Философиялық антропология

Мақсаттары мен міндеттері: Адам және оның болмысы – философияның орталық мәселесі ретінде.

Жоспар:

1. Философия тарихында адам мәселесі. Антропосоциогенез теориясы.

2. Индивид түсінігі. Индивидуалдық және жеке тұлға.

3. Бостандық мәселесі. Бостандық адамның мәні мен құндылығы ретінде.

4. Өмір мәселесі. Өлім мен өлмейтіндік (бессмертие).

Әдебиеттер тізімі:

1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.

2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.

Ильенков Э.В. Диалектическая логика. М., 1984.

Алексеев П.В., Панин А.В. Философия. МГУ., 1997.

Диалектическая логика. В 3-х кн. А., 1987.

Ильин В.В. Теория познания. Введение. Общие проблемы., 1994.

Диалектика познания: компоненты, аспекты, уровни. Л., 1983.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Адам мәселесі сана мәселесі сияқты философиядағы ең күрделі, шешімін таппай келе жатқан, әрі шешімі табылмайтын мәселе.

Философиялық антропология– кең мағынада, - адам табиғаты мен мәні туралы ілім, ал тар мағынада – XX ғ. батыс философиясындағы ағым, - өкілдері – Шелер, Плесснер, Гелен, Ротхакер, Хенгстенберг, Портман, Ландман және т.б.

Антропология(грек., antropos – адам, логос – ілім) – адамның шығу тегі мен эволюциясы туралы ілім;

Антропогенез– адам қалыптасуының эволюциялық процесі;

Антропогенез– адам мен қоғамның шығу тегі;

Ғылыми антропологиямен айналысқандар – К.Линней, Ж.Ламарк, француз археологы Б.Де Перт; Ч.Дарвин 1871 ж. «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыптау» деген кітап жазды. Ч.Дарвиннің теориясын қолдаушылар Т.Хаксли, Э.Геккель – адамның шығу тегінің симиалдық(лат., simia – маймыл) теориясының негізін салды.

Шимпанзе мен адамның – 91% гені ұқсас, гиббонмен – 76%, макака – резус – 60%; Ал морфологиялық белгілерібойынша ұқсастық: горилла – 385, шимпанзе – 369, орангутанг – 359, гиббон – 117; Брахиация – ағашқа шығу мен өрлеу. Ғылымда Шығыс Африка – адамзаттың алғашқы отаны деген пікір бар.

Адам нәсілінің шығу тегінің екі гипотезасы:

· моногенетикалық гипотеза– адам нәсілі бір атадан шыққан, яғни Homo sapiens sapiens кезеңінде қалыптаса бастаған;

· полигенетикалық гипотеза– адам нәсілі әртүрлі, бір-бірімен байланысы жоқ, әртүрлі материктерде өмір сүрген маймылдан шыққан. Антропология адамның шығу тегінің, эволюциясының абиотикалық, биотикалық және әлеуметтік факторларын зерттейді.

Маймылдың адамға айналуын қамтамасыз еткен негізгі алғышарттарды гоминидтік триада, яғни – тік жүру, қол мен мидың дамуын құрайды.

Антропогенездің негізгі кезеңдері:

Кайнозой дәуірі (67 млн. жыл бұрын – қазіргі заман) бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

· Палеоген (67 млн. – 27 млн жыл бұрын): палеоцен (67 – 54 млн.), эоцен (54 – 38 млн.), олигоцен (38 – 27 млн. жыл бұрын);

· неоген (27 – 3 млн бұрын): миоцен (27 – 8 млн.), плиоцен (8 – 3 млн);

· ширектік (3 млн. бұрын – қазіргі заман): плейстоцен (3 млн – 20 мың жыл бұрын), голоцен (20 мың жыл – қазіргі заман).

Олигоцен дәуірінде (30 млн. жыл бұрын) ежелгі приматтар, ағаштық антропоморфтық маймылдар – дропиктер өмір сүрді.

