Демократтардың өкімет басына келуі

АҚШ-тағы дағдарыс жылдарында кезекті Президент сайлауына дайындық басталдыі.Президенттік сайлау қарсаңында республикалық партия Гувердің ел алдындағы атқарып жатқан қызметін мақтаумен ғана шектелді. Елдегі экономикалық дағдарыс әрбір сайлаушының көз алдында өтіп жатты. Күн санап республикалық партияның беделі түсе берді. Демократиялық партияның сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жүмысы халық арасында жандана түсті. Олар экономикалық дағдарыс жылдарындағы республикалық партия-саясатын күн санап әшкерелеп жатты. Демократиялық партияның сайлау бағдарламасы еңбекші халық алдында жаңа реформалық бағытты ұсынды. Демократиялық партия АҚШ президенттігіне Нью-Йорк штатының губернаторы Франклин Делано Рузвельттің кандидатурасын ұсынды.

Ф.Рузвельт сайлау алдында өзінің жаңа экономика реформасын үсынды. Реформаның негізгі бағыты миллиондаған кедейленген халықтың мүддесін қорғау деп түсіндірді. Реформаның жаңа ұраны тарихта «жаңа бағыт» [14]. деп атап Ф.Рузвельттің жаңа бағытын американ қоғамы онша тусіне алған жоқ. Сондықтан бірден саяси қайраткерге айнала алмады Бірақ та сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жумысының барысында, экономикалық дағдарыстан шығудың жолы мемлекеттік-тұрғыдан реттеу екенін түсіне бастады. Мемлекеттік реттеу экономиканы дағдарыстан шығарудың бірден-бір жолы екенін сайлаушылар да түсініп, Ф.Рузвельттің саяси беделі өсе бастады. Сайлаушылар алдында сөйлеген сөзінде Ф.Рузвельт елдегі азаматтық қүқықтың сақталуын, оған мемлекетің жауапкершілікті күшейтуі керектігін айтып отырды. 1932 жылы қыркүйек айының 23-і күні Сан-Франциско қаласында сөйлеген сөзінде «экономикалық жоспарлау» идеясын үсынды. XX ғасырда американдықтар үшін тәуелсіздік Декларациясына өзгерістер енгізудің қажеттілігін айтты. «Әрбір адам өмір суруге құқықты, сондықтан үкімет әрбір адамға еңбек етуге, еңбегінің нәтижесін көре білуге көмектесуі керек, қоғам байлығы халык үшін қызмет жасауы қажет» - деді. Америка мемлекеті халықтың әлеуметтік мақсаты үшін жүмыс атқаруы керек, әрбір адамды қорғау үшін мемлекеттік әлеуметтік жүйе қалыптасуы қажет екенін айтып отырды. Жаңа бағыт саясатының негізі мәні - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реформа жургізу екенін сайлаушылар алдында сөйлеғен сөздерінде әр уақытта ескертіп отырды. Республикалық партияның сайлау бағдарламасы халық алдында сенімсіздік тудырып, демократиялык партияның өкілі Ф.Рузвельттің беделі өсті. Ол либералдық реформа саясатын батыл жүргізуді талап етті.

1932 жылы қазан айында АҚШ-та президенттік сайлау өтті Сайлау қорытындысында демократиялық партия өкілі Ф.Рузвельтті қолдап 22,8 млн сайлаушылар дауыс берді, республикялық партия өкілі Гуверге 15,8 млн сайлаушылар дауыс берді-Ф.Рузвельт жеңіске жетті. Демократиялық партия конгресінің екі палатасында да көпшілік орын алды. 1933 айының 4-і күні Ф.Рузвельт президенттік қызметіне кірісті. [15].

