Банк ЦенрКредит» АҚ атқаратын негізгі қызметтері
Несие жүйесінің негізгі буыны ─ банктер. Себебі, масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді.
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік. «Банк» деген ұғымы италиян сөзі «bank» ─ орындық, «айырбас орындығы ─ айырбас орны» дегенді білдіреді.
Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:
· Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
· Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;
· Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
· Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
· Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Қызмет нәтижелері
БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ
2016 ЖЫЛҒЫ 31 ЖЕЛТОҚСАН ЖАЙ-КҮЙІ БОЙЫНША
ПАЙДА МЕН ШЫҒЫН ТУРАЛЫ ЕСЕБІ
(Қазақстандық миллион теңгемен)
2016 жылғы 31 желтоқсан | 2015 жылғы 31 желтоқсан | |
Пайыздық кіріс | 94 316 | 98 844 |
Пайыздық шығыс | (68 000) | (52 468) |
ПАЙЫЗ ЕСЕПТЕЛЕТІН ПАЙЫЗДЫҚ АКТИВТЕРДІҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫНА РЕЗЕРВ ҚҰРҒАНҒА ДЕЙІНГІ ТАЗА ПАЙЫЗДЫҚ КІРІС | 26 316 | 46 376 |
Пайыз есептелетін активтердің құнсыздануына бөлінген резерв | (10 603) | (30 300) |
ТАЗА ПАЙЫЗДЫҚ КІРІС | 15 713 | 16 076 |
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша көрсетілетін қаржылық активтер және міндеттемелер бойынша таза пайда | (1 927) | 78 492 |
Қолдағы сатуға арналған инвестициялардың шығып қалуынан және құнсыздануынан болған таза іске асырылған шығын | 1 063 | |
Шетел валютасымен жасалған операциялар бойынша таза пайда | 6 427 | (78 719) |
Қызмет көрсетуден алынған кіріс және алынған комиссия | 20 306 | 20 468 |
Қызмет көрсетуге кеткен шығыс және төленген комиссия | (2 241) | (2 124) |
Өзге кіріс | ||
Өзге операциялар бойынша құнсыздануға бөлінген резервті қайта қалпына келтіру / (құру) | (5 206) | 2 068 |
Еншілес ұйымдағы инвестициялардың құнсыздануына бөлінген резерв | (6 285) | |
ТАЗА ПАЙЫЗДЫҚ ЕМЕС КІРІС | 18 732 | 14 274 |
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ КІРІС | 34 445 | 30 350 |
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ШЫҒЫС | (29 915) | (27 608) |
САЛЫҚ САЛЫНҒАНҒА ДЕЙІНГІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ПАЙДА | 4 529 | 2 742 |
Пайдаға салынған салық бойынша шығыс | (1 427) | (1 742) |
ТАЗА ПАЙДА | 3 102 | 1 000 |
Бас банктің акционерлеріне қатысты | 3 102 | 1 000 |
Иеліктің бақылаусыз үлестеріне қатысты | - | - |
"БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ
2016 ЖЫЛҒЫ 31 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ БОЙЫНША
БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСЫ
(Қазақстандық миллион теңгемен)
2016 жылғы 31 желтоқсан | 2015 жылғы 31 желтоқсан | |
Пайыздық кіріс | 94 316 | 98 844 |
Пайыздық шығыс | (68 000) | (52 468) |
ПАЙЫЗ ЕСЕПТЕЛЕТІН ПАЙЫЗДЫҚ АКТИВТЕРДІҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫНА РЕЗЕРВ ҚҰРҒАНҒА ДЕЙІНГІ ТАЗА ПАЙЫЗДЫҚ КІРІС | 26 316 | 46 376 |
Пайыз есептелетін активтердің құнсыздануына бөлінген резерв | (10 603) | (30 300) |
ТАЗА ПАЙЫЗДЫҚ КІРІС | 15 713 | 16 076 |
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша көрсетілетін қаржылық активтер және міндеттемелер бойынша таза пайда | (1 927) | 78 492 |
Қолдағы сатуға арналған инвестициялардың шығып қалуынан және құнсыздануынан болған таза іске асырылған шығын | 1 063 | |
Шетел валютасымен жасалған операциялар бойынша таза пайда | 6 427 | (78 719) |
Қызмет көрсетуден алынған кіріс және алынған комиссия | 20 306 | 20 468 |
Қызмет көрсетуге кеткен шығыс және төленген комиссия | (2 241) | (2 124) |
Өзге кіріс | ||
Өзге операциялар бойынша құнсыздануға бөлінген резервті қайта қалпына келтіру / (құру) | (5 206) | 2 068 |
Еншілес ұйымдағы инвестициялардың құнсыздануына бөлінген резерв | (6 285) | |
ТАЗА ПАЙЫЗДЫҚ ЕМЕС КІРІС | 18 732 | 14 274 |
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ КІРІС | 34 445 | 30 350 |
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ШЫҒЫС | (29 915) | (27 608) |
САЛЫҚ САЛЫНҒАНҒА ДЕЙІНГІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ПАЙДА | 4 529 | 2 742 |
Пайдаға салынған салық бойынша шығыс | (1 427) | (1 742) |
ТАЗА ПАЙДА | 3 102 | 1 000 |
Бас банктің акционерлеріне қатысты | 3 102 | 1 000 |
Иеліктің бақылаусыз үлестеріне қатысты | - | - |
Орындайтын айырықша қызметтеріне байланыты банктер эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк ─ ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте, орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты ─ айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ─ ақша белгіін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол ─ елдің екі деңгейлі банк жүйесінің ─ жоғары деңгейіндегі банк.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруге несиелейді.
