Ылмыстық заңнамаларды түсіндіру.

Жалпы түсiндiру (толкование) немесе интерпретация (interpretatio) деген адамзат рухының шығармаларын түсiну мақсатында қолданылатын тәсiлдер жиынтығы. Түсiндiру бiр нәрсеге қандай да бiр дұрыс түсiнiк беру немесе оның мағынасын анықтау. Ал заңды түсiндiру заңдағы кемшiлiктердi жоюға ықпал жасап, құқық нормасын бiрыңғай қолдануды қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Осы заңды түсiндiру туралы iлiм заңдық герменевтика деп аталады, ол ауызша немесе жазбаша сөздердi түсiну өнерiнiң теориясын құрастырумен айналысады.

Қылмыстық заңды түсiндiру - қылмыстық-құқықтық норманың нағыз мазмұнын анықтау үшiн, заңшығарушының еркiн айқындау үшiн жүргiзiлетiн мемлекет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, лауазымды және жеке тұлғалардың қызметi. Бұл қызмет заң шығару процесiнде заңдарды топтастырғанда және құқықтық нормаларды қолданғанда жүзеге асырылады.

Қылмыстық заңды түсiндiрудiң бiрнеше түрлерi бар:

1) Түсiндiру субъектiсi бойынша – легалды (заңдық), сот және доктриналды (ғылыми);

2) Түсiндiру тәсiлi бойынша – грамматикалық, жүйелi, тарихи

3) Қолданылу көлемi бойынша – сөзбе-сөз, тар көлемде және кең көлемде;

Легалды (заңдық) түсiндiру бұл заңшығарушының өзi берген түсiндiрмесi. Легалды түсiндiрудiң заңдық күшi болады, мiндеттi сипатты иемденедi және шағымдауға жатпайды. Мысалы, ҚР Конституциясының 72-бабының 4-тармағына сәйкес ҚР Конституциялық Кеңесi Конституцияға және ҚР заңдарына ресми түсiндiрме бередi.

Сот түсiндiрмесi деп нақты қылмыстық iстi шешу кезiнде қылмыстық-құқықтық норманы қолданушы соттың беретiн түсiндiруiн айтамыз. Кез келген сот қылмыстық iстi қарай отырып заңның мағынасы мен мазмұнын түсiнiп, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың белгiлерi белгiлi бiр қылмыстық-құқықтық нормаға сәйкес келетiнiн анықтауы қажет. Бұл кең тараған түсiндiрудiң түрi тек сол аталған қылмыстық iске қатысты ғана қолданылады және үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн де ондағы түсiндiрудiң осы қылмыстық iске ғана күшi жүредi. Өйткенi, бiздiң ұлттық заңымызда сот прецедентi құқықтың қайнар көзi болып табылмайды.

Сот түсiндiрмесiнiң ерекше түрi болып ҚР Жоғары Сот Пленумының нормативтi қаулылары табылады. Түсiндiрудiң бұл түрiнiң ерекшелiгi сол, ол нақты бiр қылмыстық iс бойынша емес, белгiлi бiр санаттағы қылмыстық iстер бойынша сот практикаларын және сот статистикасын зерттеу және талдау негiзiнде берiледi. Мысал ретiнде ҚР Жоғары Сотының «Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 11 мамырдағы қаулысын айтуға болады.

Доктриналды немесе ғылыми түсiндiрме деп оқулықтарда, монографияларда, баяндама, лекцияларда ғалымдар мен практика қызметкерлерiнiң, ғылыми мекемелердiң беретiн түсiндiрулерiн айтамыз. Бұл түсiндiру ресми болмағандықтан мiндеттi заңдық күшi жоқ, алайда қылмыстық заңды дұрыс қолдануға оң ықпалын тигiзедi. Жоғары оқу орындарында заңгерлердiң құқықтық санасы мен кәсiби дайындығы көбiне осы ғылыми түсiндiрме арқылы анықталады.

Грамматикалық (филологиялық) түсiндiру – заңның текстiн морфология, синтаксис, пунктуация ережелерi бойынша талдау. Яғни, заңдағы жеке сөздердiң, терминдердiң, қолданылатын тыныс белгiлерiнiң, көмекшi сөздердiң, жалғаулықтардың мағынасын ашуға бағытталған арнайы тәсiлдер жиынтығы. Заңды дұрыс түсiну үшiн осы заңдағы терминдер мен ұғымдардың мағынасын анықтап алу қажет. Мысалы, лауазымды тұлға түсiнiгi ҚК 307-бабының ескертуiнде түсiндiрiледi. Заңда қолданылатын сөздер, ұғым, терминдердiң мағынасын анықтау көбiнесе ҚР Жоғары Соты нормативтi қаулыларында берiледi.