Рузвельт семья мүшелерінің естеліктерінде АҚШпрезиденті Гровер Кливленд болған кездегі қызықты оқиға айтылады. Франклиннің әкесі бірде, өзінің жалғыз баласын президентке таныстырады, Жеті жасар баланы басынан сипай отырып, Кливленд оған Америка Құрама Штаттарының ешуақытта президенті болма деген тілек білдіреді. Отырғандар мұны күтпегендікген қатты таң калды. Кливленд Рузвельттің анасының үмітіне қарсы шықты. Оның анасы Сара Делано өзінің ұлын жан-тәнімен саяси карьераға дайындады және оның болашағының жарқын болатындығын жорамалдады. Көптеген американ аналары өздерінің ұлдарының презндент болуын армандайтын, алайда соның ішінде Сара Деланоның арманы орындалды. Оның саяси карьерасына аристократиялық тегі мен байлығы да өз әсерін тигізді. Рузвельт сол кезге сай жақсы білім алды. Роозвельтің бір тармағы Теодор Рузвельт АҚШ-қа президент болғанда Франклин 19 жаста еді. Оны Рузвельтер семья ішінде "Тэд ағай" деп атайтын. Содан бері "Тэд ағайдың" тамаша саяси карьерасы жас Франклинге үлгі болды[16].

1920 жылы 38 жастағы Ф.Рузвельт демократиялық партиядан АҚШ-тың вице-президенттік қызметіне ұсынылады. Алайда сайлауда республикадықтар жеңіске жетеді. Тек 1928 жылы, ол Нью-Йорк штатының губернаторы болған соң ғана, Франклин туралы айтыла бастады. Ф.Д.Рузвельттің демократиялық партиядан президенттік қызметке бірден-бір лайық кандидатура екендігі туралы әңгімелер көбейді. Рузвельттің позициясы әсіресе 1930 жылы Нью-Йорк штатына кезектегі губернаторлық сайлауда жеңіске жеткен соң, тіпті нығайды, ол бұл сайлауда өзінің бәсекелесі республикадықтардан 3,5 млн. дауыс көп жинады[17]. Осы сайлаудың соңғы нәтижесін алған соң, Нью-Йорк штатының демократиялық партиясының төрағасы Джеймс Фарли енді ол келесі президенттік сайлаудан Рузвельт калай қашып кұтыла алатындығын білмеймін деді. Ол ешкім қол ұшын бермесе де келесі президенттік сайлауда Рузвельттің жеңетініне толық сенді. Әкесі мен өгей ағасы өлген соң, Франклин Рузвельтке 600 мың долларға жуық мұра қалды. Оның үстіне оның анасының бір миллоннан астам долларлық капиталы бар еді. Істің мәні мынада Нью-Иорк штатында губернаторлық қызмет оны демократиялық партияның босстары жағынан мойындауды қамтамасыз етті. Өйткені 1929 жылы Ныо-Йорк штатындағы губернаторлық сайлауда алғашқы жеңісінен соң, Рузвельт болашағынан үміт күтетін кандидат деп танылған. 1930 жылы сол сайлауда өзінің екінші жеңісінен соң, ол басты кандидатқа айналды [18].

Дегенмен, тәжірибелі адамдардың бәрі бірдей Рузвельтті болашағынан үміт күттіретін саяси қайраткер деп, есептеген жоқ. Оқырмандардың арасында 30-шы жылдардың өзінде-ақ үлкен беделге ие болған саяси шолушы Уолтер Липпман Франклин Рузвельтті Америка Құрама Штаттарының президенті болуға ұмтылған Рузвельт өте сүйкімді адам, бірақ онда қажетті қасиеттердің бәрі бар емес, деп сипаттайды. 37 жыл өткен соң, 1970 жылы, 80 жастағы Уолтер Липпман Франклин Рузвельт туралы былай деп жазады; "Я считаю, что Франклин Рузвельт был человеком, который столкнулся с действительно серьезными проблемами, но который оказался на должной высоте и осуществшей революцию в американском обществе, оказывавшуюся в целом очень успешной"[19]. Франклин Рузвельт Липпманның өзіне әділетті және дәл баға береді. Рузвельт Липпманды өте ашық әдемі жазады, бірақ ол әр уатта бір сарынды емес деп бағалайды.

Республикаңдықгар ішіндегі саяси карсыластары Рузвельтті принципсіз оппортунист деп есептеді. Рузвельттің демократиялық партияның өзінің ішінде де карсыластары аз болған жоқ. Солардың қатарында бұдан сәл азырақ бүрын ғана президенттің әріптесі және қамқоршысы болған, Нью-Йорк штатыь ың бүрынғы губернаторы, президенттікке жолы болмаған кандидат Альфред Смит те бар. Ол демократиялық партияда Рузвельттің беделі өскендігін мойыңдағысы келмеді. Ол өзінің осындай Рузвельтке деген антипатиясын "жаңа бағыт" жылдарында президентті сынаумен білдірді.

