қалады.
Позитивизмнің негізін салған Огюст Конт (1798-1857 жж.) өзінің бағдарламалық «Позитивті философия курсы», «Позитивті философия рухы» атты еңбектерінде позитивизмнің негізгі қағидаларын құрастырды. Позитивизмнің алғашқы түрінің кредосы – прогресс және реттілік.
Бұл сипат ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы ғылыми ортада кең атаққа ие болған екінші позитивизмге де тән. Осы кезеңдегі позитивизм көшбасшысы австриялық физик және философ Эрнст Мах және швейцар философы Рихард Авенариус болды. Олар позитивизмге «махизм» немесе «эмпириокритицизм» деп аталған жаңа сипат берді. Бұл кезеңнің алғашқысынан ерекшелігі – философияның негізгі мақсаты – ғылыми білімнің барлығын қамтитын жүйесін құру емес, ғылыми білім теориясын жасауда.
Позитивизмге қызығушылықтың үшінші толқыны ХХ ғасырдың басында басталды. Осы кезде неопозитизм немесе логикалық позитивизм кең танымал болды. Оның айтарлықтай ерекшелігі позитивисттік философияның негізгі қағидаларын сақтай тұра философиялық мәселелерді қоюда және шешуде математикалық логиканың аппаратын кеңінен пайдаланды. Логикалық позитивизмнің атақты өкілдері: Бертран Рассел (1872–1970 жж.) , және «Логико-философиялық трактат» еңбегінің авторы Людвиг Витгенштейн және басқалары – ағылшын философы, логикы, математигы, әрбір философиялық мәселеге математикалық логика тәсілдер арқылы талдау тұрғысынан келу қажет деп санады.
Неопозитивизм әдістемесінің орнына философияда жаңа бағыт – постпозитивизм келеді. Ғылыми таным әдістемесі дамуындағы постпозитивисттік кезең Карл Поппер (1902–1994 гг.), Томас Кун (1922–1996 гг.), Имре Лакатос (1922–1974 гг.) секілді философтар еңбектерінде көрініс тапты. Постпозитивизм аумағында жасалған ғылым философиясы концепциясының көптүрлілігі көптеген жаңа мәселелерді туындатты. Оның нәтижесі ретінде ғылым құрылымы мен дамуын сипаттайтын жалпыға бірдей танылған теорияның дәрменсіздігін сезіну болды. Бұл мәселе позитивизм философиясындағы келесі кезең – постпозитивизмнің аяқталуына әсер етті.
Бүгінгі таңда постпозитивизм көп жағдайда өзінің бастапқы мағынасын жоғалтып алды. Бұл ғылым дамуының жалпыға бірдей теориясының жасалуының тығырыққа тірелгендігімен байланысты болды. Постпозитивизм көлеміндегі қарама-қайшы көзқарастар философиялық білімнің плюралисттік сипатта екенін тағы да бір рет көрсетті.
Постмодернизм және ғылым.ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында қалыптасқан классикалық емес ғылым плстклассикалық емес ғылыммен ауыстырылады. Жаңа заман ғылымы немесе классикалық ғылым деп аталып кеткен түбегейлі жаңа білім туындайды. Ол субъективтіліктің, гуманисттіліктің, өзіндік сынның басымдылығымен және объективтілік пен ақиқат секілді классикалық түсініктердің қайта қарастырылуымен сипатталады.
Ғылымилықтың классикалық түрінде ғылыми таным өлшемі бойынша зерттеуші көңілі субъектінің байланыстының барлығы элиминация бола тұра объект сипатына назар аударылады. Классикалық емес рационалдылық субъект пайдаланатын объект сипаты мен таным тәсілдерінің ара-қатынасын көңілге алады. Постклассикалық емес түр объект жайындағы білімді тек қана тәсілмен емес, сонымен қатар танушы субъекттің мақсаттық құрылғыларымен ұштастырады.
Постмодернизм және қазіргі ғылым корреляциясы мәселесін Ж.-Ф. Лиотар (1979) қойған еді. Қазіргі таңда верификацияланбаған, анықталмаған, толық емес постклассикалық емес ғылым мен постмодернизмнің принципиалды әдістемелік нұсқамасы арасында параллельдердің бар екендігі көзге анық.
«Модерндық» сонымен қатар, әлеуметтік әлемдік детерменизм, әмбебаптылық, нақтылық және дамудың бағыттылығы категорияларын біріктірді. Постмодернисттік әлеуметтік теория анықталмаған, біркелкі емес, көп нұсқасы бар категорияларын пайдалануда. Ол жерде әлемнің мәндік плюралисттік табиғаты мен оның шарасыздық салдары - адам өмірінің амбиваленттілігі және кездейсоқтығы арасында мәмілеге келу жүріп жатыр.
Синергетика постмодернизм идеяларына «табиғи ғылыми» легитимациясын беруде. Олардың жаңғырығы жаңа дүниетанымның қалыптасуына, танымның жаңа әдістемесінің тұрақталуына ықпалын тигізуде, бұл өз кезегінде классикалық тарихтың кезеңдік-линейлі үлгісінің қираюын жеделдетуде, оған деген жаңа принципиалды ашық, вариабельді, альтернативті, "таңдауды" мүмкін қажет ететін үрдіс ретіндегі жаңа бағдарды өндіруге әкелуде.