Жаңа машинаны ендірудің күрделі шығындарының есебі

Жаңа машинаны ендірудің күрделі шығындарына:

- машиананың сатылу бағасы, оның ішінде көтерме бағасы мен қосылған бағаға салық (машинаның көтерме бағасының 12%);

- машиананы жеткізіп беру шығындары;

- машиананың монтаждау шығындары;

- машиананың өндірістік орнының бағасы, қызмет көрсетуі.

- машина алатын өндірістік ауданның құны,өткелдердің және күтудің, қарызға өтудің есебімен анықталады.

ЕСКЕРТУ: егер жаңа техниканы енгізбей бір ғана жаңғырту жүргізілген жағдайда өзіндік құнды анықтау есептері жүргізілмейді. Студентке тек жеткізу және жабдықтау жиынтық шығындарын есептеу қажет.

Жаңа машинаның көтерме бағасының есебі

Көтерме бағаны есептеу жаңа машиананың өзіндік құнын анықтаудан басталады, сонымен қатар машина шығыратын заводттың оны дайындауға кеткен шығындары есептеледі.

Жобалау барысында жаңа машиананың өзіндік құны сметалық калькуляцилық жолдың құрылуымен анықталады және келесі шығындардан тұрады:

1. негізгі материалдар мен шикізаттардың шығыны;

2. сатып алынатын заттардың шығыны;

3. технологиялық мақсатқа және жанар май мен электр энергия шығындары;

4. өндірістік жұмысшылардың еңбек аұы шығындары;

5. әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінулер;

6. дайындық және өндірісті игеруге шығындар;

7. жабдықтарды қанау және күту шығындары;

8. цехтық шығындар;

9. жалпы заводтық шығындар;

10. басқа да өндірістік шығындар;

11. өндірістік емес шығындар.

1.Негізгі шикізат пен материалдардың шығыны

(алмас, шойын және т.б.) өзі дайындаған түйіндер мен бөлшектер бойынша анықталады. Бұның бағасы бөлшектің бағыты бойынша есептеледі, яғни, салмағы, материалдың түрі және шығарылу бағасы бойынша.

Материалдардың бағасының есебі кесте түрінде көрсетілу керек (2 кесте)

2 кесте. Шикізат пен материалдардың есебі

Түйін және бөлшектердің атауы Материал, маркасы Саны Бөлшектің таза салмағы 1 кг. Барлық бөлшектердің таза салмағы, кг. Материалды пайдалану коэфф-ті Барлық дайындама, кг. Материалдың бағасы, 1 кг., теңге Материалдың бағасы – барлығы, теңге
1.                  
2.                  
                 
Барлығы                

2. Сатып алынатын бұйымдардың шығыны

(электрдвигател, подшипник және т.б.) прейскурант бойынша бөлшектің шығарылу бағасы және саны, сатып алынатын бұымдардың маркасы және түрі бойынша есептеледі. Сатып алынатын бұйымдардың есебі келесі кестеде көрсетілген (3 кесте).

3кесте . Сатып алынатын бұйымдарының есебі

Сатып алынатын бұйымдардың атауы Маркасы Саны 1 бұйымның шығарылу бағасы, теңге Сатып алынатын бұйымдардың жалпы бағасы , теңге
1.          
2.          
           
  Барлығы        

Шикізат пен материалдың бағасына сатып алынатын бұйымдардың дайындау- транспорттық шығындарын қосу, яғни бағасының 10% көлемінде алынады.

3. Жанар май мен энергия шығындарытехнологиялық мақсатта шикізатпен материалдардың бағасының 15% көлемінде алынады.

4. Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақы шығындары, машина жасаушылардың ақысы келесі түрде анықталады. Алдымен, сағаттық тарифтік ставка бойынша және жалпы жаңа машинаны дайындаудың еңбек сыйымдылығы бойынша еңбек ақы төлеудің тарифтік қоры анықталады:

ЗПт = ЧСт * То,

мұнда ЗПт – еңбек ақының тарифтік қоры,теңге. ЧСт – сағаттық тарифтік ставка , теңге; То – жаңа машиананы дайындаудың жалпы еңбек сыйымдылғы, адам-сағ.

Жаңа машиананы дайындаудың жалпы еңбек сыйымдылғы То машиананың жалпы салмағы бойынша есептелуі де және Р 1кг салмақтағы 3т машиананың еңбек шығыны бойынша да есептелді:

То = Р * Зт

мұнда Р- машинаның жалпы салмағы, кг;

Зт - 1 кг салмақтағы машинаның еңбек шығыны адам-сағ.

Еңбек ақы қорына сонымен қатар басқа да қосымшалар мен үстемелер кіреді:

· үстемелер еңбек ақы қорының 12% көлемінде қосылуы да мүмкін: кешкі ауысымда жұмыс істегендері үшін, өндірістік жетістіктері үшін, ауыр еңбек жағдайында жұмыс істегендері үшін және кәсіби ұсталықтары және т.б. үшін беріледі.

· Қосымша еңбек ақы (демалыс уақыттарына және декретке кеткен уақыттарға, мемлекеттік тапсырмаларды орындауға кеткен уақыттарға төленетін ақы) еңбек ақы қорының 8% көлемінде алынады.

5. Әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінулер жаңа машина жасайтын жұмысшылардың еңбек ақысының 11 % құрайды.

