Информациялық қоғамның даму келешегі
Әлемде орасан зор информациялық әлеует (потенциал) жинақталған, бірақ, адамдар оны өздерінің шамасы жеткен жерге шейін толық пайдалана алмай отыр. Информациялықдағдарыс қоғам алдына қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын іздеу қажеттілігін көлденең тартты. Әр түрлі қызмет саласында информацияны өңдеп беретін осы заманғы құралдардың, ЭЕМ-нің тұрмысымызға енуі индустриялық даму кезеңіндегі адамзат қоғамының өркендеуіне информатизациялау, деп аталатын жаңа эволюциялық процестің басталғанын білдірді.
Бүгінгі таңда әлемнің барлық елдері белгілі бір деңгейлерде информатикалау процесін жүзеге асыруда. Информатикалау стратегиясын дұрыс таңдап алмаса немесе оның динамикасы (серпінділігі) мен жұмылдырылуы (мобильность) жеткіліксіз болатын болса, оның салдары ел өміріндегі барлық салаға күйзеліс әкелуі ықтимал. Білетіндігіміздей, информатикалауды ең алғаш боп бастағаан ел АҚШ болатын. Өнеркәсібі дамыған басқа елдерде де бұл бағыттың келешегі бар болатынын, онсыз ендігі жерде алға басудың мүмкін еместігін түсініп, тез бағдарланып, компьютерлер мен телекоммуникация құралдарын енгізу қарқынын үдете түсті. Қазіргі уақытта АҚШ-тың барлық іскерлік және саяси пресасы (ақпарат құралдары) басқа дамыған елдердің (Жапония, Германия және т.б.) АҚШ-ты компьютерлік, телекоммуникациялық және макроэлектрондық салаларында ығыстыру арқылы, осы өнімді өткізу нарығын олардың басып алғаны туралы пікір таластыруға толы.
Жапония мен Батыс елдері қоғамды информатикалау мәселесімен айналысқандарына екі он жылдықтың жүзі болды. Соңғы жылдары ол жақта мемлекеттің орасан зор демеу қаржысымен (субсидия) жалпы ұлттық бағдарламалар қолға алынып отыр. Информатикалау болашаққа ұмтылысты танататын процесс. Бұл бағытта барлық дамыған елдер информатикалауға басымдықтар беріп, осы мақсатқа негізгі ресурстарын жұмсап, күш-жігерін жұмылдыруда. Информатикалау теориялық талдау объектісінен қандай да бір елдің саяси және экономикалық артықшылықтарын танытатын өмір сүру факторымен қуаттылығын бағалау өлшеміне айналып, мемлекеттің ішкі және сыртқы стратегияларын жасауда маңызды бағдар ретінде болып отыр.
Ішкі нарықта америкалық тауарларға тұтынушылар сұранысы азаюының тұрақты сипат алуы АҚШ экономикасында көптеген мәселелер тудырды. Қалыптасқан жағдайдан шығу үшін америкалық қоғамдағы қызметтердің барлық жақтарын информатикалауды қарқындату, яғни үдету (интенсификация) бойынша шаралар қабылдады. Атап айтқанда:
жаңа зерттеулер жүргізуде инвестициялауды арттыру;
білім сапасын жақсарту;
өнім шығару сатысында халықаралық серіктестікті дамыту;
жұмысшы күшінің сапасын көтеру және басқа да шаралар.
Бұл тәжірбиені еліміздің мемлекеттік информатикалау саясатын құру барысында ескеру қажет, өйткені информациялық технологияны өндіру арқылы жоғары технологиялар мен экономиканы дамытудың барлық артықшылықтарына ие бола аламыз. Дамыған елдердің көбісі информациялық және коммуникациялық салаларда көп күш жұмсамай-ақ сәл артта қалудың өзі тұтастай дамуды мүлдем тежеп, тұралатып тастайтынын жақсы түсінеді. «Үшінші әлемнің » бірқатар елдерінің басшылары информатикалауды жүзеге асырып отырған өнеркәсібі дамыған елдерден көп артта қалып бара жатқандарына мазасыз күй кешуде. Бұл мынпған алып келуі ықтимал: осы артта қалған елдерге өнеркәсібі дамыған елдердің және информациялық қоғамдастықтың қосалқы шикізаты сияқты қарап, қабылдауы мүмкін.
Қазіргі уақытта АҚШ-тың информатикаландыруға (жасау, өндіру, монтаж, ЭЕМ-ді, информациялық желілер мен әр деңгейдегі жүйелерді, деректкр базасын пайдалану және т.б.) жұмсайтын шығының жалпы көлемі жылына бірнеше жүздеген миллиард долларға жетті. Компьютерлік қорғаныс бастамаларының (компьютерной оборонной инициативы) америкалық жүйесі (КҚБ) және әсіресе стратегиялық қорғаныс бастамалары (стратигической оборонной инициативы) (СҚБ) өз кезегінде басқаруды, ғылымды, жобаларды, барлық жүйелерді жасауды, шешімдерді қабылдау мен қолдауды информатикаландыруды ұйғаратын информациялық технологияларға негізделеді.
Дамудың қандай деңгейіндегі ел болмасын, олардың бәрі де қоғамды информатикалаудың қажеттілігін терең сезініп отыр. Көптеген елдердің жергілікті ерекшеліктері мен жағдайларды қоса ескеретін информатикалаудың ұлттық бағдарламасы бар. Сөйтсе де мұндай бағдарламаны жасап, қоғам өміріне енгізбес бұрын, ең алдымен алдыңғы қатарлы елдердің тәжірбиесіне сүйеніп, олардың жетістіктері мен сәтсіздіктерін ескеріп, ондағы информатикаландырудың елеулі әрі келешегі бар тенденцияларын өздеріне пайдалануы керек.
Информатикаландыру бағдарламаларын сәтті жүзеге асыру үшін мүмкін болғанша (шама келгенше) барлық әлем қоғамдастығына ортақ принциптерді ұстану керек:
информациялық сектордың артықшылығын мойындау. Ұлттыұ экономиканы көтеруге қабілетті жаңа инфрақұрылымды және секторын құру экономиканы дамытады;
әлемдік ғылым мен техника жетістіктерін кеңінен пайдалану;
мемлекеттік мекемелерді де, жеке меншіктегілерді де информатикалауға қаржы қаражатын көп мөлшерде жұмсау;
информатикаландырудың басты мақсаты информацияны өңдеу мен коммуникация шарттарын жеңілдету есебінен елдің және оның азаматтарының әл-қуатын өсіруді жариялау.
Информатикалау процесінің нәтижесіне материалдық объектілермен емес, символдармен, идеялармен, бейнелермен (образ), интеллектпен, біліммен манипуляция жасайтын информациялық қоғамды құру жатады.