Агробизнес курсының пәнін, әдісі мен міндеттеріне анықтама беріңіз

Агробизнес түсінігіне анықтама беріңіз

Агробизнес ұғымы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қажетті ресурстарды қамтамасыз ету, өнімдерді өндіру, оларды тиімді түрде сақтау, тасымалдау, өңдеу және тұтынушыларға ырғақты түрде жеткізу барысындағы экономикалық технологиялық, ұйымдастырушылық іс-әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Ең алғаш рет агробизнес терминін Гарвард (АҚШ) университетінің профессоры, Джон Дэвис 1955 жылы қолданды.Агробизнестің методологиялық негізі басқа экономикалық ғылымдардың даму мен оларды ғылыми тұрғыдан түсіну методологиясының айырмашылығы жоқ.

Агробизнестің экономикалық мазмұнын және нысанын сипаттап жазыңыз

Агробизнес пәнін оқу барысында түрлі зерттеу әдістері қолданылады. Ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық прогресстің дамуының нәтижесінде материалдық өндірістің сферасында экономикалық ғылым бөлшектеліп, олардың өзінше жеке пән болып бөлінуде. Осының нәтижесінде экономика ғылымының төмендегідей салалары пайда болады. Олар: менеджмент – басқару ғылымы, маркетинг – тауар өткізу өнері, сондай-ақ жеке бизнес – кәсіпкершілік. Қазақстан үшін ауыл шаруашылық кәсіпорнының өндірістік құрылымын айқындайтын маңызды жағдайларға мыналар жатады:— жыл мезгілдері бойынша жауын-шашынның мөлшері;— су көздерінің болуы мен орналасуы;— топырақ құрамы және оның эрозияға шалдыққыштығы;— жарамды жерлердегі егістіктің үлесі;— табиғи жайылымдарының болуы мен өнімдігі;— еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;— инвестициялар тарту мүмкіндігі;— өнім өткізу рыногының болуы мен қашықтығы;— қалалар мен өнеркәсіп орталықтарының орналасуы;— көлік жағдайлары: жолдар, жүк тасу бағалары, арнайы көлік.

Агробизнес ғылымының пәні және басқа ғылымдар арасындағы ролін көрсетіңіз

Aгробизнес жас және күрделі ғылым оның алдында көптеген мақсаттар тұр. Олар нарықтық экономикаға көшу барысында пайда болып жатқан көптеген өзгерістер; жеке меншіктің әртүрлі, ауыл шаруашылық саласын үкімет тарапынан алып жеке меншікке беру, шаруа қожалығы, кооперативтер, акционерлік қоғам сондай – ақ, нарықтық типтегі көптеген кәсіпорынның пайда болып олардың келешектегі жұмыс барысы т.б. осыған байланысты баға қою, салық салу, несие беру жүйелерін зерттеу. Нақты кәсіпорынның негізінде жасалынатын агробизнес жоспарының түрлі варианттарын экономика біліміне сүйеніп жасау және тәжірибе түрінде зерттеу.

Агробизнес курсын зерттеу әдістеріне анықтама беріңіз

Aгробизнес ғылымына да жалпы барлық ғылымға тән төменгідей әдістер қолданылады. Олар:

Тадау және синтез. Бұл әдіс бойынша әуелі әрбір фактор немесе құбылысты жеке зерттеп талдайды, ал агробизнестің барлық саласына толық сипаттама беру үшін объектінің жеке элементтерін ойынмен біріктіру керек.

Индуктивті әдіс – жеке факторлардың негізінде жалпы қорытындыға келу, яғни жекешеден жалпыға қарай жүру.

Дедуктивті әдіс – керісінше, жалпыдан жеке факторларды бөліп алып зерттеу.

Тарихи әдіс – нақты құбылыстардың даму процесстердің тарихи тәртіппен динамика түрінде дамуын зерттеу. Тәжірибелі әдіс – бұл әдіс табиғи ғылымдарды зерттеудің негізі, ал экономикалық өзгерістерді зерттеу барысында қосымша болып есептелінсе де агробизнесте үлкен рөл атқарады. Айталық, ауыл шаруашылығында экономикалық реформаларды жүргізу барысында көптеген нарықтық жүйедегі шаруашылық формалар пайда болуда. Олар:Шаруа қожалықтары,Кооперативтер,Акционерлік қоғамдар т.б.

Статистикалық әдіс – бұл әдісті қолдану арқылы кейбір экономикалық, техникалық, табиғат және ұйымдастыру факторларының өндіріс нәтижелеріне тигізетін әсері, сонымен қатар қолайлы шоғырландыру, мамандандыру, интенсивтендіру сияқты факторларының деңгейі анықталынады.

Наши рекомендации