Жүйелi түсiндiру - қылмыстық-құқықтық нормаларды басқа құқық саласының нормаларымен немесе сол заңның өзiндегi әртүрлi тараулар мен баптарды бiр-бiрiмен салыстыра отырып қылмыстық заңның мазмұнын, мағынасын ашу. Мұндай түсiндiру негiзiнен ұқсас қылмыстарды ажырату және бәсекелестi нормаларды қолдану үшiн қажет болып табылады. Жүйелi түсiндiру әсiресе бланкеттi және сiлтемелi нормаларды анықтау кезiнде маңызды. Мысалы, ҚК 102-бабындағы Қажеттi қорғаныс шегiнен асып кiсi өлтiру қылмысын талдау үшiн ҚК 32- бабындағы қажеттi қорғану нормасымен танысу қажет.

Тарихи түсiндiру деп қылмыстық заңды қабылдауға негiз болған саяс-әлеуметтiк, экономикалық жағдайлардың тарихы мен себептерiн зерттеу арқылы және осыған дейiнгi шығарылған заңдарды салыстыра отырып талқылауды айтамыз. Тарихи түсiндiру кезiнде қылмыстық заңның жобасына, заңшығарушы органдарындағы баяндамаларға, заңды талқыға салу материалдарына сүйену тиiмдi болып табылады. Мысалы, қылмыстық заңның керi күшiн анықтау кезiнде тарихи түсiндiру қолданылады.

Сөзбе-сөз түсiндiру – заңның нормасын оның текстiмен дәлме дәл сәйкес келетiндей түсiндiру, яғни заңшығарушының еркiн бiлдiру формасы норманың мазмұнына толық сәйкес келуi. Сөзбе-сөз түсiндiру кезiнде диспозиция онда қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгiлерiн нақты көрсететiндiктен, қылмыстық құқық бұзушылықтың белгiлерiн кең немесе тар мағынада түсiнуге болмайды, заңда қалай жазылса оны сол мағынада түсiну қажет.

Тар көлемде түсiндiру – заң нормасындағы тексте дәлме-дәл көрсетiлгеннен гөрi тар шеңберде қолдануға мағына беретiн түсiндiру. Мысалы, ҚК 131-бабының субъектiсi 18 жас, ал Жалпы бөлiм ережелерi бойынша 16 жастан басталуы қажет.

Кең көлемде түсiндiру – заңда айтылуы қажет, бiрақ тiкелей аталмаған жағдайда заңның қолданылуын бiлдiретiн түсiндiру. Яғни, осы заң нормасын кең шеңберде қолдануға негiз беретiн түсiндiру. Мысалы, ҚК 134-бабындағы Баланы ауыстыру қылмысында бала деп, ер баланы және қыз баланы да түсiну қажет.

Әдебиеттер:

Блум М.И., Тилле А.А. Обратная сила закона. М., 1969

Брайнин Я.М. Уголовный закон и его применение. М., 1967

Игнатов А.Н. Введение в изучение уголовного права. Уголовный закон. Курс лекций. Лекция 1. М., 1996

Медведев А.М. Пределы действия Уголовного кодекса Российской Федерации. М., 1998

Наумов А.В. Реализация уголовного закона . Волгоград, 1983

Кудрявцев В.Н., Келина С.Г. Уголовный закон: опыт теоретического моделирования. М., 1987

Спасов Б.П. Закон и его толкование. М., 1986

Мами К.А., Жукенов А.Г. Вопросы применения новых Уголовного и Уголовно- процессуального кодексов Республики Казахстан и судебная практика. Алматы, 1998

Звирбуль В.К., Шупилов В.П. Выдача уголовных преступников. М., 1974

Таганцев Н.С. Русское уголовное право. Т-1,-Тула, 2001,с.245

Нормативтi актiлер:

ҚР 13.01.93 жылғы « Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралың заңы 15.07.96., 22.12.98 жылғы өзгерiстерi мен толықтырулармен бiрге

ҚР 24.03.98 жылғы « Қазақстан Республикасының нормативтiк актiлерi туралы ң заңы, 17.10.2001, 06.03.2002 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен бiрге

ҚР «Қазақстан Республикасындағы азаматтық туралың 20.12.1991 жылғы Заңы, 03.10.1995 ж, 17.05.2002 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен бiрге

ҚР Президентiнiң «Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында саяси баспана беру тәртiбi туралы ң 15.07.1996 жылғы Жарлығы

Наши рекомендации