Дәріс: инвестициялыҚ жобаны басҚарудыҢ байланысы. жобаны Қаржыландыру

Инвестициялық жобаны талдау әдістері:

1. Жобаның коммерциялық яғни маркетингтік орындалуын талдау.

Соңғы жылдардың статистикалық мәліметтері бойынша үшінші әлем елдерінің фирмаларының банкротқа ұшырауының дәрежесі 80% құрайды. Банкротқа ұшыраудың негізгі себебі маркетингтің жеткілікті болмауы.

Маркетингтік талдау нәтижесінің негізінде маркетингтік жоспар құрылады. Ол жоспарда өнім әзірелу стратегиясы, баға белгілеу, тауардың нарыққа жылжуы мен өтуі анықталуы тиіс. Бұл аралас маркетинг элементтері тұтаса бірігіп, нарықты өнімге неғұрлым ыңғайлы жағдай жасау керек.

Маркетингтік жоспар фирманың басқа да шығаратын өнімдерінің бар болуын және фирма қызметінің ұйымдастырушылық, қаржылық, өндірістік және жабдықтау аспектілерін есепке алу керек. Маркетингтік жоспар шеңберінде мүмкіндігінше бәсекелестің әрекеттерін және оның осы жоспардың орындалу мүмкіндігіне тигізетін әсерін бақылау керек.

2. Жобаны техникалық талдау.

Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:

1. Жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау.

2. Жергілікті жағдайларды талдау.

3. Жобаны іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.

Техникалық талдауды әдетте кәсіпорынның сарапшы жетекшілері тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады. Сонымен қатар келесі критерийлерді басшылыққа ала отырып, технология өзін алдын ала жақсы жағынан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болуы керек. Технология импорттық қондырғылар мен шикізаттарға бағытталмауы керек.

Жобаны қаржылық талдау.

Инвестициялық жобаның бұл көлемі және еңбек сыйымдылығы жоғарғы. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тауарлар арналады. Қаржылық талдаудың өзара байланысты мәселелер кешенін қарастырайық. Инвестициялық жобалаудың жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:

1. Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық қызметіне талдау жасау.

2. Инвестициялық жобалауды дайындау кезінде кәсіпорын қаржылық жағдайына талдау жасау.

3. Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.

4. Инвестициялық жобангы жүзеге асыру кезіндегі пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.

5. Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.

· Экономикалық құралдар ағымын инвестицияның бастапқы көлемін салыстыру

3. Жобаны институционалдық талдау

Институционалдық талдау инвестицияның жобалық ұйымдастыруылық, құқықтық, саяси және әкімшілік тұрғыда есепке алуы мен сәттілікпен орындалуын бағалайды. Инвестициялық жобаның осы бөлігі сандық та, қаржылық та емес. Негізгі мақсаты инвестициялық жобалаумен бірге жүретін ішкі және сыртқы факторларының жиынтығын бағалау.

4. Жобаны тәуекелді талдау.

Тәуекелді талдау мәні мынада. Тәуелсіз болашақтың сапасына қарай әрқашанда белгісіздік элементі бар. Мысалы керекті мәліметтердің көп бөлігі қаржылық талдау үшін белгісіз болып табылады. Болашақта болжаудың жақсы жағы да, жаман жағы да өзгеруі мүмкін. Тәуелдікті талдау барлық өзгерістерді қай жағынан болса да есепке алуы керек.

Жобаны іске асыру процесінде келесі элементтер өзгеруі мүмкін; шикізат пен қосалқы бөлшектер құны, капиталдық шығындар құны, қызмет ету құны, сату құны және баға құны. Нәтижесінде шығатын параметр немесе пайда кездейсоқ болады. Тәуекел ықтималдық таралу мен ықтималдық түсінігін қолданады. Сонымен тәуекел теріс пайда алу, яғни залал шегу ықтималдығына тең. Жоба факторларының өзгеріс диапзоны қаншалықты кең болса, жоба тәуекелдігі соншалықты жоғары болады.

