Пәнаралық мемелекеттік емтихан сұрақтарының тізімі
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы
5В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығында білім алып жатқан
студенттерге қорытындылау мемелекеттік аттестациясын өткізу
және дайындық жасауы бойынша
ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Астана 2011
Авторлары: А.Б.Мирманов, А.Б.Алтайбаева,
К.Ж.Наурыз, С.Ю. Рябцунов;
Әдістемелік нұсқауда студенттерге мемлекеттік емтихан тапсыру үшін қажетті ұсыныстар мен бірегей талаптар келтірілген.
Әдістемелік нұсқау 5В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім алып жатқан студенттерге бакалавр академиялық дәрежесіне ие болуы үшін қажетті аттестациялық сынақтар келтірілген.
Пікір жазушы:
И.И.Тазабеков, т.ғ.д., профессор – С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының профессоры.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының отырысында (хаттама № 422.11. 2011 ж.) қаралды.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің энергетикалық факультетінің әдістемелік комиссия отырысында хаттама (№ 4 «_25_»_11_2011 ж.) қаралды.
© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2012 ж.
Мазмұны
1 Қолдану аясы................................................................................................4
2 Нормативті сілетемлер ………………………………………............……4
3 Жалпы ережелер ....…………………………………………………...…...4
4 Бітірушінің теориялық және практикалық білімдерінің мазмұны....…..4
4.1 Жалпы талаптар ….,.……………………………………………...5
4.1.1 Бітіруші келесі түрдегі кәсіптік аясын орындауға
дайын болуы қажет…………………………………………….……………..4
4.1.2 Бітіруші келесі түрдегі мәселелерді шешуге дайын
болуы қажет …………………………………………………………………6
4.1.3 Бітіруші білуі қажет:……………………………………….
4.2 Пәнаралық мемелекеттік емтихан сұрақтарының тізімі………
4.2.1 «Электроника және аналогты құрылғылар схемотехникасы»…
4.2.2 «Цифрлы құрылғылар мен микропроцессорлар»………………
4.2.3 «Сымсыз байланыс технологиясы»………….
4.2.4 «Цифрлы байланыс технологиясы»………………
4.3 Бағалау парағының элементтері…………………………………..
5 Мемлекеттік емтихандағы жауапты бағалаудың критерийлері………….
6 Мемлекеттік емтиханға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау............
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................
1 Қолдану аясы
Әдістемелік нұсқау 5В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім алып жатқан студенттерге бакалавр академиялық дәрежесіне ие болуы үшін қажетті мемлекеттік емтихан өткізу және оған дайындалудың жалпы талаптарын орнатады.
2 Нормативті сілетемлер
Аталған құжатта келесі стандарттар қолданылған:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылдың 23 желтоқсанында № 779 бұйрығымен бекітілген 3.08.345-2006 ҚР МЖБС Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыміндетті білім стандарттары;
- Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашасында бекітілген № 603 – ІІ ҚРЗ «Техникалық реттеулер жайындағы» заңы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 2 наурызында № 195санымен бекітілген жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің Типтік ережелері.
3 Жалпы ережелер
3.1 Берілген білім беру бағдарламасының қорытынды мемлекеттік аттестациясы деп бакалавр немесе маманның бағыты бойынша мемелекеттік емтиханын тапсыруын және бітірушінің дипломдық жұмысын жазып қорғауын түсінеміз.
3.2 Әдістемелік нұсқаудың мақсаты бағыттың (маманның) Мемлекеттік жалпыміндетті білім стандарттарында қарастырылған білім деңгейіне жетісу үшін пәнаралық мемлекеттік емтихандарына студенттердің өз бетінше дайындалуын басқару мен ұйымдастыру болып саналады.
3.3 Әдістемелік нұсқаудың басты мәселесі бітірушінің теориялық және практикалық маңызын сипатау; пәнаралық мемлекеттік емтихандарында қарастырылатын сұрақтар тізімі; бітірушінің емтихандағы кәсіптік қызметі деңгейіндегі дайындығын анықтау үшін берілетін жауаптарының талаптары.
4 Бітірушінің теориялық және практикалық білімдерінің мазмұны
4.1 Жалпы талаптар
4.1.1 Бітіруші келесі түрдегі кәсіптік аясын орындауға дайын болуы қажет
- өндірістік-технологиялық,
- жобалау,
- ғылыми-зерттеулік,
- ұйымдастырушылық-басқарушылық.
Қызмет аясының нақты түрлері жоғары оқу орындарында жасалған білім беру бағдарламаларымен анықталады.
