Зіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
Өзіндік жұмысты рәсімдеу кезінде мәтіндік құжаттарға қойылатын қолданыстағы талаптар мен жалпыға міндетті ережелерді басшылыққа алған жөн. Олардың негізгілері: курстық жұмыстың мәтіні стандартты беттің тікелей орналасуында сол жақтан -30 мм, оң жақтан-10 мм, жоғарыдан-20 және төменнен-20 мм қалдыра отырып бір жағына орналастырылады (210-297 мм). Жұмыс компьютерде терілген болуы немесе анық етіп жазылған қолжазба түрінде тапсырылады.
Егер де бет кестемен (көрнекі құралдармен) толық қамтылмаған болса, онда оған сонымен қатар мәтін орналастырылады. Бір ойдан екінші ойға өту кезінде мәтін жаңа абзацтан басталады, осыған байланысты абзацтық орын бес әріптік орынға тең.
Жұмыс бөлімдері нүктемен бөлінген араб сандарымен нөмірленеді: бірінші сан тарау номерін, екіншісі-бөлімнің номерін білдіреді.
Кіріспе, әр тарау (бөлімдерден басқа), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар жаңа беттен басталады.
Тарау, бөлім, кестелерді сызуға, сөзді атауларға жалғастыруға болмайды. Тарау атаулары неғұрлым үлкен шрифтермен, ал бөлімдердікі-әдеттегідей шрифтермен жазылады.
Тарау атауы мен келесі мәтіннің ара қашықтығы үш интервалға, тарау атауы мен алдыңғы мәтіннің соңғы жолы – төрт интервалға тең болуы керек. Тараулар жаңа беттен басталады.
Беттер парақтың оң жақ төменгі бұрышына көрсетіліп араб сандарымен нөмірленеді. Нөмірлену титул бетінен бастап соңғы қосымшаға дейін салыну керек.
Кестелер түсіну үшін қарапайым және қарастырылатын сұрақтың мазмұнын дұрыс ашуы тиіс. Шағын кестелерде көрсеткіштер ықшам көрінеді.
Әр кестенің алдында ортасында оның тақырыптық атауы жазылады, ал одан жоғары сол жағына – «Кесте» деген сөз және оның орналасу номері көрсетіледі. Сондықтан да «№» белгісі қойылмайды. Кесте әр тараудың шегінде (бөлім емес) нүктемен бөлінген араб санымен нөмірлейді, біріншісі – тарау нөмірін, екіншісі – кесте нөмірін көрсетеді. Мысалы: Кесте 1.2. (бірінші тараудың екінші кестесі). Сонымен қатар жұмыстың барлық шегінде (қосымшаға дейін) басынан аяғына дейін нөмірлеуге рұқсат етіледі. Кесте бірінші сілтемеден кейін мәтінде немесе келесі бетке орналастырылады. Оларды Өзіндік жұмысты бұрып қарамай оқуға болатындай немесе оны сағат тілімен бұрып оқуға болатындай орналастырады, бірақта керісінше емес. Кестеде өлшем бірліктері үшін арнайы графа қарастыру қажет емес. Оларды жазу немесе графа атауының соңында үтірмен бөле отырып көрсетеді.
Егер де қайталанатын графада мәтін бір сөзден тұрса, оны тырнақшамен ауыстыруға жол беріледі. Егер де қайталанатын мәтін екі немесе одан да көп сөздерден тұрса, онда бірінші қайталанғанда оны «сондай» сөзімен, ал одан әрі тырнақшамен ауыстырады. Тырнақшаның қайталанатын сан, белгі, математикалық символдармен бірге қоюға болмайды. Егер де кестенің қандай да бір жолында сандық немесе өзге де көрсеткіштер көрсетілмесе, онда оған сызықша (-), ал егер де қандай да жол немесе графа толтырылмаса – (х) қойылады.
Көрнекі материалдар (сызба, фотография, графиктер және т.б.) кестеге ұқсас атауы жазылып және екі араб санымен нөмірленеді, бірақ та одан айырмашылығы атауы көрнекі материалдан кейін жазылады. Сонымен қатар бірыңғай нөмірлеу болуы мүмкін. Көрнекі материалдар бірінші сілтемеден кейін немесе келесі бетке орналастырылады.
Атауда және мәтінде қысқартылған сөздерге рұқсат берілмейді. Ол тек мәтінде сәйкес стандарттар немесе жалпыға міндетті ережелер қойылған жағдайда болуы мүмкін. Мысалы: одан әрі – о.ә., жыл (жылдар) – ж (жж), миллион, миллиард – млн., млрд. Егер де тар мамандандырылған қысқартулар қолданылса, онда оны бірінші қолданғаннан кейін жақшаның ішінде толық жазылуын көрсеткен дұрыс, мысалы: АӨК (агроөнеркәсіптік кешен). Одан әрі мәтінде толық жазылуын қайталамау керек.
Әдебиет көздерінен үзінділер толықтай немесе көп мән беретін жекелеген сөздер келтірілуі мүмкін. Мұндай үзінділердің басы мен соңына тырнақша қойылады. Жеке редакцияда пайдаланылған материалдарға рұқсат етіледі, тек оның мағынасы сақталуы тиіс. Мұндай жағдайда тырнақша қойылмайды. Материалдың қай автордың жұмысынан алынғанын ескерткеннен немесе үзіндіден кейін пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі жұмыстың нөмірін және бетін білдіретін жақшаның ішінде нөмір көрсетіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімін барынша мәтінде пайдалану кезегі бойынша орналастырған дұрыс.
Әдеби көздер туралы мәлімет келесілерді кірістіруі керек:Автордың аты-жөні, кітаптың атауы (нұсқаудың), қай жерден басылғандығы, баспаның атауы, шығарылу жылы және пайдаланылған материалдың орналасқан беті.
Екі автор болған жағдайда олардың аты-жөні титул бетінде жазылу тәртібімен жазылады. Егер де автор саны үшеуден көп болса, олардың біріншісінің аты-жөні жазылып, «және басқалар» сөзі жалғанады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне кезеңдік басылымдардың (журнал, еңбек жинақтары) мақалаларын кірістіру кезінде келесі мәліметтер келтіріледі: автордың аты-жөні, мақала атауы, басылым аты және сериясы (бар болса), шығырылу жылы, басылымның томы және нөмірі, мақала орналасқан бет саны.