Кәсіпорынның өндірістік-өткізу жолдарының мәні

ЖОСПАР

Кіріспе .................................................................................................

Негізгі бөлім

Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның өндірістік - өткізу қызметінің мәні және маңызы

Кәсіпорынның өндірістік-өткізу жолдарының мәні .............................

Кәсіпорында өткізу қызметінің түрлері және деңгейлері ....................

Кәсіпорындағы өткізу қызметінің рөлі

Кәсіпорындағы өндірістік-өткізуді ұйымдастыру және оның тиімділігі

2.1 Кәсіпорында өндірістік - өткізуді жарнамалау әдістері

2.2 Өндірістік - өткізуді ынталандыру жолдары

Орытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Халық шаруашылығының дамып, экономикалық өзегінде, өндірістің негізгі түйіні – кәсіпорын болып саналады. Барлық өндіріс кезеңдерінде өндіріс экономикасының дамуына, жұмысшылардың өндірісіне тікелей байланысы арқасында кәсіпорында өнімді өндіру және өткізу жұмысы атқарылады.

Қоғамдық еңбек бөлісі жүйесінде оқшауландырылған дербес жеке дара кәсіпорынды, өндіріс-шаруашылық бірлігі немесе шаруашылық жүргізуші субъект дейді. Кәсіпорында пайда алу мақсатында өнім өндіру мен өткізу жұмыстарын орындап, қызмет көрсетудегі жеке дара шаруашылық субъектісін айтамыз.

Өндірілген тауарды тұтынушыға міндетті түрде жеткізу керек. Өндірушілер осы қызметті екі әдіспен жүүзеге асырады: өзіндік өткізу бөлімшесі арқылы немесе делдардар арқылы. Тауарды тікелей өткізу әрқашан да тиімді емес, сондықтан өндірушілер делдалдардың қызметін қажет етеді. Өзінің байланыстары, тәжірибесі және мамандануы арқасында делдардар бірқатар қызметтер ұсынып, фирманың өз бетінше ала алатын шамадан көбірек пайда табуға жәрдемдеседі. Дистрибьюторлармен, бөлшек сауда дүкендерімен, тәуелсіз делдалдармен келісім негізінде құрылған арналарды қажет кезде өзгерту өте қиын. Сондықтан басқарушы қызметтер өткізу арналарын құруға байсалды, байыпты қарауға тиіс.

Өткізу арнасын қалыптастырудың кезінде басты мәселе оған қатысушылар саны. Өткізу арналарының деңгейі – бұл тауарды өндірушіден тұтынушыға жылдыту бойынша тізбектегі қайсыбір жұмысты орындайтын кез келген делдал.

Өткізу арнасының ұзындығы арнаның аралық деңгейлерінің санымен анықталады, осыған байланысты өткізу арналары қысқа және ұзын болып қалыптасады.

Бүгінгі таңда қоғамдық өндірістің даму бағыты - әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару. Соның нәтижесінде еліміздің экономикасы алдағы келе жатқан он жылдықта әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде мақсат қойып отыр.

Мемлекетіміздің аталған экономикалық саясатын іске асыруда кәсіпорындардың атқаратын рөлі өте зор, себебі олар қоғамдық өндірістік өткізу негізгі буыны болып табылады. Міне, сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіру және өткізу қызметтері көрсетілуі тиіс.

Өндірістік кәсіпорындар өндірістік-техникалық ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік бірлігімен сипатталады.

Экономикалық бірлік – кәсіпорын алдына қойылған негізгі мақсатқа жету барысында барлық құрылымдық бөліктерінің бір нәтижеге атап айтқанда: өнім көлемінің, сапасының, бәсекелестік қабілетінің өсуіне, жоғарғы табыстылық деңгейіне т.с.с. жетуін көздейді.

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК - ӨТКІЗУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ

Кәсіпорынның өндірістік-өткізу жолдарының мәні

Өткізу - өншді кеңістік пен уақыт ішшде жылжытып ауыстыру жөніндегі іс-әрекет түрлерінің жиынтығы, сондай-ақ меншік құқығын өндірушіден тұтынушыға беру. Қысқаша айтқанда: өнім мен қызметтерді тұтынушыға жеткізу.