4.1.2 Бітіруші келесі түрдегі мәселелерді шешуге дайын болуы қажет
а) өндірістік-технологиялыққызмет аясы:
- коммутация жүйелері мен байланыс желілерінің жұмыс жасауының сапасын, оптикалық байланыстың құралдарын, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарын, жылжымалы радиобайланыс жүйелерін бақылауды тиімді жүргізу және ұйымдастыру;
- коммутация жүйелері мен байланыс желілерінің құрылғыларына, электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелеріне, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарын, жылжымалы радиобайланыс жүйелеріне техникалық қызмет көрсету;
- байланыс желілерінің, жобалау кезіндегі өндірістік үрдістерді ұйымдастыру үшін есптеуіш техникалары құралдарының, электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелерінің, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарының, жылжымалы радиобайланыс жүйелерінің қорларын тиімді пайдалану;
- электр байланысы желілерін, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарын, жылжымалы радиобайланыс жүйелерін автоматты түрде басқару;
- байланыс құралдарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, жаңғырту, жетілдіру және электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелерін монтаждау мен құру;
- коммутация жүйелері, байланыс желілерінің және оларды құраушы элементеріне, электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелеріне, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарының, жылжымалы радиобайланыс жүйелерін мен оларды құраушы элементеріне стандартты және сертификатталған сынақтар жүргізу;
- байланыс жүйелері мен желілерінің, электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелерінің, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарының, жылжымалы радиобайланыс жүйелерінің параметрлерін өлшеудегі негізгі құралдарын метрологиялық тексеруді орындау;
- өндіріс орнының өнімділік қызметі үрдісіндегі қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік қауіпсіздігін, еңбекті қорғау бойынша шаралар ұйымдастыру;
б) жобалылық қызмет аясы:
- электр байланысының коммутациялық стансалары, тораптары мен жүйелерін, телекоммуникациялық желілердің түрлі бөлімдеріндегі оптикалық байланыс жолдарын, электр байланысының бағыттаушы жүйелерін ескергендегі көп арналы жүйелерін, радиобайланыс пен радиомен хабар тарату өндіріс орындарының стационарлы жүйелері мен құрылғыларын, жылжымалы радиобайланыстың жүйелері мен құрылғыларын жобалауды жасау;
- байланыс жүйелерінің блоктары мен жеке құрылғыларын жаңғырту мен жобалау, телекоммуникациялық жүйелеріндегі ақпараттарды қорғаудың бағдарламалық – математикалық және арнайы техникалық құрылғыларды ендіру және жобалау;
- жоба мақсатын, критерийлері мен мақсатының жетістктері көрсеткіштерін, мақсатты декомпозициялауды, басымды мақсаттарды анықтауды айқындау;
- мәселелерді шешудің жалпыланған варианттарын жасау, осы варианттарды бастапқы мәліметтерінің анық еместілігін және көп критерийлілігін ескере отырып талдау, оның салдарын болжау, мәселенің көп варианттылық жағдайында ымыралы шешімдерін табу;
- жаңа телекоммуникациялық технологиялық жобаларды ендіруді есепке ала отырып амалға асыруды жоспарлау;
- байланыс құралдарының практикалық қолданылуы мен оларды құрудың түрлі варианттарын салыстырмалы техникалық-экономикалық талдау;
- электр байланыс жүйелерінде қолданылатын техникалық сипаттамалардың, стандарттардың, техникалық жағдайларының жобаларын жасау.
- байланыс құралдарының жобалаумен байланысты болған техникалық ұсыныстарын, техникалық тапсырмаларын және басқа да құжаттарын экспертті бағалау жүргізу.
в) ғылыми-зерттеулік қызмет аясы:
- телекоммуникациялық желілердің, электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелерінің, оптикалық байланыс жүйелерінің, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарының, жылжымалы радиобайланыс жүйелері мен оларды құрайтын элементтердің құрылымдарын оптимизациялау, синтездеу және талдау әдістерін қолдану;
- байланыстың толық жүйелері мен жекеленген элементтерінің параметрлерін оптимизацялау мен зерттеу үрдісі уақытында физикалық және математикалық модельдеу әдістерін қолдану және жасау;
- телекоммуникациялық желілері мен оларды құраушы элементтердің, электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелерінің, есептеуіш техникасы құралдарын кең көлемде қолданылған стационарлы және мобильді радиобайланыс пен теледидары жүйелерінің параметрлерін өлшеу әдістерін жүргізуін, бағдарламасын және жоспаларын жасау;
- электр байланыс желілерінің басқа параметрлері мен жұмыс жасауы сапасының көрсеткіштерін, трафигін талдау және болжалдау;
- электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелерінің, стационарлы және мобильді радиобайланыс пен теледидарды хабарламалар жүйелерінің бір қатар басқа да параметрлерінің жұмыс жасауы сапасының көрсеткіштерін, дамуын талдау және болжалдау, телекоммуникациялық жүйелердегі ақпараттарды қорғау бойынша практикалық шешеімдердің ең тиімдісін таңдау мен табу мақсатында зерттеулер жүргізу;
- байланыстың перспективалы құралдарын құруда және зерттеулер барысында НИОКР-ларды жүргізуде қажетті құжаттарды жасау, телекоммуникация аймағындағы библиографиялық ізденулер мен патентті зерттеулер жүргізу және ұйымдастыру.
г) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет аясы:
- орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру, түрлі ой-пікірлерде ескергендегі ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдау;
- телекоммуникациялық желілердің, электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелерінің, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарының жұмысының сапасын басқару және техникалық бақылауын орындау;
- телекоммуникациялық желілердің, электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелерінің, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарының дамуының қысқа уақытты, сондай-ақ ұзақ мерзімді жобалауындағы (сапасы, сенімділігі, құны, ақпараттық қорғалғандығын, орындалу мерзімін) көп критерийлі шешімдерді қабылдау;
- телекоммуникациялық жүйелердегі ақпараттарды қорғау бойынша шаралардың инженерлі-техникалық және ұйымдастыру- шылығын қамтамасыз ету;
- телекоммуникациялық желілердің, электр байланысының көп арналы жүйелері мен бағыттаушы жүйелерінің, радиобайланыс пен теледидар және радиомен хабар тарату өндіріс орындарының жұмыс жасауын жобалаудағы өндірістік және өндірістік болмаған шығындарды бағалау; байланыстың жүйелері мен желілерінің дамуын жоспарлаудағы негізделшген техникалық-экономикалық шешімдер қабылдау;
- телекоммуникациялық қызметтер нарығында байланыс өндіріс орындарының қызметтік аясының рентабелділігін қамтамасыз ететін шараларды өткізу;
- телекоммуникация кадрларын дайындау мен қайта дайындау (тағылымдамадан өткізу), лайықты қызметтерге тағайындау, таңдау бойынша қажетті шаралар жүргізу;
Жоғарыда аталып өткен кәсіби мәселелерді шешу үшін инженер:
- жобалау; ақпараттық қызмет көрсету; өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару; метрологиялық қамтамасыз ету; техникалық бақылау бойынша ғылыми-техникалық қызмет аясы аймағында жұмыстарды орындайды;
- табиғи ресурстарды, энергиялар мен материалдарды пайдалы қоладануға мүмкіндік туғызу;
- әдістемелік және нормативті материалдарды, техникалық құжаттарды, сондай-ақ жасалынған жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар мен іс-шараларды жасап, жетілдіреді;
- техникалық-экономикалық талдау жүргізеді, қабылданушы және жүзеге асырылатын шешімдірді кешенді негіздейді, орындалатын жұмыстың циклін қысқарту мүмкіндіктерін анықтайды, оларды орындау үдірісін дайындауға көмектеседі, қажет болған техникалық мәліметтерімен, материалдарымен және құрылғыларымен қамтамасыз етеді;
- зерттеулерді жүзеге асыру бойынша жұмыстарға, жобалар мен бағдарламаларды жасауға, құрылғыларды сынау және оларды өндірісте қолданысқа жіберу үшін өткізілетін іс-шараларға, сонымен қатар техникалық құралдарды, жүйелер мен үрдістерді, материалдар мен құрылғыларды станрдартизациялау бойынша жұмыстар орындауға, түрлі техникалық құжатарды қарап шығуда және қажетті шолулар, пікірле, қорытындылар дайындауға қатысады;
- қажетті ақпаратарды, техникалық мәліметтерді, көрсеткіштері мен жұмыс нәтижелерін талдайды және үйренеді, оларды жалпыландырып бір жүйеге келтіреді, қазіргі заманға сай техникалық құралдарды қолдана отырып қажетті есептеулер жүргізеді;
- жұмыс кестесін, тапсырыстарды, сұранымдарды, нұсқауларды, түссініктеме жазбахаттарын, схемаларды және басқа да техникалық құжаттарды жасайды, сонымен қатар белгіленген формалар мен белгіленген мерзімде белгіленген есептерді тапсырады;
- жобалар мен бағдарламаларды, жоспарлар мен келісім шарттарды жасауда және жүзеге асыруда әдістемелік және практикалық көмек көрсетуі керек;
- техникалық құжаттардың сараптамасын жасайды, құрылғыларды пайдалану бойынша жіне оның жағдайына бақылау жүргізеді, қорларды анықтайды, жұмыстағы жетіспеушіліктер мен олқылықтар пайда болғанда олардың себеін анықтайды, осыларды жою бойынша және қолданудың тиімділігін артыру үшін шаралар қолданылады;
- бекітілген талаптарды, қазіргі кездегі нормалар, ережелер мен стандарттардың сақталуын қадағалау;
- жұмыскерлердің ғылыми-техникалық білімін арттыру бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;
- шығармашылық бастамаларды дамытуда, рационализациялауда, өнер тапқыштықта, отандық және шет елдік ғылымдардың, техниканың жетістіктерін ендіруде мүмкіншілік беру; кәсіпорынның, ұйымның, өндіріс орнынығ тиімді жұмысын қамтамасыз ететін алдыңғы сапты тәжірибелерді қолдану.
4.1.3 Бітіруші білуі қажет:
- қолдаылатын және жасалынатын техникалық құралдың, материалдардың және олардың қасиетінің конструктивті ерекшелігін, техникалық сипаттамасын, жұмыс үрдісін;
- орындалатын жұмыстың зерттеу әдісін, ережесі мен шартын;
- техникалық есептеулерді жүргізу әдістерін және зерттеулер мен жасаулардың экономикалық тиімділігін анықтауды;
- техникалық құжаттарға, материалдарға, бұйымдарға қойылатын негізгі талаптарды;
- орындалатын жұмысқа қатысты болған қаулылар, өкімдер, жоғарғы буын және басқа да ұйымдардың бұйрықтары, әдістемелік, нормативті және жетекші материалдарды;
- ғылым мен техниканың жетістіктерін, білім аймағында орындалатын жұмысқа сәйкес алдыңғы қатарлы және шет елдік тәжіибелерін;
- мекеме, ұйым, өндіріс орындары қызметтерінің ерекшелігі мен техникалық дамуының перспективаларын;
- экономика негіздері, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру;
- еңбек заңдылығының негіздерін, еңбекті қорғаудың ережелері мен нормаларын, өндірістік санитария мен өрттен қорғаушылықтың техникалық қауіпсіздігін.
Пәнаралық мемелекеттік емтихан сұрақтарының тізімі
4.2.1 «Электроника және аналогты құрылғылар схемотехникасы»
1. Жартылай өткізгішті диод. Жартылай өткізгішті диодтардың негізгі параметрлері мен сипаттамасы. Олардың қандай түрлері бар. Қолдану аясы.
2. Жартылай өткізгішті тиристорлар. Динисторлардың қосылу шарты мен структуралы схемасы. Тиристорлардың негізге параметрлері мен сипаттамалары.
