Кіметтің-Премьер министрі
Мәжіліс
Заң мәтіндері
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің сызбасы
- республикалар одағынан тұратын мемлекет ыдырағанда болмай тұрмайтын экономикалық дағдарысты бастан кешіріп, одан тезірек шығу жолдарын қарастыру, ол жолда еліміз халықтарының менталитетін, табиғи - экономикалық және интеллектуалдық ресурстарды, ішкі және сыртқы саяси ахуалды және т.б. айтарлықтай ақиқаттарды ескеру керек болды;
- қол жеткен тәуелсіздігімізді қорғау және нығайту мақсатында ішкі саяси жағдайды ушықтырмау ісін еліміздін қорғаныс күштерін жаңадан жасақтау жұмысымен үштастыру керек болды;
- көрші және алыстағы елдермен дипломатиялық, саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды орнатып, оларды жан-жақты дамыту керек болды;
- отанымыздың ұзындығы 15 мың шақырымнан асатын шекарасын дәлірек анықтап, "іргемізді" бекітіп алу мақсатында көптеген және кезек күттірмейтін саяси-экономикалық мәселелерді шешу керек болды;
- мемлекеттің унитарлық болмысын ескере отырып, оның әлеуметтік-шаруашылық жүйесін тікелей (вертикаль) және көлденең (горизонталь) басқару жүйесін қалыптасқан жағдайға сәйкес шапшаңырақ жетілдіріп отыру керек болды;
- еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы бағыттары мен стратегиясын негіздеп, оларды сатылап іске асырудың түбегейлі мәселелерін өзара логикалық байланыста шешіп отыру керек болды.
Әрине, осы жоғарыда аталған проблемаларды ойластырып шешуде парламенттің рөлі айтарлықтай екені белгілі. Мемлекеттік құрылыс пен экономикалық күрылым түрі мен бағыттарының заңнамалық негізін қалыптастырудағы оның рөлі тіпті бөлекше. Дей тұрғанмен тап сол кезеңде қоғамдық өмір талабынан туын-даған күрделі мәселелерді жедел шешу мүддесіне тек парламеттік көзқараспен келу уақыт жағынан ықыласқа алып келер еді.Осыны өз уақытында түсінуге экономикалық, саяси-әлеуметтік және қоғамдық дамуымызға жанашыр болып жүрген алдыңғы қатарлы қайраткерлер мен саясаткерлердің интеллектуалдық деңгейінің жеткені де еліміздің бақыты болып есептелуге тиіс. Осындай түсіністіктің арқасында ғана Парламент Президеттік билікті күшейту жөнінде шешім қабылдауы және соңғы 15жылдық тарихымыз сол шешімнің дұрыс болғандығын дәлелдеп берді.
Ал, Қазақстандағы ендігі жағдай мүлдем басқаша. Еліміз экономикасының іргетасы қаланып, "қабырғасы" қатайды. Оның жылма-жылғы өсу қарқыны жоғары (8-10%) және тұрақты болып отыр. Шаруашылықтағы жетістіктер әлеуметтік мәселелерді де түбегейлі шешуге мүмкіндік беріп отыр. Еңбекші халықтың табысы көбейді, кедейшілікпен күресте жемісін беріп келеді, қызмет жасауға мүмкіндігі жоқ адамдарды мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғау күшейтілді. Соңғы 5 жылда халықтың табиғи өсімі әрбір 1000 адамға шаққанда 3,09-ға көбейіп, 2005 жылы 8,05—ке жетті. Жан басына есептегендегі кіріс пен әрбір жұмыскердің орташа еңбекақысы да осы мерзім ішінде 2 еседей өсті. Тағайындалған зейнетақы жөнінде де осыны айтуға болады. Еліміздегі банк-тік-несиелік құрылымдар мен қаржылық нарық жүйесі бүрынғы кеңестік республикалармен салыстырғанда алдыңғы қатарға шығып, бүкіләлемдік деңгейде таныла бастады. Қазақстанның осы деңгейдегі экономикалық және саяси орны да барған сайын айқындала түсуде. Оның мемлекеттілік нысандары, қорғаныстық және интеллектуалдық элеуеті күшейтілді, соның арқасында халықаралық беделі бұрын-соңды болып көрмеген денгейге көтерілді. Осының барлығы уақытында, бірақ эволюциялық қағидамен жүргізілген экономикалық реформалар мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіріп отырудың нәтижесі ретінде бағаланған.
