Пәні: Дүние жүзі тарихы | Сынып: 7 | Мерзімі: |
Тақырыбы: | Орта Азия қалалары. Ғылыми білімдердің дамуы |
Мақсаты: | Самарқан, Бұхара, Үргеніш сияқты орта ғасырдағы Орта Азия қалаларымен таныстыру, |
Күтілетін нәтиже: | Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту |
Бағалау критерийлері: | Теорияны түсіну, негізгі идеяны білу, рефлексия жасау |
Әдіс-тәсілдер: | Диалогтық оқыту, ақыл тасы, кубизм |
Сабақтың барысы: |
Кезеңі | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Кіріспе | 2 минут | Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу Түгендеу Оқушылардың зейінін сабаққа аудару | Оқушылар оқу құралдарын дайындайды | Ауызша мадақтау | АКТ стикерлер |
2 минут 4 минут | Оқушыларды топқа бөлу Үй тапсырмасын сұрау G Хорезм мемлекеті қай ғасырларда құлады? G Хорезм жерінен шыққан ғұлама ғалымдар? G Атсыз сұлтан қай жерлерді бағындырды? G Хорезм мемлекетінің халқы шаруашылықтың қай түрімен айналысты? | Оқушы қызығушылық танытып, белсенділігі артады «Ақыл тасы» | Мадақтау арқылы ынталандыру Бағалау парағы | Тақырыпқа байланысты суреттер Ақыл тасы |
Таныстырылым | 2 минут | Тақырып бойынша қысқаша түсінік беру | Оқушылар тыңдай біледі, тақырыпты әңгімелейді Ақыл тасы | Бағалау парағы | АКТ Ақыл тасы |
Негізгі бөлім | 20 минут | Джигсо әдісі Мәтінмен жұмыс Орта Азиядағы ірі ортағасырлық қалалар-Самарқан, Бұхара, Термез, Мерв, Үргеніш көлемі және халқының саны жағынан өсіп отырды. Орта Азия қалалары қолөнердің орталығы болды. Орта Азия қалаларының орталығы-цитадель, ал қаланың сыртындағықолөнершілер мен саудагерлердің тұратын бөлігі рабат деп аталды. Қалалар мешіттер, кесенелер мен мәдени, ғылыми орталықтар саналды. Ортағасырлық қалаларда сауда орталығы-жәрмеңкелер көптеп ашылды. Орта Азия қалаларндағы жәрмеңкелерге Қазақстан жерінде тұратын халықтар өздерінің малдарын айдап әкеліп, сауда жасап, қаладан күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер заттарын сатып алып отырды. Шығыстың ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Сина | Оқушы орындау керек Сұрақтар қояды, жауап береді Жұптық, жеке жұмыстар атқарады | Белсенді топты мадақтау Бағалау парағы | Дүние жүзінің саяси картасы А4 форматтағы қағаздар |
5 минут | Жаңа сабақты қорытындылау | Дүние жүзінің саяси картасымен жұмыс Дәптермен жұмыс | Бағалау парағы | Оқулық Тақырыпқа байланысты суреттер АКТ |
Қорытынды | 10 минут | Суммативті бағалау Рефлексия жасау Үйге тапсырма | Оқушы өзін-өзі бағалайды Рефлексия | Жиынтық бағалау | Рефлексия |