Ипотекалық банктер ─ жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
Қазақстан респбликасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылы желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған «Банктер және банк қызметі туралы» Заңынан бастау алады. Заңға сәкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды:жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі.
Банктік тәуекелдер жүйесінде несие тәуекелділігі маңызды орын алады, ол қарыз алушының банк алдындағы міндеттемелерін орындамауы немесе орындағысы келмеуімен тығыз байланысты. Осы ретте кредитор несие ұсына отырып немесе қарыз міндеттемелерді сатып ала отырып тәуекелділікке ұшырайды, бұл тәуекелділік негізгі қарыз және ол бойынша сыйақылардың уақытында өтелмеуі, не болмаса жартылай немесе толықтай төленбеуі болып саналады.
3 сурет - Қолданылып жүрген несие қабілеттілікті бағалаудың әдістемелері мен тәсілдері
Несие тәуекелділігін басқару жүйесі бірнеше элементтерден тұрады және стратегиялық басқару, яғни банктің стратегиялық жоспарының, оның несие саясатының және несие тәуекелін бақылау мақсатында ұйымдастыру бөлімшелері жұмысының деңгейінде жүзеге асырылатын нақты іс-шаралар арқылы атқарылады. Несие тәуекелі несиенің «ерекше назар аудару» тізімін жасау арқылы басқарылады.
3 суретте ұсынылғандай, банктің қарыз алушысының несие қабілеттілігін бағалау әдістерін жетілдіру бойынша жалпы ұсынымдар мен қолданылып жүрген әдістемелер келесі негізгі процедуралардың орындалуын ұсынады: қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау; қарыз алушыға несиелік рейтинг бекіту және банктің меншікті несиелеу лимитін белгілеу. Қарыз алушының несие қабілеттілігі сұрағы жеткілікті зерттелген мәселеге жатпайды. Бүгінгі күннің несиелік мекемелері үшін де «несие қабілеттілік» сұрағы өзекті болып отыр. Қарыз алушының несие қабілеттілігі түсінігін екі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады қарыз алушы тұрғысынан – несиелік мәмілені аяқтау және алған қарызды өтеу мүмкіндігі; кредитор тұрғысынан – ұсынылатын несиенің мөлшерін дұрыс анықтау және осы несиеге қатысты тәуекелдің алдын алу.
Несие қабілеттілікті анықтауда несие қағидаларының барлығы қатыстырылады және құрылыммен өткізілетін үдеріс болғандықтан жүйелілік қағидатын да алғышартқа қою қажет. Жүйелілік кешенді экономикалық талдауға қатысатын жүйелер мен жүйешелердің өзара байланысын, ол байланыс болмай жағымды нәтиже болмайтынын көрсетеді. Жүйедегі әрбір элемент аналетикалық көрсеткіштерден тұрады, жүйе элементтері арасында өзара логикалық байланыс қалыптасады. Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
«Банк ЦенрКредит» АҚ атқаратын негізгі қызметтері:
· Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту;
· Несие беру;
· Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
· Төлем құралдарын шығару,
· Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
· Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару ( яғни траст операциясын жүргізу);
· Клиенттерге кеңес беру.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар. Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сайып келгенде банктердің экономикадағы ролі артуда. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады
Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:
- Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
- Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;
- Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
- Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;