Фашистік басқыншылыққа қарсы күрес
Негізгі ұғымдар: Қазақ кеңестік әдебиеті, әскери лагерь, партизан, интернационал, тыл, майдан,
Мақсаты:Қазақстан 1941-1945 ж. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстан әскери лагерь бөлімі, мәдениеті мен ғылымы туралы жаңа тарихи танымдық білімдерін қалыптастыру..
Жоспар:
1. Соғыстың басталуы: Қазақстан әскери лагерь бөлімі
2. Ленинград пен Москва түбіндегі шайқастардағы қазақстандықтардың ерлігі.
3. Сталинград түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың ерлікпен қаза табуы.
4. Курск түбінде неміс-фашист әскерлерінің тасталқан болу және оған
қазақстандықтардың қатысуы.
5. Жау қолындағы аймақатрдағы партизандық қозғалыстар.
6. Империалистік Жапонияның талқындалуы.
7. Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында.
8. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.
1. Соғыстың басталуы: Қазақстан әскери лагерь бөлімі.1941 жылы 22 маусымда Фашистік Германия соғыс жарияламастан жасалған келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді. ¥лы Отан соғысы осылай басталды. Гитлерлік Германия осыған дейін Еуропаның көптеген мемлекеттерін басып алған болатын.Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Герман империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Куыршақ мемлекет жобасы фашистер жасаған «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ-Орал, Түркістан сияқты рейх комиссариаттарын кұруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының кұрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шынжан кіргізілді.
Фашистер Кеңес адамдарын қырып-жою жолына осылай түсті.
Ал Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы түра білді. Қазақстан халқы Отан корғаушылар қатарына өзі еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Мән-шүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді.
Елімізде 2 млн-нан астам адам міндетті әскери даярлықтан өтті.
Майдандағы Қызыл Армия қатарына 1200000-ғажуық (1196164) қазақстандық аттанды. Майданға қажетті әскери кадрларды даярлау ісі тылда қарқынды жүргізілді. Соғыс болып жатқан өңірлерден Қазақстанға 27 әскери оку орны көшірілді. Онда соғысқа қажетті 16000 әскери офицер даярланды. 42000 қазақстандық әскери училищеде оқыды.
Бұл әскери оқу орындарының түлектері арасында кейіннен КСРО батыры атанғандар көп болды.
Мысалы, Шымкент Чугуев әскери авиация училищесінде КСРО-ның үш мәрте батыры И.Н. Кожедуб оқыды.
2.Ленинград пен Москва түбіндегі шайқастардағы қазақстандықтардың ерлігі.Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста Қызыл Армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі де көп болды. Қазақстандықгенерал-майор И.В. Панфилов пен комиссар А.С. Егоров басқарған 31 атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Бұл дивизия 1941 жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. 1941 жылы 18 қарашада И.В. Панфилов ерлікпен қазатапты. Бұл дивизияның политругі В.Г. Клочковтың: «Россия - кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда - Москва», - деген сезі бүкіл майданғатарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Панфиловшы, ротаның саяси жетекшісі, қазақстандық КСРО батыры П.Б. Вихрев те ерлікпен қаза тапты.
Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста ерліктіңтамаша үлгісін көрсетті. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Т. Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді.
М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
Бородино селосының түбінде Амангелді Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев 13 фашистің көзін жойды.
Фашистердің Москва түбінде жеңілуі, яғни «Блицкриг» жоспарының күйреуі жеңістің бастамасы, ¥лы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды.
Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқастаЛенинград қаласын қорғауға Қазақ КСР-де құрылған 310-атқыштар дивизиясы мен 314-дивизия алғашқы кезеңнен қатысты Ленинград үшін шайқаста қазақ жауынгері Сұлтан Баймағанбетов кеудесін оққа төсеп, Александр Матросовтың ерлігін қайталады. Ол Кеңестер Одагының батыры атанды.
Балтық флотында көптеген қазақстандықтар жауға қарсы ерлікпен шайқасты. Мысалы, «Киров» крейсерінде 156 қазақстандық болған. Қазақстаннан барған әскерлердің 30%-дан астамы Ленинград түбіндегі шайқасқа қатысты. Рота командирі Қойбағаров өз бөлімшесімен неміс окоптарына басып кіріп, өшпес ерлік жасаған. Одан басқа Ленинград түбінде Дүйсенбай Шыныбеков, С. Жылқышев, Г.П. Зубков т.б. қазақстандықтар ерекше ерлік көрсетті.
1941 жылы қыркүйекте қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ленинградтықтарға арнап жазған «Ленинградтық өренім» жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді.