ИнформациялыҚ жҮйелер

Информациялық жүйелер дегеніміз үлкен көлемді информация сақтауға; қажетті информацияны шапшаң табуға және оны адамға ыңғайлы түрде шығаруға; сақталатын информацияны толықтыруға, жоюға және өзгертуге арналған жүйелер.

ЭКСПРЕСС ТЕМІРЖОЛ БИЛЕТТЕРІН САТУ ЖҮЙЕСІ

Жүйенің бірнеше орталығы бар Мәскеудегі орталық Мәскеудің ішінде 800-ге жуық теміржол кассалары мен анықтама бюроларына және оған қоса 40-қа жуық қалаларға қызмет көрсетеді.

Жүйе теміржолдар торабы бойынша және алыс сапарға жүретін барлық поездар жөнінде информациялар сақтайды,атап айтқанда:

- Поездар қозғалысының кестесі – олардың нөмірлері,қайдан келетіндігі,қайда баратындығы және әрбір поездың қашан келетіндігі, қайда тоқтайтындығы және т.б;

- Әрбір поездың құрамы – вагондар саны, олардың түрлері (купе,плацкард, жалпы және т.б);

- Қай орындарға билеттердің сатылғандығы, ал қай орындар бос екендігі туралы информация.

Осы информацияның жалпы көлемі 40 Мбайтқа жуық болады.Бұл информация уақыт өтуіне орай өзгеріп тұрады, мысалы, билеттерді сату және қайта тапсыру кезінде.Тәуліктің ішіндегі барлық өзгерістер жөніндегі информацияны сақтайтын жүйе архивінің көлемі 70 Мбайтқа шамасында болады.

Поездар жөніндегі информациядан басқа ЭКСПРЕСС жүйе бір жұмыс күнінде әрбір кассаға түскен ақша мөлшері, жолаушы билетіне жұмсалған бланкілердің (билеттердің) мөлшері жөнінде, сонымен қатар басқа да информацияларды сақтайды.Осы информацияның бір тәулік ішіндегі көлемі 10 Мбайт шамасында болады.Жүйенің жұмысына орай информацияны сақтау үшін әрқайсысы 100 Мбайт 2 магниттік диск пайдаланылады.

Кассирлер (билеттерді сату және қайта тапсыру), анықтама бюроларының қызметкерлері және жолаушылар (орындар жөніндегі анықтама) финанс қызметкерлері (кассалар қызметі бойынша финанстық есептер алу), әкімшілік қызметкерлері (кесте өзгерті, статистикалық информация жинау) ЭКСПРЕСС жүйесін пайдаланушылар болып табылады.Жүйе кей уақытта секундына 12 – 15 билет сата отырып, күніне орта есеппен 1.5 млн. теңгеге билет сатуға қабілетті.

ЕДІЛ АВТОЗАВОДЫНЫҢ ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ – БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

Тольятти қаласындағы Еділ автозаводы жылына миллионға жуық, «жигули», «лада», «нива», «спутник» жеңіл машиналарын шығарады.Осы заводтың конвейері металдардың қоймалар мен көмекші өндіру цехтарынан конвейерге уақытында түсуін қамтамасыз ететін ЭЕМ – ның басқаруымен жұмыс істейді.Осы мәселені шешу үшін информациялық – басқару жүйесі автомобильді құрастыруға қажетті мыңдаған тораптар мен бөлшектер және оларды тасымалдау жөнінде информациялар сақтайды.

Осы информация негізінде ЭЕМ өз бетінше автоматтандырылған қоймаларды, тасымалдаушы конвейерлерді және тағы басқа да бөлек құрылғыларды басқарады.

ҚАЛААРАЛЫҚ ТЕЛЕФОН БАЙЛАНЫСЫНЫҢ

ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ – ЕСЕП ЖҮЙЕСІ

Қазіргі кезде біздің еліміздің көптеген қалаларында автоматты қалааралық телефон байланысы іске қосылған, яғни басқа қаламен хабарласу үшін өзіңнің телефоныңнан сол қаланың кодын және телефон нөмірін теріп алса жеткілікті.Әрбір сөйлескен үшін информациялық – есеп жүйесі сөйлесу ұзақтығын белгілейді, сөйлеушілердің телефон нөмірлерін есте сақтайды, тарифқа сәйкес сөйлесудің құнын есептейді (қалалар арақашықтығына байланысты), абонентке жіберілетін сөйлескені үшін төлейтін ақының есебін даярлап қағаз бетіне түсіреді.