3. Туннельді эффект. Түзеткіш диоды мен салыстырғандағы туннельді диодтың структуралы схемасының ерекшелігі. Түзеткіш және туннельді диодтың ВАС айырмашылығы. ТД ВАС-ындағы жұмыс аймағы. ТД негізгі параметрлері.
4. Биполярлы транзистор. Биполярлы транзисторлардың қосылу схемалары. БТ жалпы эмиттер бойынша жалғану схемасы. Осы схема үшін кірмелі және шықпалы ВАС-ы мен h-параметрлерін келтіріңіз.
5. Биполярлы транзистор. Биполярлы транзистордың жұмыс істеу принципі мен жұмыс режимдері. Транзистордағы токтар.
6. Өрістік транзисторлар. Өрістік транзисторлардың түрлері. МОЖ-транзисторлардың қондырылған және индукцияланған арналы өрістік транзисторлардан айцырмашылығы. ӨТ-лардың негізгі параметрлері мен сипаттамалары.
7. Фотоэлектронды құрылғылар. Фотодиодтардың жұмыс істеу принципі, негізгі параметрлері мен сипаттамалары.
8. Оптоэлектронды құрылғылар. Оптрондар, негізгі параметрлері мен сипаттамалары.
9. Күшейткіштердің негізгі параметрлері мен сипаттамалары. Күшейтілуші сигналдың сипаттамасы мен атқаратын қызметіне қарай классификациясы.
10. Күшейткіштердегі кері байланыс. Кернеудің берілуі мен күшейткіштердің қосылу түрлері бойынша классификациясы.
11. Алдын-ала, аралық және соңғы күшейту каскадтарының атқаратын қызметі.
12. Тұрақты ток күшейткіштері. Нольдік дрейфі, олардың пайда болу себептері мен жою әдістері. Келтірілген схеманың жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
13. Қандай логикалық элементтің структуралы схемасы келтірілген. Жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз. Сонымен қатар бұл элементтің белгіленуін, ақиқаттық кестесін, уақыт диаграммасын келтіріңіз.
14. Қандай логикалық элементтің структуралы схемасы келтірілген. Жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз. Сонымен қатар бұл элементтің белгіленуін, ақиқаттық кестесін, уақыт диаграммасын келтіріңіз.
15. Операциялық күшейткіш. Инверторлы ОК. Инверторлы ОК-ің күшейту коэффициентін, структуралы схемасы мен беріліс сипаттамасын келтіріңіз.
16. Операциялық күшейткіш. Инверторсыз ОК. Инверторсыз ОК-ің күшейту коэффициентін, структуралы схемасы мен беріліс сипаттамасын келтіріңіз.
17. Егер R1 кедергісін С конденсаторымен ауыстырсақ қандай ОК пайда болады. Егер R2 кедергісін С конденсаторымен ауыстырсақ қандай ОК пайда болады. Шықпалы сигналдың пішіні мен амплитудасы қалай өзгереді.
18. Суретте қандай схема келтірілген. RЭ және СЭ элементтерінің атқаратын қызметі қандай. Егер Rк =500 Ом, Ек =10 В болса жүктеме сызығының теңдеуін жазыңыз, шықпалы ВАС-ында жүктем сызығын тұзіп, тыныштық ніктесін анықтаңыз. (Шықпалы ВАС топтамасын еркін түрде алыңыз).
19. Суретте қандай схема келтірілген. +Еқорек к
Схемадағы диодтардың атқаратын R1
қызметі қандай. Схеманың пайдалы T1
әсер коэффициенті h-ні анықтаңыз. D1
D2
T2 Rн
Uкір R2
- Еқорек к
20. Берілген схема қандай операциялық амалды орындайды. Келтірілген схема үшін ақиқаттық кестесі мен соңғы формуласын жазыңыз.
21. Актив сүзгілер. АС негізгі сипаттамалары. АС-лердің ампитудалық жиіліктік сипаттамасы (АЖС) бойынша классификациясы.
22. Біртактылы қуат күшейткішінің схемасын келтіріп, оның жұмыс істеу приципін түсіндіріңіз.
23. Жартылай өткізгішті, гибридті интегралды микросхемалардың дегенде неі түсінесіз. Оларды негізгі параметрлері қандай?
24. Биполярлы транзисторлардың қандай қосылу схемасы (ЖЭ, ЖБ, ЖК) қуат бойынша жоғары күшейту коэффициентіне ие болады. БТ жалпы база бойынша жалғану схемасы. Осы схема үшін кірмелі және шықпалы ВАС-ы мен h-параметрлерін келтіріңіз.
25. Жалпы эмиттер бойынша жалғанған биполяр транзистордыңкірмелі және шықпалы сипаттамасы негізінде графикалық талдау жолымен KI ток, KU кернеу, KP қуат бойынша күшейту коэффициенттерін, Rкір кірмелі кедергісін және Pпайд жүктемедегі пайдалы қуатты, PK коллекторда шашылу қуатын, Ржұмс жұмсалатын қуатты, сондай-ақ h ПӘК- ін анықтаңыз. Транзистор коллекторының ЭҚК ЕК = 15 В, жүктеме кедергісі RЖ = 500 Ом, база тізбеігінің тұрақты тогы IБ0 = 350 мкА, база тогының айнымалы құраушысының амплитудасы IБМ = 150 мкА- ге тең.
