Йымның даму тарихы мен жұмысы жайлы жалпы мағлұмат

Кіріспе

Мен, Жубаналиева Айгерім Жалғасбайқызы 2015 жылдың 16 ақпан мен – 24 сәуір аралығында «Даму»кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ –нан диплом алды өндірістік іс - тәжірибеден өттім. «Даму»кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамының «Субсидия және ішінара кепілдік беру жөнінде көмек көрсету» бөліміне жіберілдім. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – қордың құрылудағы мақсаты, құрылымы, жүзеге асырылу тәртібі, бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылғанын, қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын және Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту мақсатында іске асып жатқан немесе жоспарланып отырған бағдарламаларды зерттеу болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:

— филиалдағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;

—әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;

— филиалда болған барлық іс-шараларға қатысу.

Қордың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржы құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру.

Өзімнің есебімде «Даму»кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жайлы жалпы мағлұмат беріп өтуге тырыстым. Қордың еліміздің экономикалық дамуына үлесі өте зор бағдарламалар ашып жатқанын көрсетіп кеттім. «Даму» қоры арқылы екінші дәрежелі банктерге қаржы салу бағдарламалары жүзеге асырылады, ол бойынша кәсіпкерлер серіктес банктерден жаңа жобалар үшін немесе онсыз да жұмыс істеп тұрғын өндірістеріндегі несиені қайта қаржыландыру үшін несиелер ала алады. Несиенің сыйақысы 12,5%. «Даму» қоры екінші дәрежелі банктердегі несиелерді кепілдендіру бойынша бағдарламалар жасап, ол бағдарлама бойынша кәсіпкерлер «Даму» қорынан сол өзі алған несиенің 50% көлемінде кепілдік ала алады.

«Даму» қоры сонымен бірге, орта және шағын кәсіпке қаржылық емес қолдау шараларын көрсетеді. Мәселен, «Бизнес-Кеңесші» «Даму-Көмек» бағдарламалары арқылы мүгедек кәсіпкерлерді қолдап отырады, осы бизнеске қатысты ағартушылық бағыттағы бастамалары да бар. Қандай да бір өнім өндірісіндегі, көлік және байланыс саласындағы, қызмет көрсету саласындағы қызықты жобалары бар кәсіпкерлер осы инвестициялық қорларға барып, солармен бірге жұмыс істесе болады.

Әрбір тоқсан, жыл сайын қор міндетті ашық түрде қаржылық есептілігін шығарып отырады. Бухгалтерлік есептілік нақтылықпен жүргізіліп отырады, бағдарламалар барысында қарқынды жұмыстар жасалады.

Осы жұмыстар барысын мен өндірістік тәжірибе есебімде толығырақ көрсетіп өтемін. Менің есебім негізгі 3 бөлімнен тұрады, 3 тақырыпты қарастырады. Бірінші тақырып «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционкерлік қоғамы туралы жалпы мағлұмат. Келесі бөлімде бухгалтерлік есептің жүргізілу тәртібін қарастырдым. Үшінші бөлімді екінші бөлімнен жекелеп алған себебім қаржылық есеп кәсіпорынның жағдайын көрсететін бірден-бір әдіс. Сол себепті ол тақырыпты толығымен ашу үшін жекелеп зерттеуге кірістім.

I «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционкерлік қоғамы

йымның даму тарихы мен жұмысы жайлы жалпы мағлұмат

Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру мақсатында, 1997 жылы наурыз айында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құруға негіз болған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қызметін 1997 ж. 18 тамызда бастады.

Қордың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (әрі қарай-ШКС) қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржы құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру.

2007 жылдың соңынан бастап «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мәртебесінен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мәртебесіне өзгерді, сол себепті шағын және орта кәсіпкерлікті (одан әрі - ШОК) қолдау жөніндегі тиісті өкілеттіктері де ұлғайды.

Бүгінде «Даму» Қоры 100% акциясы «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ тиесілі ұлттық даму институты болып отыр.

«Даму» Қорының миссиясы– қаржылық, консалтингтік қызметтерді ұсыну интеграторы және операторы рөлінде ШОБ-ң, сонымен бірге Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдесу.

Қордың даму кезеңдері: Бірінші кезең – 1997-2001жж.

Қордың құрылуымен байланысты. Осы жылдары мемлекеттік органдар шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған бірқатар заңдарды, жарлықтар мен қаулыларды қабылдады.

Ø 1997– «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді және оны дамытуды күшейту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығы;

Ø 1999– «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі 1999-2000 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 4189 Жарлығы;

Ø 2001– «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі 2001-2002 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы № 597 Жарлығы;

Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы бойынша ЕҚҚДБ-мен 10 жыл мерзімге 77 500 000 АҚШ долларына қарыз туралы келісім жасалды. Аталған бағдарлама экономика саласының барлық кәсіпорындары қаржыландырылатын уәкілетті екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады. 1998 ж. мамыр айынан 2007 ж. мамыр айына дейінгі мерзімде қатысушы банктер жалпы сомасы 2 216,10 млн. АҚШ долл. құрайтын барлығы 237 000 жобаны қаржыландырды, оның 25,63% – микрокредиттер (568,09 млн. АҚШ долл. 180 253 жоба) және 74,37% – шағын кредиттер (1 648,01 млн. АҚШ долл. 56 747 жоба).