Неоген дәуірінде рамапитектер (14 – 6 млн. жыл бұрын) Африка мен Үндістанда, кениапитектер (14 – 12 млн. жыл бұрын), австралопитек (лат., australis – оңтүстік, грек., pithekos – маймыл) – 9 – 2,5 млн. жыл бұрын өмір сүрді.

· Homo habiles – епті, шебер адам, 2 – 3 млн. жыл бұрын Олдувайлық шатқалда (Танзания) тіршілік етті. Homo habiles австралопитек пен архантроптың (питекантроп пен синантроп) аралығында тұрды;

· Homo erektus– тік жүретін адам, 1 млн жыл бұрын. Питекантроп (pithekos– маймыл, antropos – адам), синантроп (лат., Sina – Қытай). Бірлесіп аң аулау, отты пайдалану, дыбыс шығару, көмейдің жетілуі;

· Homo sapiens neаndertalensis –неандерталдық (1856 жылы – Алмандиядағы алқап) адам немесе палеантроп, 250 мың жыл бұрын. От, аңшылық, отырықшылдық, үңгірде өмір сүрген, теріні пайдаланған; тамақ әзірлей бастаған, 60 -қа жуық еңбек құралын пайдаланған;

· Homo sapiens sapiensнемес неантроп, саналы адам 150 – 100 мың жыл бұрын. 1868 ж. Франциядағы Кро-Маньон үңгірінде табылған – кроманьон – саналы адам. Кейінгі 40 мың жыл бойында адам миы құрылымдық жағынан өзгерген жоқ делінеді, оның көлемі – 1300 – 1400 см3;

· Homo faber- өндіргіш адам.

АДАМИ АДАМ

Философиялық әдебиетте адам баласының мынадай атаулары кездеседі: «саналы пенде», «саяси хайуан» (Аристотель), «табиғат мұраты», «өмір тұйығы», «өмірдің жалған адамы», «еңбек құралын жасаушы хайуан», «өзіндік санаға ие пенде», «моральдік және еркін пенде» және т.б.

Адам мәні, оның шығу тегі туралы негізгі көзқарастар:

- космоцентрлік (табиғат, Ғарыштан келген);

- теоцентрлік. Қасиетті Құран Кәрімнің «Мүминун» (23) сүресінде:

«Расында адамды нағыз балшықтан жараттық (23, 12); Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық (23, 13) Сосын тамшыны ұйыған қан жасадық. Ұйыған қанды кесек ет жасап, кесек етті сүйек жасадық та сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып жан салдық. Жаратушылардың шебері Ұлы Алла» («Мүминун», 23, 14 - аят);

· социоцентризм (әлеуметтік);

· антропоцентризм.

Адам мәні жөніндегі мәселеге философия тарихына үңілейік:

· антикалық дәуірде адам – микрокосм, «кіші дүние», жан мен тән бірлігі, макрокосм бейнесі;

· ортағасырлық христиандық көзқарас бойынша адам – Құдай бейнесі, адам дүниесі – ақыл, жүрек және ерік бірлігі;

· Ренессанс философиясында адам – гармониялық автономды, дербес тірі бүтіндік, бітімді пенде;

· Декарт. Адам – ақыл иесі. Тән – созылымды, жан ойлайды. Жанның айғақ мазмұны – сана. Ойлау – айқындық, сенімділік;

· Кант. Адам биологиялық тұрғыда – құбылыс, ал әдептілік (мораль) мағынада – «өзіндік зат». Адам трансценденталдылық пен мінез-құлық, әдептілік еркіндігінің бірлігі;

· Гегель. Адамның тарихилығы идеясы. Адам – жалпымәнділік рухты сақтаушы, мәдениет дүниесін жасаушы, рухани қызметтің субъекті;

· Маркс. Еңбек ету қызметі. «... адам мәні әрбір индивидке тән абстракт емес. Өзінің іс-әрекетінде, қызметінде адам – барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» (Шығар., т.3, 3-б.).

