Неркәсiптiк үлгi 5 страница
Ерлi-зайыптылардың талап етуiнен басқа ортақ мүлiктi бөлу несие берушi ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы кредит берушiнiң талабын мәлiмдеуi жағдайында да жүргiзiлуi мүмкiн.
Ортақ мүлiктi бөлген кезде ерлi-зайыптылардың әрқайсысына қандай заттың берiлетiнiн сот айқындауы керек. Егер ерлi-зайыптылардың бiрiне беретiн зат құны жағынан оның үлесiнен артып кетiп жатса, онда екiншiсiне бұл үшiн тиiстi өтемақы төлейдi.
Ерлi-зайыптылардың заң бойынша жеке құқықтары мен мүлiктiк құқықтары болады. Осы жерде осы құқықтарының туындау негiзi болып, олардың үйi болып некеге тiркелген күнi саналады. Ол неке мiндеттi түрде жергiлiктi Азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдарында жүргiзiледi.
Ерлi-зайыптыларды тiркеу күнiнен соң отбасындағы тең-дiгiне негiзделген неке қатынастары басталады. Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтiн заңнамалар бойынша ерлi-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең мiндеттер атқарады. Ал қазақтың әдет-ғұрып, салт дәстүрiнде де, мұсылмандық шариғат заңында да ер адамдарға басымдылық берген. Адамдар қауымдасып жасайтын қоғамдар күштi әрi берiк болуы үшiн әйел мен еркектiң өзара қарым-қатынасын неке арқылы шариғат тәртiпке келтiрдi, қажеттiлiктерiнiң қамтамасыз етiлуiне осы үлгiде рұқсат бередi.
Қазақстанның заңнамасы бойынша да және халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтiн заңнамалар бойынша да бiрлескен өмiр кезiнде жиналған мүлiк ортақ меншiк болып табылады. Әдетте, отбасындағы мүлiк ерлi-зайыптылардың екеуiнiң еңбегiнiң нәтижесiнен жиналады. Кейде зайыбы жұмыс iстемеуi, үй шаруасында және бала тәрбие-сiмен айналысуы мүмкiн. Әрине, егер отбасында мүлiктiң кiмдiкi екендiгi туралы дау туған жағдайда, олар мүлiктiң тағдырын шешу жөнiндегi өтiнiшпен сотқа жүгiне алады. Сот мүлiктiң пайда болуына қатысты барлық мән-жайды ескере отырып, мәселенi әдiлеттi шешуi тиiс. Сот ерлi-зайыптылардың тәртiп жағдайын (екеуi де өмiр салтын ұстана ма немесе бiр жағымсыз қылықтарға бой ұрған ба, iшiмдiкке салынған емес пе т.б.), бiр-бiрiне деген, балаларына деген қатынасын ескередi. Ортақ мүлiктегi кейбiр заттар (пәтер, машина т.б.) ерлi-зайыптылардың бiрiнiң атына жазылады. Тiптi осындай жағдайдың өзiнде де ол ортақ мүлiк болып табылады. Сондықтан ерлi-зайыптылардың бiрi екiншiсiнiң келiсiмiнсiз ол заттарды сатуға, алмастыруға, сыйлауға және мұраға қалдыруға құқығы жоқ. Ерлi-за-йыптылар ортақ мүлiк тағдырын өзара келiсiп шешуi тиiс.
Өз мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзi жеке жауап бередi. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi қылмыс жасаудың нәтижесiнде басқаның мүлкiн бүлдiрсе, ол өзiнiң жеке мүлкiмен жауап бередi, ал егер ол жетпесе, онда ортақ мүлiктегi аз үлесiнен төлейдi. Егер жалпы ортақ мүлiк жасалған қылмыстың нәтижесiнде пайда болса немесе көбейсе, онда екiншiсiне келтiрiлген зиянның орны жалпы мүлiк есебiнен толтырылады. Әрине бұл мәселелердiң бәрi осы iске қатысты барлық деректер жан-жақты тексерiлуi негiзiнде сот арқылы шешiледi.
