Тідер дамуы проблемасы мен болашағы

Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіздік таңының елең-алаңында, яғни 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болған-ды. 1995 жылы қабылданған Ата заңның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай айқын жазылып, конституциялық шешім жасалды. Осыдан екі жыл кейін қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тілі» деп тағы да атап көрсетіліп, оны барша азаматтардың еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалатындығы айтылған болатын. Үкімет осы Заңның жүзеге асуы жөнінде көптеген қаулы-қарарлар алды. Тілдердің қолданыс аясын кеңейту бағытында арнайы мемлекеттікбағдарламалар жасалды. Сөйтіп сан жыл теперіш көріп келген ана тілдік кеңістікте қозғалыс басталып, ол қоғамдық өмірде еркін қолдануға бет алды. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іс-қағаздары мемлекеттік тілге көшіріле бастады. Қазақ тілінде шығатын бұқаралық ақпарат құралдардың саны арта түсті.
Осындай оң өзгерістермен қатар қазақ тілі қоғамның көптеген салаларында әлі аударма тіл дәрежесінен аса алмай тұр. Оның терең саяси және құқықтық негіздері бар.
Соңғы 300 жылдай уақытта қазақ қоғамы өз алдына толыққанды мемлекет болып, өз билігіне өзі ие бола алмады. Қазақ өркениетті ұлт ретінде қалыптаса алған жоқ. Толып жатқан қиыншылықтар қазақ елінің капитализмді бастан өткермей, феодализмнен социализмге «қарғып» кетуінен, яғни қоғамның табиғи жетілмеуінің де туындады.
Кеңес өкіметі Азамат соғысын аяқтап, бірсыпыра нығайып алғаннан кейін ұлттық мәселелерде кейбір қайшылықты саясат жүргізе бастады. Бұл ұлттық республикаларға әсер етіп, кейде асыра сілтеушілік те болмай қалмады. Қазақ ССР Халық комиссарлар кеңесінің 1921 жылғы 2 ақпанындағы «Республика мемлекеттік органдарында қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декретінде «республиканың бүкіл орталық және губерниялық мекемелері іс қағаздарын және өзара қарым-қатынасты орыс тілінде жүргізеді» деп жазылды

90 )Қоғам­дық-са­яси қозғалыс­тар (1985–1992 жж.)

80 жыл­дардың аяғына қарай де­мок­ра­ти­ялық про­цестің жан­да­ну­ына бай­ла­ныс­ты Қазақ КСР-де қоғам­дық ұйым­дар құры­ла бас­та­ды.

1989 жы­лы Қазақстан­да алғашқы бо­лып «Не­вада-Се­мей» эко­логи­ялық қозғалы­сы құрыл­ды. Қозғалыс­тың мақса­ты – рес­публи­ка жеріндегі Се­мей және басқа по­лигон­дарды жа­бу, по­лигон зар­да­бын шек­кен ха­лыққа көмек көрсе­ту. Қозғалыс төрағасы – О. Сүлей­ме­нов. Ақын, қоғам қай­рат­кері М. Ша­ханов­тың бас­та­масы­мен Балқаш және Арал проб­ле­мала­ры бойын­ша ко­ми­етет құрыл­ды. Ко­ми­еттің негізгі мақса­ты Арал төңірегіндегі эко­логи­ялық апатқа өкімет на­зарын ауда­ру бол­ды.

1990 жы­лы «Азат» аза­мат­тық қозғалы­сы құрыл­ды. Бас­ты мақса­ты Қазақстан­ның мем­ле­кеттік еге­мендігін алу бол­ды.

1991 жы­лы «Азат» аза­мат­тық қозғалы­сының пар­ти­ясы құрыл­ды.

Жас­тар өздерінің са­яси қозғалы­сы «Алаш» па­ри­ясын құрды.

1991 жы­лы Қазақстан со­ци­ал-де­мок­ра­ти­ялық пар­ти­ясы құрыл­ды.

1990 жы­лы ұлта­ралық «Единс­тво» қозғалы­сы құрыл­ды. Қозғалысқа ғылы­ми-тех­ни­калық ин­телли­ген­ция өкілдері кірді.

Осы кез­де «Жел­тоқсан» пар­ти­ясы құрыл­ды. Бұл пар­ти­яның құра­мына 1986 жылғы жел­тоқсан оқиғасы­на қатысқан­дар кірді.

