Дәріс15.Туризмдегі ойындар теориясы және турбизнесті дамытуға бағытталған әдістер
Дәрістің мақсаты: Туризмдегі ойындар теориясы, туристтік кәсіпорын тағайындайтын басқару шешімдері мен туристтік бизнестің дамуына бағытталған тәсілдерді, туристтік кәсіпорынның коммерциялық қызметін жобалаудағы функционалдық үлгінің қолданылу үлгілерін талдау.
Дәріс сұрақтары:
1.Туризмдегі ойындар теориясы
2.Туристтік кәсіпорын тағайындайтын басқару шешімдері
3.Туристтік бизнестің дамуына бағытталған тәсілдер
4.Туристтік кәсіпорынның коммерциялық қызметін жобалаудағы функционалдық үлгінің қолданылуы
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:маркетингтік амал, the Profit impact of Market Strategy, «ұйымдық жетілмегендік» фильтрі, эталон, баланстық.
Ойындар теориясы келіспеушілік жағдайларды қарастырады. Екі жақ арасындағы бәсекелестік мұның көрінісі болып табылады. Нәтижесі тек қана бір жақтың қабылдаған шешімімен ғана емес, оған деген екінші жақтың жауап қайтармасы арқылы қалыптасады. Бұл жағдайда нәтижесін, тіпті қолайлы болатын іс-әрекетті болжау қиын.Анықталмаған шарттарда шешімдер қабылдау үшін ойындар теориясына жүгінеді. Анықталмаған жағдайды белгілі және белгісіз бөлімдерге жіктейді, сосын зерттелетін іс-әрекеттер арқылы тиімді шешім қабылданатын ойындар теориясын құрады.
Ойындар теориясында бәсекелестерде өздерінің мақсаттары мен оған жетудің әртүрлі жолдары бар. Міндетті шарт- ойыншылардың біреуінің екіншісінің таңдаған тәсілінен басқасын іріктеу арқылы мақсатына жетуі. Ойынның ерекшелігі- алдын-ала жоспарланған шарттары болады.
Ойындар теориясы бәсекелестің анықталмаған шешімін таңдау арқылы ресурстарды қолданудың тиімді түрін алу үшін қолданады. Туризмдағы ойындар теориясын қолдану диапазоны өте кең- экономикалық тиімділікті бағалаудан туристтік бизнесте ресурстарды тиімді бөлуге дейін.
Туристтік өнімді өндіру сияқты мәселені шешу үшін ойындар теориясын қолданайық. Туристтік өнімді өндіру формасы мен қорытынды нәтижелері жоғары дәлдікпен, басқару шешімінің тиімділігімен; туристтік кәсіпорынның негізгі бағыттарын дамытумен; анықталмаған нәтижелерді жоюмен; шығындарды төмендетумен сипатталады.
Жобалық амал келесі мәселелерді қарастырады: туристтік өнімді жүзеге асыруды ұйымдастыру, жаңашылдықты енгізу; бизнес-жоспарлау; талдау және бағалау; инновациялы жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру.
Жобалық амал жаңа туристтік өнімді, тұтынушылық және бағалық көрсеткіштерді, ресурстарды, технологиялық және қаржылық мүмкіншілік жағдайларын қарастырады.
Баланстық есеп пен ақша ағымының қозғалысы негізінде келесі іс-әрекеттер орындалады:
техникалық-экономикалық, құқықтық, коммерциялық, экологиялық, қаржылық талдаулар жүргізіледі;
қаржылық тұрақтылық пен жобаның коммерциялық тиімділігі бағаланады;
сатып алыну мерзімі, табыс индексі, таза дисконтталған құн, қабілеттіліктің ішкі нормалары, тәуекелділіктер белгіленеді;
қаржыландырудағы тұтыну мен жобаға арналған қаржы көздері анықталады.
Маркетингтік амал туристтік кәсіпорын стратегияға бейімділігін қарастырады және келесі бәсекелік артықшылықтарды қосады: ауыстырушы-қызмет құру; тұтынушылар тапсырысының есебімен қызметтер нарығына экспансия.
Туристтік кәсіпорын тағайындайтын басқару шешімдері.
Туристтік кәсіпорын басшылығымен тағайындалатын басқару шешімдерінің құрамында байланысқан актілер, ақпаратты толық қамту, таңдаудың баламалығы кіреді. Ерекше назарды анықталмағандық пен тәуекелділікке береді. Шешім қабылдау үшін уақыт, ресурстық, ақпараттық және тәртіп шектеулілігіне бағытталады. Мәселені зерттеуге, критерийлер белгілеуде, баламалар мен оларға бағалау жасауға негізделген сызба кеңінен таралған.
Басқару шешімдерінің түрлері: интуитивтік, эвристикалық, ескішілдікке негізделген (анықталмағандық кезінде), жақындатылған, гипотетикалық, тиімді, бәсекелік, сандық және сапалық.
Шешімнің таралу деңгейіне байланысты: жекелей, локалды, қайталанған, болжамды, жоспарлы және ауқымды. Рәсім мен объекттердің шешім қабылдау үшін күрделенуі негізінде сәйкес амалдар ен үлгілер де қыиндай түседі.
Басқару шешімін қабылдау тәсілдері шығармашылық, кейде интуитивтік сипатта болады. Мсыалы,жаңа өнімді шығару белгілі бір рәсімдерден тұрады.