6. Дайындық және өндірісті игеруге шығындар құралдарды жобалау шығындары, технологияны құрастыру, техникалық құжаттар және басұа да шығындар жатады. Бұл шығындарды еңбек ақы шығындарының 50% көлемінде алуға болады. Машиананың өзіндік құнын есептеуде шығарылатын машиананың санын білу қажет және өндірісті меңгеру және дайындық шығындарын анықтау қажет.

4Кесте . Машина жасайтын жұмысшылардың еңбек ақысының есебі

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі. Көрсеткіштердің мағанасы
1. Машинанаың жалпы салмағы кг  
2. 1 кг салмақтағы машинаның еңбек шығындары адам-сағ.  
3. Машина жасаудың жалпы еңбек сыйымдылығы адам-сағ.  
4. Сағаттық тарифтік ставка теңге  
5. Еңбек ақы қорының тарифі теңге  
6. Қосымша ақы теңге  
7. Негізгі еңбек ақы (еңбек ақы қорының тарфтік суммасы және қосымша) теңге  
8. Қосымша еңбек ақы теңге  
9. Еңбек ақы шығындары (негізгі және қосымша еңбек ақы ) теңге  
10. Еңбектің толассыз өтелімі үшін қосымша және аудандық коэффициент бойынша еңбек ақы қоры теңге  

7. Жабдықтарды қанау және күту шығындары(амортизациялық бөлінулер, амортизационные отчисления, жабдықтың ағымдық жөндеуі, цехтық транспорт, инструменттерді қайта қалпына келтіру шығындары және тозуы ) жұмысшылардың негізгі еңбек ақысының 70 % көлемінде алуға болады.

8. Цехтық шығындар(амортизация, ғимаратты ағымдық жөндеу, цех жұмысшысының еңбек ақысы, жарықтандыру, ғимаратты жылыту) машина жасайтын жұмысшылардың негізгі еңбек ақысының 80 % көлемінде алуға болады.

9. Жалпы өндірістік шығындар(административтік- басқару персоналының құрамы, амортизация, өндірістік ғимараттың құрылымы және ағымдық жөндеу жұмыстары, кеңсе және басқа да шығындар) машина жасайтын жұмысшылардың негізгі еңбек ақысының 90 % көлемінде алуға болады.

10. Басқа да өндірістік шығындар(стандарттау шығындары, ғылыми-зерттеу жұмыстарының шығындарына бөлінулер) машина жасайтын жұмысшылардың негізгі еңбек ақысының 10 % көлемінде алуға болады.

11. Өндірістік емес шығындар(орау және тару шығындары, өнімді тиеу және түсіру жұмыстарының шығындары) өндірістің өзіндік құнының 5 % көлемінде алуға болады.

Көтерме бағажаңа машинаның толық өзіндік құны мен жоспарлы пайданы құрайды, яғни,толық өзіндік құнның 15% көлемінде алуға болады.

Шығарылу бағасыкөтерме баға мен өзіндік құнға қосылған салықтан құрады.

5 кесте Жаңа машинаның шығарылу және көтерме бағасы

Калькуляцияның мақалалары Сумма, теңге
Шикізат және материалдардың бағасы  
Сатып алынатын бқйымдардың бағасы  
Технологиялық мақсаттағы энергия мен жанар май  
Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы  
Әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінулер  
Дайындық және өндірісті игеруге шығындар  
Жабдықтарды қанау және күту шығындары  
Цехтық шығындар  
Жалпы заводтық шығындар  
Өндірістік басқа да шығындар  
Өндірістік өзіндік құн  
Өндірістік емес шығындар  
Жаңа машиананың толық өзіндік құны  
Жоспарлы пайда  
Көтерме баға  
Қосымша бағаның салығы (20%)  
Шығарылу бағасы  

Машинаны жеткізу шығынның есебі

Шығарылу бағасының пайыздық көрсеткіші бойынша транспорттық шығындарды анықтауға болады (10%). Егер де есептеулер нақты бір кәсіпорынға қатысты болса, онда шығарушы кәсіпорынның жаңа құралдарды жеткізіп беру шығындары бойынша есептеледі.

Машинаны монтаждау шығындарының есебі

Монтаждау шығындарын анықтау нақты нормаларға сай шығарылыу бағасының пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (10%).

Өндірістік ауданның құнының есебі

Машина алып тұрған өндірістік ауданның құны 1кв.метр жердің орташа бағасының, қызмет көрсету және жүру, өткелдері арқылы анықталады:

Спп = S *Цпп,

мұнда S – ауданның көлемі, кв.м.;

Цпп – 1 кв. м өндірістік ауданның бағасы, теңге

Сонымен жаңа машинаны ендірудің күрделі шығындары келесі жолмен анықталады:

К2 = ОЦ + Рдмпп

мұнда ОЦ – жаңа машиананың шығарылу бағасы; Рд – машинаны жеткізіп беру шығындары ; Рм – машинаны монтаждау шығындары; Спп – өндірістік ауданның бағасы.

Негізгі машиналардың күрделі шығындарын анықтау К1. Негізгі машинаның бағасы каталог және прейскуранта көрсетілген баға бойынша сол саладағы кәсіпорындардың құралдары бойынша анықталады.

Наши рекомендации