Айтылғандардан көргендей, ерлi-зайыптылар арасындағы қатынас жалпыға мәлiм моральдық нормаларға ғана емес, заң нормаларына да орай құрылады. Дау туған жағдайда, мүлiктiң тағдырын сот шешедi, сот алдында олардың құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ жауаптылығы да бiрдей болады.
Жалпы, бұл мәселе бойынша арнайы ережелер құқықтық көмек туралы арнайы келiсiмдерде болуы мүмкiн. Мысалы, Венгрия, Болгария және Польшамен жасалған келiсiмдерге сәйкес егер ерлi-зайыптылар бiр мемлекет азаматы бола тұрып, басқа мемлекеттiң аумағында тұрып жататын болса, онда ол қатынастарда олардың тұрып жатқан мемлекетiнiң заңы қолданылады. Мұндай шарттар, сонымен қатар, мұндай азаматтардың бөлек мемлекеттерде тұратын кездегi қатынастарын да реттейдi. Егер, Қазақстан Республикасы азаматы – Ресейде тұрып, ал оның зайыбы – Польшада тұратын болса, онда олардың арасындағы некелiк қатынастар олардың азаматтығына сәйкес шешiледi.
Бiрақ, сонымен қатар некедегiлер бiрдей азаматтықта да болмауы мүмкiн. Мысалы, Қазақстан Республикасындағы тұрып жатқан азамат Қазақстан Республикасы азаматы болып, оның зайыбы Ресейдiң азаматы бола отырып, Ресей Федерациясында тұрып жататын болса, онда бұл жағдайды өзара келiсiм реттеп отыр. Оған сәйкес, олардың қатынастары олар соңғы тұрған жердiң заңымен анықталуға жатады.
Балалар мен ата-аналардың арасындағы қатынастар. Баланың құқықтық жағдайы оның азаматтығымен анықталуы керек. Балалардың құқықтарын қорғауға байланысты Қазақстан Республикасы үшiн 1989 жылдың 20 қарашасында қабылданған Бала құқықтары жөнiндегi Конвенцияның күшi тарайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңына сәйкес 14 жасқа дейiнгi балалардың азаматтығы ата-аналарының азаматтығымен байланысты болады. 14 пен 18 жас аралығындағы балалардың азаматтығы олардың келiсiмi болған жағдайда ғана өзгертiлуге жатады.
Балалардың азаматтығы олардың ата-ана құқығынан айырылған ата-аналарының азаматтығы өзгерген жағдайда өзгертуге жатпайды. Ал балалардың азаматтығын өзгерту үшiн ата-ана құқығынан айырылған ата-ананың келiсiмi қажет болып табылмайды.
Сонымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалпы мойындалған принцип қызмет етуде, оған сәйкес 14 жасқа дейiнгi балалардың азаматтығы автоматты түрде олардың ата-анасының азаматтығына байланысты болып табылады. Ал 14 пен 16 жас аралығындағы азаматтар өздерiнiң азаматтығын өзгерту үшiн келiсiм берулерi шарт болып табылады. Бұл құжат өз кезегiнде нотариалдық бекiтiлуге жатады.
Егер екi ата-ана да Қазақстан Республикасының азаматтығын алатын болса егер оларда Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылатын болса, осыған сәйкес оның балаларының да азаматтығы өзгередi.
Егер екi ата-ана да немесе балаға қамқоршы ретiнде танылған Қазақстан Республикасында тұратын жалғыз ата-ана Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығатын болса, онда ата-анасының арызы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалуы мүмкiн.
Кейбiр жағдайларда ата-ананың екеуi де азаматтықтан шыға отырып, өз баласына ынта бiлдiрмеуi мүмкiн, бұл жағдайларда баланың қамқоршысының арызымен ол Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалуы мүмкiн. Бiрақ, бұл өз кезегiнде кейiннен баланың ата-аналарының артынан азаматтығын өзгертуiне кедергi болып табылмайды.
Егер оның ата-анасының бiреуiнде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылатын болса, онда бала Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады. Ата-ананың өтiнiшi бойынша оның баласының да Қазақстан Республикасы азаматтығы тоқтатылып, өз азаматтығын алуы мүмкiн.