Ендігі жерде мемлекетіміз бен экономикамыздың бәсекелестілігін арттыру, сөйтіп алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу мақсатында саяси реформаларды іске асыруды қолға алуға әбден болады. Өйткені ол үшін керекті факторлар, алғышарттар, экономикалық мүмкіндіктер, ішкі және сыртқы саяси жағдайлар жасалды. Сондықтан да Ел Басшысы биылғы халқымызға арнаған "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақастан" атты Жолдауында да, Қазақстанды демократияландыруды жаңа сатыға көтеру жөніндегі Парламент мәжілісінде (16.05.2007ж.) жасаған баяндамасында да тек әлеуметтік-экономикалық мәселелерді ғана емес, саяси өмірімізге енгізілетін өзгерістерді негіздеп берді. Олардың көпшілігі алдымыздағы 10 жыл аясында жүзеге асырылуы керек.
Ең әуелі аталмыш Жолдаудың негізгі қағидаларына тоқталуымыз дұрыс болар еді. Қысқаша айтқанда, олардың мән-мағынасын төмендегіше топтауга болады:
— халықтың табысы мен әл-ауқатын өсіру, сөйтіп оның өмір сүру денгейін көтеру мақсатын іске асыруға саннан гөрі сапалық сипат беру; Бұл маңызды интегралдық көрсеткіш - адами даму индексін (адамдар өмірінің орташа ұзақтығы, денсаулық пен білімділік деңгейі, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі) едәуір жоғарылауға мүмкіндік туғызады;
- қогамдық және экономикалық өмірімізді жан-жақты жаңғырту және осы мақсатта іске асырылатын шаралардың басыңқылықтарын анықтай отырып, оларды жеделдету;
— әлемдік экономиканың дамуы мен жаһандану үрдісі зандылықтарын теориялық-әдіснамалық негізде нақтылай отырып және өзіміздің бәсекелестік артықшылықтарымызды тиімді пайдалана отырып бәсекеге неғұрлым қабілетті елу елдің қауымдастығына кіру бағытына қарай жедел қарқынмен жылжуымызды қамтамасыз ету;
- Қазақстанның жаңа кезеңдегі негізгі міндеттерін (экономикалық өсуді басқару, өңірлік экономиканың сапалыдамуы, өңдеуші секторды тиімді дамыту, өндірістің шикізаттық емес секторын әртараптандыра дамыту, осы заманғы инфрақұрылымды дамыту, "парасатты экономика" негіздерін қалыптастыра отырып оны инновациялық экономика дамуымен уштастыру, әлеуметтік саланы нарық қағидаттары негізінде дамыта отырып, оны атаулы әлеуметтік қолдаумен сәйкестендіру, саяси жүйемізді жаңартуды әлеуметтік-шаруашылық өміріміздегі жағдаяттармен сәйкестендіру, халықаралық тәжірибенің біз үшін оңтайлы жақтарын ескере отырып әкімшілік реформаны сатылап іске асыру және еліміздің Орталық Азия өңірі мен әлемдік қоғамдастықтағы жетістіктерін алға апара беру) орындауға барлық әкімшілік-экономикалық тетіктер мен интеллекгуалдық ресурстарымызды тиімді пайдалану:
- жана Қазақстанды құру үшін халықтың патриотизмі мен саяси еріктілігін шешуші факторлар ретінде пайдалану. Бұған қоса осы жолдаудың П-ші бөлімінді Ел Басшысы "Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 серпінді бағытын айқындап берді. Олар төмендегідей атаулармен 6 топқа бөліп қарастырылған:
1. Қазакстанды қазір қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау мен пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшьшықтар қалыптастыру арқылы әлемдік экономикаға ойдағыдай кіріктіруге бағытталған мемлекеттік саясат.
2.Әртараптандыру, инфрақүрылымдық дамыту және жоғары технологиялық одан әрі индустриландыру негіздерін жасау арқылы Қазақстан экономикасының өсуі мен тұрлаульшығын басқаруға бағытталған мемлекеттік саясат.
