Диплом алды тәжірибенің есебіне қойылатын талаптар
Тәжірибе біткен уақытта студент жазбаша түрде қаржы ұйымындағы тәжірибе жетекшісінің пікірі жазылған, мөрмен басылған есеп тапсыруы керек.
Есеп беру толығымен тәжірибе бағдарламасымен және кафедра талаптарына сәйкес құрылуы тиіс. Есеп бағдарламаның барлық бөлімдерін қамтитын мағлұматтардан тұруы керек.
Есеп келесі бөлімдерден құралуы тиіс:
1) Сыртқы бет (қосымша 3)
2) Мазмұны
3) Кіріспе
4) Тәжірибе бағдарламасы бойынша есептің негізгі мазмұны
5) Қорытынды
6) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
7) Қосымшалар
Білім алушылардың тәжірбие базаларымен келісімшарты тәжірибе басталғанға дейін бір айдан кеш емес мерзімде жасалады
Кеілісімшартта оқу орнының, кәсіптік практиканың базасы болып табылатын кәсіпорнының (мекеменің, ұйымның) және білім алушылардың міндеттері мен жауапкершілігі айқындалады.
Диплом алды тәжірибені өтуге жолдау кезінде білім алушыға тәжірибенің жұмыс жоспар-кестесі, Диплом алды тәжірибеден өтуі туралы күнделік-есебі беріледі.
Тәжірибе барысында студенттер Диплом алды тәжірибеден өткендігі туралы күнделік-есеп толтырады (Қосымша4)..
Күнделік-есеп студенттің тәжірибеден өткендігін сипаттайтын және растайтын негізгі есептік құжат болып табылады.
Диплом алды тәжірибе бойынша күнделік-есеп толтырудың талаптары:
күнделік-есеп студенттің тәжірибе бағдарламасын толығымен орындағындығын растайтын құжат болып табылады;
Күнделік-есептегі жазбалар Диплом алды тәжірибе бағдарламасына сәйкес, орындалған жұмыстар атауы күнделікті жазылып отырылуы тиіс.
Күнделік-есепті тәжірибеден өтетін орын жетекшісі күнделікті қарап, қол қойып отырады. Тәжірибе аяқталғаннан кейін күнделік-есеп студенттің тәжірибеден өткен ұйымының мөрімен куәләндырылады.
Тәжірибеден өту туралы күнделік-есеп студенет-практикантпен 5-10 бет көлемінде А4 үлгісіндегі қағазға жазылып өзінің қолымен бекітіліп тапсырылады.
Тәжірибе аяқталғасын студент, тәжірибенің бағдарламасында көрсетілген барлық жиналған құжаттар мен материалдарды жинақтап жан-жақты қамтылған күнделік-есеп құрастырады. Күнделік -есепке тәжірибе есебінің негізгі бөлігінің мазмұнын суреттейтін нақты бір ұйымның толтырылған бланктері, есептік және статистикалық мәліметтері болмаса өзге де материалдары қоса берілуі керек.
Тәжірибенің барлық материалдары нөмірленіп, тігіліп, жинақы рәсімделген болуы тиіс. Есепте осы материалдардың тізімі көрсетілуі тиіс.
Тәжірибе есебіне келесі талаптар қойылады:
-есеп мәтіні мазмұны және жазу реті бағдарламада қойылған сұрақтарға сәйкес келуі керек:
- есептің жалпы көлемі 15-20 бет:
- Есеп барлық компьютерлік жүйеге сай бір ақ бет А4 форматында 1,0 интервалда, келесі жол шектерін сақтау арқылы: сол жағы - 30 мм кем емес., оң жағы– 10 мм., жоғары, төмен жақтары – 20 мм. шрифт қалыпты, кегль 14.
- тақырып пен мәтін арасы 2 интервал болуы керек;
- бір түсті сиямен жазу керек, егер сызбалар, диаграммалар, суреттер, графиктер болса оларға әртүсті сызбаларды қолдануға болады.
- ешкандай түзетілген жерлер жұмыс бетттерінде болмауы керек: жолдардың, сөздердің сызылуы, жоларалық жазулар және т.б. Сонымен қатар жалпы қабылданғандардан басқа қысқартылған сөздерді, сөз тіркестерін қолдануға болмайды:
- есептің әр бөлімі жаңа беттен басталуы керек, ал бөлім ішіндегі бөлімшелері беттің ортасынан бір жол қалдырылып жазылуына болады.
- есептің сыртқы беті көрсетілген үлгі бойынша жасалынады (қосымша-1), сыртқы бетте тәжірибе жетекшісінің мөрмен расталған қолы болуы керек.
- есептің соңғы бетінде жұмыстың аяқталған уақытын көрсетіп, студент қол қоюы керек.
Есеп келесі ретте рәсімделуі тиіс:
1. Сыртқы бет (Қосымша № 3),
2. Тәжірибеге барғандығын растайтын жолдама (жолдама түбіртегі Қосымша №1)
3. Диплом алды тәжрибенің жұмыс жоспар-кестесі (Қосымша № 2),
4. Күнделік-есеп (Қосымша № 4),
5. Диплом алды тәжірибеден өту туралы жазбаша есеп
6. Кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісінің қолымен және мөрімен расталған студенттің тәжірибе өту кезіндегі мінездемесі болуы керек (қосымша 5).
7. Тәжірибеде орындалған құжаттар жобасының қосымшалары.
Есеп кафедраға тексеру үшін тапсырылады. Есеп университеттегі жетекшімен тексеріліп қорғауға босатылады. Тәжірибе бойынша нақты баға ауызша қорғау кезінде қойылады. Қорғау күні мен уақыты тәжірибені қорғау комиссиясымен бекітіледі.
Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша дифференциалдық есепке алу арқылы бағаланады.
Қорғауға жіберілмеген есеп жөнделеді және қайта көрсетіледі.
ҚОСЫМША 1
Жолдама
Өндірісте қалады
__________________________________________________________________
(негіздеме)
20___ж. «_______» ___________________
Білім алушы________________________________________________________
аты-жөні, тегі
_____________
(кәсіпорнының атауы)
_____________________________ Диплом алды тәжірибеден өту үшін жолданады
Тәжірибенің басталу мерзімі 20____ж. __ ___________________
Тәжірибенің аяқталу мерзімі 20____ж. __ ___________________
Университет ректоры _______________________________________Курманбаева Ш.А.
М.О. ____________________________
(қолы)
_________________________________________________________________
---------------------------------------------------------------------
Оқу орнына қайтарылады
Келу мен кету туралы белгі
Білім алушы _________________________________________________________
аты-жөні, тегі
_________________диплом алды тәжірибеден өту үшін ________________________
(тәжірибе атауы)
Келді Кетті
_____________________________________________________________________
20____ж. «______»______ 20____ж.«______»___________
Мөр, қолы Мөр, қолы
ҚОСЫМША 2