Тақырып. валюталыҚ спекуляция

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Валюталық спекулянттар ретіндегі валюталық биржа қатысушылары.

2. Валюталық спекуляция, оны жүргізу мүмкіндіктері және жүзеге асыру көздері.

3. Валюталық аюлар, валюталық өгіздер және валюталық көбелектер – валюта биржасының негізгі қатысушылары және валюталық спекулянттар ретінде.

Дәрістің мақсаты: Валюталық операциялардағы спекуляция түсінігін қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар: валюталық жүйе, валюта бағамы, монометаллизм, айырбас, ұлттық валюта, шетел валютасы.

Негізгі қатысушыларын, олардың қызмет ерекшеліктерін анықтау Валюталық жүйенің маңызды элементі — валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондайақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.

Валюталық бағам — бұл бір елдің ақша бірдігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.

Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын беліп қарауға болады: саяси — саяси тұрақтылық, валюталық зандылықтардың ырықтандырылуы, валюталықсаясат және т.б., - экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ға дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы теп-теңцік; - психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәу-екелден қорғануға ұмтылыс және т.б. Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қа-зіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.

Монометаллизм тұсында — алтын немесе күміс — валю-талық бағамның базасы монеталық (алтындық) паритет болып табылды, яғни ол, әр түрлі елдердің ақша бірлік-терінің олардың металдық құрамына байланысты арақаты-насын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келеді.

Алтын монометаллизмі тұсында валютаның бағамы алтъш паритетіне сүйенді (валюталардың шекті қатынасы олардың ресми алтындық құрамына байланысты) және стихиялы түрде алтын нүктелерінің шегінде оның айналасында ауытқып отырды. Алтын нүктелерінің классикалық механизмі тек екі жағдайда жүзеге асты: алтынды еркін түрде сатып алу-сату және сыртқа шығару.

Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды. Жалпы алғанда валюталық бағамның козғалысының бағыттарын анықтайтын факторларды үш топқа бөлуге болады фундаментальды, техникалық, қысқа мерзімді күтпеген факторлар. Фундаментальды факторлар орта мерзімде әрекет ететін ұлттық экономиканың жағдайының негізгі макроэкономи-калық көрсеткіштері болып табылады. Әдетте олар, ұлттық статистикалық органдармен жарияланатын макроэконо-микалык статистиканың мәліметтерін білдіреді. Мынадай негізгі факторлар бар: сатып алу қабілетінің паритеті бойынша валюталық бағам, жалпы ұлттық өнім, нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, инфляция, төлем балансы, өнеркәсіптік өндіріс индексі, іскерлік оптимизм индексі.

Техникалық талдау — бұл бағамды жүргізу графигін (чарт) талдауды сипаттайды. График-чарттардың келесідей типтерін ажырата білу керек: сызықты, кесінді графиктері, жапон шамдарының «крестиктер-ноликтер» графигі. Валюталық бағамның қозғалысы толқынға ұқсас болып келеді және онда бір жерде жоғарласа, екінші бір жерде төмендеу байқалады. Қысқа мерзімді күтпеген факторлар валюталық бағам динамикасына маңызды түзетулер енгізуі мүмкін. Оларға мыналар жатады: төтенше оқиғалар (форс-мажор) оқиғалар, саяси оқиғалар, саяси лидерлердің сөздері, валюталық инвестиция.

Наши рекомендации