Корытынды мен кіріспені осылай жазсақ болама ?

ОРЫТЫНДЫ

Жалпы алғанда, қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметін жүзеге асыру үшін басты көрсеткіштердің бірі ақша қаражаттары, ал бұл дегеніміз қысқы мерзімді активетердің құрамындағы ең басты элементті құрайды. Қазіргі бәсекелестік талаптарға сай болу үшін өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады десек қателеспейміз.

Біздің бұл тақырыпты таңдаған себебіміз, қаржы нарығының күрделенуіне байланысты ақша қаражаттарын басқарудың маңыздылығы арта түсуде. Қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістік жаңалықтарды енгізу және шаруашылық процесін ары қарай дамыту үшін кәсіпорынның ағымдағы активтердің басты көрсеткіші ақша қаражаттары болуы тиіс. Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленті дұрыс ашып көрсету және оларды жіктеу кәсіпорынның өтімділік деңгейін дәл бағалау үшін қажет.

Нарықтық қатынастардың дамуы түпкілікті қаржылық нәтижелеріне қол жеткізу үшін басқарушылық бағыттағы шешімдерге күш салмайынша мүмкін болмайтын кәсіпорын қызметін аудиттеу мен талдау ісіне жаңа міндеттер жүктейді. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы өз ішіндегі ресурстарды тьиімді пайдаланудың мүмкіндіктеріне де, сонымен қатар сыртқы жағдайларға да, оның ішіндегі маңыздылары болып табылатын нарық конъюктурасына, инвестиция мөлшеріне, инфляция деңгейі мен мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты.

Дипломдық жұмысымызды «iNVEST City» ЖШС мәліметтері негізінде жаздық.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде «iNVEST City» ЖШС қызметіне жалпы сипаттама берілген. Бұл кәсіпорын жалпы құрылыс монтаждық жәнеде тұрғын үй құрылысымен және т.б. қызметтерді көрсетеді. Осы бөлімде кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргіздік. Талдаудың мәліметтеріне сүйенетін болсақ кәсіпорынның қаржылық қызметі 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда жоғарылаған.

Екінші бөлімінде «iNVEST City» ЖШС ағымдағы активетерінің есебін жүргіздік. Яғни, нақтырақ тоқталсақ оның құрамындағы ақша қаражаттарының, дебиторлық қарыздар және тауарлы материалдық құндылықтардың есебіне тоқталдық, шоттар корреспонденцияларын құрдық. Ағымдағы активтердің негізгі көрсеткіші ақша қаражаттарының жалпы қозғалысы, яғни касса операциялары мен банктік ағымдағы шоттардағы оның орналасуы, тауарлы-материалдық құндылықтардың жіктелуі, оның өзіндік құнын есептеудің әдістері, дебиторлық қарыздар есебі туралы мәліметтер келтірілген. Кәсіпорынның ырғақты қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шартының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражаттарының құйылуы болып табылады. Демек, бұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәләндырылады

Ал, үшінші бөлімнің негізі ретінде жалпы аудиттің мазмұны, сипаты мен мақсаты және де ағымдағы активтердің аудитін жүргізудің әдістемесі алынып отыр. Нарықтың ағымына көшу жағдайында есептік, бақылаушы-талдамалы және аудиторлық қызметтердің мақсаттары едәуір басқаша сипатта қалыптасқан немесе қалыптасып келе жатқан шаруашылық жағдайды талдау, нақты шешімдерді қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру және бақылау. Мұндай қызмет өндірістік ресурстарды басқарудың қажетті құралы болып табылады, мұнда есептің ақпараттық-технологиялық аспектісі тек қосалқы, көмекші түрінде ғана болады.

Аудиторлық тексерулерді ұйымдастыру, жоспарлау, жүйелі зерделеу, мәні бойынша аудиторлық процедураларды орындау, пікір қалыптастыру және аудиттің нәтижелері бойынша қорытынды құжаттарды дайындау сияқты бірінен кейін бірі жалғасып кете беретін тізбекті кезеңдерден тұрады, мұнда есептің ақпаратты-технологиялық аспектісі тек қосалқы, көмекші түрінде ғана болады. Ал, іс жүзінде есептік-технологиялық қызмет табиғаты бойынша маманның жоғары кәсіби дайындығын тала етіп, ғылым мен өнерді ұштастырады, талдаудың нысанданбаған тәсілдерін қолдану ептілігін ұйғарады. Функционалды аудитті жоспарлау мен ұйымдастыруда әрбір нақты кәсіпорынның өндірістік, жабдықтаушылық және қаржылық-өткізушілік іс-қызметінің өзіне тән ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Тексерулердің көлемі, тақырыбы, бағдарламасы, әдістемесі мен техникасы өндірістің, жабдықтаудың, өткізудің, қаржының, есептің ішкі шаруашылық бақылаудың, нарықтың жағдайы, активтерді, міндеттеме мен капиталды басқарудың тиімділігіне ықпал ететін факторлардың шын мәнісіндегі жағдайына байланысты өзгеруі мен толықтырылуы ықтимал.

Қысқа мерзімді активтердің функционалды аудиті кәсіпорынның іс-қызметінде де, мемлекеттің экономикасын басқарудың жалпы жүйесінде де өте зор мәнге ие болып келе жатыр. Қысқа мерзімді активтер шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық әлеуетінің өзгеше құрамдасы екендігі белгілі, сондықтан әрбір кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен одан әрі экономикалық дамуы олардың есебінің дұрыстығына, тиімді қолдану мен кешенді бақылауына байланысты болады. Егер мемлекетте көп табысы бар шаруашылық субъектілердің саны жылдан жылға өсіп тұрса, бұдан олардың иелері де, қызметкерлері де, жалпы алғанда, тұтастай қоғам да тек ұтатыны баршаға белгілі. Міне, осыдан келе ең алдымен, кез келген кәсіпорын өз қаржылық есебін жүргізсе, әрі қарай тиімді қызмет атқару үшін «аудитке» жүгінбеуі мүмкін емес.

Наши рекомендации