Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері
Білім беруге арналған шығыстар құрамы бюджеттік жіктелу бойынша арнайы функционалдық топқа сәйкес қалыптасады. Республикалық бюджетге бұл топтың үлесі жыл сайын ұлғаюда және келешекте олардың деңгейі жалпы ішкі өнімнің 4 пайызына жетуі ұйғарылуда.
Бұл функционалдық топ құрамында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш және орта білім беру, арнайы орта білім беру, кәсіптік білім беру, жоғары білім беруге мемлекеттік тапсы-рыс және білім беру аумағындағы басқа да қызметтер көрсетілген. Осы келтірілген білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері бойынша бюджет құралдарымен қаржыландыру іске асырылады.
Қаржыландыру көздері болып республикалық пен жергілікті бюджеттер және бюджеттен тыс құралдар табылады. Білім беру мекемелердің іс-әрекетін қаржыландыратын бір немесе бірнеше құрылтайшылар болғандықтан, мұндай білім беру мекемесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ережелеріне сәйкес коммерциялық емес ұйым деп есептеледі. Ал мемлекеттік білім беру мекемелерінің жекеменшік ретінде мемлекет атынан орталық және жергілікті басқару органдары болғандықтан, олар осы мекемелердің мемлекетгік орталық және жергілікті қаржыландырудың мемлекетгік кепіл берушісі болады.
Ал бюджетген бөлінетін құралдар көлемі практиканың талаптарына сәйкес анықталуы мүмкін емес. Себебі, мемлекеттік реттеудің қай-қайсысы өз алды бюджеттік қамтамасыз етуге жататын мемлекеттік тапсырыс және натуралды немесе ақшалай түрдегі әлеуметті нормативтер тағайындауды талап етеді. Мысалы, заңнамаларда білім беру жүйесі үшін мемле-кеттік тапсырыс бойынша оқитындар контингентінің саны, мемлекеттік білім беру стандарты, бюджеттік қаржыландыру нормативі сияқты параметрлер болуы тиіс екені анықталған.
Қазіргі кезеңде білім беру мекемелерін ұстау үшін әрекеттегі қаржылық ағымдар бюджет деңгейлері бойынша жіктелінеді. Орталық республикалық деңгей бойынша бюджеттік құралдармен қамтамасыз ету үш бағытқа бөлінеді, яғни орталық республикалық бағыныштағы мекемелерді үстауға, республикалық білім беру бағдарламаларды іске асыруға және қаржылық жәрдемге мұқтажды аймақтарға трансферттер ретінде білім беру субвенцияларға. Аймақтық және жергілікті деңгей республикалық деңгейге ұқсас, мұнда жергілікті бағыныштағы білім беру мекемелерді ұстау мен тиістібілім беру бағдармаларды іске асыруға қажетгі бюджеттік құралдар қарастырылады.
Білім беру саласын басқару стратегиясының негізгі бөлігі ол қаржылық қамтамасыз ету. Бұл мәселені жетілдіру барысында бірнеше мақсаттарды шешу қажеттігі пайда болады, олар дамудың басымды бағыттарын таңдау, қаржыландырудың жаңа көздерін анықтау және пайдалану, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануының ұйымдық және экономикалық механизмдерін жарату, бюджет құралдарын билеу жөніндегі өкілеттікті дәйекті үлестіру. Республикалық деңгей бойы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету қажетті білім беру дамуының басымды бағытгарын
таңдау мақсаты ең алдымен білім берудіц әр түрлі деңгейлері бойынша шығындардың арақатынасын анықтауға байланысты.
Бүкіләлемдік Банк мәліметтерІ бойынша қазіргі қезеңде дамыған елдерде міндетті мектептік білім беруге арналған шығындар басымды шығындар болын табылады. Дамыған елдерде мүндай шығындардың үлесі барлық білім беруге арналған шығындардың ішінде 67%-дан (АҚШ) 89%-ға дейін (Жапо-ния) күрайды. Осы елдерде жоғары білім беруге арналған шығындардың үлесі 8%-дан (Жапония) 27% (АҚШ) пен 34%-ға дейін (Канада), ал мектепке дейінгі білім беруге - 0,3%-дан (Ка-нада) 11%-ға дейін (Франция) толықсыды. Қазақстанда шығындар құрылымының маңызды ерекшеліктері бар. Біздің елімізде мемлекеттік қаржыландырудың ерекшелік белгісінің бірі - ол мек-тепке дейін білім беруге арналған шығындардың салыстырғанда жоғары үлес салмағы - 27% және міндетті білім беруге арналған шығындардың төмен үлесі - барлығысы 50%, онын ішінде жал-пы академиялык білім беруге - 38% жатады, кәсіптік білім беруге - калған 12% жатады.