МӘЛІМЕТТЕР БАЗАЛАРЫ

Өзара байланысты үлкен көлемді информацияны сақтайтын, өзгеретін және өңдейтін таза информациялық жұмыстар үшін мәліметтер базасы деп аталатын арнайы жүйелер пайдаланылады.

Мәліметтер базасы мен информациялық жүйелер арасында ешқандай қатаң шекара жоқ.Әрбір информациялық жүйеде қандай да болмасын арнайы мәліметтер базасы пайдаланылады.Мысалы, кәсіпорынның деректер базасында кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлер жөнінде, материалдық құнды заттар, шикізаттар мен құрастырушылар, қоймалардағы артық қорлар, даяр өнім шығару, дирекцияның бұйрықтары мен жарлықтары және т.б. жөніндегі барлық мәліметтер сақталады.Қандай да болмасын бір информацияның өзгеруі басқа бір жерлерде үлкен өзгерістер әкелуі мүмкін.Мысалы, бір қызметкердің қызметін жоғарылату туралы бұйрықтың шығуы тек қана осы қызметкердің жеке ісін ғана өзгертіп қоймайды, сонымен қатар, сол қызметкер жұмыс істейтін бөлімдегі тізімдерге де, еңбек ақы алу тізімдеріне де, бүкіл мекеменің еңбек ақысы туралы мәліметтерге де, демалыс графигіне де және т.б. өзгерістер енгізуге әкеліп соғады.

Сонымен қатар, информацияны әр жерде орналасқан әр түрлі ЭЕМ – дерде сақтайтын, ал байланыс тораптарының көмегімен ЭЕМ – дерді өзара байланыстыру арқылы қажетті информацияны алуға болатын үлестірілген мәіметтер базасы бар.(осының барлығы тұтас алғанда информациялық желі деп аталады).

Ақпарат - “information”

Ақпарат термині латынның “information” деген сөзінен шыққан, яғни қазақша баламасы “ түсініктеме, баяндама ”. Ақпарат істің жай-күйі және біреудің іс-әзекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандайда бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейінқабылдау механизмінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Мұндай анықтама ақрпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік,сематикалық және прогматикалық.
Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандайда бір қабылдап алушы кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынасқарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді. Бұл ақпараттың сандық сипаты
Сематикалық сүзгі (тезаурус) мәлімдеменің мазмұның меңгеруге мүмкіндік береді. Мәлімдеменің мазмұны-белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады.
Кибернетикалық жағдайда ақпарат, объектінің жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай-ақ, басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге кез келген объектінің жағдайы туралы деректер, мағұлматтар жатады.
Есептеу техникасы тұрғысынан ақпарат ұғымы-оның жадында сақталып, қажеттілігіне байланысты өнделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.
Жүйе деп- әртекті элементтер жйынының қойылған мақсаттарға жету барысында біртұтас және біріктірілген ретінде бір уақыт мезетінде қарастырыларын кез-келген объекті тусінуге болады. Жүйелер өзара құрамы бойынша да, бастапқы мақсаттары бойынша да бір-бірімен айтарлықтай ерекшеленеді. Информатикада жүйе түсінігі өте кен таралған және көптеген мағыналы мәндерге ие. Атап айтқанда ол техникалық құралдармен бағдарламалар жиынында өте кең қолданылады. Компьютердің ақпараттық бөлігі деп айтуымызға болады. Сонымен қатар нақты қолданбалы есептерді шешуде құжаттарды жүргізудің қосымша процедураларында және есептеулерді басқаруда қолданылатын көптеген бағдарламаларды есептеуге болады. Жүйе түсінігіне ақпараттық сөзін қосатын болсақ, оның құрылуымен функционалдануы, іс-қыймыл жасауы мақсаты бейнеленеді.
Ақпарат жүйесі (А.Ж) дегеніміз - қандайда бір объектіні басқаруға қажетті қоғамдық қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персоналдардың өзара байланысқан жиыны. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.
Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады:
-Ақпараттық–анықтамалық жүйелер;
-Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер;
-Ақпараттық-қадағалаушы жүйелер.
Ақпараттық-анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайды.
Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады.
Ақпаратты – қадағалаушы жүйелерде мәліметте,р адамның қатысуынсыз ендіріліп, басқарылатын объектідегі үрдіс автоматты түрде реттеледі.
Ақпараттық жүйелер термині автоматтандырылған жүйелер түсінігімен тығыз байланысты. Автоматтанған ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеу үрдісінде адамның да, техникалық құралдардың да қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндағы басты рөлді компьютер алады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер деп (А. А. Ж) деп- ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдау үшін арналған ақпараттардың экономика математикалық әдістерімен модельдердің техникалық, бағдарламалық, технологиялық құралдардың және мамандардың жиынтығы.
Ақпараттық жүйелер құрылымын бағыныңқы жүйелер деп аталатын, оның жекеленген бөліктерінің жиынтығын құрайды. Бағыныңқы жүйе дегеніміз- қандайда бір белгі бойынша ерекшеленген жүйенің бөлігі. Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолдану сферасынан тәуелсіз бағыныңқы жүйелерді қарастыруға болады. Бұл жағдайда қамтамасыз ететін деп аталатын бағыныңқы жүйелердің классификациясының құрамдық бөліктері туралы қарастырамыз. Кез келген ақпараттық жүйенің құрылымын қамтамасыз ететін бағыныңқы жүйелердің жйынтығы түрінде ұсынамыз.

