Ірлер халқының өмір сапасын интегралдық бағалау

Жүргізілген талдау өмір сапасының анықтамаларының және анықтау тәсілдерінің әралуандығын көрсетті. Алайда бұл ұғымның бірыңғай түсіндермесі тіпті жеке ғылыми шеңберінде де жоқ.

Бүгінде ғалымдар өмір сапасының индикаторларын бағалаудың мынадай негізгі үш түрін бөліп көрсетеді: объективтік, субъективтік және интегралдық. [23]

Өмір сапасын объективтік бағалаубарынша таралған. Мұндай тәсілде өмір сапасы объективтік шарттары және тіршілік қызметі процестерінің параметрлері арқылы анықталады. Өмір сапасының көрсеткіші мәндерін анықтау үшін негізінен, құралдық, есептік, статистикалық және сараптамалық әдістер пайдаланылады. Кейде бірнеше жоғарыда көрсетілген әдістерді пайдаланатын құрамдастырылған әдіс қолданылады.

Оның мақсаты – қоғамның немесе адамдар тобының өмір сүру деңгейін әртүрлі статистикалық ақпарат негізінде мүмкіндігінше дәлме-дәл өлшеу. Қазіргі уақытқа дейін ғылыми қоғамдастықта мұндай бағалау үшін бірыңғай, жалпыға танылған индикаторлар топтамасы әзірленбегенін айту қажет. Қарастыру деңгейіне және нақты зерттеудегі ғалымның мүмкіндіктеріне байланысты объективтік көрсеткіштердің 1000 әралуан түрі пайдаланылуы мүмкін. [24]

Өмір сапасының объективтік бағалар тобында ресми статистика және ашық дереккөздерден алынған статистика негізінде интегралдық өмір сапасын бағалау ерекше бөлінеді. Ресей Федерациясында интегралдық бағалау негізінде өмір сапасының бағасы бойынша әдістемелер әзірленген.

Мысалы, профессор С. А. Айвазянның басшылығымен Ресей Ғылым академиясы Орталық экономика-математика институтының мамандары әзірлеген өмір сапасының интегралдық индикаторы (ӨСИИ). ӨСИИ мемлекеттік статистика ресми деректері негізінде бағалауды жүргізуге мүмкіндік, бұл өте маңызды және субъективтілік факторын біркелкілендіреді. Көрсеткіштер бес интегралдық топқа біріктіріледі:

− өзіне күтілетін өмірдің ұзақтығы, білім деңгейі, біліктілік, туу және өлім-жітім, неке және т.б. сияқты қасиетерді кіріктіретін халық сапасы;

− өзіне өмір сүру деңгейінің және оның материалдық және рухани қажеттіліктерін нақты табыстар, олардың саралануы, ізгіліктер мен қызметтерді тұтыну деңгей, қоғамды инфрақұрылым қуаттарымен қамтамасыз ету деңгейі және т.б.) қанағаттандыру дәрежесін көрсететін негізгі көрсеткіштерді кіріктіретін халықтың әл-ауқаты;

− еңбек шарттарының деңгейін, әлеуметтік қорғауды, қоғам мүшесінің жеке және мүліктік қауіпсіздігін, қоғамның өзінің қылмыс жиі жасалатын және әлеуметтік-саясисаулығын және т.б.көрсететін әлеуметтік қауіпсіздік (әлеуметтіксала сапасы);

− әуе кеңістігінің, судың ластануы туралы, топарықтың сапасы биоәралуандықтың деңгейі туралы деректерді және т.б. шоғырландыратын қоршаған ортаның сапасы (экологиялық тауаша сапасы);

− табиғи-шикізат ресурстарының құрамыман және көлемімен, климатпен, форс-мажорлық жағдайлардың жиілігімен және ерекшелегімен сипатталатын табиғи-климаттық шарттар.

Атап айтқанда, С.А. Айвазян тиісті статистикалық көрсеткіштер және осы санаттың барынша жеке ерекшеліктері негізінде жасақталған өмір сапасын өлшеудің қалыптандырылған әдістемесіне сүйене отырып, біздің қоғам адамының дамуында стратегиялық мақсаттарды анықтауға; уақыт және кеңістік жағынан осы көрсетікш бойынша бұл қоғамның әртүрлі ұяшықтарын салыстыру; ақырында шартты түрде ұйымдастырылуы әлеуметтік-экономикалық және экологиялық-демографиялық дамудың оңтайлы траекторияларын анықтауға мүмкіндік беретін (әртүрлі климаттық, саяси және ресурстық шектеулермен) қоғамдық әл-ауқаттың нысаналы өлшемдерін құрастыруға мүмкіндік алатынымызды атап өтеді.[23]

Өмірсапасын субъективтік бағалаусубъективтік бағалауларда жасақталады. Мұндай тәсіл өмір сапасын әлеуметтану сауалнамалары негізінде анықтады білдіреді. Субъективтік индикаторларды есепке алу қазіргі заманғы әдістемелердің көпшілігінде жоқ. Бұл қажетті әлеуметтану зерттеулері жүргізудің қиындығымен және алынған ақпаратты талдау кезінде туындайтын қиындықтармен түсіндіріледі.

