Алаш автономиялық мемлекетіндегі және бүгінгі Мемлекет қалпы
Енді, Алаш автономиясының мемлекет қалпы қандай екендігіне көз жүгіртіп өтіңіңіз:
«Россия демократиялық, федеративтік республика болу. (Демократия мағынасы –мемлекеттіжұртбилеу. Федерация мағынасы – құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді.). Ол кезеңде қазақ елі жеке мемлекет болып бөлініп шығу мақсат болғанымен, алдымен Федерациялық мемлекетте өмір сүріп, автономия құрып барып, тәуелсіздікке қарай қадам басамыз деп ойлаған ұлт зиялылары уақытша Ресей Федеративтік республика болса деген тұжырымға келген.
Үкімет басыңда Учредительное собрание мен Г. Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г. Дума алдында жауапты болу. Бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстанның 25 жыл билеушісі - Н.Ә. Назарбаев. Ал жалпы, ҚР Конституциясына сәйкес III бөлімін ің 40-бабында:
1. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
3. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
41-бап бойынша:
1. Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.
2. Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.
3. Республика Президентінің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс.
3-1. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі.
5. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Егер кандидаттардың бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.
«Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу». ҚР Конституциясы, 51-бап бойынша :
1. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
2. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезекті сайлауы бұлардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.
3. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
4. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.
5. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі.
6. Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді.
«Законды жалғыз ғана Г. Дума шығару һәм Г. Дума үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г. Думада болу. Мемлекет салығы Г. Думасыз салынбау.» Ал қазір Г.Дума жоқ, заң парламенттің құзырында:
49-бап
1. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.
2. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады.
«Парламенттің өкілеттіктерін күшейту жөніндегі саясатымызды жалғастыру керек» делінеді «Қазақстан-2050» бағдарламасында. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы үндеуі негізінде Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асады.
Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттігін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн деп санадым. Сонда бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Өкілеттіктерді беру тиісті заңдарды өзгерту арқылы іске асатын болады. Бұл өзгерістерді Үкімет қазіргі Парламенттің сессиясының аяғына дейін енгізуі тиіс.
Екіншіден, одан да күрделі міндет - билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты Конституциялық деңгейде теңгерімді ету. Осы реформаның аясында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшейтеміз. Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады. Бұл министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады. Тиісінше, биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауын күшейтетін болады. Айтылған осы екі бағыттың қай-қайсысында да жауапкершілік пен кәсібилікті арттыру арқылы мемлекеттік басарудың тиімділігін күшейтеді. Жұмыс тобы барлық сұрақты жан-жақты зерттеп, қоғамдық талқылауға шығару үшін ұсыныстар жиынтығын әзірлеу қажет.
97-қадам. Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы АЗАМАТТАРДЫҢ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ҮДЕРІСІНЕ ҚАТЫСУ МҮМКІНДІГІН КЕҢЕЙТУ. МЕМЛЕКЕТКЕ ТӘН ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕРДІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАҒА және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру. Үкімет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі. 98-қадам. Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ДЕРБЕС БЮДЖЕТІ ЕНГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ. Облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейді. 99-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ӘКІМДЕР ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ мен мәртебесін заңмен бекіту, мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыру.
Қорытынды
Менің осы жобаны таңдағандағы бар ойым «Алаш» партиясының бағдарламасының көп адамдарға ой салуын қалауымда еді. Тәуелсіз мемлекетімізге Алаш автономиясының үлгі боларлық екендігін жоғарыдағы келтіріліп өткен мысалдар жақсы дәлелдеп берді деген ойдамын. Ал «Алаш» партиясы бағдарламасының бірнеше ғана тарауын талдай отырып, бүгінгі күнмен салыстыруым – бүгінгі қазақ жастарының жарқын, еркін болашаққа ұмтылғыш болып өсіп келе жатқанының көрсеткіші. Біздің ойымызды ашық жеткізуіміз, ой еркіндігі құқығын қалауымызша пайдалануымыз – тәуелсіздік жемісі. Ал Әлихан Бөкейханның «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасының басы-қасында жүргендегі басты себебі де қазақтың біртұтас мемлекет болап жеке бөлініуін, тәуелсіз мемлекет болуын қалауында еді. Ендеше, менің ойымша, тәуелсіздігімізге ширек ғасыр болып отырған біз, Қазақ халқы, есімізді жиып, біріге іс қылатын, өткен күннен керегін алып, керек емесін тастайтын уақытқа да жетіп қалдық. Бүгінгі толқымалы-шалқымалы заманда бар мемлекетімізді Әлихан Бөкейхандар 100 жыл бұрын ұсынып кеткен іргесі берік мемлекет болудың жолына жұмылдырсақ, мен қарастырып кеткен «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасының мына негізгі Тұрсын Жұртбай атап көрсеткен бас идеяларын ұстансақ, нұр үстіне нұр болар еді:
«Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек, яғни толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс. Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек. Бесінші, түпкі мақсат: тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.»
Біз «Алаш» партиясының жобасын талдай отырып, жалпы тақырыптың өзектілігін де толықтай аштық: бүгінгі күнгі мемлекетіміздің саяси-әлеуметтік мәселелерінің таптырмас шешімі – осы «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы деп толықтай айта аламыз. Белгілі Әлихантанушы Сұлтан Хан Аққұлұлы айтпақшы, шынында да, әлі де Әлихан Бөкейхан мұралары жан-жақты зерттеуді талап етіп жатыр. Оның бір қырын ашсаң, екінші қыры шығады, одан соң үшінші қыры көрінеді. Осылайша, Әлихан Бөкейхан мұралары сан қырлы, жалғыз сырлы демеске амалымыз қалмайды. Себебі, Әлихан Бөкейхан мұраларының үлкен мақсаты– ұлт тәуелсіздігіне жету мұраты. Себебі, Әлихан Бөкейханның және бір топ ұлт зиялылыларының құрған саяси стратегиялық жоспары («Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы) қазақтың қай заманғы болмасын саяси жағдайына – тірек, мәселелеріне – шешім.
1. Бөкейхан Ә. Шығармаларының 9 томдық жинағы, VII том// Астана: Сарыарқа, 2013, №58, 42-46, 85 б.
2. Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет
3. Веселовский Б.Б., Земство и земская реформа, СПб., 1918
4. "Қазақ Энциклопедиясы", 4 том, 3 бөлім
5. АУЫЛ МАҢЫНДАҒЫ ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕРЛЕРДІ САТУҒА ДА, ЖАЛҒА БЕРУГЕ ДЕ ТЫЙЫМ САЛУ ҚАРАСТЫРЫЛМАҚ http://ortcom.kz/news/auil-manindaghi-jaioilimdiq-jerlerdi-satugha-da-jalgha-beruge-de-tiioim-salu-qarastirilmaq.9561
6. Қазақстан республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz
7. «Classement mondial de la liberté de la presse 2016» https://rsf.org/fr/classement
8. "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
9. Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап кітапханасының 2017 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы http://www.karlib.kz/index.php/kz/kitapkhana-turaly/403-ara-andy-oblysty-n-v-gogol-atynda-y-mbebap-ylymi-kitapkhanasyny-2017-zhyl-a-dejingidamu-t-zhyrymdamasy
10. Назарбаев Н: Мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді http://bnews.kz/kz/redesign/news/nursultan_nazarbaev_memlekettin_baskaru_zhuiesin_de_zhangirtatin_kez_keldi