Ақпаратты қамтамасыз ету бағыныңқы жүйесі басқару шешімдерін қабылдау үшін уақытында қалыптастырудан және нақты ақпаратты беруден тұрады.
1. Ақпараттық қамтамасыз ету дегеніміз- құжаттамалар жүйесінің ұйымда циркуляцияланатынақпараттық ағымдардың сызбасы жиынтығы және мәліметтер қорын тұрғызу метадологиясы. Қажаттамалардың унифисирленген жүиесі мемлекеттік, республикалық,салалық және аймақтық деңгейде құрылады. Ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі міндеті-қоғамдық өндірістің әртүрлі сфераларындағы басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық ақпараттытұрғызып, ұдайы жанартып отыру. Осындай мақсаттв құжаттаудың унифисирленген жүйелеріне қойылатын талаптар орнатылған стандарттар әзіленеді. Ақпараттық ағымдар сызбасы ақпараттың қозғаушы маршрутын және алғашқы ақпараттын пайда болуымен нәтижелік ақпаратта қолданылатын орнын бейнелейді.
2. Техникалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйенің жұмыс жасауы үшін арналған техникалық жабдықтар кешені. Техникалық құралдар кешенініңн: кез келген модельдегі компьютерлер , ақпаратты жинау, өңдеу, беру, шығару құрылғылары, мәліметтерді беру құрылғылары және байланыс линиялары, ақпараттың автоматты түрде алыну құрылғылары, эксплотацияық материалдар және тағы басқалар құрайды.
3. Математикалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйенің мақсаттарымен міндеттерін жүзеге асыруғаарналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер және бағдарламалар жиынтығы, сонымен қатар техникалық құралдар кешенін қалыпты функциялауға жағдай жасайды.
Математикалық қамтамасыз ету құралдарына:
-басқару үрдістерін модельдеу құралдары;
-басқарудың типтік есептері;
-математикалық бағдарламалау, математикалық статистика,массалық қызмет көрсету теориялары және тағы басқалар жатады.
4.Бағдарламалық қамтамасыз ету- есептеу техникасын қолдау арқылы ақпарат жүйесіндегі мақсаттар мен есептерді жүзеге асыруды қолдайтын бағдарламалар жиыны. Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуге- ақпаратты өндеудің типтік есептерін шешу үшін арналған және қолданушыға бағытталған бағдарламалар кешені жатады. Олар ақпаратты өңдеудің үрдістерін басқару және бақылау, компьютердің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған. Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету- нақты ақпараттық жүйелерді құру барысында

Наши рекомендации