1989 жы­лы «Әділет» қоғамы құрыл­ды. Қоғам­ның негізгі мақса­ты ұжым­дасты­ру кезіндегі ашар­шы­лық, ста­линдік реп­рессия шын­дығын ашу бол­ды. Бұдан басқа Қазақстан­да «Аза­мат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсыл­мандар әйел­дер ли­гасы» сияқты қоғам­дық-са­яси қозғалыс­тар құрыл­ды. 1990 жы­лы Қазақстан­да 100-ден аса қоғам­дық-са­яси қозғалыс бол­ды. Ал­ма­тыда ғана 40-қа жуық са­яси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кез­де Қазақстан­дағы көпте­ген қоғам­дық-са­яси қозғалыс­тар әлсіз және қалып­та­су кезінде бол­ды. «Не­вада-Се­мей», «Қазақ тілі» сияқты қоғам­дық қозғалыс­тар бірша­ма мықты, көпте­ген мүше­лері мен белгілі дәре­жедегі қар­жы­лық қор­ла­ры бар ірі қозғалыс­тар бол­ды.

1990 жы­лы Қазақстан ком­му­нистік пар­ти­ясы құра­мын­да 800000-ға жуық мүше бол­ды. Осы кез­ден бас­тап ком­партияға де­ген ха­лықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай ком­партия бе­делінің түсуіне ай­тар­лықтай әсер етті. 1990 жы­лы ком­партия мүше­лерінің 42%-ы өз еркімен пар­тия қата­рынан шықты. Осы жы­лы пар­тия мүше­лерінің қата­ры 49000-ға кеміді.

90 жыл­дардың ба­сына қарай Қазақстан­да бұрын пат­ша үкіметінің қол­шоқпа­ры жа­зала­ушы күші болған ка­зак­тар ұйымы пай­да бол­ды. 1991 жы­лы 15 қыркүйек­те Орал қала­сын­да ка­зак­тар пат­ша үкіметіне қыз­мет етуінің 400 жыл­дығын ме­реке­ле­уге шешім қабыл­да­ды. Бұл қазақ халқының ұлттық мүддесімен са­нас­паған­дықтың дәлелі. «Азат», «Жел­тоқсан», «Па­расат» қозғалыс­та­ры бұл әре­кет­ке ашық түрде қар­сы шықты. Жап­пай қақтығысқа ұла­са жаз­даған бұл әре­кет жоғары­да аталған қозғалыс­тар мен құқық қорғау ор­ганда­рының ара­ласу­ымен тоқта­тыл­ды.

«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып танылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек».

Н.Назарбаев.

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Бүгінгі қазақ жерінде көп тілді халықтар бейбіт өмір сүріп келеді. Кез келген ұлттың тілі – аса қасиетті де, қадірлі, құрметтерге лайық, бірақ мемлекеттік тілді білмеу, ұмыту, менсінбеу, сөйлемеу, қорлау – аса үлкен қателік. Мемлекеттік тілімізді сақтау, құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз. Тіл – адам баласының баға жетпес құралы. Өмірдің, қоғамның, ғылымның қай саласын тілге тиек етсек те, солардың тұспалды, мағыналы тұстарын санаға айқын, нақты жеткізуде қазақ тілінің алатын орны зор.

Біздің ауданда мемлекеттік тіл­дің мәртебесін көтеру мақсатында ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі әр түрлі мәдени шаралар ұйымдастырады. Атап айтсақ, өзге этнос өкілдері арасында «Шырқа, көп үнді тіліміз!», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Мемлекеттік тіл – айбыным», «Мемлекеттік тіл - мем­лекеттік қызметте» аудандық бай­қаулары, орыс сыныбындағы қазақ балалары арасында «Ана тілі аруы» «Ана тілі сұлтаны» байқауы, М.Мақатаев атындағы жыр байқауы, «Өлең – сөздің данасы...» атты Бұқар жырау оқулары, «Тіл білімінің атасы» А. Байтұрсынов атындағы байқау, т.б. өтті. Бұл байқаулардың мәні өте зор.

Менің ұлтым шешен болса да, мемлекеттік тілде сөйлей де, жаза да аламын. Репертуарымда қазақ әндері көп. Ән айтқанда әр сөзді қатесіз айтуға тырысамын және ол сөздің мағынасына ерекше мән беремін. Қазақ халқының ұлттық киімдері де неткен әдемі десейші! Қазақстанда туып - өскенімді мақтан тұтамын.

Мемлекеттік тілімізді игеруге табандылық танытып, баға жетпес байлығымызды қастерлеп, жетік меңгеріп қана қоймай, мақтан тұтып, әрі қарай дамуына үлес қосу – Қазақстанның әр азаматының парызы екенін естен шығармайық, ардақты ағайын!

Наши рекомендации