Мемлекет қалған жағдайдың барлығында өзiнiң азаматтығында қалатын азаматтың құқықтарын қорғауға мiндеттенедi.
Сонымен қатар, егер баланың ата-анасы белгiсiз бола отырып, ол бала Қазақстан Республикасының аумағында өмір сүретін болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Қазақстан Республикасында әкелiктi тану ата-ана мен баланың азаматтығына қарамастан бiздiң елдiң құқығы бойынша жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасындағы ата-ана мен балалардың арасындағы өзара қарым-қатынастар бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады ма, әлде жоқ па, оған қарамастан барлық жағдайда қазақстандық құқықпен реттеледi. Ата-аналар балалардың тәрбиесiне қарауға мiндеттi, өз кезегiнде балалар ата-аналарының жағдайына қарап, оған көмек көрсетуге мiндеттi.
Ата-аналық құқықтардың барлығы балалардың пайдасына шешiлуi тиiс болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасы ата-аналарға өз балаларын оларды заңсыз ұстап жүрген адамдардан сот тәртiбiнде талап етуге құқылы болып табылады. Шетелдiк ата-аналар да осы құқыққа ие.
3.1Алименттік міндеттемелер
Ата-аналар өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын қамтамасыз етуге мiндеттi, сонымен қатар, еңбекке қабiлетсiз балаларды да асырауға мiндеттi болып табылады. Егер отбасы ажырасатын болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға алимент төлеу қарастырылған. Егер тұлға Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығып кететiн болса, Қазақстан Республикасының аумағында қалған өз баласына алимент төлеуге мiндеттi. Мұндай алименттердi төлеу мiндетi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұратын балаға да төленуi тиiс болып табылады. Алименттiк мiндеттемелерге байланысты нормалардың қолданылуын анықтайтын коллизиялық нормалар бiздiң заңнамада жоқ. Бiрақ ресейлiк халықаралық жеке құқық теориясында бұған байланысты ресейлiк заң қолданылады деп шешiлген болатын.
Ата-ана мен баланың арасындағы қатынастардың реттелуiне байланысты қолданылатын нормалар құқықтық көмек көрсету туралы түрлi шарттарда көрсетiледi. Бұл шарттарға сәйкес ата-ана мен балалардың арасындағы қатынас ата-ана мен бала қай елде тұрады, сол мемлекеттiң заңымен реттелуге жатады.
Бiрақ келiсiмге келушi мемлекеттердiң бiрiнде ата-ана тұрып, екiншiсiнде баланың өзi тұратын болса, онда олардың арасындағы қатынас сол бала тұрып жатқан мемлекеттiң заңы бойынша анықталатындығын айту қажет. Мысалы, егер әкесi – Ресей-де тұрып жатқан болса, ал оның баласы Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан болса, онда әкенiң барлық мiндеттерi, сонымен қатар оның алименттiк мiндеттемелерiнiң барлығы осы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша анықталатын болады. Бұл шарттардағы баланың құқығын қорғаушы бiр элемент болып табылады.
Сонымен, баланың анасы, әкесi Қазақстан Республикасынан тыс тұрып жатқан бала әкесiнен өз елiнiң соты бойынша алименттердi мәжбүрлеп орындатуы мүмкiн.
1956 жылғы 24-қазандағы балалар қатынасына енгізетін алименттік құқық Гаага Конвенциясы (Австрия, Бельгия, Германия, Греция, Италия, Испания, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Туркия, Франция, Швейцария, Жапония) негізгі коллизиялық байланыс ретінде балалардың тұрғылықты мекенін алады. Конвенцияға қатысушылардың мемлекеттік аумағында бала мекені анықталған кезде ғана конвенция қолданылады. Бала деген сөздің астында кез келген заңды некелі, некеден тыс, асырап алған әйтеуір жасы 21-ге толмаған бала түсініледі (1-бап). Жауап берушінің заңына пайда үшін негізгі коллизиялық байланыстан бас тарту сотқа берілген алимент өтініші ол үнемі тұратын мемлекетте орындалған жағдайда болады. Конвенция сонымен қатар балаға арналған жеңілдік құқықтарды да қарастырады: егер де тұрғылықты мекеннің заңы балаға алимент тоқтатудан бас тартатын болса, онда заң сотты араластырады. Конвенцияның күшіне енген заң қайда, қашан, қанша мөлшерде және кімнен алиментті талап етуді анықтайды. Сондықтан заң кім алиментке өтініш береді және ол қай кезге дейін орындалу керектігін бекітеді.
