Ерте берілген несиелерді отеу мен мемлекеттік кепілі бар және үкіметтің кепілінде төленген талаптардан түсетін түсімдерді болжау

Республикалык бюджет кірістерінің көлемінде үкіметтік займдардан, ерте берілген несиелерді өтеуден және республикалық меншіктегі қаржы активтерді сатудан түскен түсімдер есептеледі.

Осындай түсімдер, бірақ тиісті коммуналдык меншіктегі активтер және жергілікті бюджеттерден берілген несиелер, жергілікті бюджеттерде де есептеледі.

Бюджеттен берілген «несиелер өтеу» категориясы маңында бюджеттік несиелер бойынша мемлекеттік шаруашылық субъектілерінен түсетін ақшалай құралдар жиынтығы есептеледі. Бюджеттік несиелер республикалық және облыс бюджеттерінен теменгі бюджеттерге бюджеттік инвестициялык жобаларды іске асыру мен қаржы жылы бойы кассалық алшактықты өтеу үшін берілуі мүмкін.

Ерте берілген несиелерді өтеу бюджет түсімдері көздерінің бірі ретінде саналады. Бұл арада өтеу дегеніміз ерте берілген несиелер бойынша негізгі борыш сомасын немесе үкіметтік және жергілікті атқарушы органдардың борыштар сомаларын қайтару. Осы сомалар несиелер берілген бюджеттердің кірістер көлемінде есептеледі. Негізгі борышты қайтару тәртібі несиелік келісімшарт ережелеріне сәйкес іске асырылады.

Займдар бойынша мемлекеттік кепіл бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен займ беруші арасында келісімшарт формада немесе кепілдік міндеттеме формада бекітілген келісімді хаттау мен тіркегеннен кейін беріледі. Бұл құжатта республикалық бюджеттен бағытталған және мемле-кеттік кепіл жөніндегі Үкіметтің міндеттерін атқаруға қажетті құралдарды қайтару жөніндегі міндеттемелерді атқаруды қамтамасыз етуді растайтын мәліметтер көрсетіледі. Мемлекеттік кепіл займ берушінің талабы бойынша өтеу мерзімі күнінен кейін тиісті қаржы жылына республикалық бюджет жөніндегі Заңда қарастырылған құралдар көлемінде атқарылады, егерде мемле-кет кепіліндегі займды займалушы өтемесе. Мемлекеттік кепіл жөніндегі міндеттемелерді атқаруға республикалық бюджеттен болінген құралдарды қайтару келісімде тағайындалған мерзімде және Бюджет кодексінде белгіленген сыйақы мөлшерлеме бойынша іске асырылады.

Тұжырымдамалар

Анықтама бойынша салықтық түсімдер деп «ҚР бюджетке салықтар және баска да міндетті төлемдер женіндегі» ҚР Заңы-мен (Салық кодексімен) тағайындалған бюджетке төлейтін салықтар мен басқа да төлемдер айтылады. Сондықтан, салықтық түсімдердің экономикалық мазмұнын солардың негізіндегі салық-тар құрайды. Олар кірістердің материалдык көзі - Ұлттык табысты қайта бөлісуге қатынасатын болғапдықтан ендірістік қатынастардың арнайы формасын құрайды. Осыған байланысты салыктық түсімдер тұрақты ішкі белгілерімен, заңнамалықты даму мен ере-кше формаларымен сипатталады. Олар нақты әрекеттегі ақшалай қатынастармен дәлелденеді және қаржы қатынастарының бөлігі ретінде үнемі қозғалыста болады.

Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Бюджет кірістері дегеніміз не?

2. Бюджет кірістерінің басты материалды не болып табылады?

3. Мемлекеттік бюджет кірістері неге бөлінеді?

4. Салықтық түсімдер дегеніміз не?

5. Салықтар түрлерін атап көрсетініз?

6. Салықтық түсімдерге нелер жатады?

7. Салықтық емес түсімдер қалай жіктеледі?

8. Салық жүйесінің құру принциптері қандай?

9. Салық салу принципі қандай:?

10. Бонустар дегеніміз не?

11. Акциздер дегеніміз не?

12. Жер салығын салу объектісі болып не табылады?

13. Ішкі және жанама салықтар дегеніміз не?

Әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасының Конститутциясы

2.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы және ерекшеленген бөлімі)

3. Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы

4. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі

5.Республика Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы

6.2010-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының стратегиясы

7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясаты

8.Республикалық бюджет туралы (тиісті жылға арналған)

9. «Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер» туралы (Салық кодексі)

10.Собрание актов Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан. – Астана: Финансово-хозяйственный отдел Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан

11.Ведомости Парламента Республики Казахстан. – Астана: Аппарат Сената Парламента Республики Казахстан.

12.Қаржы-Қаражат – Финансы Казахстана. Ғылыми –тәжірибелік жур­нал. – Алматы: «Финэк» ЖШС

13. Нормативные акты по финансам, налогам, бухгалтерскому учету, страхованию Министерство финансов Республики Казахстан. Официальное издание. – Алматы, «Каржы-Каражат».

Наши рекомендации