Банктің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі қағидалары
· Банк стратегиясы бөлшекті бизнес пен ШОБ-тағы үлесті арттыру және корпоративтік портфельдің үлесін ағымдағы деңгейде ұстап тұру арқылы несие портфелін әртараптандыруға ерекше назар аударады;
· Бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында банктің өнімдерін нысаналы сегменттерге жіктеу;
· Бизнес сегменттеріне ерекше назар аудару және сәйкес өнімдерді дамыту;
· Ағымдағы сыртқы экономикалық жағдаят пен банктік секторға сәйкес Банктің стратегиялық мақсатын жүзеге асыруды кезеңдерге бөлу;
· Қызметті оңтайландыру, бизнестің ауқымын кеңейту және кірістілігі жоғары өнімдерді дамыту есебінен кірісін арттыру;
· Ұзақмерзімді болашақта тәуекелдіктерді бағалаудың қазіргіден икемді моделіне өту арқылы қысқамерзімді болашақта тәуекелдік тәбетіне қатысты консервативті тәсілді сақтау;
· Банктің операциялық моделінің тиімділігін арттыру;
· ЦКБ-нің перспективті моделі дәстүрлі банкингтен иновациялық-технологиялық және клиентке бағытталған модельге өтуді көздейді.
Банктердің несие портфелінің сапасы бұрынғысынша банктердің оны жақсарту үшін қабылдайтын шараларына қарамастан төменгі деңгейде сақталып отыр. Таяудағы 3 айда респонденттердің 22%-ы несие портфелі сапасының жақсаруын күтеді, банктердің 62%-ы көрсеткіш өзгермейді деп болжамдайды. Корпоративтік секторды және жеке тұлғаларды кредиттеу сегменттері бойынша респонденттердің тиісінше 18% және 26% несие портфелі сапасының жақсаруын күтеді, 68% және 70% портфелдің сапасы бұрынғы деңгейде қалады деп күтеді.Банктердің көпшілігі қайта құрылымдау процесінің және проблемалық кредиттер бойынша кепіл мүлкін өндіріп алу бойынша операциялардың кейбір баяулауын атап өтті, бұл проблемалық кредиттер бойынша мәселелердің негізгі бөлігін шешуге байланысты. Бұл ретте несие портфелінің сапасын жақсартудың маңызды факторы жеңілдікпен салық салу және проблемалық активтер қорын іске қосу мәселелерін жедел шешу болып табылады.
Банктер тарапынан бизнесті барынша терең түсіну, тәуекел-менеджментінің сапасын айтарлықтай жақсарту және кредиттік жобаларды барынша мұқият қарау байқалады, бұл шетелдік қатысумен банктер тарапынан бәсекелестік қысымның күшеюімен, сондай-ақ қаржы ресурстарын барынша тиімді бөлуге және пайдалануға тырысуға байланысты.
3-тоқсанда негізгі қорландыру көздері заңды және жеке тұлғалардың депозиттері, жұмыс істейтін акционерлер (бас банктер) тарапынан капиталға инвестициялар және алынған түсімді қайта инвестициялау болып табылады.
2015 жылғы 3-тоқсанда банктердің сыртқы міндеттемелері орташа есеппен алғанда мынадай көздер есебінен өтелді:
— ішкі міндеттемелер есебінен (58%);
— сыртқы нарықтарды резидент еместер алдындағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру есебінен (24%);
— резиденттерге активтер мен талаптарды қысқарту есебінен (18%).
Кейінгі 12 айдың ішінде (2015 жылғы қазан — 2016 жылғы қазан бойынша) банктер сыртқы міндеттемелердің бір бөлігін ішкі міндеттемелермен ауыстыруды жоспарлайды (47%); капиталдың сыртқы нарықтарында берешекті қайта қаржыландыру пайызы 2015 жылы, банктердің бағалаулары бойынша, сыртқы міндеттемелердің жалпы жоспарланған өтеулерінен 27% деңгейде болады, бұл ретте банктер 12 айды (2015 жылғы қазан — 2016 жылғы қазан бойынша) болжамдау кезінде, резидент еместерден қаражатты тарту мүмкіндігіне жол беретіндігін атап өту қажет. Сонымен қатар, банктер капиталдың халықаралық нарықтарына арналған қорландыру құны банктер үшін оңтайлы және тиімді мәндерге жеткен кезде осы қаржыландыруды қарайтын болады.Яғни осы тарту капиталдың халықаралық нарықтарына арналған қорландыру бағасына тікелей байланысты. Сонымен қатар банктер қаржыландыру тапшылығын активтерді (резиденттерге және резидент еместерге талаптардың қысқаруы) сату, тиісінше 19% және 7% жуығы сыртқы міндеттемелердің жоспарланған өтеулері есебінен белсенді түрде жабуды болжамдайды.
Қорыта айтқанда, несиелік саясат несиелендіру шеңберіндегі банктің стратегиясы мен тактикасын көрсетеді деп айтуға болады. Ол несиелік процестің барлық кезеңдеріндегі жұмыс ретін анықтайды. Оны жасаудың негізінде ұтымды несие саясатының теориялық негізделген құрылымы болуы керек. Сонымен қатар, несие саясаты банк қызметінің тәуекелін басқару негізі болып табылады, сондықтан несиені зерттеу кезеңінде тәуекелді қадағалауға көбірек көңіл бөлу керек.
Жоғарыдағы ағымдағы жағдайдың жай-күйін ескере отырып банктің несиелік қызметінің сапа критериі болып табылатын несиелік банктік портфельді қалыптастыру және басқару процесін жалпы алғанда төмендегі қадамдар арқылы жүргізу ұсынылады:
1) жеке алынған қарыз сапасын бағалау критериін таңдау;
2) негізгі топтастырылған несиелер мен оларды алмастыратын тәуекелдер коэффицентін анықтау;
3) Әр берілген несиенің топтастырылған несиелік топтардың біріне қатысы;
4) Топтастырылған несие топтарының тілігінде несиелік портфель құрылымын анықтау;
5) Несиелік портфель сапасының жалпы бағасын;
6) Динамикадағы несиелік портфельдің құрылымының өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтау және талдау;
7) Әр берілген несиелерге жасалынатын резервтер көлемі мен банктің несиелік портфелі тәуекеліне резервтік қор сомасын анықтау;
8) несиелік портфель сапасының жоғарылату бойынша шаралар жасау;
Банктің несиелік портфелінің сапасы оның рентабельді жұмысына және қаржылық-шаруашылық жұмысында сенімді серіктес ретінде шешуші болып табылады. Белсенді несиелік операциялар процесінде банктік несиелік портфельдің өтімділік элементі қалыптасады, ал банктің несиелік ресурстарды дұрыс орналастыру және банктерді несиелік портфельді тиімді басқару оларға стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге және банк қызметінде жетістікті қаржылық нәтижеге қол жеткізумен қамтамасыз етеді.
Қазіргі несиелеу жүйесі банктің ресурсына негізделеді,ал несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельділігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның «арзанға сатып алып, қымбатқа сату» принципі орын алады. Бұл, әрине, клиенттердің несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық несиеге де тиісті.