Сурет №1. Бағдарламалар бойынша екінші деңгейлі банктерді қаржыландыру

Йымның даму тарихы мен жұмысы жайлы жалпы мағлұмат - student2.ru

Отандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар Бағдарламасы бойынша Қор екінші деңгейдегі 6 банкке 22 716,1 мың АҚШ долл. мөлшерінде ақша аударды. Аталған Бағдарлама бойынша трактор, цемент, тыңайтқыш, мақта және күнбағыс майын, сүт өнімдерін, буып-түйетін материалдар және т.б. шығаратын ірі жобаларға қолдау көрсетілді.

Сурет №2. Отандық тауарөндірішілер бағдарламасы

Йымның даму тарихы мен жұмысы жайлы жалпы мағлұмат - student2.ru

Қазақстан Республикасы Үкіметі отандық тауарөндірушілердің 14 инвестициялық жобасын қаржыландыруды мақұлдады. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 5 537 жұмыс орны құрылды.

 
  Йымның даму тарихы мен жұмысы жайлы жалпы мағлұмат - student2.ru

Сурет №3. Инвестициялық қаржыландыру бағыттары

Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап, 2007 ж. 1 қазанға шаққанда, Қор тарапынан жалпы сомасы 54 675,4 мың АҚШ долларына 95 жоба қаржыландырылды. Бағдарлама бойынша 4 719 жұмыс орны құрылып, құпталды.

Екінші кезең – 2002-2004жж. Ел экономикасының жоғары қарқынмен өсуі және Қазақстанның ЖІӨ ортажылдық өсімінің 11,6% -ға дейін, 2003-2004 жж. 9,3% өсуі Қазақстан Үкіметіне шағын кәсіпкерлікке үлкен қолдау көрсетуге мүмкіншілік берді:

· 2003– « Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы.

· 2004– « Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті 2004-2006 жж. дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік Бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 29 желтоқсандағы № 1268 Жарлығы.

Йымның даму тарихы мен жұмысы жайлы жалпы мағлұмат - student2.ru
Сурет №4. Бағдарлама бойынша жыл бойынша қаржыландыру көлемі, млн.теңге

Үшінші кезең - 2005-2007жж. Кезең Қор қызметіне елеулі ықпал еткен заңдар, жарлықтар мен қаулылар қабылдануымен сипатталады:

2005 – «Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті 2005-2007 жж. дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралар Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 ж. 12 мамырдағы № 450 қаулысы;

2006 – «Жеке кәсіпкерлік туралы туралы» Қазақстан Республикасы ның 2006 ж. 31 қаңтардағы № 124-III Заңы;

2006 – «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жж. тұрақты даму кезеңіне өту концепциясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы;

2005-2007 жж. аралығында республикалық бюджеттен Қорға шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін 29 млрд. теңге мөлшерінде капитализациялауға қаражат бөлінген.

Республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, мемлекет тарапынан Қор қызметін қолдаудың өсуі, Қордың ШКС-ті қаржылай қолдау бойынша жинақтаған тәжірибесі, жұмысқа төселген кадрлық және техникалық әлеует, республикамыздың барлық өңірлерінде ашылған Қор филиалдарының желісі Қорды еліміздегі шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік институт ретінде нығайтуға объективті негіз болды және де ШКС-ті қаржылай қолдау жөніндегі жаңа бағдарламаларды жүзеге асыруға түрткі болды:

· Жобалық қаржыландыру және лизинг;

· Қазақстанда микрокредиттеу жүйесін дамыту Бағдарламасы;

· Екінші деңгейдегі банктерден алатын ШКС кредиттеріне кепілдік беру;

· Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары арқылы ШКС оқыту-әдістемелік, ақпаратты-аналитикалық және консалтингтік қолдау көрсету.

Сурет №5. Шағын кәсіпкерлікті қолдау бағыттары

Йымның даму тарихы мен жұмысы жайлы жалпы мағлұмат - student2.ru

Төртінші кезең – 2008-2012 жж. Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі Стратегиясын , Қазақстанның әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті елу елдің қатарына кіру Стратегиясы мен 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру экономиканы диверсификациялауды, технологиялық серпілістерді жүзеге асыруды, сонымен қатар кәсіпкерлік секторды нарық қатынастары мен бәсекеге қабілетті экономиканың негізгі іргетасы ретінде дамытуды болжайды. Қор төмендегідей міндеттерді шешу арқылы осы мақсатқа қол жеткізуді жоспарлап отыр:

- Қазақстанның барлық аймақтарында ШОБ субъектілері үшін бизнесті ұйымдастыру және жүргізу талаптарын жеңілдетуге, сонымен қатар оларға байланысты операциялық шығыстарды төмендетуге мүмкіншілік беретін орталықтандырылған сапалы консалтингтік және ақпараттық-аналитикалық қызмет көрсету кешенін дамытуды қамтамасыз ету;

- Қазақстанның барлық аймақтарында кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамытуды және олар ұсынатын ақпараттық және консультациялық технологияларды қолдау инфрақұрылымының барлық субъектілерінің күшін біріктіру, олар ұсынатын қызметтерді стандартизациялау, орталықтандырылған алыс-беріс және осы саладағы шетелдік сәтті тәжірибені қабылдау арқылы қамтамасыз ету.

Наши рекомендации