«Өмір философиясы» адам ерекшелігін өмір феноменінде қарастырады:

а) органикалық, биологиялық нұсқасы – Ницше, Бергсон;

ә) мәдени-тарихи нұсқасы – Дильтей, Шпенглер;

б) ойлаудан тыс адам қабілеті, сезімдері – Гаман, Якоби;

в) адам ерік иесі – Шопенгауэр;

г) адам интуиция иесі – Баадер, Бергсон;

д) адам бейсаналық құпиясы – Фрейд, Юнг.

- экзистенциализм. Адам – тіршілік, болмыс, уақыт, уайым, осы шақ, үрейді бастан кешіретін «өмір тұйығы»;

- феноменология. Адам – дүниелік; интенционалды, қайғы, уайымның сыртқы дүниеге бағытталуы. Э.Гуссерль.

- Кассирер. Адам – символдық (рәміздік) мәдениетті жасаушы. Адамның тілде, еңбекте, дінде манифестациясы.

- Шелер, Плесснер – «философиялық антропология», арнайы, жеке ғылымдар – биология, психология, әлеуметтану негізінде адам туралы «біртұтас, бір ұғым» қалыптастыру;

- Н.Бердяев.«Философиялық антропология ешбір мағынада, ешбір дәрежеде ғылыми антропологияға тәуелді емес; өйткені адам-табиғаттық объект емес, асқан табиғи субъект. Философиялық антропология дегеніміз бүтіндей табиғат дүниесінің шеңберін жарып шыққан адамның өзіндік санасы» («Шығар. мағынасы», М., 1989, 298 – б.)

Индивид(грек., атом, лат., индивидум – «бөлінбейтін») – кез келген жеке түрде алынған адам тегінің, әлеуметтік тұтастықтың,белгілі қоғам мен топтың өкілі. Ол жеке, дара ғана емес, сонымен бірге өз ана тілін білмейтін,тіпті менсінбейтін «көптің бірі», «әйтеуір жүрген біреу» болуы мүмкін. Индивид өзінің табиғаттан бөлінгеніне, адам болып жаратылғанына мәз, оны әлеуметтік мәселелер, ұлттық идея, ұлт тағдыры қызықтырмайды;

- Кісілік, даралық (орыс., индивидуальность) – адамның әлеуметтік маңызға ие қасиеттерді және осы сапа-қасиеттердің белгілі бір көріністерін бойына сініруі. Кісілік тек қана әртүрлі қабілетке ие емес, сонымен бірге олардың бейне бір тұтастығы болып табылады. Сонда оның бір қасиеті, бір қабілеті, дарындығы басқаларынан үстем болып тұрады; өзіндік, соны, талантты ерекшеліктері басым болады. Әр адамның таланттығы, сезімдері әртүрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу суреттен, біреудің поэзиядан, біреу белгілі қоғам қайраткері, біреу білікті маман және т.б. Бірақ табиғатынан ерекше болып жаратылған кісінің сөзі мен істеген ісі бір-біріне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Ол қатыгез, кінәмшіл, адамгершіліктен ада, «бұл өмірден бәрін алу керек деген психология», пара алатын, жеме-жемге келгенде ұлт мүддесімен де санаспайтын, кісімсінген кісі болуы мүмкін.

- Тұлға(персона, орыс., личность, "личина" - жүз, бет, қабақ) – алғашқы мағынада антикалық театрда актерлердің киетін бетперде, маскасын білдірді. Қазірге кезде «тұлға» термині өзінің мағынасын өзгертті.

Тұлға енді өзінің таңдаған рөлін ойнамайды.

Кісілікте біз оның өзіндік ерекшелігін, ал тұлғада біз бәрінен бұрын оның жауапкершілігін, өздігіншелігін, тәуелсіздігін бағалаймыз.

Біз кісілік жөнінде "әйгілі", "көрнекті", "дарынды" - дейміз, ал тұлға жөнінде – "мәрт", "күшті" , "тәуелсіз", "сегіз қырлы бір сырлы" - дейміз.