Интегралдық тәсілөмір сапасының объективтік және субъективтік бағаларын әртрүрлі мәндес ретінде қарастыруға негізделеді. Мұнда ең қиыны интегралдық бағалауды есептеу – объективтік және субъективтік бағаларды қамтитын мұндай индексті әзірлеу.

«Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» ЖМ өмір сапасын бағалау бойынша және өлшеу бойынша жиналған тәжірибені талдай отырып, объективтік тәсіл шеңберінде Қазақстан өңірлерінің өмір сапасын интегралдық бағалау әдістемесін ұсынады.

Объективтіктәсілді таңдау мыналармен байланысты:

1) Қазақстанның ресми статистикасында статистикалық ақпарат деректерінің айтарлықтай, оның ішінде өмір сапасы мәселелеріне қатысты массиві жиналған;

2) субъективтік тәсіл елдің өңірлері бөлінісінде ең кемінде өмір сапасы сауалнамаларына еркін қолжетімділіктің болмауы себебінен қолданылуы мүмкін;

3) болашақта әлеуметтану сауалнамаларының қорытындылары болған кезде интегралдық тәсілді қолдануға болады.

«Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» ЖМ Айвазянның ӨСИИ ерекшелігі бесеудің орнына «Маслоу пирамидасына» сәйкес көрсеткіштерді мынадай үш тобын пайдаланады: физикалық қажеттіліктер көрсеткіштері, әлеуметтік қажеттіліктер көрсеткіштері және рухани қажеттіліктер көрсеткіштері.

Қазақстан өңірлерінің өмір сапасын интегралдық бағалауды әзірлеу мынадай кезеңділікпен болды:

1. Салыстыру үшін базаны таңдау.

2. Олардың негізінде интегралдық бағалау қалыптастырылуға тиіс есептік статистикалық көрсеткіштер іріктемесі.

3. Жеке өзіндің сипаттамалардың өмір сапасының жиынтық сипаттамасына (үлгінің түрі, оның тұрақты параметрлері) кірігу әдісін таңдау.

Кезең.

Интегралдық бағалардың ерекшелігі олардың мәнін тек қана тиісті бағалаулармен және деректермен салыстыру көмегімен балама түрде қабылдауға болатындығы болып табылады. Сондықтан біз облыстар және Астана және Алматы қалалары деңгейінде елдің барлық өңірлері бойынша деректерді іріктеп алдық.

2-кезең.Әртүрлі статистикалық көрсеткіштердің арасында белгілі бір өзара байланыспен сипатталатын көптеген параметрлер бар. Статистикалық деректерді іріктеу кезінде біз мультиколлениарлануды және жалған регрессия фактілерін жою үшіннемесе басқаша айтқанда нәтиже беретін өмір сапасын бағалауды қалыптастыру кезінде факторлардың әсерін есепке алуда «қайталануды» біркелкілендіру үшін өзара корреляцияның жоғары дәрежесіне ие емес статистикалық көрсеткіштерді іріктеп алдық. Статистикалық көрсеткіштер іріктеу мынадай принциптер бойынша жүзеге асырылды:

– іріктемеге енгізілетін көрсеткіштердің мағыналық мазмұны шешілетін мәселенің нысаналы белгіленуіне сәйкес келуге тиіс;

– статистикалық көрсеткіштерді іріктеу жеткілікті түрде ықшам болуға тиіс және онда өмір сапасы барынша маңызды аспектілерін сипаттайтын көрсеткіштер болуға тиіс;

– өмірдің маңызды шарттарын тікелей сипаттайтын статистикалық есептік көрсеткіштер болмаған жағдайда, олар бойынша бұл шарттардың адамға әсерін жанама бағалау мүмкін болатын аналогтарды қосуға рұқсат етіледі;

– егер өмір сапасын бағалау нақты жыл ішінде жүзеге асырылатын болса, онда көрсеткіштердің құрамына өткен кезеңдер ішінде жиналған әсерлерді көрсететін ұқсас көрсеткіштер енгізілмеуге тиіс.

Біз 3-тарауда ұсынылғаннан шамалы айырмашылығы бар көрсеткіштер тізбесін пайдаландық.

Наши рекомендации