Лгі бойынша жауап беріңіз.

Сіздің отбасыңыз қайда тұрады? Әкеңіз кім?

Сіздің отбасыңызда қанша адам бар ? Шешеңіз кім?

Әкеңіз (шешеңіз) қайда жұмыс істейді? Үлкен ағаңыз кім?

Сіздің отбасыңыз бос уақытында немен

шұғылданады? Тете ағаңыз кім?

Саяхатқа қайда барасыздар ?

Әпкеңіз кім? Олардың аты кім?

ыңыз, әңгімелеңіз.

Отбасы

Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын (атасы, әжесі, күйеуі, әйелі, балалары, ата-анасы т.б.)бірлесіп, әулеттік-тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.

Көне заманнан бері әрбір отбасында той-мерекелер (шілдехана, ат қою, туған күн, мектепке бару тойы, күміс және алтын, қоныс тойлары қайта жаңғыруда.

4. Мақал – мәтелдерді жаттаңыз

Ата-ананың сөзін жерге тастама,

Байып алсаң – менмендікке бастама. (М. Қашқари)

Ұл ұдайы ізетті боп тұрса егер –

Әке-шеше жүзі жайнап нұр себер. (Ю. Баласағұни)

Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,

Жақсы, жаман болса бала – солардан. (Ю. Баласағұни)

Сөз басы – сәлем

Сәлем беру - әдептіліктің белгісі. Амандасу – кездескен адамнын амандығын білу, жақсылық тілеу.

Адамдар бір-бірімен ашық – жарқын амандасуға тиіс.

Амандасу – адамгершіліктің, әдептіліктің белгісі.

Амандасу түрлері мыналар:

- Сәлем!

- Сәлеметсің бе?

- Сәлеметсіз бе?

- Амансың ба?

- Амансыз ба?

- Ассалаумағаллейкүм!

- Уағалейкүмассалам!

Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның міндеті.

Тапсырма:

1. Мәтінді түсініп оқыңдар.

2. Амандасу жолдарын біліп алыңдар, бір-біріңмен сәлемдесіңдер.

3. Өздерің осылай амандасатын едіңдер ме?

Әдеп сақтау

Әдеп – тәртіп деген сөз. Бұл – халықтық ұғым. Әдеп сақтаудың қоғамдық мәні бар. Әдеп сақтау - әдептілік, яғни мінез-құлық пен адамгершілік қарым-қатынастың қалыптасқан ережесін мүлтіксіз орындау. Әдепті болу үшін кішіпейіл, көпшіл, инабатты болу керек. “Әдептілік - әдемілік ” дейді халық. Әдепті болу үшін әдемілікті, жақсылықты сезіну керек. Жақсылықты сезінбейтін адамды “ұятсыз” дейді халық.

Өз кемшілігін түсініп , оны түзетуге тырысатын адамды “ұяты бар” дейді. Сондықтан жас кезден бастап әдеп сақтауға үйрену керек.

Тапсырма:

1. Әдеп дегеніміз не?

2. Әдепті адам қандай болады?

3. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

Сын есім

Заттың түрін, түсін, сынын, сипатын білдіретін сөз табын сын есім деп атайды. Сұрақтары: қандай? қай?

I. Мағынасына қарай Түрлері Мысалдар
1. Сапалық, ақ, қара, жеңіл, үлкен
2. Қатыстық тұзды, арманды, ақшалы
II. Тұлғасына қарай   1. Негізгі жақсы, әдемі, кең, суық
2. Туынды қысқы, таулы, сынық, өткір
III. Құрамына қарай     1. Дара кіші, тар, нәзік, мол
2. Күрделі ойлы-қырлы, қызыл ала, ұзын бойлы, жақсы-жаман