26. Өрістік транзистордың құйма-бастау арасындағы кернеуі UҚБ0=6В, тиек- бастау арасындағы кернеуі UТБ0 = 4 В. Транзистордың шықпалы сипаттамасы негізінде құйма-бастау кернеуінің берілен мәні үшін беріліс сипаттамасын түзіңіз және осы сипаттамалары бойынша дифференциал кедергісі мен транзис тордың тіктігін анықтаңыз
27. Суретте қандай схема келтірілген. Осы схемадағы R1 = R2 = 5 Ом, кері байланыс кедергісі RКБ = 20 Ом және кірмелі кедергісі 5 В болса, шықпалы кернеуінің мәнін анықтаңыз.
28. Суретте қандай схема келтірілген. Осы схемадағы R1 = 2 Ом, кері байланыс кедергісі RКБ = 20 Ом болғанда кернеу бойынша күшейту коэффициентін анықтаңыз.
RЭ Т 29. Берлген схема үшін транзистордың
тұрақты ток бойынша жұмыс
UЭБ UКБ режимін анықтаңыз. Мұнда
ЕЭ ЕЭ = - 5 В; UЭБ = 0,7 В; RК = 6 кОм;
RК RЭ = 2 кОм; ЕК = 15 В. Транзистор-
дың беріліс коэффициенті a = 0,99,
ЕК оның кері тогы ескерілмейді.
Тізбектің эмиттер тогын, коллек-
тор тогын және коллектор-база
арасындағы кернеуді анықтаңыз.
30. Берілген схема қандай амалды орындайды. Келтірілген схема үшін ақиқаттық кестесін түзіңіз және соңғы формуласын жазыңыз.
4.2.2 «Цифрлы құрылғылар мен микропроцессорлар»
1. Логикалық элементтер туралы жалпы түсінік, ТЕРІСТЕУ, ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ логикалық элементтерінің схемасын сызып, ақиқат кестесімен функцияларын көрсетіңіз.
2.
Жоғарыда көрсетілген Карно картасына негізделіп логикалық функцияны дизъюнктивті қалыпты формаға (ДҚФ) келтіріп, ЖӘНЕ-ТЕРІСТЕУ базисіне ықшамдаңыз.
3.
Жоғарыда көрсетілген Карно картасына негізделіп дизъюнктивті қалыпты формаға (ДҚФ) келтіріп функцияны НЕМЕСЕ-ТЕРІСТЕУ базисіне ықшамдаңыз.
4. Мультиплексордың жұмыс істеу принципін түсіндіріп, графикалық шартты белгісін көрсетіңіз.
5. Демультиплексордың жұмыс істеу принципін түсіндіріп, графикалық шартты белгісін көрсетіңіз.
6. Шифратордың жұмыс істеу принципін түсіндіріп, графикалық шартты белгісін көрсетіңіз.
7. Дешифратордың жұмыс істеу принципін түсіндіріп, графикалық шартты белгісін көрсетіңіз.
8.
Жоғарыдағы суреттегі синхронды RS триггердің жұмыс істеу режимін түсіндіріп, шығысы Q-дың мәнін уақыт бойынша диаграммасында көрсетіңіз.
9.
Жоғарыдағы суреттегі Ассинхронды RS триггердің жұмыс істеу режимін түсіндіріп, шығысы Q-дың мәнін уақыт бойынша диаграммасында көрсетіңіз.
10. Динамикалық D триггердің графикалық шартты белгісін және уақыт бойынша диаграммасын сызып, түсіндіріңіз.
11. Статикалық D триггердің графикалық шартты белгісін және уақыт бойынша диаграммасын сызып, түсіндіріңіз.
12. JK триггердің графикалық шартты белгісін және уақыт бойынша диаграммасын сызып, түсіндіріңіз.
13.
Жоғарыдағы схемаға бойынша функциясын дизъюнктивті қалыпты формаға (ДҚФ) келтіріп, функцияны НЕМЕСЕ-ТЕРІСТЕУ базисіне ықшамдаңыз.
14.
Жоғарыдағы схемаға бойынша функцияны конъюнктивті қалыпты формаға (КҚФ) келтіріп, функцияны ЖӘНЕ-ТЕРІСТЕУ базисіне ықшамдаңыз.
15. функциясын дизъюнктивті қалыпты формаға (ДҚФ) келтіріп, функцияны НЕМЕСЕ-ТЕРІСТЕУ базисіне ықшамдаңыз.
16. функциясын конъюнктивті қалыпты формаға (КҚФ) келтіріп, функцияны ЖӘНЕ-ТЕРІСТЕУ базисіне ықшамдаңыз.
17. функциясын дизъюнктивті қалыпты формаға (ДҚФ) келтіріп, функцияны НЕМЕСЕ-ТЕРІСТЕУ базисіне ықшамдаңыз.
18. функциясын конъюнктивті қалыпты формаға (КҚФ) келтіріп, функцияны ЖӘНЕ-ТЕРІСТЕУ базисіне ықшамдаңыз.
19. Регистірдің жұмыс істеу принципін және графикалық шартты белгісін сызып түсіндіріңіз.
20. Паралельді регистрлерді және регистрлердегі логикалық операциялардың орындалуын түсіндіріңіз.
21. Есептегіштің(счётчик) жұмыс істеу принципін және графикалық шартты белгісін түсіндіріңіз.
22. Цифрлық құрылғыларда кездесетін есептегіштің(счётчик) негізгі параметрлерін түсіндіріңіз.
23.
Жоғарыдағы әмбебап JK-триггерінің логикалық схемасына негізделіп, уақыт бойынша диаграмманы сызып, түсіндіріңіз.
24. Интегралдық микросхеманың КМОП және ТТЛ серияларын салыстырып, арифметикалық-логикалық құрылғының жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
25. Аналогтық-цифрлық түрлендіргіштер мен цифрлық-аналогтық түрлендіргіштерді түсіндіріңіз.
