Рамында біріккен сөзі бар жайылма сөйлемді табыңыз.

A) Әкем мен апам келді. B) Талдықорған қаласы. C) Киім-кешек дүкені қаланың ортасында орналасқан. D) Көктем. Күн шықты.
E) Сабақтан соң мектеп ауласына аққайың отырғызамыз.

Тәуелденген дерексіз зат есімді көрсетіңіз.

A) арманым B) достықтың C) жолдасымын D) азаматың E) болашаққа

10. Қатыстық сын есімді тіркесті анықтаңыз.
A) қалың көрпе B) әдемі қыз C) үлкендеу орындық D) ащы тамақ E) ашық есік

11. Болжалдық сан есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Бізге қарай үш кісі жүрді. B) Сайланбайдың жүзге тарта қойы бар.
C) Киноға сағат алтыда барайық.

D) Әйгерім маған жиырма бес түп ағаш отырғызуға көмектесетін болды.

E) Жаңалықтар теледидардан күнде кешкі алты сағат отыз минутта көрсетіледі.

12. Белгісіздік есімдігіне байланысты сөйлемді табыңыз.
A) Сабақтан соң оқушылар кітапханаға барады. B) Әлі бір сағаттай уақытымыз бар.
C) Біреулер сақтау камерасына қол жүктерін тапсырып жатыр.
D) Кеше біздің мектепке қонақтар келді. E) Біз көл жағасынан бақа көрдік.

13. Күрделі етістікті сөйлемді табыңыз.
A) Ол жетінші үйде тұрады. B) Жолаушылар пойызға отырды. C) Кітап оқыдым.
D) Үлкендер залда отыр. E) Біз қуанышпен жаңа жылды қарсы алдық.
14. Себеп-салдар үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
A) дереу жетті B) амалсыздан көнді C) тез келді D) жорта сөйледі

E) етпетінен жығылды

Бірнеше қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Бәрекелді, өлеңді жақсы айтасың, балам! B) Ұйықтай ғой, Сәулем, ұйықта.

C) Балалар, аманбысың, шырақтарым. D) «Кеш жарық, ағайындар!» - деді ол кіре бере.
E) Қарындасым, саған айтып отырмын!

Септеулік шылаумен байланысқан зат есімді тіркесті көрсетіңіз.

A) арба-арба отын B) әлем әдебиеті C) орта мектеп D) дәл өзі E) жиналыстан кейін

17. Жанаса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз. A) мен жазушымын B) қала тұрғындары C) үлкендерден сұра D) алтын күз E) әдейі келді

18. Баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болып тұрған сөйлемді анықтаңыз.
A) Оның бізге келгісі келеді. B) Сендер оларға көмектесіңдер.
C) Мен барлаушымын. D) Сізді шақырамыз. E) Біз келеміз.

19. Мұхтар Әуезовтың романдарын мысалы «Абай жолы» романын білмейтін қазақ жоқ шығар. Сөйлемдегі оңашаланған мүшені белгілеңіз.

A) Мұхтар Әуезов B) романдарын C) мысалы «Абай жолы» романы D) білмейтін
E) қазақ жоқ шығар

Рамында ауыспалы мағыналы сөзі бар жақты сөйлемді көрсетіңіз.

A) Күзде жапырақтар сарғаяды. B) Кешке қызық кино болады.
C) Ол досына алтын сағат сыйлады. D) Түн салқындай бастады.
E) Айман оған жылы лебізін білдірді.

21. Ыңғайлас салалас құрмаласты көрсетіңіз.
A) Ол еңбекқор еді. B) Таң атты, мен ояндым. C) Айранды пісіп, сары май шайқайды.
D) Клубта бірде кино болады, бірде концерт болады. E) Киноға не мен барамын, не Ғалия барады.

Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

A) Біз барғанда, ол мектепте жоқ еді. B) Жасқа ұстаздық етсең, болашақтан тірек табарсың. C) Сен оған айтқан соң, мен үндемедім.?
D) Мен мектеп газетінің бас редакторы болғандықтан, газеттің уақытында шығуына жауаптымын. E) Әмбебап дүкеніне барсаң, алатын заттарыңның тізімін жасап ал.

Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді сөйлемді табыңыз.

A). – Немене, ақсақал, Гүлжанды оқуға әкелдің бе?- деп сұрады.
B) – Немене, ақсақал, Гүлжанды оқуға әкелдің бе, деп сұрады.
C) – Немене, ақсақал, Гүлжанды оқуға әкелдің бе?, деп сұрады.
D) – Немене ақсақал Гүлжанды оқуға әкелдің бе? деп, сұрады
E) – Немене ақсақал, Гүлжанды оқуға әкелдің бе, - деп, сұрады.

Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

A) Нияз көңілді түрмен ; Алтын тауып келдім, – деді.

B) – Нияз көңілді түрмен , Алтын тауып келдім, – деді.
C) Нияз көңілді түрмен , Алтын тауып келдім!, – деді.
D) Нияз көңілді түрмен: «Алтын тауып келдім», – деді.

E) Нияз көңілді түрмен – «Алтын тауып келдім», – деді.

25. Сөйлем қандай стильде жазылғанын ажыратыңыз. Шахмат ойынынан аудандық олимпиадаға қатысу үшін мені сабақтан 2 күнге босатуыңызды сұраймын.
A) ауызекі сөйлеу стилі B) ресми іс қағаздары стилі C) ғылыми стиль
D) публицистикалық стиль E) көркем әдебиет стилі

26. Сөйлем қандай стильде жазылғанын ажыратыңыз. Бірде ән кең-байтақ қазақ даласының үстінен өтіпті. Көкшенің жерін көріп, көгілдір тауларына, күміс көлдеріне қатты қызығыпты.
A) ауызекі сөйлеу стилі B) публицистикалық стиль C) көркем әдебиет стилі
D) ғылыми стиль E) ресми іс қағаздары стилі

Азақстанның ұлттық валютасы қай жылы айналымға енгізілгенін табыңыз.

A) 1994ж. B) 1997 ж. C) 1990ж. D) 1991ж. E) 1993ж.

Наши рекомендации