Кең аяда қамтылатын алименттік міндеттер туралы айтатын болсақ, ол (отбасылық, некелік, ата-аналық және фактілі неке қатынасындағы, некеден тыс қатынастағы балаларға алимент алимент тоқтату міндеттері) 1973 жылғы 2 қазандағы алименттік міндеттер енгізу құқықтары туралы Гаага Конвенциясында қарастырылған. (ратификациялаған Германия, Греция, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Туркия, Франция, Швейцария, Жапония). Алименттік міндеттерді реттейтін заңның конвенцияға сай алиментті талап етушінің тұрғылықты мекені қарастырылады (4-бапты қараңыз). Егер де алиментті талап етуші бұл заңның негізінде алимент ала алмайтын болса, онда ортақ ұлттық заң енгізіледі, ал бұл негізде де жүзеге аспай жататын болса, онда мемлекет заңы, сот істі қайта қарайды. Белгіленген соммадағы алиментті төлейтін мемлекеттік мекеме заңға бағынады.
1973 жылғы Конвенция 1956 жылғы 24 қазандағы Конвенцияны қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты соның ішінде балаларға қатысты алименттік міндеттерге байланысты алмастырады.
1961 жылы 5 қазандағы балалар қатынасына қолданылатын құқық туралы юрисдикция туралы 1969 жылы Гаага Конвнециясы өз күшіне енді. (Мұнда Австрия, Германия, Италия, Латвия, Литва, Нидерланды, Туркия, Франция және т.б. мемлекеттер қатысады). Конвенцияға сай бала өмір сүретін мемлекеттің заңы қабылданатын мемлекеттік мекемелер «компотентті» болып табылады. 2000 жылғы 13 қаңтардағы кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығы туралы Гаага Конвенциясы күшіне енбеді (қол қойғандар Германия, Нидерланды, Франция және Ұлыбритания).
1996 жылғы 19 қазаннан бастап балаларды қорғау мен ата-аналардың жауапкершілігі туралы құқықты енгізу, юрисдикция туралы Гаага Конвенциясы әлі күнге дейін өз күшінде. (Мұнда көптеген еуропалық мемлекеттермен қатар Австралия, Эквадор). Юрисдикцияны шектей отыра мемлекеттік мекемелерді «компонентті» деп мойындау негізінен балалар өмір сүретін жермен байланысты. Сонымен қатар баланың құқығы мен жеке меншігі туралы қорғау келген кезде олар бұл жағдайымен тығыз байланысты мемлекеттің құқығына сүйенеді. Конвенцияға қатысушы бала бір мемлекеттен басқа мемлекетке көшетін болса, онда сол мемлекеттің құқығы қолданылады (15-бап). Ата-аналардың жауапкершілігі бала өмір сүріп жатқан мемлекеттің заңымен анықталады. Коллизиондық нормаға салып жіберетін заңға қолданылатын конвенция жағдайлары мемлекет конвенцияға қатыспаған жағдайда да орындалады (20-бап).
Балаларды заңсыз түрде басқа мемлекетке көшіру 1980 жылғы 25 қазандағы Гаага Конвенциясының халықаралық балалар ұрлау туралы азаматтық аспектісінде қылмыс болып саналады.