26. Арифметикалық-логикалық құрылғылардағы экспоненциалдық, логарифмдік және аналогты цифрлы түрлендіргіштердің атқаратын міндетін атап көрсетіңіз.
27. Микропроцессорлық жүйенің құрылысымен негізгі блоктары түсіндіріңіз.
28. Микропроцессорлық жүйелердің интерфейсінің анықтамасын және функцияларын түсіндіріңіз.
29. Микропроцессорлық жүйедегі ақпаратты енгізу-шығару құрылғысы мен мкроконтроллердегі сигналды енгізу-шығару құрылғысын салыстырып түсіндіріңіз.
30. Тұрақты есте сақтау құрылғысы мен оперативті есте сақтау құрылғысының жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
4.2.3 «Сымсыз байланыс технологиясы»
1. Көпарналары қолжеткізім әдістеріндегі арналарды бөлудің жиілік және уақыт бойынша бөлу принциптері. Олардың ерекшеліктері және қолдану аясы. АС-ға уақыт бойынша арналарды ұйымдастырудағы кадрді түзу туралы түсінік және БС-ға кадрлерді түзуден түсінік.
2. Арналарлы кодалау бойынша бөлу принципі, оның ерекшелігі және қолдану саласы. CDMA принципін қолданатын сымсыз байланыс стандарттары және қолданатын жиіліктік ауқымы.
3. Кеңжолақты сигналдарды қолдану және әртүрлі қолжетімдерді (жиіліктік, уақыттық, кодалау бойынша) салыстыру.
4. GSM-1800 стандартты жылжымалы радиобайланысының Uplink бағытындағы антенді-фидерлі күре жолында қолданатын коаксиальды кабельдің (РК) екіншілік параметрін анықтаңыз. Берілгені: , , D=1,5 мм, , , Изоляция типі-тұтас полиэтиленді; сым түрі-мыс, , .
5. Сымсыз байланыс жүйелерін құрудың техникалық концепциясы туралы түсініктер. Абоненттік, базалық және базалық станциялар аралығында байланыс жолдарын ұйымдастыру. Радиосигналдардың қалалық және басқа да жерлерде таратлу ерекшеліктері.
6. Сымсыз байланыс жүйелерін құрудың техникалық концепциясы туралы түсініктер. Сигналдың тез және баяу тынуы. Сигналды тарату ортасының сипатына сәйкес қабылданатын сигнал қуатының медиандық мәнінің статикалық таралымы (ұялы байланыс мысалында).
7. Сымсыз байланыс жүйелерін құрудың техникалық концепциясы туралы түсініктер. Сигнал қуатының мәнін статикалық тарату. Сенімді қабылдау аумағының радиусын анықтау (ұялы байланыс мысалында).
8. Сымсыз байланыс жүйелерін құрудың техникалық концепциясы туралы түсініктер. Трасса ұзындығына байланысты медианалық қуатты анықтаудың эмпирикалық формуласы. Көп сәулелі тарауға байланысты тынулар ескерілетін радиосигналдардың моделі.
9. Желіде ұяшықтар жазықтыққа алшақтатылған (шарт бойынша 3R қашықтықтан кем болмауы тиіс). 2-ші шарт бойынша С\I 12 дБ кем болмауы тиіс (желіде 6 ұяшық бірдей жиілікте болуы үмкін). Төменде көрсетілген мәндерді пайдаланып С\I табыңыз: , , , (ашық жерде),
10.Арналарды ұйымдастырудың аналогты ұялы байланыс жүйелері (AMPS, NMT-450 стандарты). Оларды цифрлы ұялы байланыс жүйелерімен салыстыру.
11.DECT стандартты сымсыз байланыс жүйесі. Осы стандарт қолданатын жиілік ауқымы. Ерекшеліктері мен қолданылатын саласы.
12. Ұялы байланыс жүйелері, оның құрылымы, жұмыс істеу принципі, стандарттары. Ұялы байланыс жүйесіндегі абоненттік сыйымдылықты көтеру жолдары. Шақыруларға қызмет көрсету, эстафеталы тарату және роуминг сұрақтары.
13.Әртүрлі ұрпақты жылжымалы байланыс жүйелері. Олардың негізгі сипаттамалары бойынша салыстыру. Жылжымалы мобильді жүйелердің даму перспективалары. Әртүрлі өндіруші фирмалар мен ғылыми-зерттеу институттары ұсынған жылжымалы байланыс жүйелері саласындағы техникалық ұсыныстар
14.Желіде болуы мүмкін радиостанциялар санын анықтаңыз, берілгендері: , , жиілік интервалы (АМ-қолданыста)- 30%.
15.СБ жүйесі классификациясы. Оларға бөлінген жиілік ауқымы. Жеке және кәсіптік жылжымалы байланыс жиілік ауқымы. Сымсыз телефон туралы түсінік.
16. Транкингтік байланыс жүйелері. Орталықтандырылған және тарамдалған басқару қолданылатын транкингтік басқару жүйесі. Цифрлы транкингтік жүйелер. Оларға бөлінген жиілік ауқымы.
17. Дербес радиошақыру жүйелері (пейджингтік жүйелер). Репитерлер. Оларға бөлінген жиілік ауқымы. Пейджингтік жүйелердің әлемдегі қазіргі таңдағы ролі.