Туристтік өнімді қалыптастыру мен баға тағайындау кезінде менеджерлер халықаралық, еуропалық, аймақтық және салалық құқықтық актілерге, әдістерге, нұсқауларға негізделеді.
Туристтік кәсіпорынның ресурстары келесі түрлерге жіктеледі: еңбектік, материалдық, қаржылық, негізгі өндірістік қорлар, интеллектуалды меншіктік, үйымдық. Байланысқан ресурстарға бұрынғы түрлердің ақшалай көрінісіндегі сомасын қосады. Ресурстардың құрамы түрі, сапасы мен мерзімі бойынша ажыратылады.
Туристтік кәсіпорынның ақпараттық жабдықтау және инновациялық статистикасы шешім қабылданатын маңызды функциясына жатады.
Тиімді әрі тәуекелі аз бақару шешімі белгілі туристтік өнім-лидерлері мен туристтік өнім-жалғастырушылардан құралған инновациялық қобдиша құру болып табылады.
Инновациялық қобдиша инвестициялардың табысты әрі жоспарлы бағыттарына негізделеді және бұл инвестицияларды тиімсіз жобалардан қысқартады. Қобдиша талдауы кезінде басшылық негізгі туристтік өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне баға береді. Әрбір туристтік өнім үшін жеке инновациялық жоба дайындалады.
Зерттеу жұмыстары туристтік салада қолданылады. Бұл үшін зертханалық тәжірибелік зерттеулер өткізіледі, жаңашылдықтар күтіледі. Мысалы, мұндай тиімді өңдеулер Мәскеу-Владивосток бағыты бойынша жүретін ыңғайлы теміржол пойызын салуда қолданылуы мүмкін.
Ресейдің әр аймағында туризм индустриясы дамуының мақсатты бағдарламалары 5....10 жылға жасалынады.
Туристтік кәсіпорынның инновациялық қызметін анықтауда келесілер зерттелінеді:
кәсіпорын құрылымының негізділігі және рационалдылығы;
менеджерлердің кәсібилігі және жобаның құқықтық негізділігі;
қаржылық және материалды-техникалық жабдықтау;
ақпараттық жабдықтау сапасы;
заманауи зерттеу тәсілдері, баланстық, индекстік, факторлық талдау;
бәсекелік артықшылықтарды қолдану;
инновация қобдишасының құрылымы;
қызмет тиімділігінің сапасы;
жоба саралауының сапасы;
уәждеме жүйесі.
Туристтік бизнестің дамуына бағытталған тәсілдер
Туристтік кәсіпорынның дамуы нарық үлесінің, туристтік өнім сапасының, вертикалды интеграцияға, сонымен қатар, нарық өсімінің жылдамдығына, сала дамуы кезеңіне негізделуі керек. Ол үшін менеджерлер арнайы тәсілдерді қолданады.
PIMS (the Profit impact of Market Strategy) талдау тәсілі.Негізгі нарық жағдайларында стратегия таңдау үшін менеджерлер осы тәсілді қолдануы мүмкін.
Бұл тәсілді қолдану арқылы есепке көптеген факторлар алынады, оларды топтауға болады:
1) туристтік кәсіпорындар үшін нарық жағдайларының еліктіргіштігі: қысқа мерзімді болжам кезіндегі өсім деңгейі (4....10 жыл); ұзақ мерзімді болжам кезіндегі өсім деңгейі (3 жылға дейін); туристтік өнімнің өмірлік цикл деңгейі.
2) туристтік кәсіпорын бәсекелік тұрғысының күші: нарық үлесі; қатысты нарық үлесі; туристтік өнімнің қатысты сапасы; өнім жүйесінің қатысты ауқымы.
3) туристтік кәсіпорын қолданатын инвестициялар тиімділігі:инвестициялар қарқындылығы; негізгі капитал қарқындылығы; вертикалды интеграция; өндірістік күшті қолдану пайызы.
4) туристтік кәсіпорын бюджетінің келесі бағыттарда қолданылуы: сатылым көлеміне қатысты маркетингтік шығындар; сатылым көлеміне қатысты ғылыми зерттеулерге шығындар; сатылым көлеміне қатысты жаңа туристтік өнімдерге шығындар.
5) нарықтағы орны кезіндегі туристтік кәсіпорынның ағымдық өзгертулері: нарық үлесінің өзгеруі.
Бұл бағыттарды есептей отырып, табыстылықтың нақты мақсатты нарықтағы нарық үлесінің көрсеткішінің өсу дәрежесіне қарай көбейетіндігін көруге болады.
Зерттеу нәтижесінде алынған нәтижелерге қайшылықты фактілер анықталуы мүмкін.
Тұтынушыларды 4 топқа бөлуге болады: көп және үнемі сатып алушылар («асыраушылар»), көп, бірақ кейде сатып алушылар («варяждық қонақтар»), аз,бірақ үнемі сатып алушылар («сұрақ белгісі»), аз және кейде сатып алушылар. Құрылған стратегия бойынша туристік кәсіпорынның негізгі сегменті қай топ болатындығы анықталады. Бұл әдістеме стратегиялық талдаудың қарапайым және тиімді құралын алуға қолданылады.
PIMS-талдауды қолдану стратегиялық бизнесті кеңейтуде пайдаланылады.