Ызылорда қаласы бойынша жергілікті бюджет түсімдерін талдау

Қазақстанда жергілікті бюджеттің өзінің ішкі құрамдас бөліктерінің арасындағы және республикалық бюджетпен қарым-қатынастарын реттеудің мынадай механизмдері қолданылады:

а) әрбір жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны анықтау және солар бойынша шығын көлемін жоспарлау;

ә) жергілікті бюджетке толықтай түсетін салықтар және басқадай түсімдерді анықтау;

б) кейбір салықтан түсетін түсімді жергілікті бюджетке тұрақты нормативпен төлеп беру;

в) жергілікті бюджетке мақсатты жәрдем беру механизмі;

г) жергілікті бюджеттен мемлекеттік бюджетке қаржы алу механизмі;

ғ) жергілікті бюджетке субсидия беру механизмін одан әрі жетілдіру, жергілікті атқару және әкімш органдарына бюджетті қалыптастырудағы және орындаудағы міндеттерін күшейтіп, құқыларын арттыру. Жергілікті бюджеттің жергілікті әлеуметтік проблемаларды шешудегі орны ерекше болып келеді.

Жергілікті қаржылық билік пен басқарудың жергіілкті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рол беріледі.

Жергілікті бюджет - бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы[14, 50б].

Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындармен мемлекет арасындағы, меншікті барлық нысандарындағы макроэкономикалық өндірістік және өндірістік емес салалардың кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері бюджет буындары арасында және мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.

Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай айналымында көрсетіледі: билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру.

Бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу[14, 55б].

Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомостваға қарасты аумақтарды оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтың экономикалық әлеуетін кеңейтуге, қаржы ресурстары резервтерін ашып пайдалануға мүмкіндік жасапотыр.Дүниежүзілік және отандық тарих жергілікті шаруашылығы дамыған, әкімшілік- аймақтық бөліністерді абаттандыру және олардың санитарлық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ әлеуметтік сфера мекемелерін ұстаудағы жергілікті қаржының маңыздылығын дәлелдеп отыр.

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде биліктің жергілікті органдарының бюджеттері мемлекеттің бүкіл қаржы ресурстарының 30 %-дан 60 %-ға дейін қайта бөледі және аймақтық өндіргіш күштерін , бүкіл әлеуметтік сферасын жетілдіруде, нарықтық инфрақұрылым құрып, кеңейтуде маңызды рол атқарады.

Жергілікті бюджет арқылы өндірістік емес ортаның дамуы қаржыландырылады, сонымен қоғамдық өндіріске жанама ықпалы жасалады.

Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымдарға жұмсалады. Жергілікті бюджет — мемлекеттегі әкімшілік-аумақтық бөліктердің өз әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын қаржыландыруға арналған ақшалай қорларды айтамыз. Жергілікті бюджет жыл сайын оған жергілікті салықтан түсетін түсімдер, одан төленетін шығындар, мемлекеттік бюджеттен берілетін субсидия, тағы басқа ескеріле отырып жасалады. Жергілікті бюджетті жергілікті маслихаттар бекітеді. Жергілікті бюджет шоғырланған ақшалай қаржылар ретінде жергілікті әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру үшін қолданылады[14, 55б].

Облыстағы жергілікті бюджеттің құрамы облыстық бюджеттен және сол облыс аумағындағы қалалар мен аудандардың бюджеттерінің жиынтығынан құралады. Жергілікті атқару органдары жоғарыда айтылған құжаттарды пайдалана отырып өз бюджеттерін өздері қалыптастырады және орындайды.

Жергілікті бюджеттерге алынатын түсімдердің қайнар көздеріне мыналар жатады:

1) жеке табыс салығы;

2) Қазақстан Республикасының аумағында жасалып шығарылған спиртті, ішімдік өнімдерінің барлық түрлеріне, темекі өнімдеріне, жанармайға (авиациялықтан басқа), дизель отынына, жеңіл көліктерге (мүгедектерге арналған арнайы қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері болатын автокөліктерден баска) арналған акциздер;

3) әлеуметтік салық;

4) мүлікке салынатын салық;

5) жер салығы;

6) көлік құралдарына салынатын салық;

7) бірыңғай жер салығы;

8) тіркелген салық.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау есепшотына төмендегідей салықтар түседі:

1) Мұнай секторы ұйымдарының занды тұлғаларынан алынатын кор- поративтік табыс салығы;

2) Мұнай секторы ұйымдарынан алынатын үстеме пайдасына салынатын салық;

3) Мұнай секторы ұйымдарына пайдалы қазбаларды өндіруіне салынатын салық;

4) Мұнай секторы ұйымдарының экспортқа шығаруына салынатын рен- талық салық;

5) Жер қойнауын пайдаланушынын, қосымша төлемі, олар қызметті мұнай секторы ұйымдарының атынан өнімді бөлу жөніндегі келісімшарты бойынша жүзеге асырады [15,69б].

