Диапазоны 430 мгц микроқуатты радиостанция.

УКВ оперативті сымсыз байланыс үшін авиационды жерлік структурада тасушы кішкентай шуылдан қорғалған антенналар қажет. Осындай антенналардың негізінде магнитті антенналарды қолдануымызға болады. Біз микросхемадағы схеманы таңдадық. ТХ5000 және RX5000 микросхемалары азқуатты рациялыр үшін ыңғайлы. Тіркелген жиілік диапазоны 430 МГц құрайды. Бұлардың біріншісі жібергіш болып табылады, ал екіншісі— қабылдағыш болып табылады. Және олар радиосызықтардың құрылуы үшінарналған. Жиілік диапазоны 433,92 МГц құрайды.

Алынған құрылғы аса жоғары емес арақашықтықта байланысты орнатуға көмектеседі. (жүз метрдей ) және авиационды жерлік қызметтерге қажет болып келеді.Рацияның схемасы 40—суретте көрсетілген.

диапазоны 430 мгц микроқуатты радиостанция. - student2.ru

40—Сурет. Микросхемадағы рацияның схемасы

Жіберілетін бөлігі DA1 ТХ5000 микросхемасында жиналған, сонымен қатар VT3 транзисторларында (жібергіштің шығыс каскады) және VT5 (микрофонды күшейткіш) жиналған. Амлитудалық модуляция алу үшін ТХ5000 микросхеманың шығыс қуатты түзету мүмкіндігі бар. Егер осы шығысқа микрофоннан немесе микрофон күшейткіштен 8 сигнал берсек, онда амплитудалық модуляция алуымызға болады.

Қабылдағыш бөлімінде RX5000 (DA2) микросхемасы қолданылады. Ол тікелей күшейткішті көрсетеді және беткі акустикалық толқындардағы жіңішке жолақты сүзгіштен тұрады. Ол AM және ИМ сигналдарын демодуляциялауға және бөліп алуға қабілетті, сонымен қатар сезімталдылық шегі 1...2 мкВ тең болады. Оны жоғарылату үшін шуылы аз болатын VT1 транзисторының кірісіне қосымша УЖЖ орнатылады.

VT2, VT4 транзистерлерінде АРУ қабылдағышының күшейткіштері жиналған. Кіріс сигналдың өсуі кезінде 5 микросхеманың шығысындағы кернеу жоғарылайды. Мәні 1,3... 1,5 В жеткен кезде VT2, VT4 транзисторлар ашылады және үшінші шығыстағы кернеу төмендейді. Сонымен қатар DA2 микросхемадағы күшейту коэффициенті төмендейді, және АМ сигналы өшусіз детектрленеді. Қабылдағыштың сезімталдығы 0,4 мкВ шамасында болады, ал оның өшусіз қабылдайтын кіріс сигналының максималды мәні — 20...30 мВ тең болады.

УЗЧ DA3 микросхемасында құрылған. Дауыс реттелуі R17 резисторы арқылы жүзеге асады, бұл резистор кернеу өшіргішпен араласқан резистор болып табылады. SA1 —"қабылдау—жіберу" қайтып қосқышы. Сонымен қатар оның антеннаны қабылдаушы шығыс ына қосатын SA1.1 контактісі (C1L1C2) қабылдағыш пен (C1L2C6) таратқыштың құрамына енеді. Құрылғыны екі гальваникалық элемен арқылы қоректендіреді. Бұл элементтердің жалпы кернеуі 3 В болып табылады. Ол 2,7...4 В арасындада жұмысқа қабілетті. Қабылдағыш пайдаланатын ток — 20 мА шамасында болады. Аз дауысты қабылдағышқа 12 мА көлемінде. Сонымен қатар УЗЧ 5...6 мА қолданады.

Монтаждың беткі қабатына арналған құрылымдық конденсаторлар және R10 — резисторлар СПЗ-19, айнымалы R17 — СПЗ-Зв резисторлар. Барлық катушкалар ПЭВ-2 0,3 желілерімен оралған. L1 және L2 сәйкесінше 3 және 4 орамдарына ие болып келеді. қайта қосқыш ПД19-2 арқылы қабылданған. CZ-036 электронды микрофоны үшін ұқсас және динамикалық аз габариттерді қолдануға болады. негізінен онығ кедергісі 50 Омға тең болуы керек. Ұяшық XW1 — кез—келген аз габаритті жоғары жиілік болып табылады. мысал ретінде қарастыратын болсақ SMA. Антенна негізі ретінде кабельдің белгілі бір бөлігін қолдануға болады. оның ұзындығы толқын ұзындығының ширегіне тең болуы керек.