Балалардың ата-анасымен басқа да тұлғалармен, баламен қатысты отбасы мүшелерімен қарым-қатынасқа орнату Конвенцияда келтірілген (Страсбург, 2003 жылдың 15 мамыры). 2003 жылғы 27 қарашадағы ЕО Кеңес Регламенті 2201/2003 отбасылық құқықпен қатар ата-аналар арасындағы жағдайды шешуге талпынады. (217, 218-баптардан қараңыз). Балаларды орналастыру мен олардың құқығын реттеу туралы Регламенттің жағдайы (коллизиондық норманың қатысы жоқ) ата-аналардың балаларды ұрлауды тоқтату, қарым-қатынас құқығы туралы «ілгері басушылық» соттық шешімге әсер ету1. Бұл мемлекеттерде ата-ананың міндетін алған тұлғаларға көмек көрсетіледі (баланың жағдайы туралы ақпаратты алмастыру және жинау, бала қарым-қатынасының жетекші істері, шешім қабылдау қажеттігіне байланысты көмек көрсету, баланы қайтаруға қатысты мәселе).
1989 жылғы халықаралық жеке құқықтың сұрақтары бойынша төртінші американ аралық мамандандырылған конференцияда (CIDIP-IV) баланы қамқорлыққа алуға қатысты көптеген міндеттер қабылданды.(Оған Аргентина, Бразилия, Боливия, Эквадор, Мексика, Перу және т.б.) Балаларды қамқорлыққа алуға байланысты конвенция міндеттерді кеңейтеді. Мұнда домицилия немесе құрал алушының жалпы мекені, немесе қарыз берушінің мемлекеттік заңы ма, әйтеуір кез-келген балаға тиімді болатын заң қабылданады.
3.2. Әкелік (аналық) құқықты даулау және бекіту
Заңды тәртіптің негізінде бекітілген балалар құқығына келетін болсақ, ата-аналар мен балалардың міндеттері мен құқықтары осы негізден туындап жатыр. Құқықты нақты анықтаудың маңыздылығы ата-аналардың құқықтарын дауласумен қатар, әртүрлі мемлекетке кетуші жұбайлар үшін некелі және некесіз жағдайда дүниеге келген балалар құқығын орналастыра білу1.
Баланың некелі жағдайда дүниеге келгендігі көп мемлекеттерде жұбайлардың жеке заңдылығының негізінде шешіледі (түсінік үшін азаматтық туралы немесе домицилия туралы заң деп түсіндіруімізге болады.) Мысалы, Италияда баланың дүниеге келуі ол туған сәттен оның ұлттық заңның негізінде орналастырылады. (1995 жылғы халықаралық жеке құқықтың италияндық жүйесінің реформасы туралы Заңның 33-бабы) Австрияда некелік шарт негізінде дүниеге келген баланы орнатып алу мен оған құқықты даулау Австрияның жеке заңымен (азаматтығы бар мемлекет) жұбайлар арасында бала дүниеге келгенде немесе оған дейін некені тоқтатқан сәтте анықталынып алады. Жұбайлардың үшін жеке заңдардың ішінде ең сәттісі сол деп табылады, егер неке тоқтағанда балаға да неғұрлым тиімдісі болатын заң.
Некесіз дүниеге келген балаға қатысты көптеген коллизиялық байланыстар қолданылады. Австриядағы (§25) некеден тыс дүниеге келген балаға қатысты әкелік құқықты мойындау және бекіту шарттары заңда ол дүниеге келген сәттегі жеке құқыққа сай жалпы ережемен анықталынады.Әкелік құқықты бекіткен заңға сай әкелік құқықты даулауға да құқығы бар. Жұбайлар арасындағы балаға қатысты соңғы кездегі көптеген заңдар бірнеше тармақты қамтып жатыр, мысалға некеден тыс дүниеге келген балаға сол сәттен бастап жеке заңына бағынса, ал халықаралық жеке құқық туралы Кореяның заңында сонымен қатар ол тұрғылықты мекен-жайдың жалпы заңы немесе әкенің жеке заңына бағынады. 2004 жылғы халықаралық жеке құқық туралы Бельгия заңының жаңа кодификациясы әкелік немесе аналық құқықты даулау мен орнатуды
талапкердің (ана баласын бұрын мойындаған жұбайы) жеке заңына бағындырады. 2005 жылғы Украина заңында әкелік құқықты даулау
мен бекітуді бала дүниеге келген сәттегі жеке заңға бағындырады. (Азаматтығы бар мемлекеттің заңы баланың жеке заңы болып табылады). Баланың жеке _________________
1 Семейное право Российской Федерации и иностранных государств. Основные институты.. М., 2004. Б. 193-207.