3. Еңбек нарығы дамуының серпіні мен келешегіне сәйкес келетін білім беру және кәсіптік қайта даярлаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат.
4. Осы заманғы әлеуметтік саясат: басты назарда-адамдардың сұранысы мен қажеттіліктері және жұмыс орындарынжасақтау.
5. Жаңа кезеңнің ығытына қарай саяси және әкімшілік даму.
6. Қазақстанның жаңа өңірлік және геосаяси жауапкершілігі.
Бұл топтамаларда көрсетілген бағыттар "Қазақстан-2030" Стратегиясы аясында алдағы 10-шақты жылда іске асырылуға тиісті стратегиялық мәні бар шаралар жүйесі болып табылады. Олардың саяси - ұйымдастырушылық жағы Президенттің жоғарыда көрсетілген Парламент мәжілісіндегі сөзінде айқынырақ көрініс тапты. Әңгіме, ең алдымен, елімізде іске асырылатын саяси реформалардың негізін қалау үшін Атазаңымызға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар жөнінде болып отыр. Олар жөнінде Ел Басшысы үстіміздегі жылғы мамыр айының 16-ші жұлдызында Парламент палаталарының бірлескен мәжілісінде арнайы сөз сөйлеп, жаңағы өзгертулер мен толықтырулардың 2 жыл бойы жүргізілген дайындьщ жұмыстарының қорытындысы ретіндегі олардың толық мәтінін қосымша ретінде беріп отырмыз.
Ол мәні мен мағынасын ашып берді және экономика мен әлеуметтік жағдаятымыз жақсарғаннан кейін енді саяси реформаларға қадам басатын күн туғанын дәлелдеп, олардың негізгі астарлары мен бағыттарына тоқталды.
- Үкіметтің тек Президент алдында ғана емес, сондай-ақ ендігі жерде Парламент алдындағы жауапкершілігін жоғарылату арқылы мемлекеттік басқару қызметінің тиімділігіне, жоғары сапасына және ашықтығына қол жеткізу;
- оларға қол жеткізу бағытындағы маңызды шара ретінде Парламент пен оның палаталары тарапынан Үкіметке сенімсіздік білдіру үрдісін жеңілдету және ол үшін бұрынғыдай депутатгардың дауыс беруінің үштен екісін емес, жәй көпшілік дауыс беруді есепке алу;
- ендігі жерде Премьер-Министрді Президенттің тиісті жарлығымен тағайындауды Мәжілістің партиялық фракциял арымен ақылдасқаннан кейін Мәжіл іс депутаттарының көпшілігінің келісімімен ғана іске асыру;
- қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қызметін мемлекет тарапынан қаржыландыру және сол арқылы олардың саяси өміріміздегі рөлін жоғарылату;
- жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне көшу және оның алғышарты ретінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Астананың әкімдерін сәйкес маслихаттардың келісімімен тағайындау;
- сот жүйесін және оның жұмысын жетілдіру;
- халықаралық келісім мен Қазақстан халқы Ассамблеясын нығайта беру;
- азаматтық қоғам институтгарын қолдап отыру мақсатында жүйелі шараларды іске асыру;
- азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін нығайту және т.б.
Осындай көлемді өзгерістер мен толықтыруларды Атазаңымызға енгізу (бұл жөнінде Парламент толыққанды шешім қабылдады) еліміз тарихындағы және оның саяси өміріндегі айтулы уақиға болды және бұны тек қана отандық емес, дүние жүзіне танымал шетелдік саяси қайраткерлер де растап отыр. Ендігі жерде қазақстандықтар Парламент пен саяси партиялардың қоғам дамуындағы рөлі күшейтілген жағдайда, бірақ Президенттік басқару аясында өмір сүретін болады.
Қорытынды:
Мемлекет кез келген қоғамдық-экономикалық жүйеде өзгеріссіз қалатын өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету функциясымен қатар оңтайлы институционалдық-құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруды және нарықтық механизм кемшіліктерінің орнын толтыруды өз міндеті етіп қояды. Азаматтық қоғам — саяси жүйеден тәуелсіз әрекет ететін және оған ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастар мен институттардың және жеке индивидтер мен әлеуметтік субъектілердің қоғамдастығы.