Кәсіпкерлік негіздері» компоненті бойынша оқытудың нәтижелеріне талаптар

Азақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті

  БЕКІТЕМІН Кафедра меңгерушісі ___________________ э.ғ.к., доцент Кенжебаева М.Т. «_10_» _____09____2014 ж.

МОДУЛЬ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)

Мамандығы:5В060700 - «Биология», 5В060900 – «География»,

5В060800 – «Экология», 5В090700 – «Кадастр», 5В090300 – «Жерге орналастыру»,

Дайындау бағыты (мамандануы) -«Жалпы биология», «География», «Жалпы экология», «Жер кадастрі және қозғалмайтын мүлікті бағалау», «Жер ресурстарын және жерге орналастыруды басқару»

МодульМ111

Кредит саны (KZ/ECTS) :1/2

Модуль компоненті (пәннің аталуы және көлемі – кредит саны, оқу семестрі):Кәсіпкерлік негіздері 1/2, 5 семестр

Мамандарды шығаратын кафедра:

Модуль бойынша оқыту бағдарламасын дайындауға жауапты кафедра: «Экономика» кафедрасы

Модульға жауапты оқытушының (лардың) аты-жөні:

Аширбаева К. Т., э.ғ.к., доцент, Кудабаева Л.А., аға оқытушы

e-mail: lazzat_32 @mail.ru

Тараз, 2014 ж.

Оқыту бағдарламасы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің өткен Хаттама № Ғылыми кеңесінде бекітілген оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.

1. Модульдің мақсаты мен міндеттері:

Курстың мақсаты:

Кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты кәсіпқойлық бағдарлауға көмектесу. Нарық жағдайында жұмыс істеуде бизнесті іске асыру кезінде болашақ кәсіпкерлер мен менеджерлерден жоғары білімділікті талап етеді. Бұл пәнде өз ісін қалай дайындау және бастау, кәсіпорынмен фирманы функциялаудың механизмі, бәсекелестік мәні, шаруашылық серіктестермен қалай байланыс жасау, кәсіпкерліктің жауапкершілігі және басқада көптеген сұрақтар қарастырылған.

Курстың міндеті:

- сіздерді қызметтің заңдылықтарымен таныстыру, кәсіпкерлік аясындағы құбылыстар мен процестерді талдау жасауға үйрету;

- сіздерді альтернативті көзқарастар мен теорияларға талдау жасауды, әдебиеттер мен егеменді жұмыс істей алуды үйрету;

- өз ойларыңызды дұрыс тұжырымдап, көпшілікке түсіндіре алу, көпшілік алдында сөз сөйлеу қабілеттеріңізді қалыптастыру.

- білімгерлерге кәсіби бағдар алуға, терең білім алуға және бизнеске бейімделуге, кәсіпкерлік қабілет қалыптастыруға көмектесу.

Модуль пәндері бойынша пререквизиттер мен постреквизиттер:

Пререквизиттер –Экономикалық теория негіздері

Постреквизиттер -

Модульдің формуляры

Модульдің аталуы және нөмірі, пәннің циклі М111 Сала экономикасы
Модульдің білім беру нәтижесі (құзырлығы) КҚ 1.Кәсіпкерліктің теориялық және әдістемелік негіздері туралы, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және оның тиімділігін бағалау үрдістері туралы, кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мен реттеудің мемлекеттік механизмдері туралы білу керек. КҚ 2.Кәсіби білім берудің ажырамас бөлігі болып табылатын және тәжірибелік қызметті жүзеге асыру барысында тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретін алуан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындар мен фирмалардың қызмет ету механизмдері туралы білу керек. ЖҚ 1. Бизнесті құрудың тиімді жүйесін жасап шығару үшін алынған білімдерді қолдана білу және зерттеу аясындағы мәселелерді шешу үшін қажетті құзіреттілікке ие болу, кәсіпкерлік аясындағы, соның ішіндегі қазақстандық кәсіпорындарды ұйымдастыру, дамыту және басқару бойынша өз білімдерін көрсете білу, мүдделі тұлғаларға және кәсіпкерлік аясындағы мамандарға мәліметтерді, идеяларды, мәселелерді және шешу жолдары туралы ақпарат беру, әлеуметтік, экономикалық, ғылыми немесе этикалық көзқарастарды ескере отырып, тұжырымдарды жасап шығару үшін кәсіпкерлік теориялық негіздері мен тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтау және меңгеруі қажет. - ЖҚ 2.Білімді өз бетінше ары қарай жалғастыру үшін қажетті, кәсіпкерлікті ұйымдастыру үшін дағдылары болуы қажет.
Модульдің компоненттері (номері және аталуы) Кәсіпкерлік негіздері
Кредит саны KZ / ECTS 1/2
Оқу семестрі
Сабақтың түрлері және барлық академиялық сағаттар   Лекция – 7,5 сағ, практикалық сабақтар – 7,5 сағ, ОӨЖ - 30 сағ; оның ішінде ООӨЖ – 7,5 сағ Барлығы – 45 сағ
Білімгерлердің білімін бақылау түрі Емтихан (тест)
Пән бойынша сабақты ұйымдастырушы кафедра «Экономика»

Кәсіпкерлік негіздері» компоненті бойынша оқытудың нәтижелеріне талаптар

Наши рекомендации