Қазіргі уақытта білім беруді қаржыландыру республикалық деңгейден келе-келе жергілікті деңгейге беріліп жатыр. Мүндай процесс ең алдымен кәсіптік білім беру мекемелерінің мүддесін қозғайды, себебі орталықтан қаржыландыру болған жағдайда аймақтык және жергілікті еңбек нарығына қажетті кадрлар дайындауды есептеуі өте қиын. Тағы бір себеп - ол білім беру мекемелерді кәсіпорындар мен үйымдардың құралдары арқылы қаржыландырудың жоқтығы. Мысалы, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында бюджеттердің барлық деңгейлерінің құралдары арқылы білім беруге арналған шығындары осы сала бойы қажетті барлық шығындардың 84% құраған, ал қалған 16% кәсіпорындар мен үйымдардын құралдары арқылы қамтамасыз етілген.
Мемлекеттің дамуының жаңа беталыстарына сәйкес білім беру саласында жеке кәсіпкерлік жүйесі орын ала бастады. Білім беру қызметінің нарығы мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз етумен бірге халық пен кәсіпорындардың әр түрлі топтарының әлеуметтік тапсырыстарына қанағаттандыруын талап етеді. Білім беру про-цесіне қалынтасып жатқан кәсіпкерлер класымен бірге әр түрлі қоғамдык қозғалыс пен үйымдардың, Ұлттық бірлестіктердің, діндар қауымдардың өкілдері қосылуда. Олардың білім беру жүйені өз мүдделеріне сай көркейту жөніндегі талпыныстары мемлекеттік емес оқу орындарын ашуға және мемлекеттік мекемелерге қаржылық жәрдем жасауға ниеттендіреді. Бұл арада мемлекеттік мекемелер де өздігінен білім беру бағдарламалар таңдауды іске асыруға және халыққа төлемақы негізінде білім беру қызметінің айдынды спектрінін көрсетуге құқы бар.
Демек, білім беруді қаржыландыру қосымша көздер тарты-лу арқылы іске асыруы мүмкін, яғни білім беру мекеменің өзінің кәсіпкерлік іс-әрекеті және оларға демеуші болатын заңды және жеке тұлғалармен арақатынас құру. Осыған қоса, кәсіптік білім беру мекемелерінде бюджеттік құралдардан тыс қосымша ақылы қызмет көрсету формалары ретінде келесілер болуы мүмкін:
• ғылыми-зерттеулік, өнеркәсіптік, консалтинттік, сертификаттық іс-әрекет, сараптамалық, ақпараттык және басқа дақызмет көрсету;
• мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарымен, меншіктің барлық формадағы кәсіпорындар мен ұйымдармен, басқа да заңды және жеке тұлғалармен келісімшарт арқылы мемлекеттік тапсырыстан тыс кадрларды даярлау, қайта даярлау мен персоналдың біліктілігін көтеру;
• шетел студенттері, аспиранттар мен стажерларды оқытудың тиімді және табысты жүйесін қалынтастыру;
• оқу орындарының әлеуметті инфрақұрылымдарын келе-келе ақылы пайдалануға өту.
Сонымен қатар тағы бір қаржыландыру көзі жөнінде айта кетсек - ол халықаралық ұйымдардың ақысыз негізінде немесе халықаралық ынтымақгастық бағдарламаларды іске асыруға білім беру мекемелерге берілетін құралдар.
Қайырымдылықтық құралдар көлемін жоспарлау мүмкін емес. Ол білім беру үдерісінің барлық қатынасушылардың - білім беру органының ұжымы, оқитындардың ата-аналары, қоғам, шаруашылық субъектілер - жігеріне байланысты. Бұл қаржыландырудың ерекшелігі - ол ақша құралдарының пайдалану тәртібін жәрдем алушы емес қолдаушы өзі анықтайды, ал, бұған кері, мекеме дербес коммерциялық іс-әрекетінен түскен табысты өз еркі пайдаланады.