Қаржылық есептің элементтері активті болады, жауапкершілікті, жеке капитал, кірістер мен субъектінің шығындары. Қаржылық есептің барлық элементтері бағаға жатады. Баға - ақшалық сомманы анықтаудың тәсілі, онда активтер мен жауап беретін міндеттемелер және қаржылық есептер көрсетіледі.

Қаржылық жоспар жасау.

Процедураны орындау үшін келесі мақсаттарды шешу қажет: 1)еңбек сыйымдылығының бағасын жүргізу; 2)жоба бойынша шығындарын бағалау; 3) табысқа талдау жүргізу; 4)төлем графигін құру; 5)шығын графигін құрастыру.

Еңбек сыйымдылығының бағасы. ”Жобаны қолдануда оның міндеттері және келісімнің объектісі” құжатқа сүйене отырып, сонымен қатар календарлық жоспар бойынша еңбек сыйымдылығы бағаланады. Ақпараттың қайнары болып қорлар талаптары болып табылады (жұмыс жоспарынан).

Жоба бойынша шығындардың бағасы. Айлар бойынша шығын сметасын құру және мерзімін, шығындардың қашан өндірілетінін көрсету керек.

Табысты талдау. Еңбек сыйымдылығы жұмысының бағасын, жоба бойынша шығындар мен күтілген табыс, пайданы бағалау қажет.

Төлем графигін құрастыру. Жоба бойынша шығындар бағансының мәліметтері және төлем графигінің пайдасын құруына сәйкес құрастырылады.

Шығын графигін құрастыру. Жобаның қаржылық бюджеті пайданың талдауынан және төлем графигіне сәйкес жасалады. Шығын графигі құрастырылады, “жұмыс жоспарын бақылау” үшін жобаның қаржылық жағдайын қарастырып, қолданады.

Қаржылық жоспарды бақылау.

ПРОЦЕДУРА

Қаржылық жоспарды бақылау процедурасы қаржылық жоспардың талаптарын анықтауды және қаржылық жоспардың бюллетені арқылы бақыланады. Осы процедураның мақсатына жататындар: 1)Қаржылық жоспармен бірге жүру; 2)фактілі мәліметтерді енгізу (еңбек шығындары және шығындар); 3)есептің аяқталуымен қаржылық бағаның мәліметтерін енгізу; 4) қаржылық жағдай туралы бюллетень дайындау. Бұл процедура ең алдымен жоба кординаторына, сосын жоба менеджеріне, топтың жетекшілеріне және команданың мүшелеріне де, жобаның қаржылық жағдайына бақылау ететін және жоспарлауға жауапты қызметкерлерге қатысты.

Осы процедурада еңбек шығындары туралы және берілген мерзім ішіндегі барлық жобаның қорлары бойынша шығындар туралы отчеттар берілуі қажет. Қосымша жобаға қатысы бар әрекеттер туралы ақпараттар болуы қажет. Әр қор үшін жұмыс жоспарында орындаушыға жұмыс уақытының шығындары және алдыңғы шығындар бағасы туралы фактілі мәліметтер беріледі. Бұл баға адам-күнімен (айлар бойынша көрініс) немесе адам-сағатымен (жұма бойынша көрініс) көрсетіледі.

Берілген процедура жобаны басқаруда бөлек кезеңдерді қамтиды.

Жобаны жоспарлау. Жобаның алғашқы қаржылық жоспары техника – коммерциялық бөлімі дайындалғанда және жобаны жібергенде қайтадан қарастырылады. Бұл жоспарда жұмыс бойынша уақыт шығыны, алдыңғы шығындардың бағасы, рентабельдіктің талдануы, төлем мен бағалаудың графигі қосылады. Төлем графигі тапсырыс берушінің қаражатына және келісіміне қойылады, қаржылық жоспардың жалғыз бөлімі болып табылады, ондағы мәліметтер тек тапсырыс берушіге ғана ашық. Басқа бөлімдер бойынша ақпараттар жабық. Жобаның орындалу барысында төлем графигінде шартпен салыстыру бойынша өзгерістер енгізілсе, онда орындаушы бизнес-менеджер жағынан және тапсырыс беру жақтан да қарастырылуы қажет. Қаржылық бақылаудың жоспары (қаржылық жоспардық шегінде) бағалау туралы ақпаратқа және қаржылық мерзімдерге “байланады”. Бұл жоспарлар екі жақтық қаржылық жағдайын бақылау үшін арналған.

