Ылмыстық іс жүргізуде кездесетін кемшіліктер.

Қылмыстық іс жүргізу іс жүргізу құқығының күрделі салаларының бірі. Қылмыстық іс жүргізу дегеніміз- басқа сөзбен айтқанда қылмыстық істі сотта қарау. Нақтылап айтар болсақ, іс жүргізу дегеніміз-бұл заңмен реттелген, соттың алдын ала тергеу, анықтау және прокуратура органдарының қоғам мен азаматтардың мүдделерін қиянаттардан қорғауға байланысты өз міндеттерін орындау мақсатында жеке тұлғаларды қатыстыра отырып атқаратын қызмет жүйесі.

Сонымен қылмыстық іс жүргізу құқығы дегеніміз—бұл заңмен реттелген соттың алдын ала тергеу, анықтау және прокуратура органдарының қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғауға байланысты өз міндеттерін орындау мақсатында жеке тұлғаларды қатыстыра отырып атқаратын қызмет жүйесі.

Еңбек құқығы түсінігі,еңбек қатынастары және еңбек құқығының қағидаттары.

Еңбек құқығыдегеніміз— меншігі мен шаруашылық түріне байланыссыз жұмысшылардың барлық санаттарының еңбекке байланысты қоғамдық қатынастарын реттейтін құқық саласы.

Еңбек құқығы4 түрлі әдіс арқылы реттеледі:

1. Еңбек жағдайларын орталықтан мемлекеттік реттеу.

2. Еңбектік құқықтық қатынастардың шарттық түрде ғана пайда болуы, өзгеруі және жойылуы.

3. Еңбек қатынастарын реттеуге еңбек ұжымдарын және кәсіподақ ұйымдарын қатыстыру.

4. Өзара міндеттемелерді орындау мен еңбекті қорғау құқығын қамтамасыз етудің ерекше тәртібі.

Еңбек құқық қатынастарыдегеніміз— жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар.

Еңбек құқығы, әдіс-тәсілдері, қағидаттары, еңбек құқық қатынастары және бұл қатынастарды реттейтін еңбек заңнамасы туралы түсінік. Жеке және ұжымдық еңбек шарты. Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері. Жұмыс және демалыс уақыты. Еңбекке ақы төлеу. Еңбек даулары және оны реттеу негіздері. Еңбек құқығының қайнар көздері.

Еңбек шарты және оның мазмұны.Еңбек шартын бекіту,бұзу және тоқтату негіздері (еңбек шартын бекіту негіздері және қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері).

Еңбек шартыдегеніміз— қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбашы нысанда жасалатын екі жақты келісім, ол келісімге сәйкес қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе кәсіп түрі бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек ақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшылай төлемдерді уақытында және толық көлемде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайлары мен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Еңбек шартын 16 жасқа толған адамдармен жасасуға жол беріледі.

Еңбек шартының мерзімі:

1. Белгіленбеген мерзімге.

2. Белгіленген мерзімге (29- бап, ЕК).

16 жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. Сонымен қатар, еңбек шартын жасасу барысында осы кодекстің 31- бабына сәйкес қажетті құжаттар талап етіледі. Еңбек шарты жазбаша нысанда, 2 дана етіп жасалады және оған талаптар қол қояды. Еңбек шартының 1 данасы қызметкерде, 1 данасы жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының 1 данасын алуы, жазбаша нысанда расталады.

Екіншіден, еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар осы баптың бірінші тармағында көзделген тәртіппен жазбаша нысанда жүзеге асырады. Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы ұсынысты, еңбек шартының тараптарының бірі жазбаша нысанда береді және екінші тарап оны берілген күннен бастап, күнтізбелік 7 күн ішінде қарайды.

Еңбек шартында қызметкердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Бұл талап еңбек шартында болмаса қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп есептеледі. Сынақ мерзімі еңбек шарты күшіне енген кезден басталады. Сынақ мерзімі қызметкердің жұмыс өтіліне қосылады және 3 айдан аспауға тиіс.

Сондай- ақ, тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша жұмысқа қабылданатын адамдарға, орта және кәсіптік білім беру мекемелерін бітірген және алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін адамдарға, мүгедектерге сынақ мерзімі белгіленбейді. Еңбек шартының қолданылуы тараптардың қолы қойылған күннен не шартта белгіленген күннен бастап басталады.

Осы кодектің 39- бабына сәйкес еңбек шарты алдау, күш көрсету, қауіп төндіру арқылы ықпал етіп және тағы басқа негіздерге байланысты жасалса, онда сот оны жарамсыз деп таниды.

Қ.Р заңдарнда көзделген жағдайларда, жұмыс беруші тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде жұмыстан шеттетуге міндетті (50- бап).

Еңбек шартын тоқтату мынадай негіздерге сәйкес жүзеге асады: тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу, еңбек шарты мерзімінің аяқталуы, тараптардың еркінен тыс мән- жайлар, еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы және тағы басқа да осы 51- баптың негізінде тоқтатылуы мүмкін.

Еңбек шарты еңбек кодексінің 26- бабына сәйкес бұзылады.

Наши рекомендации