18. Радиальды және ұялы желілер, олардың ерекшіліктері, салыстыру. Макроұялы және микроұялы құрылымды желілер туралы түсініктер. Станциялар түрі: орталық, базалық, абоненттік. Олардың қызметі, ерекшеліктері. Оларға бөлінген жиілік ауқымы.
19. GSM стандартты ұялы байланыс жүйесінің байланысты ұйымдастырудың функциональды сұлбасын (барлық элементтерін көрсетіп SS, BSS, MMC, OMC) келесі мағұлматтарды қолданып көрсетіңіз:
- Жалпы қолданыстағы телефон желісі (ЖҚТЖ)-2
- Ұялы байланыс желісі-3
- Сонымен қатар екі абонент арасындағы байланысты ұйымдастыру принципін (желі ішінде, ЖҚТЖ-не шығу, басқа ұялы оператор желісіне шығу) түсіндіріңіз.
20. Ұялы байланысты жоспарлау аспектрлері. Ұялы байланыс жүйелеріндегі жиілік жоспары. Территориялық жоспарлау мен кластер жөнінен түсініктер.
21. Жылжымалы байланыстың коммутация орталығы. Басқару және жұмысқа пайдалану орталығы. Жалпы қолданыстағы телекоммуникациялық желіге абоненттің қосылуы (ұялы байланыс мысалында).
22. Жылжымалы ұялы радиобайланыс желілерінің жұмыс істеу ерекшелігі: абоненттің аутентификациясы, қозғалыстағы абонентті базалық станциялардың беруі, абоненттің және байланыстың құпиялығын қамтамасыз ету, жылжымалы радиобайланыстың қызмет түрлері.
23. Дербес жүйе мен желілердің құрылымы ерекшеліктері. Қызметтерді ұйымдастыру. Оларға бөлінген жиілік ауқымы.
24. 26. PGSM-900 стандартты жылжымалы радиобайланысының Uplink бағытындағы антенді-фидерлі күре жолында қолданатын коаксиальды кабельдің (РК) біріншілік параметрін анықтаңыз. Берілгені: , , , , , Сым (өткізгіш) түрі-мыс; оқшаулағыш түрі-полиэтиленді тұтас, , .
25. Сымсыз байланыстың оптикалық жүйелері. Ерекшеліктері және оларды басқа сымсыз байланыс түрлерімен салыстыру. Сымсыз оптикалық жүйелердің түрлері. Оларға бөлінген жиілік ауқымы.
26. Лазерлік және инфрақызыл сымсыз жүйелері. Екі өлшемді оптикалық сигнал, оның ақпараттық құрылымы. Оптикалық жүйелер (линза, айна, призма) көмегімен жарықтық өрістерді түрлендіру. Оптикалық және радиобайланыс жүйелеріндегі сигналдарды өңдеу және түзу құрылғылар.
27. Сигналдық жолдар мен тармақтарды алшақтатуды ұйымдастыру әдістері: жазықтық, бұрыштық, поляризациялы, жиіліктік, уақыттық. Алшақтату арқылы қабылдауды ұйымдастырудағы коммутация және комбинациялау әдістері. Сигналдың сипаттамасын жақсарту-тасымалдаушы/шуылдар, шуылдар/тасымалдаушы. Бөгеулерге қарсылықты жақсарту.
28. Спектрі кеңейтілген жүйелер. Оларды құрудың негізгі концепциясы. Псевдокездейсоқ тізбектелген негізді тікелей спектрлі кеңейтілген жүйелер. Жұмыс жиілігін қайта түзетудің баяу және тез жүйелері. Спектрі кеңейтілген жүйелерді синхрондау.
29. Желіде болуы мүмкін радиостанциялар санын анықтаңыз, берілгендері: , , АМ-ғы жиілік арасындағы интервал 20%.
30. Сымсыз локальды желілер. Олардың даму перспективалары. HIPERLAN және IEEE 802.11 кең жолақты қолжеткізім ұйымдастырудағы қолданылатын стандарттардың түрлері. Желінің радиотарату және қызмет сапасын қолдау функциялары. Инфрақызыл ауқымдағы тарату әдістері, жиілікті секірту әдістері, арналарды «жабу» әдістері. Локальды желіге қосылу. Олардың жиіліктік ауқымы.
4.2.4 «Цифрлы байланыс технологиясы»
1. Амплитудалық, жиілікті және фазалық модуляциялар№
2. Хэмминг Кодтары. Бірлік және екілік кодтарының қателігін Хэмминг кодтарын құру әдістері бойынша табу. Кодтық және декодтықты іске асыру. Түзеткіш қасиеттері.
Хемминг кодын тұрғызу (7.4)
а. Қателерді жөндеуші кодер мен денодердің құрылымдық сұлбасын сызыңыз.
ә. Берілген 1011 кодалық комбинациясына тексеру кодын анықтаңыз.
б. Қабылданған кодалық комбинацияның төртінші элементінде жіберілген қатені түзеңіз
3. Көпорынды (многопозиционная) модуляция: nФМ, квадратты амплитудалы модуляция (КАМ) және амплитудалы – фазалық модуляция (АФМ).
4. Итеративті кодтар түсінігі. Жолдар мен бағандарды жұптыққа тексеретін блокті итеративті код. Каскадты кодтар.
5. Түсініктерін анықтау: поэлементті синхронизация, топтық және циклдық синхронизация. Поэлементті синхронизацияның жұмыс істеу принципі және құрылғылары. Синхронизация элементі бойынша жұмыс істеу принципі және тұықталу құрылғылары. Синхронизация жүйелерінің негізгі параметрлері.