Кезеңді жоспарлау. Берілген кезеңің аяқталуының алдында қаржылық жобаның жоспары қарастырылуы қажет. Жоспардың көшірмесі түсіріледі және де осы көшірмеге жұмыс уақытының шығынының бөлінуінің өзгерістеріне сәйкес, шығын бағалары және рентабелдік талдау енгізіледі. Төлем графигіндегі бұл өзгерістер (күндері, шығындары және т.б.), тапсырыс беруші жақтан бекітуді талап етеді. Егер де төлем графигіндегі өзгерістермен тапсырыс беруші келіссе, онда екі жоспарда жобаның бюджетін көрсетеді: бастапқы жоспар (алдыңғы мерзімдер үшін), жаңа жоспар - қазіргі және келесі мерзімдер үшін. Егер де төлем графигінде өзгерістер болмаса, онда жаңа жоспар қолданыста болып, ал келесі - қаржылық болып қалады. Бағалаудың өзгерісіне сәйкес түзетіледі және жоспардың басқа көрсеткіштері, осы бағалау “байлаулы” болады. Келесі мерзімнің жоспарлы көрсеткіштері сол қаржылық жоспарға байлаулы болып қалады. Қаржылық жоспардағы әр өзгерістер келесі кезеңдер үшін базалық болып қалады, ал келесі базалық жоспар архивте сақталуы қажет.

Бақылау.Жоба бойынша жұма сайын фактілі еңбек шығындары туралы мәліметтер жиналады және қаржылық жоспарға мәліметтерді енгізу үшін қорлардың шығындары енгізіледі. Бұл мәліметтер қаржылық мерзімнің қазіргі (және келесі) есебінің бағасын анықтау үшін қолданылады. Мәліметтерді енгізгеннен кейін жұмыс уақытының шығындары туралы және қазіргі мерзімнің шығындарына орындаушының келесі шығындарының қаржылық бағалары есептеледі, сонымен қатар басқа да көрсеткіштер қаржылық жоспардың бақылауындағы көрсеткіштер есептелінеді. Жоба бойынша жобаның менеджері жұмыстың орындалу пайызын, қазіргі мерзімге фактілі нәтижелерді және келесі мерзімдерге жоспарланған нәтижелерді көрсетеді.

Қаржылық жағдайы туралы есеп беру және шығын бағалары.Орындаушының барлық қорларының жалпы шығын соммасы қазіргі және келесі мерзімдердің бағалау жоспарына енгізіледі. Жобаның жағдайына байланысты қаржылық жағдай туралы ақпараттар отырыстарда қарастырылады.

Қаржыландыру, мұның қайтарымы ақша айналымынан түсетін қаржы болып табылады. Ол инвестициялық жобаны дұрыс ұйымдастыру арқасында жүзеге асады. Оның кепілі ретінде жобалық тек заттай құндылық емес сонымен бірге құрлысқа қатынасушылардың арасындағы келісім шартқа негізделген құқықта болады. Осы орайда ережеге сәйкес, жобаны жүзеге асыратын компания құрылады, оның функциясы ретінде негізгі кәсіпкер рөлін орындау болып табылады. Бұл жағдайда демеушілер міндетті түрде несиелік ресурстарды алу үшін кепілдік бермейді, сондықтан мұндай қаржыландыру регрессіз қаржыландыру деп аталады.

Басқа жағдайда демеушілер мынадай кепілдік береді: құрылысты аяқтау кепілдігі, өнімді қабылдау кепілдігі және т.б., мұндай қаржыландыру шектелген регрессті қаржыландыру деп аталады. Мұндай қаржыландыру ерекшелігі, демеуші өзіне инвестициялық жобаны ұйымдастырумен байланысты белгілі бір тәуелділікті алады.