құқығына байланысты шешімдер көп орын алып кеткендігін көптеген мемлекеттерден көре аламыз, мысалы Эстонияда бала дүниеге келген жер осы мемлекет болған соң бұл құқықты мемлекеттің құқығы деп санайды.
Халықаралық келісімдердің ішінде 1975 жылғы 15 қазандағы некеден тыс дүниеге келген балалардың құқығы туралы Еуропалық Конвенцияны айтуымызға болады (оны 21 мемлекет ратификациялаған болса, ал 4 мемлекет ратификациялмаған бірақ қол қойған.) Конвенцияға сәйкес некесіз дүниеге келген бала анасымен туу туралы фактісімен орнатылады (2-бап), ал әкесімен бірге орналасу әкесінің өз еркімен немесе сот шешімінің күшімен танылады. Конвенцияның түсіндірме баяндамасында көрсетілгендей конвенцияның қосымшалары конвенцияға қатысушы мемлекеттердің (әкелік құқықты шектеуші) ішкі заңдылығымен сәйкес келмейді. Ішкі заңдылықтарда әкелік құқықты өз еркімен мойындау нысаны мен әдісі сот, нотариат, кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғайтын органдарға өтініш беру арқылы жүзеге асады. Конвенцияға сай некеден тыс дүниеге келген бала үшін ата-ана неке жағдайында дүниеге келген баламен тең құқықты қарау керек (6-бап). Отбасылық қарым-қатынасты реттейтін конвенцияның ережелеріне сай жұбайлар некеге отырғаннан бастап некелі бала мен некеден тыс дүниеге келген бала арасында тең құқықты мәртебесі орнатылады.
ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодекс қабылдануымен коллизиялық реттеулер үлкен өзгерістерге ұшырады. Осыдан бұрын ата-аналар мен балалардың, тұрғылықты мекеннен тыс КСРО Қазақстан заңның негізінде орындалса, енді әкелік құқықты орнату мен даулау бала дүниеге келген мемлекеттің негізінде анықталады (ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодесінің 276-бабы).
Бала дүниеге келген кезде ата-анасы Қазақстан азаматы болып тіркеліп тұрса, қай жерде дүниеге келгенінен тәуелсіз сөзсіз Қазақстан азаматы болып табылады. Ата-анасының азаматтығы сөзсіз баласына автоматты түрде баласының да азаматтығын анықтайды. Ата-анасының біреуі ғана Қазақстан азаматы болып табылатын балалар үшін мына заң жүреді:
1) егер де екінші ата-анасы азаматтықсыз, немесе босқын болып танылса, немесе тұрғылықты мекені белгісіз болса, онда бала дүниеге келген мекенінен тәуелсіз қазақстан азаматы болып табылады.
2) егер де екінші ата-ана шет мемлекеттің азаматы болып, ал бала Қазақстан аумағында дүниеге келетін болса, онда бала Қазақстан азаматы болып тіркеледі немесе азаматтықсыз тұлға болып табылады.
Егер де ата-аналардың екеуі де Қазақстан азаматы емес басқа шет мемлекет азаматы болып, бірақ Қазақстан аумағында тұрып жатса және бала Қазақстан аумағындаында дүниеге келсе, онда бала Қазақстан азаматы болып саналады, басқа бір мемлекет оның азаматтығына қызығушылық тудырмауы керек. Қазақстан аумағынанын табылған баланың ата-аналары белгісіз болса, онда бала табылған күннен бастап алты ай ішінде ата-аналары келмесе, онда олар Қазақстан азаматтығына өтіп кетеді. Еш азаматтықсыз жүрген ата-аналардың баласы дүниеге келген кезден бастап Қазақстан азаматтығына өтеді.
Мысалы, Алматыда некеге тіркелмеген Қазақстан азаматшасының баласы дүниеге келді және ол Қазақстан азаматы болып тіркеледі. Ата-аналардың бірігіп анасының талабымен Украина азаматы әкелік құқықты бекіту үшін тіркеуге барған сот істі Қазақстан заңының негізінде ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 276-баптың күшімен қарастырады.