Тақырыбы: Байланыс тізбегіндегі жоғары кернеу желілерінің магниттік қауіпті ықпалдарын есептеу әдісі
Тізбектің есептік бөлігінің өткізгіштерінің бір ұшындағы қауіпті кернеулер оны қарам-қарсы ұшта жерлестірген жағдайда қысқаша тұйықталу мен мәжбүр жүктемелік желінің жұмысының екі режимі үшін есептейді.
25кВ электрофикация жүйесі бойынша электрофикациялағанда қысқаша тұйықталу режимі үшін қауіпті кернеулерді төменде келтірілген формулалар бойынша есептеу керек.
Байланыс тізбегінің кабелді бөлігінің ұзындығы 40 км-ден кем болса, кез-келген ұзындықтағы ауалы тізбегі параллель жақындасқанда қауіпті кернеу:
мұндағы -ықпал етуші токтың бұрыштық жиілігі, рад/с;М- екі бір өткізгішті тізбектердің арасындағы өздік индуктивтілік (контактілік, қоректендіруші өткізгіштер, рельстер және байланыс өткізгіші және т.б),Гн/км; Iт- ықпал етуші ток, А ( қысқаша тұйықталу тогының шамасын тұтас подстанция аралық аймақ үшін берілген бөлікті электрофикациялау жобасынан алу керек);S-Sp рельстердің экрандаушы (қорғаныс) әсерлерінің қорытқы коэффициенті; Lэ- есептік бөліктегі жүктемелік желі мен байланыс желісінің жақындасу ұзындығы, км; nj бөлікпен күрделі жақындасу трассасында
мұндағы – (1) формулада келтірілген шамалар күрделі жақындасудың j–ші бөлігі үшін.
Жүктемелік иіннің ұзындығымен ұзындықтары сәйкес келмейтін байланыс тізбегі мен өткізгішті таратдың ықпалдарын анықтағанда есептік формулаларға жақындасу шарттарына сәйкес келетін және байланыс тізбектері мен өткізгішті тарту тізбектеріне максимал кернеулер туғызатын Iт1-Iт3 қысқаша тұйықталу токтарының мәндерін алу керек.
Қорғаныс әсердің қорытқы коэффициенті:
Жақындасудың параллель бөлігі үшін
күрделі жақындасудың j –ші бөлігі үшін
Сәйкес қорғаныс құрылғылары болмағанда олардың коэффициенттері бірге тең. Sp және Spj шамаларын кестелерден алу керек.
Егер кабелдік тізбектің бөлігінің ұзындығы 40 км-ден асса, қауіпті кернеу,В:
Формулалармен есептеулер жүргізгенде модулі жөнінен ең үлкен қауіпті кернеу дің мәнін жүктемелі желінің алынған бөлігін қоректендіретін екі жүктемелік подстанциядан қысқаша тұйықталу токтарының қисықтарын қолданып, сынау әдісімен жүргізеді. Бұл жағдайда есептеуді подстанцияның жұмыстық және резервтік трансформаторларын парллель жалғау үшін жүргізеді. Байланыс тізбегінің есептік бөлігінің ұшынан жүктемелі желінің сәйкес ықпал етуші бөлігінің ортасына дейінгі қашықтық, км;- байланыс желісінің есептік ұзындығы, км;
жақындасудың күрделі трассасында * бөлікпен
Мәжбүр режимде (2 сурет) 25 кВ электрофикация жүйесі жүктемелік желісінің жұмыс істеген жағдайы үшін қауіпті кернеулерді төменде келтірілген формулалармен жүргізу керек.
Егер кабелді тізбектің бөлігінің ұзындығы 40 км-ден кем болса, кез-келген ұзындықтағы ауалы тізбек үшін қауіпті кернеу, В:
Кф-электровоздрдың түзеткіш құрылғыларының жұмысына негізделген жүктемелі желінің тогының сиусоидалы болмауының салдарынан туындаған индукцияланған кернеудің артуын сипаттайтын коэффициент. Ауалы тізбектер және кабелдердің қабықшаларына ықпалдарды есептегенде Кф=1,15 деп, кабелді тарамшаларға ықпалды есептегенде Кф=1 деп алу керек,- эквивалент ықпал етуші ток, А.
25 кВ электрофикация желісінің жүктемелік желісінің байланыс желілеріне онда қысқаша тұйықталу кезінде ықпалдарды есептеу схемасы.
* бөлікті жақындасудың күрделі трассасында
Эквивалент ықпал етуші ток деп тармақшада индукциялайтын жақындасудың барлық бөлігіндегі жүктемлік желінінкі алынады.
Дәріс 6