Еуразияшылдық жағрапиялық, тарихи және философиялық түсінік ретінде

Еуразия – Жер шарындағы халық ең көп тығыз қоныстанған құрлық (бүкіл халықтың ¾ -і ). Әсіресе, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік – Шығыс Азияда халық тығыз орналасқан. Муссондық Азияның кейбір аудандарында (Шығыс Бенгалияда және Ява аралында) 1 шақырым² жерге 1000-1500 адамнан келеді. Қиыр Солтүстік Азияда, тропиктік ормандар алып жатқан батпақты ойпаттарда, Орталық Азия және Батыс Азияның шөлді аудандарында, Орталық Азияның кей жерлерінде тұрақты халық жоқ.

Еуразия әлемдегі ежелгі мәдениет орталығы болып табылады. Атап айтқанда, Таяу Шығыстағы Қосөзен (Тигр, Ефрат), Жерорта теңізі жағалауы, сондай-ақ, Қытай мен Үндістан ежелгі мәдениеттері, грек-рим өркениеті т.б. Ұлы Қытай қорғанынан Орталық Еуропаға дейін созылып жатқан Ұлы Дала көшпенділер әлемі үстемдік құрып, Батыс пен Шығыс өркениеттерін өзара байланыстырып тұрды. Қазіргі кезде де Еуразия құрлығы суперконтинент болып есептеледі. Әлем халықтарының 4 млрд-тан астамы осында тұрады, әрі әлемдегі жетекші мемлекеттердің барлығы (АҚШ пен Канададан басқасы) осы құрылықта орналасқан.

2.Еуразиялық кеңістікте жатқан Қазақстан ежелгі уақыттан бері Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия өркениеттерінің арасын байланыстырушы буын қызметін атқарды. Нәтижесінде тарихи-мәдени байланыстың қазығы болды. Далалық өркениеттің «ортадағы» сипатта болғандығы да шындық. Түрік әлемі қытай, иран, славян, еуропалық мәдениеттермен өзара ықпалдасты.

Еуразия бастамасы – бұл ауқымды аймақтық жоба болғандықтан оның алғышарттарына ХХ ғасырдағы Еуропа, Азия, Америкада әзірленген аймақтық ықпалдасу жобасы кіреді. Қазақстан Президенті: «Бүгінгі әлемде аймақтық одақтардың неше түрі бар, олар сонысымен де мықты болып отыр» деген-ді. Еуразиялық жобаның маңызды халықаралық алғышарты Еуропалық Одақты қалыптастыру үдерісі екендігі де мәлім. Осы үлгі Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы үшін негіз болды.

Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасының жаңашылдығын айта отырып, оның интеллектуалдық алғышарттарын да көрсетуіміз қажет. Біріншіден, қазіргі еуразиялықтың интеллектуалдық алғышарттары 1920-шы жылдардан басталып, Ресейден Еуропаға қоныс аударған Н.С. Трубецкой, П.Н. Савицкий, Г.В. Вернадский, Э. Хара-Даван, К.А. Чхеидзе және өзге де ойшылдардың арасында қалыптасты. Олар өздерін «еуразиялықтармыз», ал идеяларын «еуразиялық» деп атаған. Бұл дегеніміз «еуропалық» және «азиялық» элементтерді жинақтайтын жаңа әлем жөніндегі түсінік. Алайда, өзінің ауқымды мәдени-танымдық кеңістігіне қарамастан, еуразиялық идея негізінен ресейлік мәселелер төңірегінде қалыптасты. Еуразиялықтардың идеялары кеңестік болмыстың талаптарына сай болу үшін өзгеруге тиіс еді.

Еуразиялық идея еуропоцентризмді, отарлау мен империализмді теріске шығарады. Сондықтан ХІХ-ХХ ғасырларда тарихқа мәдени-өркениеттік көзқарасты ұстанғандар қатарына Н.Я. Данилевский, О. Шпенглер, П. Сорокин, А. Тойнби секілді ойшылдарды жатқызамыз. Мәдениеттану тұрғысынан еуразиялық идея әлемнің өркениетті көпқырлылығын, яғни «өркениеттер қақтығысын» емес, сұхбат, ынтымақтастық қырынан көрсетеді. Қазіргі заманғы тарихшы Р.А. Медведев Шығыс пен Батыс «ешуақытта қосылмайды» деген Д.Р. Киплингтің сөзін бәрі біледі, бірақ та өзінің Еуразиялық жобасымен «Нұрсұлтан Назарбаев бұл тезистің қате екендігін көрсетті» деген.

1993 жылы мамырда Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» еңбегінде: Қазақстанға әлемнің назары ауып отырғандығындығы тілге тиек етіп, еліміздің географиялық жағдайын, этнодемографиялық және басқа дамуын ескере отырып, көп қырлы бағдар ұстану аса маңыздылығын тұжырымдаған еді. Сонымен бірге елбасы ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастық қарым – қатынасқа бірінші кезекте көңіл аударатындығын мәлімдеді. Кеңестік билік жүйесі ыдыраған кейін күрделі жағдай қалыптасты. Қазақстан қоғамына бірігу қажет болды. Еуразиялық идея сыртқы саяси, аймақтық бағытына қарамастан Қазақстан халқының іштей бірігуіне мүмкіндік туғызды. 1990-шы жылдың басындағы тарихи оқиғалар саяси ойлардың дамуына түрткі болды. Жаңа еуразиялық бастама заманға сай егеменді мемлекеттердің нығаюына, ынтымақтастықты қалыптастастыруға себеп болды.

Наши рекомендации