Тақырып. Саяси технологиялар
1.Саяси технологиялар ұғымы.
2. Паблик технологиялары.
3.ҚР сайлау жүйесі стратегиясы
Саяси технологиялар ұғымы.
Қазіргі әлемнің тіршілік қарқынының жеделдеуі — тарихи үдемелі прогрестің заңдылығы. Алдыңғы өткен кезеңмен салыс-тырғанда, әрбір келесі келетін дәуірдің өмір кезеңі қысқарақ болатындығы туралы мөдени зерттеулер саласында біраз тео-риялар бар. Алғаш рет тарихи толқындардың ғұмырының қыс-қаруы туралы идеяны Фернан Бродель айтқан болатын. Қазіргі заман мәдениетін бұрынғы мө-дениетпен салыстырар болсақ, онда сол медениеттің адамдары қазіргілерге қарағанда тып-тыныш омір сүргендігіне қайран қаласың: ешқайда асықпаған, уақыт тап шылыгы деген феномен кез-деспеген, соған тікелей байланыс-ты психологиялық стрестер де аз болған, баяу да болса болмай тұр-майтын өзгерістер аса байқал-маған. Қазір ше? Қайда қарасаң да асығыс-үсігіс адамзат! Соңғы онжылдықтарда адамзат өзінің бү-кіл тарихында жасаған жаңалық-тары мен енертапқыштық үлгі-лерінің 70-90 пайызын жасап қой-ғандығын мамандар есептеп үлгерді. Мәдениеттің ақпараттық-коммуникациялык типологиясын жасау жолында талайлардың "тер төккендігі" де белгілі. Мәдениеттердің түр-түрін ақпарат тасымалдау кезінің озгерістерімен бай-ланыстыратын ғалымдардың ішіңдегі ең танымал өрі ең беделді деген зерттеушілерге келетін болсақ, онда солардың кдтарынан Маршалл Маклюэн, Дж.Хофстед сынды зерттеушілерді кездесті-ретіндігіміз анық. Солардың ішінде М.Маклюэнге ерекше тоқталып кеткіміз келеді. Осы мақаланың атауының озінде де Марпіалл Маклюэннің өлемге танымал енбегінің атауы мен ға-лымның өзінің концепциясының ядролық ұстыны жатыр — "Бар мәселе — БАҚ-та!"
Герберт Маршал Маклюен: бұқаралық ақпарат қүралдарының адамзат қоғамына тигізетін өсе-рінің салдарын зерттеуге алғаш-қылардың бірі болып кіріскен, коммуникатологиялық дискурсты қалыптастырушылардың бірі. Содан бері "Торонтодан шыққан пайғамбар" — электрондық дөуір-дің ізашары, жаршысы деп есеп-телінеді. Жалпы, М.Маклюэннің коммуникация құралдарына нені жатқызатындығының өзі бір қызық тақырып. Өйткені, ол коммуникация қүралдарына киім-кеигек, көлік, ақша, жарнама, электр жарығы, қатынас көлік жолдары, үй, сағат, фотосуреттер, ойындар, қару-жарақ жөне т.б. көлтеген нөрселерді жатқызады. Бір сезбен айтқанда, коммуникация құралдары деп адамның қоршаған ортасы (мейлі табиғи орта болсын, мейлі әлеуметтік орта болсын) мен қарым-қаты-насына түбегейлі өзгерістер ен-гізетін технологиялар түрін айтады. Коммуникация кұралдары өзінің түр езгерісімен бірге адамның дүниені қабылдау тәсілін қайта күрып, адамдардың өмір салтын өзгертеді. Коммуникация құрал-дары адамның өзін сыртқы әлемге дейін "кеңейтуі, үлғайтуы" болып табылады.
Мүндағы негізгі ақпарат құралдары деп отырғанымыз — тіл, баспасөз, ғылым, компьютерлер, телевидение және тағы басқалар.
Паблик технологиялары.
ПабликРилеишнз технологиялары-реципиенттің ойын қүрметтеу принципіне негізделген саяси мақсатты жүзеге асыру болып табылатын ақпаратты таңдамалы іс- эрекеттердің жүйесін қүрайды. Осындай принциптің арқасында Паблик рилеишнз технологиялары рицепиентке пайда болатын саяси проблемаларды жан- жақты түсіндіру жэне олардың орнында комуникатордың образын (имйджін) оңды етіп көрсетуге қол жеткізуге үмтылады. Нәтижеде мінез- қүлықтың мүндай түрақтылығы ақпараттық нарықта адамдардың түрақты бағалықтарының қалыптасуына жэне саяси оқиғаларды жан- жақты қарастырып ойланып эрекет етуіне жол ашады. Осылайша комуникатор мен рецпиент арасында көптеген бөгеттер жайылады да нэтижесінде қатардағы азаматтар саяси процестерге белсенді қатысып, шешімдерді қабылдау мен олардың жүзеге асырылуына қатыстырылады.
Осындай негізгі міндеттер сәикесінше Паблик рилеишнз технологиясының келесідей принциптерін анықтайды:
- ақпараттың ашықтығы
- комуникатор мен реципиенттің өзара пайдасы
- қоғамдық ойға сүйену; қоғамға қүрметпен қарау.