Зандық жауапкершіліктін мақсаттары мен қағидалары. Зандық жауапкершіліктен босатылатын мән-жайлар
Жасалған құқық бұзушылық міндетті түрде заңды жауапкершілікті тудырады.
Заңды жауапкершіліктің негізі – құқық бұзушылықтың жасалуы мен адамның іс-әрекеттерінің құқық бұзушылықпен қамтылуы.
Заңды жуапкершілік деп мемлекетпен құқық бұзушылыққа барған жеке адамның арасында пайда болған құқықтық қатынастардың нәтижесінде құқық бұзушылық жасаған субъект өзінің жасаған қауіпті, зиянды әрекеті үшін арнайы қолданылған жазаға төзуін айтады.
Түрлері:
Позитивтік заңды жауапкершілік – барлық құқық субъектілерінің заң және басқа нормативтік құқықтық актілер тыйым салған талаптарын бұлжытпай орындау, құқыққа сай мінез-құлықты қалыптастыру. Мұндай жауапкершілік негізінде болашақта қалыптасатын мінез-құлыққа тікелей қатысы бар.
Ретроспективтік жауапкершілік – құқық бұзушылық жасаған суюъектіге мемлекет тарапынан күш қолдануы және құқық бұзушының ондай әрекетке төзуі. Мысалы, субъект жасаған ұрлығы үшін міндетті түрде жазаға тартылуы тиіс. Қызыл бағдаршамға өтіп кеткен жүргізушіге белгіленген заң мөлшерінде айып салынуы тиіс және т.с.с.
Заңды жауапкершілік өзінің функцияларына байланысты компенсациялық және жазалаушылық болып бөлінеді.
Компенсациялық заңды жауапкершілік деп субъектінің құқыққа қарсы жасалғын әрекетінің нәтижесінде келтірілген зиянды өтеуі.
Жазалаушылық заңды жауапкершілік жариялылық құқықтық тәртіпті қорғау үшін құқық бұзушыны жазалаудың жолы. (пара алғаны үшін лауазымды тұлғаны заңды жауапкершілікке тарту).
Құқық салалары бойынша конституциялық, қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, тәртіптілік, материалдық болып бөлінеді.
Конституциялық заңды жауапкершілік Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының, лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік қызметкерлерінің, Үкіметтің, Президенттің ата заң алдындағы жауаптылығы. Мұндай талаптар конституцияның 34-бабынан туындайды және онда конституциялық жауапкершілік мынадай мағынада берілген: «Әркім ҚР конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті».
Қылмыстық құқықтық жауапкершілік субъектілердің жасаған қылмыстары үшін тек қана сот органдары, қылмыстық кодексте белгіленген қылмыстар үшін қолданылады. Бұл жауапкершілік басқа жауапкершілік түрлеріне қарағанда қатаң жаза қолданумен ерекшеленеді.
Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік – атқарушы-орындаушы органдардың басқару жүргізу барысында әкәмшілік теріс қылықтар үшін қолданылатын жауапкершіліктің жиынтығы. Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде бекітілген.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік – жеке тұлға мен заңды тұлғалардың шарт, келісім, мәмле арқылыөздеріне жүктелген құқықтың міндеттерін орындамауынан және адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіруден туындайтын жауапкершілік.
Тәртіптілік-құқықтық жауапкершілік – заңды әкімшілігі тарапынан еңбек тәртібін бұзған адамдарға қолданылатын тәртіптік жазаның қолданылуы (өз міндеттерін орындай алмағаны үшін ескерту, сөгіс, қатаң сөгі, жұмыстан босату).
Материалдық жауапкершілік жұмысшының, қызметкердің жұмыс істейтін орнында өзінің кінәлі әрекетінің нәтижесінде келтірілген зиянын өтеуі. (мысалы, мүлікті қирату ).
Заңды жауапкершіліктің қағидалары:
Жауапкершіліктің мақсатқа сай болуы. Бұл қағиданың мазмұны бойынша жауапқа тартылған субъекттің мінез-құлқы жан-жақты танылып, барлық суюъективті, объективті жағдайларды ескеріп, жаза қолданылуы тиіс. Мысалы судья сотталушыны жауапқа тартып, жаза қолданғанда жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескеріп мақсатқа сай келетін жазаны тағайындауы тиіс.
Барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі. Жауапқа тарту, құқық қолдану, жаза тағайындау барысында ешбір адамға артықшылық беруге болмайды. Тек заң негізінде, тең құқылықты сақтау арқылы жауапкершілік іс жүзіне асады.
Әділеттілік. Қабылданған бұйрық, шешім үкім әділетті болуы тиіс. Сонда ғана заңды жауапкершілік тиімді нәтиже береді, қоғамда әділеттік ұғымы салтанат құрады.
Заңдылық. Заңдық жауапкершілікке тарту тек заңдылық қағидалары негізінде іс жүзіне асулары тиіс. Заңды бұрмалау арқылы жауапқа тартып, жаза қолдану мемлекеттік органдардың халық алдындағы бделін түсіреді, бассыздық, адам құқықтарын аяққа таптауға тікелей жол ашады.
Заңды жауапкершілікке тек қана кінәлі субъектінің тартылуы. Құқық талаптары бекіткен және тек қана кінәлі субъект заңды жолдармен алынған дәлелдер негізінде жауапқа тартылуы тиіс.
Заңды жауапкершіліктен босатудың мән-жайлары.
1.Қажетті қорғану. Құқық бұзушылықпен күресу текқана мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар әрбір азаматтың моральдық борышы болып табылады. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, меншік құқықтарын, мемлекеттік мүдделерді, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, олармен күресу барысында кейбір адамдар мемлекеттік, қоғамдық және кейбір жеке адамдардың мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін. Қажетті қорғану ҚР конст-ның 13-бабында: «Әркім құқық суюъектісі ретінде танылуға құқы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғануға құқылы» - деп атап көрсетілген.
Қажетті қорғану қылмыстық және әкімшілік кодексінде арнайы нормалармен бекітілген.
Аса қажеттілік жағдайнда жасалған әрекеттер де қылмыс, немесе басқа да әкімшілік құқық бұзушылыққа жатпайды. «Аса қажеттілік жағдайында, яғни, осы адамның немесе өзге адамдардың өміріне, денсаулығына, құықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін, осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру, егер бұл қауіпті өзге құрылдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен асуға жол берілмесе, әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды». (ҚР ӘҚБК 40-бабы) (ҚР Қылмыстық кодексінің 34-бабы.)
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру – қылмыс жасаған адамға онв мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер ондай адамды басқа амлдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды. (ҚР ҚК 33-бабы).
Орынды тәуекел ету ҚР ҚК 35-бабында жауапкершіліктен босатудың негізі деп танылған. Атап айтқанда қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте... кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.
Күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде... кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.
Бұйрықты немесе өкімді орындамауда өзі үшін міндетті бұйрықты немсе өкімді орындау жөнінде іс әрекет жасаған адамның... кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі қлмыс болып табылмайды. Мұндай зиян келтіргені үшін заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам қылмыстық жауапқа тартылады (ҚР ҚК 37-бабы).