Сын есімнің шырайлары

Шырай түрлері Жұрнақтары Мысалдар
I. Жай шырай   әдемі, жақсы, ақ, көк
II. Салыстырмалы шырай -рақ,-рек, -ырақ, -ірек, -лау,-леу,-дау,-деу,-тау, -теу,-кыл,-ғыл,-қылт, -ғылт,-ғылтым,-қыл-тым,-шыл,-шіл,шыл-тым,-ілдір,-ақ, -қай, -ғыш жақсырақ, ағырақ, көгірек, жақсылау, ақтау, көктеу, қуқыл, бозғыл, сұрғылт, сұрғылтым, ақшыл, ақшыл-тым, көгілдір, бозаң, қартаң, сарғыш
III. Күшейтпелі шырай 1. Күшейткіш буын арқылы 2. өте, тым, аса, бек, тіпті, нағыз, ең, нақ жап-жақсы, әп-әдемі, сап-сары, қап-қара өте әдемі, тым жақсы, аса биік, тіпті жақын

Тәуелдік жалғау

Тәуелдік жалғау заттың белгілі біреуге тән екендігін білдіреді. Орыс тілінде мұндай қосымша жоқ: дәптер+ім , дәптер+ің .

Оңаша

Соңғы дыбыс Жақ зву(Лицо)     Дауысты Дауыссыз
I. Менің -ым -ім
II- Сенің -ың -ің
III. Сіздің -ңыз -ңіз -ыңыз -іңіз
IV. Оның -сы -сі
Буын жуан жіңішке жуан жіңішке

Ортақ

Соңғы дыбыс Жақ зву(Лицо) Дауысты Дауыссыз
I. Біздің -мыз -міз -ымыз -іміз
II. Сендердің -лар + ың -лер +ің -дар -лар +ың -тар -дер -лер +ің -тер
II. Сіздердің -лар + ыңыз -лер + іңіз -дар -лар +ыңыз -тар -дер -лер +іңіз -тер
III. Олардың -сы -сі
Буын жуан жіңішке жуан жіңішке

Оңаша

Соңғы дыбыс Жақ Дауысты Дауыссыз
I. Менің аға+м әке+м ат+ым ел+ім
II- Сенің аға+ң әке+ң ат+ың ел+ің
III. Сіздің аға+ңыз әке+ңіз ат+ыңыз ел+іңіз
IV. Оның аға+сы әке+сі ат+ы ел+і
Буын жуан жіңішке жуан жіңішке

Ортақ

Соңғы дыбыс Жақ Дауысты Дауыссыз
I. Біздің аға+мыз әке+міз ат+ымыз ел+іміз
II. Сендердің аға+ларың әке+лерің ат+тарың ел+дерің
II. Сіздердің аға+ларыңыз әке+леріңіз ат+тарыңыз ел+деріңіз
III. Олардың аға+сы әке+сі ат+тары ел+і
Буын   жуан жіңішке жуан жіңішке

Оқымысты бала

Бір бала қалада оқып, жазғытұрым ауылына келеді. Әкесі: “Балам, енді шөп шабатын мезгіл жақындады. Қолыңа тырнауыш ал. Мен шапқан шөпті жинап, жәрдеміңді тигіз,”- деді. Баланың жұмыс істегісі келмейді: “Мен әртүрлі ғылымдар оқып қайттым. Қара қазақтың сөздерін ұмыттым. Тырнауыш деген не нәрсе?”- дейді. Ол сөзді айтсымен сыртқа шығады. Байқамай, жатқан тырнауыштың басын аяғымен басып қалады. Сабы тақ етіп баланың маңдайына тиеді. Сонда ғана бала тырнауыштың не нәрсе екенін түсінеді. Ол “Тырнауышты аяқ астына тастаған қандай ақымақ екен?”-деп ашуланыпты.

(Міржақып Дулатов)

Тапсырма:

1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыздар.

2. Бала қайдан оқып келді?

3. Әкесі оған не деді?

4. Бала не деп жауап берді?

5. Бала неге ашуланды? Әкесінің тапсырмасын орындады ма?

Наши рекомендации