Жобаға қатысушылардың арасындағы тәуелділік шекарасын дәл анықтау үшін, онымен бірге банктермен де мынадай құжаттар қабылданады.

Несие беру келісім шарты;

Ипотеканы қамтамасыз ету үшін қолданылатын келісім-шарттар және т.б. осы сияқты екі тараптық құнды келісім –шарттары.

Жобалық қаржыландыру кез-келген өндірісте жүргізіледі. Бұл ақшаның қозғалыс ағымын құруға, тұрақты және ауысым шығындарды және т.б. қаржыландыруға мүмкіндік береді. Осы орайда тәжірибе жүзінде жоғарыдағы қаржыландыруға келесі жобалар қабылданады.

-көмек ақша беруші тарапынан жоба қабылданады, өмірлік қабілеттілік және ақша қозғалыс ағымын талдауға және сенім артуға болады;

-көмек ақша алушы тарапынан ірі масштабты инвестициялық жобалар қабылданады, бұл бір немесе бірнеше демеушілерге тәуекелдік жасауға мүмкіндік береді.

Мұндай инвестициялық жобаларға мысал ретінде:

Табиғи ресурстарды пайдалану (көмір, табиғи газ, қазба байлықтар);

Өндіріс (мұнай өндеу, мұнай химиялық кәсіпорны, шойын балқыту, қағаз өндіру,);

Энергетика (электр энергиясын өндіру, автокөлік инфрақұрылымы және теміржолдардың құрлысы) жатады.

Жобалық қаржыландыру халықаралық тәжірибеде келесідей қорытынды шығарды. 1930 жылы АҚШ-та мұнай және табиғи газ кен орындарын өндіру үшін өнім (productіon payment) арқылы төлем әдісі қолданылды. (стратегиялық ресурстар кен орындарды игерілген айналысатын кішігірім өндірістерге көмек ақша беру; көмек ақша берушінің кепілі ретінде алдын-ала есептелген қордан түсетін қаржыны айтады) 1972 жылы солтүстік теңізде мұнай кен орнын игерумен айналысқан бірлескен компанияда жобалық қаржыландыру әдісі қабылданды.

Жобалық қаржыландырудың негізгі артықшылықтары:

- тәуекелділікті бөлу мүмкіндігі және көмек ақша берушілердің тәуекелдікті өз мойнына алуы;

- инвестицияны көп мөлшерде алуға және баланстан тыс оның қорытындысын көрсетуге болады.

Жобалық қаржыландыруды іске асыру және ұйымдастырумен айналысатын бірлескен компаниялардың құқықтық, ұжымдық формасы келесі түрде болады:

-серіктестік заңды тұлға атағына ие болады. Серіктестік өзінің атынан несиелік ресурстарды алуға келісім шарттар жасай алады.

Акционерлердің қатысуы тек дивидент алу кезінде ғана болады.

Жоба мүлігі ұжым меншігі болып табылады, көп жағдайда көмек берушінің мүлігіне ие болу үшін басқа қатысушылардың құқығы анықталғаннан кейін мүмкін болады.

Жобалық талдауға негізгі жұмыс көлемі мынадай мүмкіндіктер береді.

-мүмкін болатын тәуелділікті анықтау, олардың түрі мен масштабын т.б. талдау;

-тәуелділікті азайту әдісін талдау;

- тәуелділікті азайту әдісіне тиімді нұсқаларды қабылдауға арналған инвестициялық жобаларды ұйымдастыруға қатысушылардың арасындағы тәуекелдікті бөлуге ;

-әрбір тәуекелдікті азайтуға бағытталған әдістерді қарастыру.

Жобалық қаржыландыру көптеген әртүрлі, масштабты тәуекелділіктермен талданады. Олар бір-бірінен инвестициялық жобалардың ұйымдастыру түріне тәуелділігімен ерекшеленеді. Сондықтан оларды идентификациялау өте қиын.

Бақылау сұрақтары:

1. Байланысты қалай анықтайды?

2. Іскерлік хабар калай таратылады?

3. Қаржылық есептің элементтерін атап шығыңыз?

4. Жобаның қаржылық жоспары қалай жасалады?

Наши рекомендации