Бюджет түсімдерін жіктеу

Түсімдерді жіктеу - ол Бюджеттік кодекс пен басқа да заңнамалык актілермен аныкталған кірістерді қалыптастыратын қайнар көздерін белгілейтін барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің топтастыруы. Белгілі сипаттар бойынша барлық деңгейдегі бюджеттердің барлык түсімдері санаттарға (категориялар), сыныптарға, ішкі сыныптарға және ерекшеліктерге жіктеледі. Экономикалық белгілерге байланысты түсімдер санаттар бойынша топтасады, түсімдердің түрлері мен қайнар көздеріне байланысты сыныптар мен ішкі сыныптарға бөлінеді, төлем немесе түсімнің түрлеріне байланысты ерекшеліктер топтарын құрады.

Түсімдердің осы жіктеу топтарына алты таңбадан тұратын топтасулык код беріледі. Бірінші таңба түсімдердің төлету әдісі бойынша бөлінетін белгісі арқылы олардың санатын көрсетеді. Мысалы, 1 деген цифр осы бөлімде салықтық түсімдерге жататын барлық төлем түрлері, 2 — салықтық емес түсімдер, 3 — негізгі капитал сатудан түскен түсімдер, 4 — ресми трансферт түсімдері, 5 – берілген бюджеттік несиелер өтеу мен қаржылык активтер сатудан түскен түсімдер және үкіметтік займдар бар екеннің белгілері.

Келесі екі цифр түсімдердің түрлеріне байланысты сыныптарға бөлінгенін көрсетеді. Мысалы, 01 - ол табыс салығы, 05 - ол тауарлар, қызметтер мен жұмыстар бойынша ішкі салықтар және басқалары. Содан кейін төлемнің нақты түріне байланысты ішкі сыныпты көрсететін бір цифр келеді. Мысалы, 1 - ол корпоративтік табыс салығы, 2 - акциздер, 3 - табиғаттық және басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі түсімдер мен тағы басқалары. Соңғы екі цифр төлемнің кайнар көзі мен сол төлемнің нақты төлеушісін көрсететін ерекшелік белгісі. Мысалы, 01 - ол резиденттер - заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салағы, 02 — ол резидент емес - заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығы және т.б.

Барлык түсімдер бюджеттер деңгейлері арасында кірістер жіктеуіне сәйкес бөлінеді. Сондықтан Бюджеттік кодексте бюджеттің әрбір деңгейі бойынша сәйкестік түсімдер анықталып бекітілген. Мысалы, республикалық бюджет кірістерінің 1 санаты «Салықтық түсімдер» бойынша тағайындалған:

01 сынып - Табыс салығы;

1 ішкі сынып — Корпоративтік табыс салығы;

1 ерекшелік - Резиденттер - заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығы (код 101101);

2 ерекшелік - Резидент емес - заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығы (код 101102) және осылай жалғаса береді;

05 сынып - Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар;

1 ішкі сынып - Қосымша құнға салық;

01 ерекшелік - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша қосымша құнға салық (105101);

02 ерекшелік — Ресей Федерация аумағынан шыққан және импортталған тауарлардан басқа Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосымша құнға салық (код 105102);

04 ерекшелік - Резидент емес үшін қосымша құнға салық (код 105104) және осылай жалғаса береді;

2 ішкі сынып - Акциздер;

29 ерекшелік - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген газ конденсатын қоса шикі мұнай (код 105229);

41 ерекшелік - Қазақстан Республикасының аумағына импортталған спирттің барлық түрі (код 105241) және осылай жалғаса береді;

3 ішкі сынын - Табиғаттың және баска да ресурстарды пайдаланғаннан түскен түсімдер;

02 ерекшелік - Үстеме пайдаға салынатын салық (код 105302);

5 ерекшелік - Бонустар (код 105305);

6 ерекшелік - Роялти (код 105306) және осылай жалғаса береді;

06 сынып - Халыкаралық сауда мен сыртқы операциялар бойынша салықтар;

1 ішкі сынып - Кедендік төлемдер;

02 ерекшелік - Сырттан енгізілетін тауарлар бойынша кедендік баж (код 106102) және осылай жалғаса береді;

07 сынып - Басқа да салыктар;

1 ішкі сынып - Басқа да салықтар (код 107109 республикалық бюджет түсімдері, код 107110 жергілікті бюджет түсімдері).