Индивид, кісі өзінің іс-әрекеті, жүріс-тұрысының себептерін, жауапкершілігін сезіне бастаса – ол тұлғаға шексіз жақындай береді. Тұлғада бізді оның іс-әрекеті, қылығы, өзіне қандай жауапкершілік жүктегені қызықтырады. Оның адамгершілігі, адал ниеттігі, ізгіліктігі, инабаттылығы, мақсаттылығы, сөзде тұратындығы, жауапкершілігі, ұлттық мүддені көзінің қарашығындай сақтауы, зиялылығы, мәрттігі – бірінші орынға қойылады.

Тұлғаның қалыптасуына әсер етуші факторлар:

· генетикалық тұқым қуалау;

· мәдени орта;

· өмір жағдайлары.

К.Маркс: «... жағдайлар адамдарды қалай жаратса, адамдар да жағдайларды солай жасайды» («Неміс идеологиясы»).

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:антропология, антропогенез, адам, тұлға, индивид,

Дәріс№ 15.

Леуметтік философия.

Оғам және табиғат.

Мақсаттары мен міндеттері: Әлеуметтік философияның негізгі концепцияларын анализдеу, олардың адам баласының қазiргi глобалдi мәселелерiнiң ұғынуындағы қоғам тіршілігінің табиғи шарттарының жиынтығы мәселесін қарастыру

Жоспар:

1. Әлеуметтік философияның түсінігі мен негізгі принциптері.

2. Қоғам өмірінің салалары. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

3. Философиялық ұғынудағы қоғам және табиғат. Биосфера және ноосфера түсінігі.

Әдебиеттер тізімі:

1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.

2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.

3. Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.

4. Ғ. Есім. Фалсафа тарихы. Алматы, 2004.

Философия природы: коэволюционная стратегия. М., 1995.

Концепция самоорганизации. М., 1994.

Хесле В. Философия и экология. М., 1994.

Моисеев Н.Н. Человек и ноосфера. М., 1990

Вернадский В.И. Философские мысли натуралиста. М., 1988.

Кохановский В.П. Основы философии. М. 2005.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Әлеуметтік сфера– еңбек бөлінісіне, өндіріс жабдықтарының меншігіне және ұлттық факторға негізделген қоғамның ішкі құрылысының жүйесі. Қоғамның әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері:

· таптар;

· страттар;

· қауымдастықтар;

· қала мен ауыл тұрғындары;

· дене және ой еңбегі өкілдері;

· әлеуметтік-демографиялық топтар (ерлер, әйелдер, қарттар, жастар);

· ұлттар.

Әлеуметтік институт– ұжымдардың, әлеуметтік нормалардың, мәдени жәдігерліктердің белгілі жиынтығы және оларға сәйкес тәртіп жүйесі.

Экономикалық-әлеуметтік институттар– еңбек бөлісі, меншік, еңбек ақысы, т.т.

Әлеуметтік стратификация(жіктеу), белгілері бойынша – білім, біліктілік, жұмысбастылық, кіріс, тұрмыстық шарты, өмір сүру стилі мен әдісі.

Питирим Сорокиннің страттары:

· биоәлеуметтік – а) нәсілдік, ә) жыныстық, б) жас шамасына қарай;

· мәдениәлеуметтік – а) шығу тегі, ә) территориясы, б) тіл, этникалық және ұлттық топтар, в) кәсіби, г) экономикалық, д) діни, е) саяси;

· әлеуметтік мобильдік(жинақылық) – адамдардың бір әлеуметтік топтан өзге әлеуметтік топқа өту мүмкіндігі (шаруаның – жұмысшы, жұмысшының – интеллигенцияға, интеллигенцияның – кәсіпкерге және т.б.).

Әлеуметтік мобильдік – қоғамның қалыпты өмір сүру бейнесі, оның нақты көрсеткіші. Қоғам неғұрлым дамыған, демократиялық болса, соғұрлым әлеуметтік мобильдік жоғары болады.

Батыстың әлеуметтік мобильдік қоғам түрлері:

· мобильдіктің жоғары деңгейіндегі елдер – АҚШ, Италия, Жапония;

· мобильдіктің орташа деңгейіндегі елдер – Канада, Ұлыбритания;

· мобильдіктің төменгі деңгейіндегі елдер – Голландия, Швейцария, Дания.