1933 жылдың 4 наурызы. АҚШ президенті қызметіне салтанатты ант беруге санаулы минуттар қалған кезде трибунаға баратын таққа Рузвельт коляскамен жеткізілді. Рузвельт коляскадан үлкен үлының қолына сүйеніп түрып, трибуііаға қарай бет алды. Барлығыда үсақ-түйегіне дейін дайындаі ған кестеге сай дөлмә-дәл өтті. Капитолия үйінің алдына жиналған халық өздерінің болашақ президентінің дене қүрылысындағы кемістікті көре алмады. Олардың алдындағы трибунада самай шашы ағара бастаған сымбатты, ренді ер адам түрды, салтанатты анттың өрбір сөзі жағымды дауысты қоңыр үнмен репродукторлар арқылы алаңның барлық жеріне естіліп жатты. Рузвельт ант беріп болған соң, жиналғандарға программалық сөзін сөйлейді. Осы кезде сөйлеген сөздері оны ораторлық искусствоның үлгісі ретінде көрсетті.

Рузвельт өз сөзінде былай деді: "Наступило время, чтобы сказать вам правду, всю правду, открыто и смело. Не пристало нам также уклоняться от честной оценки ситуации, в которой находится сегодня наша страна. Эта великая нация выстоит, как она выстояла в прошлом, возродится и будет процветать. Поэтому разрешите мне первым делом выразить тывердую уверенность в том, что единственным чего нам следует опасаться, является страх, парализующий усилия, необходимые для превращения отступления в наступление"[20]. Экономикалық дағдарысты жеңуге Америкада барлық мүмкіндік бар деп Рузвельт американдықгарды сендірді. Онан кейін демократтардың жаңа өкімет көптен күткені өздерінің уәделеріне кезек берді. Жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыз етуге, фермерлерге — ауьш шаруашылық энімінің бағасын көтеруге, капитал салушыларға - бір-біріне зиян келтіретін алып-сатарлықгы жоюға уәде берідді. "Тату көршілік" сыртқы саясаты жүргізіледі деп көрсетті. Елдегі төтенше жағдайға байланысты Рузвельт президенттің қолына төтенше атқару комитеті билігін жинақгауды ұсынды. Бұл жағдай АҚШ шетел интервенциясының объекгісі бола қалған жағдайда қажет еді. Ол американдықгарды депрессияға қарсы күресуге шақырды, олардың қатаң тәртіп сақгауын және өздерінің міндеттерін адал орындауды талап етті.

Кейінірек Рузвельттің осы сөзін талдай келе, кейбіреулер американ сайлаушылары соңғы жыдда>ы естіген көп сөздердің ішінен оның сөзіндегі бір ерекшелікті атап көрсетеді. Онда тез әрекет ету, әрекет етудің қажеттілігіне баса назар аударылған. Осы сөздердің текстін дайындаған Рузвельттің өзі де, оған көмектескен оның кеңесшілері жаңа үкімет елді терең экономикалық дағдарыстан шығару үшін нақгы не істеу керек екенін жік-жігімен көрсете алмады. Алайда Рузвельт жаңа үваметгің алдында тұрған күрделі проблемалардың комплексінде ең бастысын анықгай адды. Атап айтканда елдің экономикалық өміріне мемлекеттің белсенді араласуының қажеттілігі еді, Бұл бұрынғы республикандық басқаруда мүлдем болмаған-ды [21].

Рузвельт сөзін аяқгаған соң, церемония барысында президенттің артында қабағы түксиіп, салы суға кетіп отырған Герберт Гувер Рузвелыті кугтықгап, залдан шығып кетті. Дәл сол күні ол күзетсіз Вашинггоннан кетіп калды. Вашингтондағы түскі тамақган соң салтанатты парад болды. Кейбір оның жақын достары елдегі төтенше ситуация жағдайына байланысты мерекелік шаралар жүргізу ақылдылықка жатпас деп, тойлады жасамауды ұсынды. Ал Рузвельт мерекені болдырмаудан бас тартты. Рузвельт жаңа президенттің жұмысқа кірісуіне байланысты традициялық салтанаттың толық сақгалуын әдейі талап еткен болуы керек.

Наши рекомендации