Бюджеттік жіктеуде осы жоғарыда келтірілген мысалға сәйкес басқа да түсімдер санаттары бөлінген.

Бюджеттік шығындарды ашыктан-ашык белгілер бойынша жіктеу олардыц экономикалык процестердегі ролі мен мәнін айқындалуына себепші болады. Теория мен тәжірибеде бюджст шығындарын жіктеу бірнеше белгілер аркылы іске асырылады. Ең алдымен бюджеттік қаражаттарды мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша бөлуіне байланысты шығындардың аумақтық жіктеуін айырады (республикалық, облыс және аудан бюджеттерінін шығындары).

3. Бюджет шығыстарын жіктеу. Бюджет шығындарын экономикалық жіктеуі бюджеттік қаражаттарды жоспарлау мен пайдалануда маңызды мәні бар, себебі мұндай жіктеу бюджеттен экономиканың дамуы мен ұлғаймалы кайта өндіріске қаражаттар бөлінуіне байланысты. Бұл белгі бойынша ағымдағы шығындар (ағымдағы бюджет) және іргелі шығындар (даму бюджеті) жекеленеді.

Ағымдағы шығындар болып мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен бюджеттік мекемелердің іс-әрекетін, трансферт формалар арқылы басқа бюджеттер мен экономика салаларына мемлекеттік жәрдем көрсетуді камтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының бір бөлігі табылады. Тұрақты сипатта болатын мұндай шығындар көлеміне мемлекеттік тұтынуға жұмсалатын шығындар сомалары кіреді, яғни экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым мен экономиканың мемлекеттік салаларын ұстауға, азаматтық және әскери сипаттағы тауарлар мен қызметгерді сатып алуға, мемлекеттік мекемелердің ағымдағы шығындарын өтеуге.

Бюджеттің іргелі шығындары - ол инновациалық және инвестициялық іс-әрекетті қаржыландырумен байланысты мемлекеттің ақша қаражат шығындары. Олардың құрамына бекітілген инвестициялық бағдарламаларға сәйкес бөлінетін шығындар, бюджеттікнесие ретінде берілетін инвестициялық мақсаттағы қаражаттар, құрылыс пен инфрақұрылым дамуына арналған шығындар, ғылым, капитал және ақпараттық жүйе құру мен дамуына салынатын инвестициялар кіреді.

Бюджет шығындарын жіктеудің келесі маңызды белгісі — ол бюджет қаражаттарын функционалдық және ведомстволық бағыттар бойынша бөлу. Бюджеттік кодексте келтірілген анықтама бойынша бюджет шығындарын функционалдық жіктеуі маңында «республикада мемлекеттік саясатты іске асыру мен мемлекет функцияларын орындауын көрсететін функционалдық және ведомствалық белгілер арқылы бюджет қаражаттарын жұмсау бағыттарын анықтайтын деңгейдегі бюджеттер шығындарын топтастыру» айтылады.

Бюджеттік кодекске сәйкес шығындар функционалдық топ, функционалдық ішкі топ (ішкі функция), әкімші, бағдарлама және кіші бағдарламаларға бөлінеді. Түсімдер жіктеуі секілді бюджет шығындарының жіктеу деңгейлеріне де он үш белгіден тұратын код тағайындалған, Бюджеттік жіктеуде барлық шығындар салалык белгілер мен функционалдық бағыттарына байланысты 13 функционалдық топқа бірлестірілген және оларға екі цифрден тұратын код тағайындалған. Мысалы, 01 - ол жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер, 02 - қорғаныс, 03 - қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, 04 - білім беру, 05 - денсаулық сақтау және т.б.

Келесі екі цифрдан тұратын код әрбір функционалдық топ ішіндегі бюджеттік қаражаттарды жұмсайтын нақты бағыттарды көрсететін функционалдық ішкі топ болады. Мысалға, 01 функционалдық топ (жалпы сипаттағы мемлекеттік кызметтер) келесі ішкі топтарға бөлінген: 01 - ол мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілдік, аткарушы және басқа органдары; 02 - қаржылық іс-әрекет; 03 - сыртқы саясаттық іс-әрекет және т.б. Функционалдық 02 топ (қорғаныс) құрамына 01 - әскери мұқтаждар, 02 - төтенше жағдайлар бойынша жұмыстар ұйымдастыру және т.б. ішкі топтар кіреді.

Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, негіздеу мен іске асыруына жауапты мемлекеттік органдар сол бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болады және оларға үш цифрдан тұратын код тағайындалады. Мысалға, 01 функционалдык; топ, 01 ішкі топ бойынша келесі әкімшілер бөлінеді: 101 - ҚР Президентінің әкімшілігі; 102 - ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасы; 104 - КР Премьер-министрінің кенсесі және т.б.

02 функционалдық топтың 01 ішкі тобы 208 - ҚР Қорғаныс министрлігі, 678 - ҚР Республикалык гвардиясы; 02 ішкі тобы 308 - Төтенше жағдайлар бойынша ҚР Агентігінің әкімгерлеріне бөлінеді.

Негізінде, әр түрлі министрліктерге, ведомстволарға, мемлекеттік мекемелерге, басқа да заңды тұлғаларға бюджеттік ақша бөлумен байланысты бюджет шығындарын бірлестіру шығындарды ведомстволық жіктеу болып табылады.

Мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған бюджет шығындары негізінде бюджеттік бағдарламалар болып табылады және жіктеуде олар топтастырулық код бойынша үш цифрмен белгіленеді. Басқаша айтқанда, бұл арада шығындар нысанды тағайындау бойынша жіктеледі, яғни ол бюджет қаражаттарын шығындардың нақты түрлерін өтеуге бөлінгеніне байланысты. Мысалға, 102 ҚР Парламент Шаруашылық басқармасының әкімгерлігіне, 001 ҚР Парламенттінің іс-әрекетін қамтамасыз ету бюджеттік бағдарлама, ал 104 ҚР Премьер-министр кеңсе әкімгерлігіне, 001 ҚР Премьер-министрінің іс-әрекетін қамтамасыз ету бюджеттік бағдарлама бар.

Бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржы бөлудің анықты және нақты бағыттарын көрсететін бюджеттік кіші бағдарламаларға жіктеуде топтастырулық код ішінде үш цифрлі белгі берілген. Мысалы, 102 әкімшілігінің 001 бюджеттік бағдарламасында келесі кіші бағдарламалар бар: 001 — ол орталық орган аппараты; 007 - ол мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату; 009 - мемлекеттік органдарды материалды-техни-калық жабдықтау.

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет шығындарының экономикалық жіктеуіне анықтама берілген. Соған сәйкес, шығындардың экономикалық жіктеу маңында «бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік мекемелердің операцияларын көрсететін бюджет шығындарының экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыруы» керсетіледі. Осы топтастыруға сәйкес бюджет шығындары санаттарға (кате-горияларға), сыныптарға, ішкі сыныптарға және ерекшеліктерге бөлінеді. Санат шығындарды олардың экономикалық белгілірі бойынша ағымдағы және іргелі шығындарға бірлестіреді. Негізгі операциялар түрлері бойынша шығындар сыныптарға бірлеседі, мысалы, мемлекеттік қызметкерлер еңбекақысы, тауарлар сатып алу мен қызметтерді өтеу және басқалар. Сыныптар өз алдына ішкі сыныптарға бөлінеді, мысалы, тауарлар сатып алу мен қызметтерді өтеу сыныбы бойынша тауарлар сатып алу ішкі сынып, кызметтер сатып алу ішкі сынып және басқалары көрсетіледі. Әрбір ішкі сынып бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүргізетін операциялардың нақты түрін анықтайтын шығындар ерекшеліктері бар.

Бюджет шығындарын экономикалық жіктеуінің ерекшелікте-рінің түсінігі негізінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығындарды нақты бағыттарға бөлуін көрсетеді. Мысалы, ағым-дағы шығындар бойынша 110 Еңбекақы атты ішкі сынып аркылы 111ерекшелік негізгі еңбекакы төлемін көрсетеді. Ол дегеніміз мемлекеттік мекемелер жұмыскерлеріне өздерінің қызметтік мін-деттерін аткару үшін және біліктілік санаттарын есепке алумен бірге телейтін ақшалай төлемдер. Бүл ерекшелік бойынша тұрақты сипатта болатын және заңнамалармен тағайындалған кызмет-тік айлыққа косатын үстемелер есептеледі. Мұндай шығындар тізіміне олардың келесі түрлері кіреді: қызметтік айлық (тарифтік мөлшері); ғылыми дәреже, біліктілік сынып, мамандардың сы-ныптылығы, сыныптық мәртебе мен әскери дәрежеге қосымша төлемдер және тағы басқалар.

Наши рекомендации