Азаматтық қоғам- әлеуметтік топтар бірігуінің ең жоғары деңгейі.

Қоғамның саяси сферасы- әлеуметтік топтардың мүддесін қорғайтын, қоғамды басқаратын ұжымдар мен ұйымдар жиынтығы.

Қоғамның саяси жүйесінің элементтері:

· мемлекет пен мемлекеттік органдар (армия, сот, прокуратура, т.т.);

· саяси партиялар;

· қоғамдық ұйымдар;

· кәсіподақ;

· өзге институттар.

Саяси өмірдің негізгі мәселесі – билік;

Мемлекеттің негізгі функциялары:

· өкілеттілік;

· реттегіштік;

· қорғау;

· сыртқы саясат;

· интеграциялық.

Қоғамның рухани өмірініңнегізгі элементтері:

· рухани қызмет;

· рухани құндылықтар;

· адамдардың рухани сұраныс, қажеттілігі;

· рухани тұтыну;

· жеке сана;

· қоғамдық сана.

Қоғамдық сана элементтері:

· әдеттегі және теориялық сана;

· қоғамдық идеология және психология;

· қоғамдық сана формалары.

Қоғамдық сана формалары:

· саясат;

· құқық;

· мораль;

· ғылым;

· дін.

Қоғамның басты құрамдас бөлігі(Ферсман, Плотников):

· антропосфера – биологиялық организм тұрғысындағы адами сфера;

· социосфера – күрделі қоғамдық қатынастар сферасы;

· биотехносфера – адам мен адамзатқа техниканың әсер ету сферасы.

Қоғам мен табиғат ара қатынасындағы негізгі мәселе:

· антропогендік әсер;

· техногендік әсер.

Табиғат– адам мен қоғамның табиғи тіршілік ету шарттарының жиынтығы.

Табиғат – кең мағынада алғанда, - адам жасамаған, қолы тимеген материя бөлігі немесе өзінің шексіз, алуан түрлі көріністерімен құбылатын универсум, бүкіл дүние, мәнділік.

Табиғат – тар мағынада алғанда, - таным, зерттеу объекті немесе жаратылыстану объектінің бірлігі;

Табиғи табиғаттық орта- өзінің дамуы мен тіршілік әрекеті процесіндегі қоғамның өзара әрекеттесетін табиғат бөлігі;

Жасанды табиғаттық орта– тарихи даму процесіндегі адам жасаған қоршаған орта бөлігі;

Жағрапиялық орта– адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоршаған ортаның сыртқы табиғат бөлігі;

«Жағрапиялық детерминизм»(XVIII ғ. француз ағартушылары, Ш.Монтескье, Г.Бокли, Э.Реклю) – қоғам даму заңдылықтары, адам баласының өмір сүру бейнесі жер бетінің сипатына, топыраққа, әсіресе климатқа байланысты; климат билігі – барлық биліктерден күшті деп қарастыратын көзқарас;

Карл Маркс: «Сыртқы табиғат жағдайлары экономикалық екі үлкен топқа бөлінеді:

- өмір сүру тәсілдерінің табиғи байлығы, демек, топырақ құнарлығы, балыққа бай өзендер мен көлдер, т.т. және

- еңбек ету тәсілдерінің табиғи байлығы: су құламасы, кеме жүретін сулар, орман, металл, көмір және т.б. (К.Маркс. Шығ., т.23, 521-б.).

Қоғам дамуының алғашқы кезеңдерінде табиғат байлықтарының бірінші тобы үлкен рөл ойнайды, ал XVIII ғ. бастап – екінші топ табиғат байлығы.

Күн– орта шамадағы жұлдыз, оның радиусы 700 мың км. Күнге – бес млрд. жыл. Күн 220 км\сек жылдамдықпен Галактика орталығын айналады, ал оны 250 млн. жылда бір айналып, орап шығады – бұл кезең галактикалық жыл деп аталады. Күннің жарығы миллиардтар жыл бойы өзгерген жоқ.