Өткізу арнасына қатысушылардың міндетті қызмет аясы (5):

1. Ақпараттық - маркетингтік зерттеулер жүргізу, ақпаратты жинау және оларды тарату.

2. Коммуникациялық - жарнамалық ақпаратты жасау және тарату.

3. Тауарлады бейімдеу - тауарларды сатып алушының талабына сай ыңғайлау (өндіріс, іріктеу, құрастыру және орау).

4. Байланыстарды орнату - мүмкін болатын сатып алушылармен байланысты орнату және қолдап отыру.

5. Келіссөздер жүрізу - тауар меншігін иемденуге беру эрекетін жүзеге асыру, үшін бағаны және басқа да шарттар туралы келіссөздер жүргізу.

6. Тауар қозғалысын ұйымдастыру - тауары тасымалау және қоймаға қою.

7. Қаржыландыру - арнаның қызмет атқаруына қажетті шығындарды жабатын қаржыны іздеу және пайдаану.

8. Тәуекелге бару - өткізу арнаның жауапкершілігін өз міндетіне алу.

9. Төлем жасау - тауарды өндірушіден алуға және тұтынушыға сатуға байланысты операциялар.

10. Меншік құқығын табыстау - тауарларды иемдену құқығын бір жеке немесе заңды түлғадан екінші бір тұлғаға табыстау.

Арнаның өткізу қызметтерін тек өндірушілер де, делдалдар да жүзеге асыруы мүмкін. Өткізу процестерін жалпы сипаттай келе, оның арналар, деңгейлер жүйелер және өткізу нысандары деген қүрамдастарын бөліп айтады.

Өткізу арнасы - ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту процесіне қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы. Маркетингтік эдебиеттерде кездесетін тарау арналар, тауар қозғалысының арналары, өткізу арналары немесе маркетингтік арналар деген терминдердің мағынасы бірдей.

Өткізу арналарын таңдау кезінде мынадай факторлар ескеріледі:

· Өндіруші фирманың мінез-қүлқы, оның мақсаттары, пайдамен табатын өткізу процесін бақылау мүмкіндігі; ресурстары, өндіріс көлемі және мерзімділігі, жүк жөнелту жиілігі, тәжірибесі, әдістеі, өткізу жүйесі.

· Тұынушылар, олардың саны, территориялық орналасуы, сатып алудың орташа мөлшері, сұраныс деңгейі, түтынушылардың мінез-қүлқы, нарық сегменттері төлем тэсілдері (қолма-қол төлеу, несие алу, несие алу), сатып алу орындарының нысандары (суепрмаркет, пошта арқыы тапсырыс және т.б.).

· Тауар немесе қызмет көрсетудің сипаты, ассортименті және сапасы.

· Тауарларды өткізу кезінде сапалық қасиеттері, оны жасау күрделілігі, жаңалығы, қүны және басқа да параметрлері ескеріледі.

· Қызмет көрсетуді сатып-өткізу кезінде - оның материалдық еместігі, сапасының өзгегіштігі, ұзақ уақыт сақталмайтындығы, өндіру мен тұтынудың бөлінбейтіндігі қарастырылады.

Өткізудің маркетингтік жүйелерінің түрлері өткізу араналарыньің құрылымына байланысты болады. Корпоративтік ТМЖ негізінде өндіріс пен өткізудің кезендері және өткізу арналарының қатысушылары бір билікте болады. Тарату жүйесінде иелік ететін өндіруші меншігіне осы жүйедегі бөлшек сауда дүкендері жатады. Өндірушінің бөлшек сату желісіне меншігі алға бағытталған интеграция деп аталады, өйткені компания тарату тізбегінің тұтынушыға жақын бір ұяшығын сатып алады. Мысалы, мұнай компаниясы меншігіндегі жанармай құю станциялары арқылы жанармай сатады.

АҚШ та Сиярс әмбебап дүкендер жүйеснде сатылатын тауаладың 50%-ін оның толықтай немесе жартылай меншігігдегі компаниялар өндіріледі. Көтерме және бөлшек фирмалар жабдықтау көздерін бақылай алатын болса, мүндай жеке меншік нысаны, артқа бағытталған интеграция деп аталады.

 
 

Сурет 1 –

Наши рекомендации