6. Рұқсат етілген және рұқсат етілмеген комбинациялар. Кодтардың классификациясы. Кодтардың негізгі сипаттамасы. Түзеткіш қабілеті. Артықшылығы. Минимал кодтық арақашықтарының түсінігі. Хэммингтің шекарасы.
7. Берілген полином Р(х) = x3+х+1 бойынша циклдық кодалаудың кодерінің құрылымдық сұлбасын сызыңыз. Кодалау үрдісін түсіндіріңіз. 1011 кодалық комбинациясына тексеру кодын табыңыз.
8. Цифрлық модуляцияның әдістері. Амплитудалық, жиілікті және фазалық манипуляция.
9. Циклдық кодтар. Қатені табу принципі. Туғызатын полиномның тандуы.
10. Циклдық кодты құру әдістері. Кодтаушы және декодтаушы құрылғының құрылымдық сұлбасы
11. Арналық кодтау. Орама кодтар. Витерди алгоритмі. Қатты және жұмсақ декодтау.
12. (7.4) кодын табатын. Туындылы Р(х) = x3+х+1 денодердіңқұрылымдық сұлбасын анықтаңыз. Оның жұмыс істеу принципін анықтаныз. Қабылданған кодалық комбинацияның түрі G(x)=x6+x5+x3.
13. Кері байланысты жүйенің сипаттамасы және оның ерекшеліктері. Ақпараттық кері байланысты жүйенің құрылымдық сұлбасы, сипаттамасы және жұмыс істеу алгоритмі.
14. Шешуші кері байланыстың /ШКБ/ құрылымдық сұлбасы. ШКБпен құрылған жүйе түрі: қызметтік сигналды күтетін жүйелер, үздіксіз тарату мен бұғаттаулы бар жүйелер, мекенді қайта сұрайтын жүйелер.
15. Әсерлі (статикалық) кодтауды мәліметті қысуға қолдану. Шеннон теоремасының негіздері. Дискретті хабарлардың сипаттамалары. Оптималды теңестірілмеген кодтарды қолдану әсерлілігі. Префексті кодтар.
16. Жоғалусыз қысулардың алгоритмдері: RLE, LZW (Лемпелл-Зив-Уэлч), Хаффман. Факсты байланыста Хаффман алгоритмдерін қолданудың ерекшеліктері.
17. (7.4) кодына бір реттік түзеуді қамтамасыз ететін (туындылы Р(х) = x3+х+1) денодердің құрылымдық сұлбасын келтіріңіз. Жұмысын түсіндіріңіз. Қабылданған кодалық комбинация төмендегідей түрде: G(x)=x6+x5+x3.
18. Аудио сигналдарды қысу. MPEG қысу алгоритмдері, 1,2,3 деңгейлері. Бейнелерді қысу. JPEG қысу алгоритмі. Видеобейнелерді кодтаудың әдістері.
19. Итеративті кодтар түсінігі. Жолдар мен бағандарды жұптыққа тексеретін блокті итеративті код. Каскадты кодтар.
20. Модуляцияланған тербелістердің спектральді сипаттамасы. Гауссты шуылда сигналды қабылдау. Оптималды қабылдағыш. Когерентті және когерентсіз қабылдау. Сандық келістірілген сүзгі.
21. Цифрлық байланыс жүйесінің функционалды сұлбасы және негізгі элементтері. Функционалды түйіндердің мақсаты, негізгі ұғымдар.
22. Р1(х) = х2+х+1, Р2(х) = х2+1 полиномдар бойынша кодының кодерінің суретін салыңыз. 1001 кодалық комбинациясына кодалау үрдісін түсіндіріңіз. Гормалы диаграммасын салыңыз. Витерби алгоритімі бойынша декодалау принципін түсіндіріңіз.
23. Цифрлық сигналдар және олардың негізгі параметрлері. Сигналдардың классификациясы, кездейсоқ және детерминирленген, негізгі сипаттамалар және параметрлер: спектрлік тығыздық, автокорреляция, өздіккорреляция, ортогональды.
24. Үздіксіз,дискретті арна (ДА) және кеңейтілген дискретті арна (КДА) түсініктерін анықтау және олардың негізгі сипаттамалары. Синхронды және асинхронды ДА ұғымын анықтау. Байланыс арналарының математикалық модельдері
25. ДА жадсыз арналар, жадымен, дискретті симметриялық арна. ДА Марковтық моделдері, Гильберт моделі. Өшірілуі бар симметриялық арна .
26. Байланыс арналарындағы бөгеттер. Бөгеттер классификациясы. Аддитивті және мультипликативті бөгеттер және олардың пайдалы сигналдарға әсері. Шеттік үйкелу және ыдырату. Сигналдарды тіркеу .
27. Ықтималдықтары Р1=0,65; Р2=0,45; Р3=0,4; Р4=0,75; Р5=0,8 болатын хабарларға Хаффман кодын түзіңіз. Кодалық комбинацияның орташа ұзындығын анықтаңыз.
28. Арнаның тарату жылдамдығы және кең жолақтығы арасындағы байланыс,Шеннон формуласы. Сапа критериі, сигнал-шуыл қатынасы
29. Белгіаралық интерференция. Найквист теоремасы, Найквист импульсы.
30. Цифрлық кодтаудың алгоритмы: алфавиттік кодтар (mBnB, mBnT, mBnQ), сызықтық сигналдың қарапайым кодтары NRZ, RZ, ЧПИ (AMI), PST, BNZS, HDBn, PE (фазалық кодтау, манчестерлік кодтау), CDP, CMI және олардың спектрлері.