Барлық планеталар (Жер де) 4,6 млрд. жыл бұрын бір уақытта пайда болған. Планеталардың қалыптасуы 105 – 108 жыл аралығын қамтиды. Жалпы Күн жүйесінің құрылуы жөнінде қанағаттанарлық теория жоқ.

Геологиялық дәуірлер:

· катархей (4,6 -3,5 млрд. жыл бұрын);

· архей (3,5 млрд – 2,6 млрд жыл бұрын);

· протерозой (2,6 млрд – 570 млн жыл бұрын);

· палеозой (570 млн – 230 млн жыл бұрын);

· мезозой (230 млн – 67 млн жыл бұрын);

· кайнозой (67 млн – қазірге дейін).

Жердің құрамдас бөліктері:

· литосфера (грек., «тас қабығы») – Жер шарының жоғарғы қатты қабығы;

· атмосфера – Жердің газ-булық қабығы; Жерді ашық ғарыштан қорғайды; Жердің қызуы мен сууын бір қалыпты ұстайды; 80% - азот және 20% оттегі;

· гидросфера – литосфера мен атмосфера аралығындағы жердің су қабаты, ол Жер бетінің 70% алып жатыр.

· биосфера (грек., биос – «өмір») – «өмірмен толған Жер қабаты», организмдер мен тірі мәнділіктерден тұратын планеталық қабат, қабық. Ол барлық тіршілік иелері қызметінің нәтижесі. Терминді 1875 жылы австриялық ғалым Э.Зюсс қолданды. Биосфера атмосфера, литосфера, гидросфераның жоғарғы бөлігін қамтиды. Биосфераның жоғарғы шекарасы Жер бетінен 30 км, ал төменгі шекарасы – Жер бетінен 10 м төменде. Кейбір организмдер 11 км тереңдікте табылған. Жалпы өмір мына температуралық интервалда - 252°С → + 180 °С – болады.

Қазіргі таңда 500 мың өсімдік түрі, 1,5 млн жануарлар түрі белгілі.

Ноосфера(грек., нус – ақыл, парасат) – табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесу сферасы, яғни адамның ақыл-ой қызметінің ортасы, сферасы.

Бұл терминді ғылымға 1927 жылы француз ғалымы Э.Леруа енгізді.

Пьер Тейяр де Шарден – ноосфера – «мақсатталған сана»-адам ақылы мен жігері, бүкіл планетаны қамтитын трансформация – деді.

В.И. Вернадский, А.Л. Чижевский – ноосфера деп тек Жер бетіндегі емес, сонымен бірге ғарыштық құбылысты айтты. Адам – ноосфера бөлшегі ретінде – ғарыштық пенде. Ноосфера – тірінің, парасаттың және ғарыштықтың бірлігі.

§4. Экология(грек., ойкос – тұрақ, мекен, үй, логос – ілім) – адамның қоршаған ортамен байланысы және оның барлық тіршілік иелерінің алдындағы моральдік парызы туралы ілім. Бұл терминді 1886 жылы неміс биологы Э.Геккель пайдаланды.

К.Маркс: «... егер мәдениет саналы түрде дамымай, стихиялы дамыса, онда ол соңында шөл даланы қалдырады» (Шығ., т.32, 45-б.).

Ф.Энгельс: «... біз табиғаттағы жеңістерімізге қуана бермеуіміз керек. Біздің әрбір жеңісімізден табиғат кегін алып отырады» (Шығ., т.20, 495-б.).

Экологиялық мәселер:

· ауа бассейіні мен мұхиттарды ластау;

· орманды кесу нәтижесінде топырақ эрозиясы;

· хайуанат дүниесін қырып-жою;

· ауыз су, көптеген шикі зат қорының тапшылығы;

· адамның физикалық және психикалық денсаулығы мен тұқым қуалауына әсер ету;

· «адам - табиғат» экожүйесін сақтау;

· озонды сақтау, ол стратосферада – 10-50 км теңіз деңгейінен жоғары-табиғи фильтр функциясын орындайды.

Наши рекомендации