Игіліктер мен артықшылықтар және құқық бұзушылыққа жағдай туғызатын мәселелер.

Негізгі ұғымдар: заңсыз сыйақы.

Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға үмiткер адамдарға қойылатын арнайы талап

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға не осындай мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк лауазым атқаруға үмiткер адамдар өздерiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңмен және өзге де заңдармен белгiленген шектеулердi қабылдайды, бұл ретте аталған адамдар мұндай iс-әрекеттердiң құқықтық салдары туралы хабардар етiледi.

2. Аталған адамдардың шектеулердi қабылдауға келiсiм жазбаша түрде тиiстi ұйымдардың кадр қызметi белгiлейдi. Шектеулердi қабылдамау ол адамды мемлекеттiк не соларға теңестiрiлген мiндеттердi атқаруға шақырудан бас тартуға не жұмысынан босатуға немесе заңдарда көзделген тәртiппен аталған мiндеттердi атқарудан өзгедей босатуға әкеп соғады.

Қаржы бақылау шаралары

1. Мемлекеттiк лауазымға не мемлекеттiк немесе соларға теңестiрiлген мiндеттердi атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша салық органына:

салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан табыстар және мүлік туралы аталған мүлiктiң бағаланған құны мен тұрған жерi көрсетiлген мәлiмдеме;

банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар дербес немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге хақылы ақша қаражаты туралы;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банк және өзге де реквизиттерiн көрсете отырып, акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң тiкелей немесе жанама қатысуы туралы;

егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;

адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық заттар мен ақша қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде онымен шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен реквизиттерi туралы мәлiметтердi табыс етедi.

2. Мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар өз өкілеттігін орындау кезеңінде жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырып отырады.

2-1. Жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырып отырады.

3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша салық органына:

салық салу объектісі болып табылатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы, көрсетілген мүліктің бағалау құны мен орналасқан жерін көрсете отырып, декларациялар тапсырады;

мыналар:

банк мекемесін көрсете отырып, банк мекемелеріндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар жеке немесе басқа адамдармен бірлесіп билік етуге құқылы ақша қаражаты туралы;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлесі мен аталған ұйымдардың толық банк және өзге де деректемелерін көрсете отырып, акционері немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде өзінің тікелей немесе жанама қатысуы туралы;

егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трасттардың бенефициары болса, тиісті банк шоттарының нөмірлерін көрсете отырып, сол трастар және олар тіркелген мемлекеттер туралы;

адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесілі айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі материал­дық және қаржы қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнінде онымен шарттық қатынастары, келісімдері және міндеттемелері (оның ішінде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелері туралы мәліметтерді табыс етеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының 9 бабының 2 және 2-1-тармақтарында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы декларациялар табыс етіп отырады.

4. Осы баптың 1, 2-тармақтарында аталған адамдар тиiсiнше өздерi лауазым атқаруға үмiткер органға немесе жұмыс iстейтiн жерi бойынша осы баптың 1 -3-1-тармақтарында көрсетiлген мәлiмдемелер мен мәлiметтердi алғандығы туралы салық органынан анықтама әкелiп тапсырады.

5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдардың (мемлекеттiк қызметтен жағымсыз себептер бойынша босатылған адамдарды қоспағанда) осы бапта көрсетiлген мәлiмдемелер мен мәлiметтердi табыс етпеуi немесе толық, дұрыс табыс етпеуi, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, адамға тиiстi өкiлеттiк беруден бас тартылу үшiн негiз болып табылады не оны жұмыстан босатуға немесе мемлекеттiк және оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарудан заңмен көзделген тәртiппен өзгедей босатуға әкеп соғады.

5-1. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген, қасақана жасалған, сондай-ақ бірнеше рет жасалған әрекеттер заңда белгіленген тәртіпте қолданылатын әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

6. Адамдар мемлекеттік немесе оған теңестірілген міндеттерді атқарудан босатылғаннан кейін үш жылдың ішінде алғаш рет жасалған, осы баптың 5-тармағында аталған әрекеттер, сондай-ақ мұндай іс-әрекеттерді қайталап жасау заңда белгіленген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

7. Жауапты мемлекеттiк лауазымдар атқаратын лауазымды адамдардың табыстарының мөлшерi туралы және олардың көздерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ сайланбалы мемлекеттiк қызметке ұсынылған кезiнде кандидаттардың табыстары туралы мәлiметтер заңдарда белгiленген тәртiппен жариялануы мүмкiн.

8. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдарға және соларға теңестiрiлген адамдарға өз атынан емес бөгде адамдар атынан, жасырын, бүркеншiк атпен және басқаша да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға тыйым салынады. Бұл мәмiлелер заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылады.

9. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мiндеттердi атқаруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мерзiмде мемлекеттiк меншiкке байланысты мүлiктiк сипаттағы барлық мәмiлелер мен қаржы қызметi туралы есептi мемлекеттiк мүлiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органға табыс етедi.

10. Салық органына келiп түсетiн, осы бапта көзделген мәлiметтер қызметтiк құпия болып табылады. Оларды жария ету, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, кiнәлi адамды жұмыстан босатуға әкеп соғады. Бұл мәлiметтер осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың, сондай-ақ соттың сұратуы бойынша ғана заңда белгiленген тәртiппен табыс етiледi.

«Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті ор­ганға заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдас­тыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржылан­дыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен қызметтік құпияны құрайтын мәліметтер ұсынылады.».

11. Осы бапта көзделген қаржы бақылау шаралары Қазақстан Республикасында тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн құрылыс материалдарын меншiгiне сатып алуға байланысты құқық қатынастарына қолданылмайды. Тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн құрылыс материалдарын сатып алу кезiндегi қаржы бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

10-бап. Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет

1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкі­летті лауазымды және өзге де адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асы­­ратын мәслихат депутаттарын, сондай-ақ осы Заң­ның 3-бабы 3-тармағының 2) және 4) тармақ­ша­ларында аталған адамдарды қоспағанда) педагог­тік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады.

2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депу­таттарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мү­ше­леріне, Қазақстан Республикасы Конститу­циялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелеріне, судьяларға кә­сіпкерлік қызметпен айналысуға, егер шаруашылық жүргізуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу заңнамаға сәйкес олардың лауазымдық міндетіне кір­мей­тін болса, шаруашылық жүргізуші субъектіні бас­қаруға дербес қатысуға, материалдық игілік алу мақ­сатында өзінің қызметтік өкілеттігін құқыққа сыйым­сыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке адамдардың материалдық мүдделерін қанағат­тандыру­ға жәрдемдесуге тыйым салынады.

3. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдар қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде өздеріне тиесілі, пайдаланылуы табыс табуға әкелетін мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгі­лен­ген тәртіппен осы функцияларды орындау уақы­тына сенімгерлік басқаруға беруге міндетті, бұған осы адам­дарға заңды түрде тиесілі ақша, сондай-ақ мүлік­тік жал­дауға берілген мүлік қосылмайды. Мүлікті сенім­гер­­лік басқару шарты нотариалды куәлан­дырылуға жатады.

4. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында аталған адам­дарға, егер шаруашылық жүргізуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу заңнамаға сәйкес олардың лауазымдық міндетіне кірмейтін болса, шаруашылық жүргізуші субъектіні басқаруға дербес қатысуға, мате­­риал­дық игілік алу мақсатында өзінің қызметтік өкілет­тігін құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке адамдардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге, кәсіп­керлік қызметпен айналысуға тыйым салынады, бұ­ған ашық және аралық инвестициялық пай қорла­рының пай­ларын, ұйым­дас­ты­рыл­ған бағалы қағаздар нарығындағы облигация­ларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық ұйым­дардың акцияларын (ұйымның дауыс беретін акция­ларының жалпы санының бес процентінен аспайтын көлемдегі жай акциялар) сатып алу және (немесе) өткізу, сондай-ақ тұрғын үйлерді жалдауға беру қо­сыл­майды.

Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарды қос­пағанда, осы баптың 1-тармағында аталған адам­дар акцияларды сатып алған жағдайда оларды сатып алынған күнінен бастап бір ай ішінде Қазақстан Рес­публикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге және мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде нотариалды куәлан­дырылған шарттың көшірмесін жұмыс орны бойын­ша кадр қызметіне табыс етуге міндетті.

5. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде өзінің меншігіндегі, пайдаланылуы табыс алуға әкелетін мүлікті Қазақстан Республикасының заңна­ма­сында белгіленген тәртіппен осы функцияларды орындау уақытына сенімгерлік басқаруға беруге міндетті, бұған осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақша, облигациялар, ашық және аралық инвести­циялық пай қорларының пайлары, сондай-ақ мүлік­тік жалдауға берілген мүлік қосылмайды Мүлікті се­німгерлік басқару шарты нотариалды куәлан­ды­ры­луға жатады.

6. Осы баптың 1-тармағында аталған, осы функ­цияларды орындаумен сыйыспайтын қызметпен ай­на­лысатын адамдар заңда белгіленген тәртіппен жұ­мысынан шығарылуға немесе тиісті функцияларды орын­даудан босатылуға жатады. Аталған функция­ларды орындаудан мұндай функцияларды орындау­мен сыйыспайтын қызметпен айналысуына байла­нысты босатылған мемлекеттік функцияларды орын­дауға уәкілеттік берілген адамға немесе оған теңес­тірілген адамға осы бапта көрсетілген қызметпен айналысуды тоқтатқанға дейін мұндай функцияларды орындауға қайталап уәкілеттік берілмейді.

11-бап. Жақын туыстардың бiрге қызмет iстеуiне жол бермеу

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген лауазымды және өзге де адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың (осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда) өздерiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметтерге тiкелей бағынысты лауазымдарды, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды.

2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын бұзған адамдар, егер олар аталған жолсыздық анықталған кезден бастап үш айдың iшiнде оны өз еркiмен жоймаса, мұндай бағыныстылықта болуына жол бермейтiн қызметке ауыстырылуға тиiс, ал бұлайша ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда бұл қызметшiлердiң бiреуi қызметiнен босатылуға немесе аталған мiндеттерден өзгедей түрде босатылуға тиiс.

3. Осы баптың 1-тармағында аталған негiздер бойынша жұмыстан босатылған адамдардың басқа органдарға, ұйымдарға мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарумен ұштасатын мемлекеттiк және өзге де қызметке кiруге құқығы бар.

13-бап. Игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады:

1) өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау.

Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына келiп түскен, аталған адам бiлмейтiн ақша қаражаты, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацы бұзыла отырып, тиiстi мiндеттерiн атқаруына байланысты алған қаражаты ол анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi салық органына мұндай қаражат түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып, республикалық бюджетке аударылуға тиiс;

2) өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау.

Аталған адам бiлмей келiп түскен сыйлықтар, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып тиiстi мiндеттердi атқаруына байланысты алған сыйлықтары жетi күн мерзiм iшiнде арнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзiлуге тиiс, ал адамға нақ сондай жағдайлар кезiнде көрсетiлген қызмет үшiн республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы ақы төлеуге тиiс. Өзiне сыйлықтар келiп түскен адам жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға хақылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша қаражатын арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады;

3) жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың есебiнен;

егер қарым-қатынасы шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетiнiң мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарының арасындағы өзара уағдаластыққа сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;

жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен, ұйымдардың қаражаты есебiнен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық шараларға қатысу үшiн жүзеге асырылатын, оның iшiнде осындай ұйымдардың жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарларды қоспағанда, шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдау;

4) несиелер, қарыздар алуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын және өзге де мүлiктер сатып алуда заңдарда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану.

2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның отбасы мүшелерiнiң аталған адам қызметi бойынша байланысты шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен сыйлықтар мен қызмет, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдауға құқығы жоқ. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адам немесе оған теңестiрiлген адам жетi күн мерзiм iшiнде өзiнiң отбасы мүшелерi заңсыз алған сыйлықтарды арнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзуге және республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы өз отбасы мүшелерi заңсыз пайдаланған қызмет құнын өтеуге мiндеттi.

3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, қызметiн төмендетуге, қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзге де түрде босатуға не заңда белгiленген тәртiппен өзге де тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады.

Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтарды қайталап жасау заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзге де түрде босатуға әкеп соғады.

4. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде оларды Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.

Ші дәріс.

Наши рекомендации