Сондықтан жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджеттің басты құрамдас бөлігі бола отырып, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге тікелей қатысады.

Кесте 6

Қызылорда қаласы бойынша 2013-2015 жылдары жергілікті бюджетке түскен жалпы салықтық түсімдер

(мың теңге)

Жылдар   Жоспар Нақты Ауытқуы
(+;-) (%)
  2013 жыл     8 763 340   29 448 681   20 685 341  
  2014 жыл     12 842 668   31 270 064   18 427 396   143,5
  2015 жыл     33 878 560   32 665 048,8   -1 213 511,2   -3,6
Е С К Е Р Т У- Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметтері бойынша жасалған  

Қызылорда қаласы бойынша 2013-2015 жылдары (кесте 6) жалпы салықтық түсімдердің қосындысы 93 383 793,8 мың теңге түсім түсті. Әр жылға жеке-жеке тоқтала кетер болсақ 2013 жылы 8763340 мың теңге жоспарланған болатын, бірақ 29448681 мың теңге салықтық түсім түсіп 236%-ға орындалды. 2014 жылы 12842668 мың теңге жоспарланса 31270064 мың теңге салықтық түсім түсіп 143,5 %-ға орындалды. 2015 жылы Қызылорда қаласының жергілікті бюджетіне 33878560 мың теңге салықтық түсім түседі деп жоспарланған болатын. 2015 жылы 32665048,8 мың теңге салықтық түсім түсіп жоспар -3,6%-ға орындалды.

Аймақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуының қазіргі деңгейі және бюджеттің өзара қатынастардың қалыптасқан сипаты, нарықтық экономикаға көшу кезеңінің күрделілігі республика жергілікті бюджеттердің көпшілігінің нақтылы дербестігі туралы аз айтуға мүмкіндік бермейді. Соған байланысты әлеуметтік инфрақұрылымдық халықты әлеуметтік игіліктердің кепілдікті минимумымен қамтамасыз ететін мөлшерде қаржыландыру үшін қаражаттардың жеткілікті қағидаттары жүзеге асырылуға тиіс. Әрбір әкімшілік- шаруашылық белгілі дербестігінің бір оңтайлы деңгейі болуы керек, бұл деңгейдің критерийі осы аймақтың экономикалық мүдделерінің ең жоғарғы мүмкіндікте іске асыруда болып табылады. Аймақтардың экономикалық дербестігінің маңызды шарттарының бірі оларда аймақтық ресурстарды жаңарту табиғатты қорғау жөніндегі шараларды қажыландыруға қажет қаражаттардың кепілдікті көздерін жасау шығару болып табылады [19, 62б].

Орытынды

Қортындыға келгенде қазіргі кезде экономика тұрақталды. Ең алдымен ол негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақталуымен, ішкі жалпы өнімнің өзімен тұрақтанады.

Қорыта айтқанд салық ел экономикасының өсуіне үлкен ықпал келтіреді:

Салықтың жүктемелі төмендету біздің реформаны жүзеге асыруда қолданылады. Бұл кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жағдай жасауға көмектеседі. Әйтседе осындай жағдайда да бюджет біраз қаржы жоғалтады. Содықтан оның онын табу үшін салық салу базасын кеңейту арқылы, көлеңкелі бизнес айналымының бір бөлігі таза эклнлмикаға тарту шешімін табатын мәселелердің бірі.

Теориялық бөлімде - салықтардың экономикалық мәні мен маңыздылығын сипаттама бере отырып онда салық түсінігіне, салық түрлеріне және салықтың атқаратын қызметіне, салықтың элементтеріне және Лаффер қисық сызығына сипаттама бердім. Ал аналитикалық бөлімінде – ҚР салық салу жүйесіне сипаттама бере отырып ҚР-ң салық қызметінің құрылымына, оның ерекшеліктеріне және оның қажеттіліктеріне, «ҚР салық жүйесі туралы» заңдардың қабылдануына және ондағы әртүрлі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталдым. Салық коексі ол экономикалық қана емес мәні бар ірі құжатта болып саналады. Кодекс қабылданғаннан кейін Үкімет оны жүзеге асырудың арнайы құжаттарын дайындап үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Осылайша мен өзімнің курстық жұмысымды қорыта айтқым келеді.

Наши рекомендации