Орам жібергіштен басталады. Оның шығысы қуаттың өлшеміне немесе вольтметрге қосылған. Ол сондай—ақ жүктемемен бірге қосылғын. L2 катушканың индуктивтілігін өзгерте отырып және С1, С2 конденсаторларының сыйымдылықтарын өзгертіп максималды шығыс қуатты аламыз. Құрылымды қайтадан бірнеше рет қайталау керек. Содан кейін антеннаны қосуға болады. Сосын қабылдағын құрылады. L1 және L4 катушкаларының индуктиктілігін өзгертіп, және С2 конденсатор сыйымдылығын өзгертіп максималды сезімталдылықты аламыз. Тәжірибеде С2 конденсаторының сыйымдылығы өте аз болғандықтан оны алып тастаған.

Орытынды

Дипломдық жұмыс авиациялық радиоэлектроника облысындағы техникалық әдебиеттер материалдары бойынша орындалды, жеке жағдайда магнитті рамалы антенналар бойынша және оларды түрлі аэродромдық байланыс жүйесінде қолдану.

Дипломдық жұмыста магнитті антенналар бойынша әдебиеттік анализ бен шолу жүргізілді және олардың жұмыстарының ерекшеліктеріне басқа антенналар түрлері мен типтерінен айырмашылығы көрсетіліп, салыстыру өткізілді. Магнитті антенналарды авиациялық байланыс жүйесінде пайдалануы бойынша теориялық материалдар зерттелді. Магнитті антеннанлар басқа типті антенналарға қарағанда сәйкес жиілікке сай кіші өлшемді және түрлі радиобөгетке жақсы қорғалғаны көрсетілген.

Жұмыста индуктивті, төменжиілікті локальді байланыс құрылғысы экспериментті тұрғыда жергілікті құрылымдарда пайдалану үшін магнитті рамалы антенналарды қолдану арқылы дайындалды, жобаланды және есептелді. Бізбен аэродромды құрылымдарда қолдану үшін екі микросхемада жоғары жиілікті, ықшамды рация схемасы ұсынылды.

Дебиеттер тізімі

1. Ted Hart, W5QJR. The Loop. Small high efficiency antennas.- Printed in the USA by Sage- American Co. ISBN 1-877992- 75-5

2.Карл Ротхаммель. Антенны. Том1, 2. Издательство: ЛАЙТ Лтд. 2007.Стр. 412

3. Григоров И. Н. Практические конструкции антенн. – М.: ДМК, 2000. ISBN 5- 89818- 061- 3

4. http://www.amaloop.com/

5. http://www.ciromaxxoni.com/

6. Бова Н.Т., Резников Г.Б. Антенны и устройства СВЧ.- Киев: Вища школа, 1982

7. Григоров И. Н. Антенны. Настройка и согласование. – М.: ИП РадиоСофт, 2002. ISBN 5- 93037- 087- 7

8. K. Patterson, “Down-to-Earth Army Antennas”, Electronics, August 21, 1967, pp. 11- 114.

9. И. В. Бекетов, И. Л. Зельдин, И. В. Пыж. КВ - антенны –3.- Харьков, 1994.

10. Виноградов Ю. Дисковая антенна в диапазоне 27 МГц // Радио № 2, 1997г., с. 70.

11. Rockey C. F. (W9SCH). The rockloop. G-QRP-C Antenna Handbook. – First edition. – 1992. – P. 132.

12. Григоров И. Н. Трансформаторное питание магнитных рамок //Радиоконструктор № 2, 2000г., с.15- 17.

13. Yuri Kazakevich, EW6BN. Hula - Hoop Magnetic Loop // Antentop № 1, 2003, pp.30- 32. http://www.antentop.bel.ru/

14. Григоров И. Н. Магнитная антенна с индуктивной настройкой //Радиоконструктор № 8, 2000г., с.9-10.

15. Григоров И. Н. Антенны на любительские диапазоны //Радиоконструктор № 5, 2000г., с. 4- 6.

16.Алексеенко А.Г. Основы микросхемотехники.- 3-е изд. перераб. и доп.- М.: ЮНИМЕДИАСТАЙЛ, 2002.- 448 с.: ил.

17.Гусев В.Г. Электроника и микропроцессорная техника: Учеб. Для вузов/ В.Г. Гусев, Ю.М. Гусев.- 3-е изд., перераб и доп.-М.: Высш. шк., 2004.- 790 с.: ил.

Наши рекомендации