Президент және Қазақстанның жаңа астанасы.
Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. 2. Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. 3. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. 4. Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi. 5. Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен қадір-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
Жылы 01 сәуірде
"Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңы) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды.
1991 жылы 16 қазанда
"Қазақ КСР Президентін сайлау туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды. Заңның 1 бабына сәйкес Қазақ КСРПрезидентін Қазақ КСР азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақ КСР Президенті болып Қазақ КСР отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл түрақты түрған, қазақ және орыс тілдерін меңгерген азаматы сайлана алды. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР Президентін сайлау 1991 ж. 1 желтоқсанына белгіленді. Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Қазақ КСР-інің тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті Н. Ә. Назарбаев болды.
1995 ж. 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция Президент мәртебесіне көп өзгертулер енгізді.
Конституцияда Қазақстан Республикасының президенттік басқ- ару нысанындағы біртүтас мемлекет болып табылатындығы айқындалды. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық болып та- былады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентіне, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргізеді. 40-бабының 3 "Президент" бөлімі ҚР Президентінің мәртебесі белгіленді, ол бойынша ҚР Президенті мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан- ның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды түлға. Республика Президенті — халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостан- дықтарының рәмізі әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан астанасы – Қазақстанның саяси-әкімшілік орталығы, ұлттық бірлік пен тәуелсіздіктің символы. 1920 ж. 26 тамызда Бүкілресейлік ОАК мен РКФСР ХКК “Қырғыз (қазақ) автономиялы социалистік кеңес республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. РКФСР БРОАК-тің 1920 ж. 22 қыркүйектегі жаңа Декретімен Орынбор губ. мен Орынбор қ. ҚазАКСР құрамына қосылды. 1920 – 25 ж. Орынбор қ. Қ. а. болды. 1925 ж. Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеуден соң, Түркістан АКСР-нің құрамында болып келген Сырдария және Жетісу облыстары, сондай-ақ Қарақалпақ автон. обл. Қазақ автон. республикасы құрамына енді, сөйтіп, ел астанасын шалғайда орналасқан Орынбор қ-нан қазақтың қалың ортасына көшіру мәселесі қайта көтерілді. Қазатком сессиясы (қыркүйек, 1924) ел астанасын Ташкентке ауыстыру, оған рұқсат етілмеген жағдайда Шымкентке көшіру жайында қаулы алды. Алайда, Мәскеудің араласуымен, республика астанасы Ақмешітке ауыстырылады деп шешілді. 1925 ж. 9 ақпанда Қазақ АКСР-і ОАК төралқасы О.Исаевтің баяндамасы бойынша мемлекет астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім шығарды. Сол жылғы 15 – 19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық V-съезі халқымыздың орысша “киргиз” деп аталуын “қазақ”, “Киргиз АКСР-і” атауын “Қазақ АКСР-і” деп өзгерту, ал республика астанасы Ақмешіт қ-ның атауын Қызылорда деп атау туралы қаулы қабылдады. 1925 жылдың көктемі мен жазында мемл. басқару органдары Сыр бойына көшірілді. Орынбор шаһары мен губерниясы Ресей Федерациясы құрамына берілді. Жаңа астана құрылысына және Қызылорданың Қазақстанның саяси, экон. және мәдени орт. ретіндегі қызметін орнықтыруға С.Қожанов, Т.Рысқұлов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, М.Тынышпаев, А.Кенжин, С.Ақаев, А.Серғазин, О.Исаев, С.Сәдуақасов, С.Есқараев, т.б. қоғам қайраткерлері белсенді қатысты. Қызылорда 1929 ж. мамыр айына дейін Қазақ АКСР-і астанасы болды (қ. Қызылорда).
Сыр бойының экон. және табиғи жағдайы қолайсыз дегенді желеу еткен Ф.И. Голощекин басқарған БК(б)П Қазақ өлкелік к-ті ел астанасын Қызылордадан орысы басым Алматыға ауыстыруды жөн деп тапты. 1927 ж. 3 наурызда Қазақстан астанасын Алматыға көшіру жөнінде Қазақ АКСР-і ОАК мен республика ХКК-нің қаулысы жарияланды. Бұл қаулы Қазақстан Кеңестерінің VІ-съезінде бекітілді (1927 ж. 3 сәуір). Қазақ АКСР-і орталығының Алматыға көшірілуі жөніндегі шешімді РКФСР ОАК мен ХКК мақұлдады (1927 ж. 30 мамыр). Ел астанасының Сыр өңірінен Жетісуға ауысуына Түркістан-Сібір т. ж-ның іске қосылуы да әсер етті. Ауа райы оңтайлы, табиғи көркем жерде орналасқан Алматы аз уақыт ішінде елдің саяси, экон., мәдени орталығына айналды. Бас қала болған жылдары Алматы миллионнан астам тұрғыны бар, жан-жақты дамыған әсем қалаға айналды. Алматы 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды (қ. Алматы).
1991 ж. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңт.-шығысынан республиканың орт. бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қ. екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сәулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның геогр. орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен әкімш., іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл – шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғ. Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады. 1995 ж. 15 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осы уақыттан бастап Республиканың Президенті резиденциясының тұратын жері Ақмола және Алматы қ-лары болып белгіленді. Жоғары мемл. органдарды Ақмола қ-нда орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін ҚР-ның мемл. комиссиясы құрылып, оған орт. және жергілікті атқарушы органдардың бұл мақсаттағы атқаратын қызметін үйлестіру құқығы берілді. Президент Жарлығы бойынша Республика үкіметі Ақмола қ-н абаттандыру жөніндегі бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында “Жаңа астана” қорын ашты. 1997 ж. 20 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қ. болғанын ресми түрде жариялады. 1997 ж. 8 қарашада ҚР-ның мемл. рәміздері мен Президент байрағын Алматыдан Ақмола қ-на шығарып салудың салтанатты рәсімі өтті. 1997 ж. 3 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол жылғы 9 желтоқсанда ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 ж. 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қ-ның аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 ж. 10 маусымда болып өтті.